Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01101 Педагогика және психология в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер

    Пән педагог кәсібінің, педагог-психолог функциялары мен оған қойылатын талаптардың әлеуметтік маңыздылығын түсіндіреді. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Педагог- психологтың кәсіби жұмысының ғылыми негіздерін, педагог кәсібінің ерекшеліктерін, педагог-психолог ғылыми-зерттеу әдістерін, оқытушыға қойылытын тұлғалық талаптарды қарастырады.Сондай-ақ, психология мен білім берудегі мәдени- тарихи жҽне іс-әрекеттік әдістері мен болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың психологиялық-педагогикалық әдістемесі мен әдіснамасын тұжырымдайды және әртүрлі жас кезеңдеріне қарай диагностикалық, корекциялық және дамытушылық жұмыстардың негізгі бағыттары мен оларды ұйымдастыру принциптерін және психология ғылымының теориялық әдіснамалық негіздерін талдау барысында қорытынды шығаруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері

    Магистранттармен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері пәнінің мақсаты білім алушыларға студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мәнін, принциптерін, мазмұнын, әдістемесін, технологиясы жайлы теориялық білімдермен қаруландыру, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістері мен формаларын меңгерту. Пәннің мазмұнында эдвайзер жұмысымен таныстырып, ЖОО-да жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасауды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды үйретеді. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері, патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік даму, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО-дағы тәрбие теориясы мен әдістемесі

    Курс магистранттарда жоғары оқу орнындағы тәрбиелеу үдерісі туралы ғылыми түсініктер мен кәсіби тәрбиелік құзыреттерді қалыптастырады. Магистранттар тәрбиелеудің мақсаттары мен қағидаларын, психолого-педагогикалық негіздерін зерттейді, ықпал ету әдістерін қолданады, құндылықтардың қалыптасуын талдайды, тәрбиелік бағдарламалар әзірлейді және олардың тиімділігін бағалайды. Курс педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағдыларды дамытып, жоғары білім саласында тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға дайындық қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы пәнінің мақсаты білім алушыларды шетелдік және еліміздегі басқару психологиясының даму, қалыптасу тарихымен, психологиялық ғылымдар жүйесіндегі орнымен таныстыру, ғылыми басқарудың қазіргі тенденциялары, жаңа ғылыми басқару парадигмасы жайлы түсініктерін қалыптастыру, ұйымдастырушылық мәселелердің өзара байланысын психологиялық талдау дағдыларын және басшының басқару қызметтерін іске асыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру арқылы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын, басқарушының жеке басқарушылық тұжырымдамаларын, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздерін, негізгі басқарушылық қызметті жүзеге асрудың психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс. Басқару психологиясының теориялық және практикалық салаларында ауызша және жазбаша өзіндік шешім шығара білуі, алған білімдерін кәсіби іс-әрекетте орындай білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәні магистранттардың кәсіби және академиялық шет тіліндегі қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән аясында кәсіби терминологияны меңге-ру, ғылыми мәтіндерді оқу, түсіну, аннотациялау, рефе-раттау және аудару дағдылары қалыптастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми конференциялар мен кәсіби пікірталастарға қатысуға, ғылыми мақалалар жа-зуға қажетті тілдік біліктіліктер дамытылады. Курс кәсіби қызмет пен ғылыми-зерттеу саласында шет тілін еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылымметрия және ғылыми мәліметтер базасы

    Курс магистранттарды ғылымметрияның – ғылыми қызметтің сандық және сапалық сипаттамаларын зерттейтін саланың – негізгі ұғымдарымен таныстырады және жетекші әлемдік ғылыми-ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалануға үйретеді. Сондай-ақ курс магистранттарға жарияланымдық белсенділікті талдау, зерттеулердің әсерін бағалау, ғылыми ақпаратты стратегиялық басқару, жарияланымдық стратегия құру, журналдар мен конференциялардың сапасын сын тұрғысынан бағалау құзыреттерін қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Предмет философии науки. История науки и основные концепции современной философии науки. Социокультурные предпосылки возникновения экспериментального метода и соотнесение его с математическим описанием природы. Формирование технических и социально-гуманитарных наук.Современная философия науки как изучение общих закономерностей научного знания в его историческом развитии и меняющемся социокультурном контексте получает знания о происхождении науки и основных этапах ее исторической эволюции

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми-зерттеу әдістері

    Магистарнттардың оқытылатын пәндер мен ғылым салаларының теориялық білімдерін тереңдетуге және бекітуге ықпал етеді. Ғылыми зерттеулер жүргізуде, алынған нәтижелерді талдауда және қандай да бір қызмет түрін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде практикалық іскерліктерін дамыту, ақпарат көздерімен және тиісті бағдарламалық-техникалық құралдармен өз бетінше жұмыс жасауда студенттердің әдістемелік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ студенттерге қосымша теориялық материалдарды және оларды қызықтыратын қызмет бағыты бойынша жинақталған практикалық тәжірибені игеру үшін кең мүмкіндіктер ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру процесін жобалау

    Курс магистранттарға мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және бағалау үшін қажетті қағидаттар, әдістер мен құралдар жөнінде жүйелі түсінік қалыптастырады. Пән аясында төмендегі мәселелер қарастырылады: халықаралық және ұлттық нормативтік негіздер, педагогикалық дизайн (оқытудың әмбебап дизайны), білім алушылардың қажеттіліктерін диагностикалау, қолдаудың технологиялары (ассистивтік және цифрлық), коллаборация және өзгерістерді басқару, инклюзивтік практикаларды бағалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мақсаты магистранттарға жоғары мектепте тұтас педагогикалық процесті басқарудың теориялық және технологиялық аспектілері жайлы білімдермен қаруландырып, білім алу барысында болашақ кәсіби әрекеттің жеке элементтерін моделдеуді меңгертеді. Пәннің мазмұнында Қазақстанның жоғары білім алуды дамыту тенденциялары және жоғары оқұу орындарының педагогикалық процесінің мазмұны, әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастырудың түрлері қарастырылады. Білім алушылар Қазақстандық білім беру жүйесіне бағытталған білім мен білік, дағды мен іскерлік жиынтығын меңгереді, өзін барынша жан-жақты көрсете білуге және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысуы үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика әдіснамасы

    Педагогика әдіснамасы пәнінің мақсаты білім алушылардың әдіснамалық метабілімнің ірі блоктары, яғни педагогикалық әдіснама туралы жалпы түсініктерін қалыптастырып, оны анықтауға қажет тұғырлар, педагогикалық әдіснаманың ұғымдық аппараты, педагогикалық әдіснаманың қызметтері және әдіснамалық білімдер құрылымы, әдіснамалық бағдарлар жиынтығы, педагогикалық әдіснаманың даму кезеңдері және үрдістері туралы жүйелі ғылыми білімдермен қаруландырады. Пәнды оқып игеру нәтижесінде Ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасын, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін зерделеп, зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамын меңгереді. Педагогикалық зерттеудің логикасы және ғылыми аппараты және педагогикалық зерттеудің ұғымдық, өлшемдік аппаратын оқып үйреніп, кәсіби зерттеушілік мәдениеті мен құзыреттіліктері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллекттің заманауи тәсілдері мен технологиялары

    Курс жасанды интеллекттің заманауи тәсілдерімен және технологияларымен таныстырады: машиналық және терең оқыту, генеративті модельдер (ChatGPT, DALL•E), табиғи тілді өңдеу (NLP), компьютерлік көру. TensorFlow, PyTorch сияқты фреймворктар мен бұлтты ИИ-қызметтер қарастырылады. Практикалық бөлім нақты жобаларды іске асыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп психологиясы

    Пән студенттерді психологиялық ғылымның негіздерімен, оның әр адам мен адамзат қауымдастығынан туындайтын өмір мен кәсіби қызмет мәселелерін сәтті шешудегі мүмкіндіктерімен, психологиялық және педагогикалық шындықтың негіздерін, олардың адамдардың өмірі мен іс-әрекетіндегі көріністері мен әсерін ғылыми түсінуге қол жеткізу, адамның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі растауындағы психологияның рөлі мен мүмкіндіктерін ашады, студенттерді қазіргі ресейлік білім беру және кәсіби кеңістік жағдайындағы қызметтің психологиялық және педагогикалық негіздерімен және олардың мемлекеттік ойлау элементтері мен белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға, студенттерді алдағы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО педагогикалық менеджмент

    Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерін, жоғары оқу орнындағы тұтас педагогикалық процесі мен педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері туралы біліммен қамтамасыз етуге,болашақ мұғалімдерде білім берудегі менеджменттің мақсаты мен міндеттерін саналы түсінуді қалыптастыруға үйретеді. Кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде педагогикалық менеджмент туралы нақты және мағыналы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ менеджердің іс-әрекетінің объектісі ретінде тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Болашақ мамандарды даярлаудың әдіснамасы мен әдістемесі

    Пәнді оқу барысында Қазақстандағы ғылым дамуының тарихы және кәсіби іс-әрекетке мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері, бағыты мен даму беталыстары жайлы білімін тәжірибеде қолданады. Әртүрлі жас кезеңдеріне қарай диагностикалық, корекциялық және дамытушылық жұмыстардың негізгі бағыттары мен оларды ұйымдастыру принциптерін және психология ғылымының теориялық әдіснамалық негіздерін талдау барысында қорытынды шығара біледі. Танымдық процестердің алгоритмін моделдеуде және инновациялық технологияларды пайдалана отырып іс-әрекет стратегиясын құру әдістерін қолдануда және қабылданған міндеттер үшін жауапкершілікті сезінуде шығармашылық орта ұйымдастыра біледі. Болашақ мамандардың кәсіби іс- әрекетінде педагогикалық-психологиялық қарым-қатынасқа түсу проблемаларын зерттеп тиімді жақтарын таңдай біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Этнопсихологияның қазіргі замандағы мәселелері

    Студенттер пәнді оқу барысында әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әрбір халықтың рухани әрекетін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерді сипаттайды. Әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетанымын, өздік сана мен этникалық стереотиптердің міндеттерін, қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасуын меңгереді. Этнопсихологияның қарастыратын негізгі категориялары: этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, салт-дәстүр және т.б.оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру сапасын бақылау және бағалау

    Білім беру сапасын бақылау және бағалау пәнінің мақсаты білім алушыларға білім беру жүйесінің сапасын арттыру, стратегиялық міндеттерді шешуге негізделген білімдер жүйесімен қаруландыруға негізделген. Пәннің мазмұнында магистранттар білім беру сапасын бақылау мен бағалау жүйесінің заңдылықтары және әдіс-тәсілдері мен формалары, «Білім беру мемлекеттік» бағдарламасы, Білім беру қызметін лицензиялау Ережесі, Білім беру ұйымдарын аттестаттау Ережесі, ҚР «Білім туралы» Заңы және т.б. құжаттар жайлы ғылыми білімдермен мазмұны үйретіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық үрдіс сапасын бағалау және мониторингілеу әдістемесі

    Курс магистранттарға бастауыш білім берудегі педагогикалық үдерістің сапасын бағалау қағидалары мен әдістерін түсінуге көмектеседі. Магистранттар оқытудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін мониторинг құралдарын зерттеп, қолданады, деректерді талдайды, нәтижелерді интерпретациялайды және ұсыныстар жасайды. Олар педагогика сапасын үздіксіз бақылау және арттыру үшін мониторинг жүйелерін әзірлейді. Курс білім беру стратегияларын тиімді басқару мақсатында бағалау және түзету дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі

    Магистранттардың санаттары туралы білім жүйесі, білім берудегі типологиямен, әдістеме заңдылықтарымен танысу. Магистранттарда осы білім негізінде шығармашылық және әдістемелік қызмет дағдыларын қалыптастырады. Негізгі ұғымдарды игеруді қамтамасыз ету, қарастырылып отырған бағдарламаны, зерттеумен байланысты курс жетекшісінің идеяларын ашуға, магистранттарды заманауи педагогикалық технологиялармен таныстырады. Қоғамның әлеуметтік-демократиялық дамуы жағдайындағы мұғалімнің тұлғасын, кәсіби-педагогикалық дайындықтың мазмұнын және олардың даму жолдарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент психологиясы

    Студенттерді шетелдік және отандық басқару ғылымының даму тарихымен, оның психологиялық білім жүйесіндегі орнымен таныстырады,ғылыми басқарудың қазіргі тенденциялары - жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы түсінік қалыптастырады. Осы пәннің негізгі бөлімдерінде бағдарлауды үйретуге, басқарушылық қызметтің психологиялық мазмұны, көшбасшының жеке басқарушылық тұжырымдамасы, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқару қызметінің субъектісінің психологиясын зерттейді. Ұйымдастырушылық проблемалардың өзара байланысын психологиялық талдау дағдыларын және басшының басқару функцияларын іске асыру сапасын арттыруға ықпал етуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Когнитивті психология

    Курсты оқу нәтижесінде студенттер танымдық процестердің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері, ойлау процестері мен тиісті нейрофизиологиялық белсенділік арасындағы байланысты біледі.Теориялық ережелер мен проблемалардың көлемін игеру нәтижесінде студенттер танымдық процестерді сипаттап, олардың жүру механизмдерін түсіндіре алады. Танымдық процестерді бақылау және эксперименттік зерттеу дағдыларын меңгереді. Студенттердің зияткерлік қызмет пен кәсіби білімнің жалпы мәдениетін дамытуға ықпал ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті

    Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті пәнінің мақсатыбілім алушылардың таным әдіснамасының мәні мен мазмұны жайлы түсініктерін, ғылыми-ізденістік іс-әрекетті жүзеге асыру дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру арқылы әдіснамалық білім, диалектикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, әлеуметтік перцепция жайлы білімдермен қаруландырып, педагогикалық құбылыстардан жасырынып жатқан жаңа байланыстар мен заңдылықтарды табуға дағдыландырып, жалпы және педагогикалық, әдіснамалық мәдениеті мен оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибесі мен кәсіби дағдыларын, кәсіби білім, білік, дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлікті жетілдіру

    Педагогикалық шеберлікті жетілдіру пәнінің мақсаты білім алушыларды педагогикалық шеберлікті жетілдірудің мәні мен мазмұны, ерекшеліктері жайлы түсініктерін қалыптастырып, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігінің педагогикалық шеберлікке тәуелділігі, педагогтың кәсіби және әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттері жайлы теориялық, практикалық ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы кәсіби маңызды қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасу деңгейін өзін-өзі бағалау арқылы кәсіби өзін-өзі тану рәсімдерін жүргізу дағдылары қалыптасады, педагогикалық қарым-қатынас техникасын жетілдіру қабілеттіліктері мен құзыреттіліктері қалытасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интербелсенді әдістерді ЖОО да қолдану мәселелері

    Пәнді оқу барысында постиндустриалды дәуірдің білім жүйесі туралы ұстанымдарын зерттейді. Интербелсенді әдістеменің теориялық және методологиялық негіздемесі,интербелсенді оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері,интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесін қарастырады. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері және интербелсенді сабақтың құрылымы,интербелсенді әдістердің түрлері, интербелсенді әдістемесінің негізгі мәселелері: білім және диалог екендігін қарастырады. Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері және интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Психологиялық кеңес беру және түзету негіздері

    Психологиялық кеңес беру және түзету негіздері пәнінің мақсаты білім алушыларды әртүрлі жастағы адамдарға психологиялық қолдау көрсетудің теориялық және әдістемелік негіздері, психологиялық қолдаудың мақсаты ретінде психологиялық саулық құрылымы, қызметі, мазмұны жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Осы пәнді оқу нәтижесінде магистранттар балаларға, жасөспірімдерге, орта және кәрілік шақтағы адамдарға психологиялық қолдау көрсету технологиясын үйренеді, жасерекшелік дағдарыс кезеңдерінде («ересектік шаққа өту», «орта өмір», «кәрілік шаққа өту») психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктерін меңгереді, қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету дағдылары мен қабілеттіліктерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық жобалау

    Пәнді оқу барысында педагогикалық жобалаудың жалпы негіздері,педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы, педагогикалық жобалаудың мәні мен түрлері, педагогикалық жобалау, мақсат қою және басқаруды меңгереді. Сондай-ақ,жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі, педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары, педагогикалық жобалаудың ұйымдастыру мазмұны, құрылымы, жобалауды ұйымдастырудың шарттары мен жобалауды жүзеге асыру логикасы, педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалауды, педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы мен әдіс-тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

    Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастырады. Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпындырады. Магистранттардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық этика

    Педагогикалық этика пәнінің мақсаты білім алушылардың педагогикалық этиканың негізгі компоненттері және олардың мазмұнын жайлы түсініктерін қалыптастырып, педагогтың әдеп құндылықтары, оның кәсіби қарым-қатынасының этикалық негіздері, педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне қажетті маңызды әдеп қағидаттары, оның ерекшеліктері жайлы білімдермен қаруландырады. Пәнді оқып игеру арқылы білім алушылар педагогтың кәсіби этикасын саналы түрде меңгертеді, жалпы ғылыми-педагогикалық этика саласындағы жағдаяттарды талдау дағдыларын қалыптастырады, педагогикалық қарым-қатынас нәтижелерін моральдық нормаларға сәйкес бағалаудың түрлі әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Педагогикалық және психологиялық ғылымдардың негізгі ұғымдары мен теориялық ұстанымдарын меңгеріп, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының білім беру үдерісіндегі маңызын түсіндіреді.
  • Инклюзивті білім беру, тәрбие жұмысы және педагогикалық практиканы нақты оқу-тәрбие жағдайларында тиімді жүзеге асырып, әлеуметтік-психологиялық аспектілерін талдайды.
  • Педагогикалық жобалау, интербелсенді оқыту технологиялары мен әдістемелерін қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылдайды.
  • Білім беру нәтижелерін бағалау, педагогикалық үдерісті мониторингілеу және сыни тұрғыдан талдау жасау әдістерін меңгеріп, қолданады.
  • Ғылыми танымның мәнін түсініп, ғылым философиясы мен тарихының білім беру жүйесіне ықпалын сипаттайды.
  • Кәсіби контексте шет тілін қолданып, ғылыми мәтіндермен жұмыс істейді және халықаралық академиялық ортада еркін қарым-қатынас жасайды.
  • Жасанды интеллектті қолданудың заманауи әдіс-тәсілдерін талдап, оларды білім беру процесіне енгізудің мүмкіндіктерін анықтайды.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ғылымметриялық әдістер мен заманауи дереккөздерге сүйене отырып, зерттеу сапасын бағалайды және психологиялық кеңес беру мен түзету жұмыстары негізінде білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Досмұхамедов а. АтУ)

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

"МИРАС" университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi (Ясауи ат. ХҚТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Шәкәрім университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шымкент университеті (ШымУ)

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (Мұртаза ат. ХТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

7M01101 Педагогика және психология

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Қозыбаев ат. СҚУ)

Top