Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01101 Педагогика және психология в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің мақсаты магистранттарды ғылыми зерттеудің негізгі стратегиялары және ғылыми білімді қалыптастырудың тарихи негіздері, негізгі тұжырымдамалары жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы магистранттар ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін талдай біледі, қазіргі ғылым тарихы мен философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппараттарын меңгереді. Ғылыми жетістіктерді сыни талдау және бағалау, пәнаралық салаларда, зерттеушілік және практикалық іс-әрекеттерде жаңа идеяларды тудыру, кешенді зерттеулерді жобалау мен жүзеге асыру қабілеттері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысың ерекшеліктері

    Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері пәнінің мақсаты білім алушыларға студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мәнін, принциптерін, мазмұнын, әдістемесін, технологиясы жайлы теориялық білімдермен қаруландыру, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістері мен формаларын меңгерту. Пәннің мазмұнында эдвайзер жұмысымен таныстырып, ЖОО-да жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасауды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды үйретеді. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері, патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік даму, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерді коммерциализациялау

    «Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерді коммерциализациялау» пәнінің мақсаты магистранттарды білім беру жүйесіндегі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялаудың экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық мехнизмдері жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы ғылыми-зерттеу нәтижелерін шығарып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қаржыландыруға қажетті жағдайлармен, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін коммерциализациялауды нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі мазмұнымен танысады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін құруды және пайдалануды, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін коммерциализациялау бойынша ұйымдастырушылық құрылымын жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ЖОО-ғы тәрбие жұмысының әдістемесі

    ЖОО-ғы тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсаты білім алушыларды ЖОО-ғы тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерімен таныстырып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты ЖОО-ғы тәрбие жұмысының принциптерін, бағыттары мен мазмұны, жұмысының әдіс-тәсілдері формалары жайлы жүйелі білімдермен қаруландырады. Пәнді оқып игеру арқылы тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні жайлы түсініктері қалыптасып, ЖОО-ғы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру әдістемесін оқып, талдап үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Шет тілін халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме дайындауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мақсаты магистранттарға жоғары мектепте тұтас педагогикалық процесті басқарудың теориялық және технологиялық аспектілері жайлы білімдермен қаруландырып, білім алу барысында болашақ кәсіби әрекеттің жеке элементтерін моделдеуді меңгертеді. Пәннің мазмұнында Қазақстанның жоғары білім алуды дамыту тенденциялары және жоғары оқұу орындарының педагогикалық процесінің мазмұны, әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастырудың түрлері қарастырылады. Білім алушылар Қазақстандық білім беру жүйесіне бағытталған білім мен білік, дағды мен іскерлік жиынтығын меңгереді, өзін барынша жан-жақты көрсете білуге және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысуы үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы пәнінің мақсаты білім алушыларды шетелдік және еліміздегі басқару психологиясының даму, қалыптасу тарихымен, психологиялық ғылымдар жүйесіндегі орнымен таныстыру, ғылыми басқарудың қазіргі тенденциялары, жаңа ғылыми басқару парадигмасы жайлы түсініктерін қалыптастыру, ұйымдастырушылық мәселелердің өзара байланысын психологиялық талдау дағдыларын және басшының басқару қызметтерін іске асыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру арқылы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын, басқарушының жеке басқарушылық тұжырымдамаларын, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздерін, негізгі басқарушылық қызметті жүзеге асрудың психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс. Басқару психологиясының теориялық және практикалық салаларында ауызша және жазбаша өзіндік шешім шығара білуі, алған білімдерін кәсіби іс-әрекетте орындай білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру

    Ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру пәнінің мақсаты – білім алушыларды ғылымның даму тарихы, теориясы мен практикасы, оның білім беру процесіндегі рөлі бойынша жүйелі білімдермен қаруландыру, оқу процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру нәтижесінде магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдіснамалық негіздерімен, қазіргі қоғам дамуы жағдайында ғылымның рөлі және маңызымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастару және жобалау ережелерімен танысады. Ғылыми зерттеу жұмысын жобалау әдіс-тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім беру сапасын бақылау және бағалау

    Білім беру сапасын бақылау және бағалау пәнінің мақсаты білім алушыларға білім беру жүйесінің сапасын арттыру, стратегиялық міндеттерді шешуге негізделген білімдер жүйесімен қаруландыруға негізделген. Пәннің мазмұнында магистранттар білім беру сапасын бақылау мен бағалау жүйесінің заңдылықтары және әдіс-тәсілдері мен формалары, «Білім беру мемлекеттік» бағдарламасы, Білім беру қызметін лицензиялау Ережесі, Білім беру ұйымдарын аттестаттау Ережесі, ҚР «Білім туралы» Заңы және т.б. құжаттар жайлы ғылыми білімдермен мазмұны үйретіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика әдіснамасы

    Педагогика әдіснамасы пәнінің мақсаты білім алушыларға педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамасы, педагогика әдіснамасы құрылымындағы зерттеу әдістері, педагогика әдіснамасы дамуының басым бағыттары жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы магистранттардың педагогика ғылымының әдіснамалық бағдарлары, педагогика ғылымының әдіснамалық қоры жайлы түсініктері қалыптасады. Педагогиканың әдіснамалық тұғырларын, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары мен педагогикалық зерттеу түрлерін оқып меңгереді. Зерттеушілік және әдіснамалық мәдени дағдылары қалыптасып, әдіснамалық зертхананы ұйымдастыру мазмұнын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар

    Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар пәнінің мақсаты білім алушыларды білім беру жүйесіндегі технологиялардың генезисі мен тарихи дамуы жайлы түсініктерін қалыптастырып, педагогикалық технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлігін, белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау дағдыларын меңгереді. Пәннің мазмұнында педагогикалық технология түрлері мен технологиялық карта, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану əдіснамасы, қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің жоғары оқу орындарында оқытылатын басқа пəндермен пəнаралық байланысы, педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру жəне демократияландыру негізіндегі технологиялар жайлы білімдер оқытылып үйретіледі. .

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

    Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастырады. Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпындырады. Магистранттардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психологиялық кеңес беру және түзету негіздері

    Психологиялық кеңес беру және түзету негіздері пәнінің мақсаты білім алушыларды әртүрлі жастағы адамдарға психологиялық қолдау көрсетудің теориялық және әдістемелік негіздері, психологиялық қолдаудың мақсаты ретінде психологиялық саулық құрылымы, қызметі, мазмұны жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Осы пәнді оқу нәтижесінде магистранттар балаларға, жасөспірімдерге, орта және кәрілік шақтағы адамдарға психологиялық қолдау көрсету технологиясын үйренеді, жасерекшелік дағдарыс кезеңдерінде («ересектік шаққа өту», «орта өмір», «кәрілік шаққа өту») психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктерін меңгереді, қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету дағдылары мен қабілеттіліктерін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық үдеріс сапасын бағалау және мониторингілеу әдістемесі

    Педагогикалық үдеріс сапасын бағалау және мониторингілеу әдістемесі пәнінің мақсаты білім алушыларды білім беру сапасын, оның мәнін, ұйымдастырылуын және білім беру мекемесіндегі негізгі бағыттарын жүйелі диагностикалау жайлы білімдермен қаруландырып, білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай мониторинг жүйесін құру дағдысын қалыптастырады. Пәнді оқып игеру арқылы білім беру жетістіктері деңгейіне қойылатын талаптар түрінде мақсат қою, яғни нақты қол жеткізуге болатын мақсаттарды тұжырымдау немесе түзету дағдылары қалыптасады, сапаны арттыру бойынша басқарма субъектілері үшін ұсыныстар дайындау икемділіктер мен қабілеттерді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп психологиясы

    Пән студенттерді психологиялық ғылымның негіздерімен, оның әр адам мен адамзат қауымдастығынан туындайтын өмір мен кәсіби қызмет мәселелерін сәтті шешудегі мүмкіндіктерімен, психологиялық және педагогикалық шындықтың негіздерін, олардың адамдардың өмірі мен іс-әрекетіндегі көріністері мен әсерін ғылыми түсінуге қол жеткізу, адамның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі растауындағы психологияның рөлі мен мүмкіндіктерін ашады, студенттерді қазіргі ресейлік білім беру және кәсіби кеңістік жағдайындағы қызметтің психологиялық және педагогикалық негіздерімен және олардың мемлекеттік ойлау элементтері мен белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға, студенттерді алдағы кәсіби қызметке психологиялық дайындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этнопсихологияның қазіргі заманғы мәселелері

    Студенттер пәнді оқу барысында әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әрбір халықтың рухани әрекетін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерді сипаттайды. Әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетанымын, өздік сана мен этникалық стереотиптердің міндеттерін, қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасуын меңгереді. Этнопсихологияның қарастыратын негізгі категориялары: этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, салт-дәстүр және т.б.оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті

    Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті пәнінің мақсаты білім алушылардың таным әдіснамасының мәні мен мазмұны жайлы түсініктерін, ғылыми-ізденістік іс-әрекетті жүзеге асыру дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқып игеру арқылы әдіснамалық білім, диалектикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, әлеуметтік перцепция жайлы білімдермен қаруландырып, педагогикалық құбылыстардан жасырынып жатқан жаңа байланыстар мен заңдылықтарды табуға дағдыландырып, жалпы және педагогикалық, әдіснамалық мәдениеті мен оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибесі мен кәсіби дағдыларын, кәсіби білім, білік, дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі

    Магистранттардың санаттары туралы білім жүйесі, білім берудегі типологиямен, әдістеме заңдылықтарымен танысу. Магистранттарда осы білім негізінде шығармашылық және әдістемелік қызмет дағдыларын қалыптастырады. Негізгі ұғымдарды игеруді қамтамасыз ету, қарастырылып отырған бағдарламаны, зерттеумен байланысты курс жетекшісінің идеяларын ашуға, магистранттарды заманауи педагогикалық технологиялармен таныстырады. Қоғамның әлеуметтік-демократиялық дамуы жағдайындағы мұғалімнің тұлғасын, кәсіби-педагогикалық дайындықтың мазмұнын және олардың даму жолдарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Болашақ мамандарды даярлаудың әдіснамасы мен әдістемесі

    Пәнді оқу барысында Қазақстандағы ғылым дамуының тарихы және кәсіби іс-әрекетке мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері, бағыты мен даму беталыстары жайлы білімін тәжірибеде қолданады. Әртүрлі жас кезеңдеріне қарай диагностикалық, корекциялық және дамытушылық жұмыстардың негізгі бағыттары мен оларды ұйымдастыру принциптерін және психология ғылымының теориялық әдіснамалық негіздерін талдау барысында қорытынды шығара біледі. Танымдық процестердің алгоритмін моделдеуде және инновациялық технологияларды пайдалана отырып іс-әрекет стратегиясын құру әдістерін қолдануда және қабылданған міндеттер үшін жауапкершілікті сезінуде шығармашылық орта ұйымдастыра біледі. Болашақ мамандардың кәсіби іс- әрекетінде педагогикалық-психологиялық қарым-қатынасқа түсу проблемаларын зерттеп тиімді жақтарын таңдай біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық жобалау

    Пәнді оқу барысында педагогикалық жобалаудың жалпы негіздері,педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы, педагогикалық жобалаудың мәні мен түрлері, педагогикалық жобалау, мақсат қою және басқаруды меңгереді. Сондай-ақ,жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі, педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары, педагогикалық жобалаудың ұйымдастыру мазмұны, құрылымы, жобалауды ұйымдастырудың шарттары мен жобалауды жүзеге асыру логикасы, педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалауды, педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы мен әдіс-тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджмент психологиясы

    Студенттерді шетелдік және отандық басқару ғылымының даму тарихымен, оның психологиялық білім жүйесіндегі орнымен таныстырады,ғылыми басқарудың қазіргі тенденциялары - жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы түсінік қалыптастырады. Осы пәннің негізгі бөлімдерінде бағдарлауды үйретуге, басқарушылық қызметтің психологиялық мазмұны, көшбасшының жеке басқарушылық тұжырымдамасы, басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқару қызметінің субъектісінің психологиясын зерттейді. Ұйымдастырушылық проблемалардың өзара байланысын психологиялық талдау дағдыларын және басшының басқару функцияларын іске асыру сапасын арттыруға ықпал етуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық этика

    Педагогикалық этика пәнінің мақсаты білім алушылардың педагогикалық этиканың негізгі компоненттері және олардың мазмұнын жайлы түсініктерін қалыптастырып, педагогтың әдеп құндылықтары, оның кәсіби қарым-қатынасының этикалық негіздері, педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне қажетті маңызды әдеп қағидаттары, оның ерекшеліктері жайлы білімдермен қаруландырады. Пәнді оқып игеру арқылы білім алушылар педагогтың кәсіби этикасын саналы түрде меңгертеді, жалпы ғылыми-педагогикалық этика саласындағы жағдаяттарды талдау дағдыларын қалыптастырады, педагогикалық қарым-қатынас нәтижелерін моральдық нормаларға сәйкес бағалаудың түрлі әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психология мен білім берудегі мәдени - тарихи және іс - әрекеттік әдістер

    Психология мен білім берудегі мәдени - тарихи және іс - әрекеттік әдістер пәнінің мақсаты білім алушыларды психология мен білім берудегі әдіснамалық принциптер, мәдени-тарихи теория мен іс-әрекеттік әдістердің негізгі мазмұны мен қолданылуы жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы таным әдіснамасы мен білім беруді жобалауды үйренеді, онтогенездегі жоғары психикалық функциялардың психологиялық ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, білім беру процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары мен принциптерін меңгереді, кәсіби-психологиялық қызметті жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттіліктері қалыптастырыылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Интербелсенді әдістерді ЖОО - да қолдану мәселелері

    Пәнді оқу барысында постиндустриалды дәуірдің білім жүйесі туралы ұстанымдарын зерттейді. Интербелсенді әдістеменің теориялық және методологиялық негіздемесі,интербелсенді оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері,интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесін қарастырады. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері және интербелсенді сабақтың құрылымы,интербелсенді әдістердің түрлері, интербелсенді әдістемесінің негізгі мәселелері: білім және диалог екендігін қарастырады. Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері және интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық шеберлікті жетілдіру

    Педагогикалық шеберлікті жетілдіру пәнінің мақсаты білім алушыларды педагогикалық шеберлікті жетілдірудің мәні мен мазмұны, ерекшеліктері жайлы түсініктерін қалыптастырып, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігінің педагогикалық шеберлікке тәуелділігі, педагогтың кәсіби және әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттері жайлы теориялық, практикалық ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы кәсіби маңызды қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасу деңгейін өзін-өзі бағалау арқылы кәсіби өзін-өзі тану рәсімдерін жүргізу дағдылары қалыптасады, педагогикалық қарым-қатынас техникасын жетілдіру қабілеттіліктері мен құзыреттіліктері қалытасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Когнитивті психология

    Курсты оқу нәтижесінде студенттер танымдық процестердің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері, ойлау процестері мен тиісті нейрофизиологиялық белсенділік арасындағы байланысты біледі.Теориялық ережелер мен проблемалардың көлемін игеру нәтижесінде студенттер танымдық процестерді сипаттап, олардың жүру механизмдерін түсіндіре алады. Танымдық процестерді бақылау және эксперименттік зерттеу дағдыларын меңгереді. Студенттердің зияткерлік қызмет пен кәсіби білімнің жалпы мәдениетін дамытуға ықпал ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ЖОО-дағы педагогикалық менеджмент

    Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерін, жоғары оқу орнындағы тұтас педагогикалық процесі мен педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері туралы біліммен қамтамасыз етуге,болашақ мұғалімдерде білім берудегі менеджменттің мақсаты мен міндеттерін саналы түсінуді қалыптастыруға үйретеді. Кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде педагогикалық менеджмент туралы нақты және мағыналы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ менеджердің іс-әрекетінің объектісі ретінде тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • кәсіби іс-әрекетті атқаруда пәнаралық және салааралық өзара әрекеттестіктеріне қатысуға қабілетті, педагогикалық-психологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдай біледі, интеграциялауды көрсете алады;
  • білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат пәндерінің оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлей біледі; дәстүрлі инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде дәрістер, СӨЖ, тәрбие іс-шараларын ұйымдастыра алады және өткізе біледі; студенттердің оқу жетістіктері мен дамуына мониторинг және бағалау жүргізе алады.
  • үздіксіз, жүйелі білімді іске асыра білу, білім беру жүйесі үшін оқу және оқу-әдістемелік материалдарды жасау әдістемесін құрастыра біледі; оқу-тәрбие бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыра алады, этно және көпмәдени ортада толерантты қарым-қатынас механизмдерін пайдалана алады, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ғылыми-негізделген диагностикасын жүзеге асыра біледі; оқытудің қазіргі әдістерін шығармашылықпен пайдалана біледі;
  • студенттердің ғылыми жұмысқа қызығушылықтарын оятып ұйымдастыра біледі; ғылыми зерттеулер жүргізу технологияларын меңгереді және ғылыми жұмыстың материалдары мен нәтижелерін жариялай алады; көпшілік алдында сөз сөйлеу техникаларын меңгереді, өзінің ойын ашық жеткізе алады; ғылыми және педагогикалық қызмет мәселелері бойынша кең, белсенді, шығармашылық байланыстарды орната біледі;
  • педагогикалық-психологиялық ғылымдар аясында зерттеулерді жоспарлап, эмпирикалық деректерді айқындап, өңдей алады, негізгі тұжырымдамалар мен зерттеу құрылымын айқындай біледі, зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыра алады және зерттеулердің нәтижелерін салыстырып қорытынды жасай алады, тәжірибеде қолданылуы бойынша ұсыныстар даярлай біледі;
  • іс-әрекет пен мінез-құлық бағдарламаларын әзірлей біледі; студенттің оқу міндетін және оны шешу тәсілдерін (іс-әрекет тәсілдерін) түсінуіне қол жеткізе алады; іс-әрекеттің ағымдағы және қорытынды нәтижелерін бағалай біледі; педагогикалық міндеттерді шешуге байланысты тиімді шешімдер қабылдай біледі;
  • білім беру стратегияларын, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен технологияларын өңдей біледі және жүзеге асыра алады, білім беруге жаңашылдық енгізе алады, қазіргі заманғы педагогикалық стратегиялар мен технологияларды білім беру мен дамудың жеке траекториясын жобалауда, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тиімді қолдана алады;
  • оқытудың инновациялық технологияларының негізгі түрлері мен құрылымын, мәнін біледі, педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және білім алушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ЖОО-ның білім беру үдерісінде қолдана біледі, педагогикалық технологиялар көмегімен оқытуды жобалай алады;
  • жоғары білімді маманның кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгереді, сыни өзіндік пікір білдіріп, шешім қабылдай алады, қарама-қайшышылықты және қарсы пікірлерді жоя алады;
  • жоғары білім берудің әлемдік жүйесінің жетістіктерін білу; кәсіби қызмет жағдайындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық заңдылықтары мен механизмдерін; әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын білу;
  • әлеуметтік, этикалық, ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинай алады және пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;
  • педагогикалық-психологиялық мәселелерді диагностикалай алады; педагогикалық және психологиялық мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинау, талдау, таңдау жүргізе алады; педагогикалық-психологиялық мәселе бойынша жеке және командалық жұмысты ұйымдастыра алады; педагогикалық қызмет бойынша жоспарлау және есеп беру дағыларын, білім беруде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық-психологиялық қолдау дағдыларын меңгереді;

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

Top