Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04107 Маркетинг в Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қолданбалы міндеттерді шешуге арналған заманауи маркетинг теориясын қолдану, кәсіпорын қызметінде маркетингтік құралдарды жүзеге асыру бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау, өз қызметін жүзеге асыратын сала ерекшеліктеріне байланысты қойылған мақсатқа сәйкес ұйымның маркетингтік стратегиясының қалыптасуына заманауи әдістерді қолдану, маркетингтік зерттеу жүргізу және өндірістің дамуын болжау
  • Әлеуметтік желілермен қозғалыс және ғаламтордағы беделді басқаруда маркетингтің гипермедиялық ортасы және маркетингтік коммуникация құралдары жағдайында тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша формадағы байланысқа бару
  • Экономикалық есептерді шешуде математикалық және статистикалық әдістерді қолдану, экономикалық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау негізінде теориялық және эконометрикалық үлгілерді жасақтау, алынған нәтижелерді талдау және мазмұнына сәйкес үйлестіру
  • Жеке тұлғалық қызметте ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың әр түрін қолдану: ғаламтор-ресурстар, ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлттық және мобильді қызмет көрсетулерді қолдану
  • Өмір сүрумен қатар өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу мақсатында жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, басқару әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағытталу
  • Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік тарихын тереңнен түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық бағытты ұстану
  • Қажетті кәсіби білімдерді игеру, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес - жоспар) жобаларын жасақтау және бизнес-жобалардың оңтайлысын таңдау
  • Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология, экологиялық ойлау, құқық және кәсіпкерлік негіздері, ғылыми зерттеу әдістері туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру
  • Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін шешуге арналған экономикалық білім кешенін және сандық экономика құралдарын қолдану, қызметтің шаруашылық нәтижесіне әр түрлі шаралардың әсер етуін бағалау, нарықтық инфрақұрылым ерекшеліктерін тиімді қолдана білу, тауар қозғалысының оңтайлы нұсқаларын анықтау
  • Өнім өндірісіне және өндірілген өнімді өткізуге қажетті материалдық, еңбек және қаржы шығындары бойынша, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың есебінде сипатталатын ақпараттар негізінде есептеулерді орындау, алынған нәтижелерді басқарушылық шешімдерді қабылдауда қолдану
  • Академиялық мәтіндерді жасау және редакциялау дағдысын жүзеге асыра отырып, жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтау, заманауи экономикалық жүйелердегі жағдайларды талдау, жіктеу, болжау және бағалау, ғылыми жасақтама нәтижелерін өндіріске енгізу
  • Нарық және тауар мәселелерін талдау, заманауи кәсіпорынның сату қызметін басқару саласындағы міндеттерді шешуге арналған алынған теориялық білімді қолдана отырып, нақты нарықта маркетингтік зерттеуді талдау нәтижелерін үйлестіру, сату көлемін арттыру стратегиясын жасақтау, ұйымның корпоративтік және бәсекелік стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар сандық ортада бизнесті жүргізудің тактикалық әрекеттерін қалыптастыру
Top