Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01101 Педагогика және психология в ОҚМПУ

Пәндер

  • Мамандыққа кіріспе

    Қазіргі педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің теориялық негіздері, болашақ педагог-психологтардың өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі білімдендіру жұмыстары, кәсіби іс-әрекетке қажетті кәсіби-педагогикалық іскерліктері мен дағдылары, кәсіптік мәдениеттің негізі, өздігінен кәсіби жетілдіру қажеттілігі қарастырылады. Педагогика, психология ғылымдарының метапәндік идеяларына негізделген білім мен түсініктерін көрсете білу, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдай білу, педагогикалық, психологиялық тұжырымдарды айқындауда сыни тұрғыдан қарау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика тарихы

    Әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теориялардың дамуы, тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесінің пайда болуы, қалыптасуы қарастырылады. Әртүрлі кезеңдеріндегі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық идеялар мен ойлар қарастырылады.Педагогиканың метапәндік идеяларына негізделген білімін көрсету, білімін интеграциялай білу және практикада қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психология тарихы

    Психология ғылымының даму тарихындағы кезеңдері: жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, жүріс-тұрыс туралы ғылым, психика туралы ғылым ретінде қарастырылады. Психология, педагогика ғылымдарының метапәндік идеяларына негізделген білім мен түсініктерін көрсете білу, ой-қорытулар жасауда сыни тұрғыдан қарау, ақпараттық мәдениетін көрсете білу сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағдар берудің заманауи жүйесі: теория

    Білім беру мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылады. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы және білім беру мекемелеріндегі кәсіптік кеңесшінің практикалық әрекет-дағдыларын ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен кәсіби бағдар берудің ақпараттық-анықтамалық, ағартушылық, кәсіби психодиагностикалық, клиенттерді моральдық-эмоционалды қолдау және нақты таңдау мен шешім қабылдауға көмек көрсету әдістері сипатталды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағдар бойынша кеңес беру: практика

    Кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруға және жоспарлауға, кәсіптік диагностика жүргізуге, әртүрлі жас топтарына кеңес беруге, жұмыс дағдылары мен кәсіптік бағдарлау негіздеріне, кәсіптік және жеке өзін-өзі анықтау туралы заманауи түсініктерін қалыптастыруға көмектесетін практикалық білімдермен қамтамасыз ету жолдары талданады. Кәсіптік бағдар беру жұмысының құрылымымен, кәсіптік кеңес беру этикасы мәселелерімен, кәсіпқой кеңесшінің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлаумен, мамандық таңдаудың негізгі мәселелері мен оларды жеңу жолдары қарастылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қарым-қатынас психологиясы

    Психологиядағы қарым-қатынастың мақсаттары, функциялары мен түрлері туралы теориялар, тұлғааралық қарым-қатынастың пайдалы дағдыларын игеру мәселелері сипатталады. Тиімді қарым-қатынас құру техникалары мен әдістерін үйрету, тұлғааралық қарым-қатынас процесінде мінез-құлықты өзін-өзі реттеу әдістеріне бағдарлау, қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдана отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық, этносаралық және іскерлік коммуникациядағы әртүрлі психологиялық мәселелерді шешуге үйрету жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогикалық психология

    Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттарын, тұлғалық-әрекеттік бағыттың іс-әрекеттік компоненттерін қарастырады. Білім беру процесінің субъектілері, оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас, дара ерекшелік сипаттамаларына қарай оқу мотивациясы, мазмұндары қарастырылады. Педагогикалық, психологиялық тұжырымдарды айқындау, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби мәселелерді шешу, тренингтер жүргізу әдістерін қолдануды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жеке тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы

    Жеке тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы психикалық дамуын, заңдылықтарын, белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу, оқушы тұлғасының қабілетін дамыту, психикалық дамуындағы ауытқуларды жоюды, баланың қабілеттілігін, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін қарастырады. Әдістемелерді тиімді қолдану, психикалық денсаулық деңгейін бағалау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін талдай білу жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Суицидология негіздері

    Суицидалдық мінез-құлық пен әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеудің негізгі бағыттары, ғылыми категориялары, механизмдері, принциптері мен заманауи әдіс-тәсілдерін зерттейді. Жеткіншектік кезеңде орын алатын суицидке бейім оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, мінез-құлық бұзылыстарын, конституциялық ерекшеліктерін, темперамент типологиясына байланысты психодиагностикалық, психопрофилактикалық және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу шараларын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  •  Девиантология

    Отандық және шет елдік девиантты мінез-құлықты әлеметтану жайлы білім қалыптастыру және ол білімдерді ғылыми-практикалық іс-әрекетте қолдана білу мәселелері қарастырылады. Девиантология саласындағы әлеуметтік жұмыс тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалай алу, оны әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес пайдалана алу, клиентпен жұмыс жүргізудің өзіндік әдістемелерін жасау процестері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік психология

    Әлеуметтік психологиялық үдерістер мен құбылыстарды зерделеуге байланысты теориялық негіздерін, психологиялық тұжырымдарды айқындау мәселелері қарастырады. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдауды, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, командада жұмыс істеу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін, даулы жағдайларды туындаған проблемаларды түзетуде коррекциялық технологияларды пайдалануды қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Креативті  педагогика

    Білім беруде дәстүрлі емес заманауи, жаңаша, тың әрі креативті-шығармашылық бағытта әрекет ете отырып, жоғары прогресске қол жеткізу жолдары мен креативтілік теориялары, тұлға мен оның креативтілігін дамыту мәселелері сипатталады. Сонымен қатар педагогикалық тұрғыда балалардың креативтілік қабілеттерін дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздері мен оны шығармашылық әрекетте қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру жүйесіндегі менеджмент

    Білім берудегі басқару жүйесі мен білім беру саласындағы менеджмент ғылымының теориялық негіздерін зерделеу, басқарудың ғылыми негіздерін тәжірибеде шығармашылықпен пайдалануды қалыптастыру мәселелері және басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын дамыту жолдары сипатталды. Білім беруде менеджменттің заманауи әдіс-тәсілдері ретінде тайм менеджментті сақтай білуі, коммуникативтік, лидерлік, менеджерлік, орындаушылық сияқты жағымды типологиялық қасиеттер жүйесі талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагог-психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы

    Педагог-психологтың шеберліктің негізгі құрамдас бірліктерін, педагогтың ұйымдастырушылық қызметін, шебер педагогтың кәсіби және тұлгалық сапаларын қарастырады. Педагогикалық-психологиялық тұжырымдарды талдауды, шығармашылық қабілеттерді дамытуды, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтік, командада жұмыс істеуді, ақпараттық мәдениетін көрсетуді, пәнаралық білімді интеграциялауды, даулы жағдайларда туындаған мәселерді шешудің креативтілігін бағалауымен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивті психология

    Пән негізінде танымдық процестер, сезім, қабылдау және танымдық ойлау әрекетінің стильдері қарастырылады. Сөйлеу, тіл және танымның дамуындағы интеллект пен жасанды интеллекттің танымдық психологиясының даму процесіне рөлі мен үлесі талданады. Әлеуметтік таным психологиясындағы тұлғаны зерттеудегі танымдық көзқарас және танымдық даму және оның детерминанттары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дифференциалды психология

    Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері мен әдістемелері, жеке ерекшеліктерді зерттеу теориялары қарастырылады. Дифференциалды психологиялық зерттеу бағытының ерекшеліктері талданып, тұлғаны айқындаушы темперамент және диспозициялық теориялары талданады. Сондай-ақ тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның рөлі индивидуалды ерекшеліктерді қалыптастыру мен психофизиологиялық негіздері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Кәсіптік бағдар: жас ерекшеліктері

    Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беру; еңбекке саналы көзқарасын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері сипатталады. Оқушылардың кәсіби қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, мамандық таңдауда қиындықтарға тап болған оқушыларға қосымша қолдау көрсету мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық акмеология

    Педагогикалық акмеологияның теориялық - методологиялық негіздерін, негізгі ұғымдарын, мәселелері мен міндеттерін, кәсіби өсуін жобалауға әсер ететін акмеологиялық талаптарды, еңбек қызметінің табыстылығы мен тиімділігін, педагогтың кәсібилік деңгейін, педагогтық құзыреттілік және оның құрылымдары, мұғалім-логопедтің жеке және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды, кәсібилікті дамытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары туралы түсініктерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін арттерапиялық жұмыстар

    Ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін арт-терапияның мақсаты - өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы жеке тұлғаның дамуын үйлестіру. Сонымен қатар адамның психикалық жағдайын қалпына келтіру және үйлестіру, оның оңтайлы мінез-құлықтарды таба білу қабілетін қалыптастыру. Психологиялық білімін практикада қолдану, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда білімдерін интеграциялай білу, психикалық денсаулық деңгейін бағалау, психодиагностикалық әдістемелер арт-терапияда сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жеке және топтық кеңес беру

    Психологиялық әсер ету, психикалық реттеу және топтық психотерапия әдістерін қолдану әдіснамалық теориялары қаралады. Психологиялық тұжырымдарды айқындауды, танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдауды, инновациялық технологияларды оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдануды, диагностикалаудың технологияларын қолдануды, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешуді креативті бағалауды қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • АВА терапиясы

    АВА терапиясы – бұл мінез-құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. Бүгінгі таңда аутизмді түзетудің ең тиімді әдістерінің бірі-мінез-құлық терапиясы немесе ABA (Applied behavior analysis) қолданбалы мінез-құлықты талдау әдісі. АВА ғылыми пән ретінде қоршаған ортадағы факторлардың мінез-құлыққа әсерін зерттейді және адамның мінез-құлқын өзгерту үшін осы факторларды басқарады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қолданбалы психология

    Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі практикаға бағытталған психологияны, қолданбалы психологиялық мәселелерді, психологияның іргелі және қолданбалы жаңалықтарын, теорияларын, принциптерін, механизмдерін, әдіс-тәсілдері мен техникалары мен технологияларын сипаттайды. Нақты психологиялық құбылыстарды түсіндіруді және психологияның тәжірибелік бөлігін немесе психотехникалық бөліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Түзету психологиясы

    Түзету психологиясы мектепте оқыту және ондағы педагогикалық-психологиялық мәселелерді шешу жолдары мен тәсілдері және бағыттары қарастырылады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі дамытушы-түзетуші сыныптар мен психолого-педагогикалық дамыту-түзету принциптері жан-жақты талданады. Түзету формалары мен әдістері және дамытушылық жұмыс, сонымен қатар мектеп психологының дамыту жұмысы мен түзету және дамыту жұмыстарының процедурасы сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жеке тұлға психологиясы

    Тұлғаны зерттеудің заманауи әдіснамалық жүйесі, өзге ғылым салаларымен байланысы, тұлға қалыптасуының бағыт-бағдарлары, тұлға құрылымы мен дамуын психологиялық жағдайларын тұтас түсінуі қарастырылады. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып талдай білу, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас коммуникативтілігін көрсете білу, жеке тұлғаның бағыт-бағдарының әлеуметтік психологиялық моделін жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Денсаулық педагогикасы

    Білім алушылардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін, практикалық іс-әрекетін басқарудың ұйымдастырушылық тәсілдерінің функционалды жүйесін қарастырады. Білім алушылардың оқу-тәрбие жүйесінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет

    Білім алушылардың жетекші іс-әрекеті мен психикалық процестерінің көрініс беруі, оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері, танымдық процесінің дамуы, мінез-құлық ерекшеліктерін қарастырады. Психологиялық тұжырымдарды айқындауда сыни тұрғыдан қарау, психологиялық қызмет көрсетудің технологияларын талдау, оларды оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу, психодиагностикалық әдістемелерді тиімді қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • оқытуда ЦБР мен АКТ-ны тиімді пайдалану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалай алады, оқу практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде білімін қолданады.
  • оқушының тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыруда өмір бойы білім алуға және пәнаралық білімді интеграциялай біледі;
  • мета-пәндік идеяларға негізделген педагогика, психология, физиология бағыттарындағы түсініктері мен білімдерін көрсетеді;
  • кәсіби бағдар беруде психологиялық инновациялық технологияларды қолданудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі.
  • кәсіптік мәселелерді шешуде зерттеудің ғылыми танымдық, шығармашылық әдістерін, академиялық хатты меңгерген және шешу жолдарын талдайды;
  • педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық тұжырымдардың қорытындылары мен дәлелдемелерінде, міндеттерді шешуде жүйелі ойлау мен сыни көзқарасқа негізделген білімді практикада қолданады;
  • педагогикалық-психологиялық жағдаяттар мен суицидологияның негізгі мәселелерін шешуде принциптер мен заңдылықтарды, кәсіби бағдар берудің психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық және психологиялық кеңес берудің әдістемелерін тиімді қолданады;
  • жеке тұлғаның бағыттылығы мен мектептік кезеңде оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы мен суицидке бейімділігін диагностикалаудың әлеуметтік психологиялық құрылымдық моделін жасайды және психикалық денсаулық деңгейін бағалайды.
  • білім беру мекемелерінде психологиялық қызмет көрсетудің бағыттары мен қағидаларын, әдістері мен формаларын оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарында қолданады және техникалары мен технологияларын талдайды.
  • тұлғааралық қарым-қатынаста және кәсіби бағдар беруде коммуникативтік, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді және академиялық адалдық принциптері мен ақпараттық мәдениеттің маңызын ұғынады;

Ұқсас БББ

6B01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01101 Педагогика және психология

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

6B01101 Педагогика және психология

Астана халықаралық университеті

6B01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01101 Педагогика және психология

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01101 Педагогика және психология

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01101 Педагогика және психология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01101 Педагогика және психология

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01101 Педагогика және психология

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

6B01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

6B01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01101 Педагогика және психология

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

6B01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01101 Педагогика және психология

Шымкент университеті

6B01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01101 Педагогика және психология

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01101 Педагогика және психология

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01101 Педагогика және психология

Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

6B01101 Педагогика және психология

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

Top