Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика в QYZPU

Пәндер

  • Элементар математика

    Пәннің мақсаты: студенттердің жалпы математикалық мәдениетінің деңгейін көтеру, оларды негізгі математикалық пәндерді үйренуге дайындау болып табылады. Студенттер: арифметикалық есептердің барлық негізгі түрлерін талдайды, шешеді және шешу әдістерінің ішіндегі ең ұтымдысын таңдайды; элементар математиканың маңызды әдістерін меңгереді және оларды теоремаларды дәлелдеу мен есептерді шешуде қолдана біледі.

    Несиелер - 5
  • Математикаға кіріспе

    Пәннің мақсаты: студенттердің математиканың жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны мен рөлі туралы және жиындар теориясы бойынша жүйелі білімдерін қалыптастыру, абстрактілі, логикалық ойлауды, кеңістікті бейнелеуді және математикалық мәдениетті дамыту болып табылады. Студенттер: математикалық сөйлемдерді сауатты құрастыра алады, олардың құрылымын талдайды, теоремаларды математикалық тілде өрнектейді және символдық белгілерді табиғи тілге аударады.

    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады. Курс заңдылық түсініктерін, этикалық қағидалары мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын дамытады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық статистика негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

    Пәннің мақсаты: студенттердің анықтауыштар теориясы, матрицалық талдау, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру, сызықтық алгебраның математикалық аппараттын меңгерту болып табылады. Студенттер: қазіргі заманғы геометрияның аксиоматикасы мен құрылымын, негізгі ұғымдары мен қатынастарын зерделейді, геометрияның талдамалық және инварианттық-топтық әдістерін меңгереді; аффиндік және евклидтік кеңістіктер геометриясының негізгі ұғымдарын меңгереді

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эмоционалды интеллект

    Пән Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары контекстіндегі педагогтың тьютор рөлін игеруіне бағытталған. Студенттер қазіргі мектептің білім беру процесіндегі эмоционалды интеллекті мен икемді құзыреттіліктердің орнын анықтайды. Икемді дағдыларды, соның ішінде оны цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдана алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың эмоционалды интеллектісін бағалау мен дамытудың технологияларын меңгереді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары алгебра

    Пәннің мақсаты: жоғары алгебра элементтерін мектеп курсы математикасында оқытуды ғылыми тұрғыда негіздеуге, сондай-ақ абстрактілі-логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер: жоғары алгебра элементтерін мектеп курсы математикасындағы математикалық есептерді шешу барысында қолдана біледі; математикалық проблемаларды зерттеуде өздігінен талдау жасай білу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады.

    Несиелер - 6
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

    Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімін қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 5
  • Педагогикалық психология

    Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды. Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.

    Несиелер - 6
  • Математикалық анализ 1

    Пәннің мақсаты: студенттерге математикалық анализдің қуатты құралдарын, үздіксіз функциялар теориясын, дифференциалдық есептеудің негізгі теоремаларын, анықталмағандықтарды ашу әдістерін, Тейлор формуласын беру болып табылады. Студенттер: белгілі ақпарат қорын (анықтамалар, теоремалар, олардың дәлелдеулері, есептерді шешу әдістері) меңгереді, сонымен қатар осы пәнді ғылымның әртүрлі салаларында және практикада қолдану.

    Несиелер - 6
  • Алгебра және сандар теориясы

    Пәннің мақсаты: студенттерге жалпы алгебра, сандар теориясының іргелі әдістерін үйрету; топтармен, сақиналармен және өрістермен танысу. Студенттер: бір және бірнеше айнымалы көпмүшелер алгебрасы, бүтін сандардың бөлінгіштік теориясы және конгруенциялар теориясы туралы түсініктері қалыптасады; алған теориялық білімдерін қолданбалы есептерді шешуде қолдана білу дағдысы қалыптасады.

    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Пәннің мақсаты: ықтималдық және статистикалық есептерді шешуде стандартты әдістер мен модельдерді қолдану, статистикалық ақпаратты өңдеу және статистикалық негізделген қорытындылар алу дағдыларын игерту. Студенттер: ықтималдық үрдістер, кездейсоқ шамалар, үлестірім функциялары және статистикалық әдістер туралы ғылыми түсініктер қалыптастырады, кездейсоқ шамалармен және оларды іздеу және бағалау әдістерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Комбинаторика және оның қолданыстары

    Пәннің мақсаты: комбинаториканың негіздері мен әдістерін терең меңгерту; комбинаторлық есептерді шешу дағдыларын дамыту; логикалық ойлау дәрежесін дамыту; зерттеу жұмысының дағдыларын үйрету. Студенттер: комбинаториканың негіздері туралы іргелі білімдерін қалыптастырады; негізгі комбинаторлық есептерді шешу біліктері мен дағдыларын игереді; қолданбалы есептерді шешуде комбинаториканың қосымшаларын зерттей алады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Педагогика және дидактика

    Пәннің мақсаты - ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды ты іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикалық анализ 2

    Пәннің мақсаты: кейінгі курстарды оқуға қажетті дифференциалдық және интегралдық есептеу әдістерін меңгерту болып табылады. Студенттер: бір айнымалыдан тәуелді функциялардың дифференциалдық, интегралдық есептеулерін меңгереді, математикалық талдау әдістерін геометриялық, физикалық және басқа да ғылыми салаларының есептерін шешуде қолдана алады, болашақ «математика» пәні мұғалімдеріне сай кәсіби-педагогикалық білік, дағдыларын қалыптастырады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Критериалды бағалау технологиясы

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Несиелер - 5
  • Физика

    Пәннің мақсаты: бақылау және эксперименттік мәліметтерді мазмұнды жалпылау нәтижесінде физикалық теория және оның заңдылықтары туралы толық түсінік беру. Студенттер: негізгі физикалық заңдылықтар мен құбылыстар туралы нақты түсінік қалыптастырады; физикалық есептерді шешуде және әртүрлі байқалатын құбылыстар мен процестердің арасындағы тұрақты байланыстар туралы гипотезаларды шығаруда алған білімдерін практикада қолдана алады.

    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық геометрия және топология

    Пәннің мақсаты: Евклид кеңістігінің дифференциалды геометриясы бойынша классикалық іргелі білім беру, басқа математикалық пәндерді оқытуда дифференциалды геометрия аппаратын қолдану дағдыларын үйрету. Студенттер: дифференциалдық геометрия және жалпы топологияның теориялық негiздерiн практикада қолданады; дифференциалдық геометрия және жалпы топологияның әдістерін басқа ғылыми салаларының есептерін шешуде қолданады біледі.

    Несиелер - 5
  • Негізгі мектеп математика курсын оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: студенттердің орта буындағы математика курсының құрылымы мен мазмұнының терең түсінуін қамтамасыз ету; математиканы оқыту мәселелерін шеше алу білігін, сондай-ақ оқу процесін өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студенттер: мемлекеттік талаптарға сай математика сабақтарын жоспарлайды және математиканы оқытуда заманауи цифрлық білім беру технологияларын қолданады.

    Несиелер - 5
  • Математикалық анализ 3

    Пәннің мақсаты: көп өлшемді анализ ұғымдарын дамыту, екі және үш еселі интеграл түсініктері, еселі интегралдарды есептеу және қолдану, сандық қатар, дәрежелік қатар ұғымдарын қалыптастыру болып табылады. Студенттер: алған теориялық білімдері мен дағдыларын жоғары дәрежеде қолданады; қарапайым мәселелерді математикалық тілге аударады; кәсіби қызметінде қолданбалы есептерді шешу дағдыларына ие болады.

    Несиелер - 7
  • Механика

    Пәннің мақсаты студенттерге механикалық құбылыстарды түсіну үшін қажетті механиканың жалпы заңдары мен принциптерін меңгерту болып табылады. Студенттер: теориялық механиканың негізгі түсініктерін меңгереді; нүктенің қозғалыс заңын анықтаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, негізгі кинематикалық шамаларды анықтай алады; сақталу заңдарының мәнін түсінеді, оларды практикалық есептерді шешуде қолданады.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби этика және сәйкестік

    Пәннің мақсаты - студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 6
  • Салу есептерін шығару әдістері

    Пәннің мақсаты: конструктивті геометрия негіздерімен, салу есептерінің түрлері және оларды шешу әдістерімен таныстыру болып табылады. Студенттер: ұқсастықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды, логикалық пайымдауды және қорытынды жасай алады; пайымдаудың индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерін қолданады, есептерді шешудің әр түрлі әдістерін пайдаланады; білім алушыларға салу есептерін циркуль мен сызғыштың көмегімен шешуді үйрете алады.

    Несиелер - 5
  • Олимпиада есептерін шығаруға оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: математикадан олимпиадалық әртүрлі типтегі күрделі есептерді шешу әдістерін игерту болып табылады. Студенттер: олимпиадалық күрделі есептерді шешудің жалпы әдістерін біледі; есептер шарттарын талдайды және шеше алады; математикалық олимпиадаларды ұйымдастыра алады және өткізу әдістемесін біледі.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интегралдық теңдеулер

    Пәннің мақсаты: студенттерді интегралдық теңдеулер теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру және оларға Фредгольм және Вольтерра интегралдық теңдеулерін зерттеп, шешудің дағдыларын қалыптастыру. Студенттер: курстың арнаулы терминологиясы, теориялық және практикалық негіздері бойынша терең жүйелі білімдер жинақтайды; алынған білімдер мен дағдыларды әртүрлі интегралдық теңдеулерді шешуде пайдаланады; функционалдық талдау әдістерін интегралдық теңдеулерді зерттеуде қолданады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық логика және дискретті математика

    Пәннің мақсаты: математикалық логика мен дискретті математиканың негізгі бөлімдерімен таныстыру, дұрыс ойлаудың логикалық заңдары мен ережелерін үйрету және оларды саналы түрде қолдануға жаттықтыру арқылы білім алушыларды дұрыс ойлауға дағдыландырып, ойлау мәдениетінің деңгейін көтеру. Студенттер: арнаулы математикалық әдістері мен символдық аппараттарын қолдану арқылы әртүрлі логикалық есептерді шешуге машықтанады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геометрияны оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: студенттерде геометрияны оқытуда қажет болатын білім, білік, дағды және құзыреттіліктер жүйесін қалыптастыру, геометрияны оқытудың мақсаттары мен мазмұнын, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Студенттер: геометрияны оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолданады; геометрияны оқытуда алған теориялық және практикалық білімдерін қолданады, тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • 10-11 сыныптарда есептерді шешудің әдістемелік негіздері

    Пәннің мақсаты: жоғары сыныптарда Алгебра және талдаудың бастамалары, Геометрия курстарының жаратылыстану-математикалық даярлау бағыты бойынша мазмұнын зерделеу, математика мамандығы студенттерінің жалпы математикалық дайындығын қамтамасыз ету болып табылады. Студенттер: күрделілігі жоғары есептерді, оның ішінде практикаға бағытталған есептерді шешуге оқыту әдістемесін зерделейді; есептерді өз бетінше құрастыру, есептерді шешудің оңтайлы жолдарын іздеу біліктерін қалыптастырады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық сауаттылық

    Пәннің мақсаты: студенттердің математиканы әр түрлі контексте тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеттерін шыңдау. Студенттер: мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын сезінеді; алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының арқасында әртүрлі математикалық модельдерді құруды үйренеді, сонымен қатар мектеп оқушылары үшін сәйкес оқу тапсырмаларын құрастырады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Пәннің мақсаты: қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі тәсілдерін, жаратылыстану және техниканың әртүрлі есептерін зерттеу үшін бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Студенттер: дифференциялды, дербес туындылы теңдеулерді шешу әдістерін сипаттайды; шектік есептерді қояды және шешеді; дифференциялдық теңдеулер жүйесін сандық шешімін табады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика тарихы

    Пәннің мақсаты: студенттердің заманауи математикалық және жалпы мәдени деңгейін арттыру болып табылады. Студенттер: негізгі математикалық ұғымдардың қалыптасу жолдары мен математиканың пайда болу ерекшеліктері, математика тарихының даму кезеңдері, сонымен қатар оның салаларының даму себептеріне үлес қосқан ұлы тұлғалар және математикалық тарихи есептерді шығару жолдары туралы толық мәлімет алады.

    Несиелер - 4
  • Математиканы оқытудағы қолданбалы пакеттер

    Пәннің мақсаты: оқу процесінде заманауи математикалық қолданбалы пакеттерді зерттеу және қолдану саласында кәсіби құзыреттілікті дамыту; математикалық білім сапасын көтеру мақсатында компьютерлік алгебра жүйелерін және динамикалық геометрия жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Студенттер: қолданбалы пакеттерді математикалық білім беруде қолдану мүмкіндіктерін біледі және тиімді жүзеге асыра алады.

    Несиелер - 5
  • Ұлы математиктер еңбектері

    Пәннің мақсаты: студенттердің математиканың даму жолына үлес қосқан ұлы математиктер туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету болып табылады. Студенттер: әлемнің ұлы математиктері мен отандық математиктердің өмірбаяндары мен еңбектері, олардың ашқан жаңалықтары, сондай-ақ қазіргі математиканың дамуына ықпал етіп келе жатқан танымал математик-ғалымдар туралы біледі.

    Несиелер - 4
  • Математикалық модельдеу негіздері

    Пәннің мақсаты: математикалық модельдеу негіздерін қазіргі тілде баяндау, математикалық модельдеудің негізгі ұғымдарын, принциптері мен әдістерін зерттеу; физикалық, биологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелердің математикалық модельдерін құру және зерттеу технологияларымен танысу. Студенттер: математикалық модельдеудің теориясы мен әдістерін, объектілер мен процестерді модельдеудің ғылыми тәсілдері игереді.

    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулер негіздері

    Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 10

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Математиканы оқыту барысында инновациялық білім беру технологияларын қолдана отырып, білім алушыларды, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды олардың шығармашылық әлеуеттері мен танымдық белсенділіктерін дамыта отырып оқу процесіне тартады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша білімді интеграциялау дағдыларын қолдана отырып, математикалық модельдерін құру арқылы қолданбалы есептердің шешімін ұсынады.
  • Жоғары математика мен математикалық білім беру бойынша жүйеленген теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, білім беру саласында өзекті мәселелерді анықтайды және педагогикалық зерттеуді жүзеге асырады
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Математиканың басқа пән салаларымен пәнаралық байланысын анықтап, білім беру мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, тиімді оқу үдерісін жоспарлайды және жүзеге асырады.
  • Логикалық, сыни және жүйелі ойлау дағдыларына сүйеніп математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша күрделілігі жоғары есептерді шығарудың әдістерін талдап, тиімдісін таңдау арқылы стандартты емес есептерді шешеді.
  • Білім беру процесін жақсарту және кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында жеткен жетістіктердің нәтижесін бағалай алады және біліктілігін үнемі жетілдіріп, өзін-өзі дамытумен айналысады.

Ұқсас БББ

6B01501 Математика мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01501 Математика

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01501 Математика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01501 Математика (IP)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01501 Математика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01501 Математика

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01501 Математика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01501 Математика пәнінің мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01501 Математика

Шымкент университеті

6B01501 Математика

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01501 Математика (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01501 Математика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01501 Математика

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

Top