Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Елбасы тағылымы
    Несиелер: 2

    Бұл пәннің мазмұны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына бағытталған Елбасының инновациялық жобаларын зерттеуге, «Бақорда», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» ұғымдарын жіктеуге қабілеттіліктерді қалыптастыруға, Елбасы шығармаларының ғылыми-әдістемелік маңыздылығын анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикалық анализ - 1
    Несиелер: 5

    Математикалық анализ жайында алғашқы мағлұматтар. R нақты сандар жиыны. Шектеулі және шектеусіз жиындар. Функцияның бейнелеулері және олардың жалпы қасиеттері Сандық тізбектер. Шектер теориясы, функцияның үзіліссіздігі. Функцияның үзіліссіздігі ұғымы, монотонды функциялар қасиеттері, негізгі элементар функциялар, екі тамаша шек, үзіліс нүктелерінің классификациясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Аға буынның әлеуметтік тәжірибелерді белсенді меңгеруі және өмір мен еңбек үшін қажетті әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеруі заңдылықтарын зерттейтін пән барлық жас топтары мен оқу-тәрбие мекемелері үшін ортақ болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің принциптерін, формалары мен әдістерін зерттейді және қалыптастырады. Педагогикалық білімнің бұл саласы оқыту мен тәрбиелеудің іргелі заңдарын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері
    Несиелер: 5

    Экология және өмір қауіпсіздігі, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық саласындағы принциптер мен негізгі әдістерді қамтитын кешенді пән. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктері. Экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, экологиялық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математикалық талдау 2
    Несиелер: 6

    Сандық қатарлар. Қатардың қосындысы. Қвтврдфң жеткілікті және қажетті жинақтылу белгілері. Ауыспалы таңбалы қатар. Лейбниц Абель белгілері. Функционалдық тізбектер және қатарлар. Дәрежелік қатарлар. Жинақтылу облысы. Дәрежелік қатарға жиктеу. Қатарлар арқылы жуық есептеу. Фурье қатары теориясы. Екі айнымалы функция. Еселі интеграл теориясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математикалық анализ - 3
    Несиелер: 5

    Еселік интегралдар, еселі интеграл ұғымы қос интегралдар, жазықтықтағы аймақтар, қайта интегралдау, декарттық координаттарда еселі интегралды есептеу, еселі интегралда полярлық координаттарға көшу, үш еселі интегралдар, кеңістіктегі облыстар, цилиндрлік координаттарға, көшу, сфералық координаттарға көшу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Қарапайым геометрия бейнелерді (түзулер, жазықтықтар, қисықтар, екінші реттік беттер) координаттар әдістерінің негізінде алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бөлімі. Векторлық алгебра элементтері. Жазықтықтағы түзу. Жазықтықтағы түрлендірулер. Екінші ретті сызықтар. Кеңістіктегі жазықтықтар мен түзулер. Екінші ретті беттер. Сызықты кеңістіктер. Сызықты операторлар. Проективті геометрия элементтері. Жаықтықтағы геометриялық салулар. Жазықтықтағы түзулер. Жазықтықтағы түрленулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Еселі интегралдар
    Несиелер: 5

    Еселі интеграл. Екі еселі интеграл, оның қолданысы. Үш еселі интеграл, қолданысы. Математикалық анализдің негізгі ұғымдарын еркін бағдарлай білу; -теорияның негізгі тұстарын білу; алған білімідерін нақты жағдайларда қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геометриялық ұғымдарға алгебралық теңдеулердін қолданыстары
    Несиелер: 5

    Векторлық алгебра элементтері. Жазықтықтағы түзу. Жазықтықтағы түрлендірулер. Екінші ретті сызықтар. Кеңістіктегі жазықтықтар мен түзулер. Екінші ретті беттер. Сызықты кеңістіктер. Сызықты операторлар. Проективті геометрия элементтері. Жаықтықтағы геометриялық салулар. Жазықтықтағы түзулер. Жазықтықтағы түрленулер. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Жиындар теориясы мен математикалық логиканың элементтері жиын және оның негізгі ұғымдары. Бинар қатынас ұғымы. Эквивалент қатынас, жиындарды эквивалент қатынасы бойынша кластарға бөлуге болатындығы. Алгебра ұғымы және алгебралық жүйе ұғымы. пікір және оларға амалдар қолдану. Алгебрадағы гомоморфизм және изоморфизм ұғымдары. Бүтін, рационал және нақты сандарды анықтау. Комплекс сандар өрісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сызықтық алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Алгебрамен сандар теориясы пәні негізінен аксиоматикалық негізде құрылған алгебралық құрылымдарды қарастырады. Жиындар теориясы мен математикалық логиканың элементтері жиын және оның негізгі ұғымдары. і. Бинар қатынас ұғымы. Эквивалент қатынас, жиындарды эквивалент қатынасы бойынша кластарға бөлуге болатындығы. Алгебра ұғымы және алгебралық жүйе ұғымы. пікір және оларға амалдар қолдану. Алгебрадағы гомоморфизм және изоморфизм ұғымдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қатарлардың қолданыстары және векторлық анализ
    Несиелер: 5

    Дәрежелік қатарлар. Жинақталу радиусы және облысы. Абель теоремасы. Коши – Адамар формуласы. Аналитикалық функциялар. Қатарларды мүшелеп дифференциалдау және интегралдау. Функцияларды дәрежелік қатарға жіктеу. Көп айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеуі. Фурье қатарлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бірінші және екінші дәрежелі копмүшелердің геометриялық мағынысы
    Несиелер: 5

    геометрияның қарапайым геометрия бейнелерді (түзулер, жазықтықтар, қисықтар, екінші реттік беттер) координаттар әдістерінің негізінде алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бӛлімі. Векторлық алгебра элементтері. Жазықтықтағы түзу. Жазықтықтағы түрлендірулер. Екінші ретті сызықтар. Кеңістіктегі жазықтықтар мен түзулер. Екінші ретті беттер. Сызықты кеңістіктер. Сызықты операторлар. Проективті геометрия элементтері. Жаықтықтағы геометриялық салулар. Жазықтықтағы түзулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Векторлық және евклид кеңістіктері
    Несиелер: 5

    Векторлық кеңістік. Сызықты теңдеулер жүйесі. Матрицалар және анықтауыштар. Сызықты бейнелеулер және Евклид кеңістігі. Топтар. Бүтін сандар сақинасындағы бөлінгіштік.. Сақина. Бір айнымалының көпмүшесі. Көп айнымалының көпмүшесі. Комплекс және нақты сандар өрісіндегі көпмүшелер. Рационал сандар өрісіндегі көп мүшелер және алгебралық сандар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік психологиясы және физиология
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында адам дамуының тұтастық, онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндіктер береді. Адам өмірінің дамуының негізгі жас ерекшеліктері, әртүрлі жас кезеңінде пайда болатын тұлғаның ең маңызды психикалық сипаттары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 3

    «Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» пәні өзінің келешек кәсібінің даму болашағы мен оны оқытудың әдістемелік негіздері туралы түсінік қалыптастырады. Педагогикалық жағдаяттарды анықтап, оларды шешеді, оқытудың әртүрлі инновациялық формаларын пайдалана алады; Оқушыларды, олардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырады және оған талдама жасай алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Абай әлемі. Жаңа қазақ жазуы
    Несиелер: 5

    Бұл кіріктірілген пәнде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтың шығармашылық мұрасының философиялық және көркемдік негіздері мен тарихи фактілер және латын графикасы негізінде қазақ алфавитін меңгеру, орфографияның ережелері, орфографиялық және орфоэпиялық нормалары көрсетілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Элементар математика
    Несиелер: 4

    Элементар математика курсы өз білімдерін толықтыру, нығайту және жүйелендіруді қалайтындарға арналып құрылған. Студенттің мектеп математика курсы бойынша білімін жүйелендіру; математикалық жазбаларды оқуға үйрету, оның болашақ мамандығында алатын орнын көрсету; болашақта оқылатын курстарға базалық білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсында дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Математика сабақтарына қойылатын қажетті талаптар жүйесі функционалдық жолдар. Функция ұғымын енгізудің әртүрлі жолдары. Тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияларды оқыту әдістемесі. Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды оқыту әдістемесі. Шек ұғымы және функцияның үзіліссіздігі. Орта мектепте туынды және оның қолданысын оқыту әдістемесі. Интегралды енгізу әдістемесі. Интегралдың қолданысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық анализ - 4
    Несиелер: 5

    Еселік интегралдар, еселі интеграл ұғымы қос интегралдар, жазықтықтағы аймақтар, қайта интегралдау, декарттық координаттарда еселі интегралды есептеу, еселі интегралда полярлық координаттарға көшу, үш еселі интегралдар, кеңістіктегі облыстар, цилиндрлік координаттарға, көшу, сфералық координаттарға көшу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ҰБТ есептерін тиімді шешу әдістері
    Несиелер: 4

    Математикалық тесттерді шешу кезінде қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдер. Осы әдістерді қарапайымдылық және уақыт үнемдеуі бойынша салыстыру. Математикалық сауаттылық есептерімен танысу, талдау, құрастыру. Студенттің мектеп математика курсы бойынша білімін жүйелендіру; математикалық жазбаларды оқуға үйрету, оның болашақ мамандығында алатын орнын көрсету; болашақта оқылатын курстарға базалық білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алгебра және сандар теориясының қосымша тарауаы
    Несиелер: 5

    Алгебра және сандар теориясы пәні негізгі базалық курстардың бірі болып табылады. Алгебра және сандар теориясын оқып - үйрену объектісі негізінен жиындар, комплекс сандар, матрицалар, анықтауыштар, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесі. Сандар теориясын оқыту. Салыстырудың қолданыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық сауаттылық
    Несиелер: 4

    Математика курсындағы практикалық есептерді шешу әдістерін жуйелеу. Параметрлі есептерді шешу әдістерін оқыту. Математиканың және алгебрадағы параметрлердің мәселелерін шешу әдістерін жүйелеу. Тәжірибелік мәселелерді шешу әдістерін зерттеу. Математиканы әртүрлі контекстте тұжырымдау, қолдану және интерпретациялау мүмкіндігін меңгеру: математикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Пән бойынша электронды білім беру ресурстары
    Несиелер: 5

    Осы курс педагогикалық бағыттағы мамандық студенттерінің заманауи ақпараттық, коммуникативтік және білім беру технологиялары аумағындағы икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуға бағытталған. Курс бір-біріне тәуелсіз модульдарды қамтитын құрылымға ие. Курс барысында пән бойынша электронды оқу материалдарын жасау әдістерімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көпмүшелер алгебрасы
    Несиелер: 5

    Копмүшелер алгебрасы пәні негізгі базалық курстардың бірі болып табылады. Алгебра және сандар теориясын оқып - үйрену объектісі негізінен көпмүшелер, сақина ұғымы.Алгебра және сандар теориясы пәнін оқыту нәтижесінде студенттер алгебраның негізгі түсініктері мен әдістерін қолдана бiлуге, логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіруге, алгебралық есептерді шешу мен зерттеудiң негiзгi әдістерін меңгеруге тиісті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп математика курсында стохастикалық бағытты оқыту ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    күнделікті тұрмыста жолығатын көптеген әртүрлі кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың заңдылығын ашу әдістерін үйретумен бірге оларды практикада қолдану. мектеп математика курсындағы стохастикалық бағытты оқытудағы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Бірінші ретті дифференциальдық теңдеулер. Шешу әдістері. Жоғары ретті дифференцалдық теңдеулер. Коши есебі. Тұрақты коэффициентті екінші ретті және жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер. Коши есебі. Біртекті емес сызықтық дифференциалдық теңдеулер. Стандартты оң жақ бөлігі бар біртекті емес дифференциалдық теңдеулерді шешу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп математикасын оқытудағы өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Алгебра курсындағы параметірлі есептерді шешу әдістерін жуйелеу. Параметрлі есептерді шешу әдістерін оқыту Математиканы оқыту әдістері мен формалары. Әдістер мәселесі және оның қазіргі кездегі математиканы оқытудағы рөлі. Оқыту әдісі ұғымы және әдістердің жалпы сипаттаммасы. Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Сабақтардың негізгі типтері. Сабақтардың құрылымы. Есеп ұғымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұны технологиясы және критериалды бағалау
    Несиелер: 6

    Критериалды бағалаудың формалары мен әдістері. Жаңартылған білім беру мазмұнының ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері. Жаңартылған мазмұн жағдайында математиканы оқыту ерекшеліктері. Мектеп математика, физика пәндерін оқытудағы сабақ жоспарлауда бағалаудың өлшемдік технологияларын қолдану жоладырымен танысу, талдау, меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ықтималдылық зандылықтар және статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістері
    Несиелер: 5

    Күнделікті тұрмыста жолығатын көптеген әртүрлі кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың заңдылығын ашу әдістерін үйретумен бірге оларды практикада қолдану.Ықтималдықтар теоремалары. Кездейсоқ шамалар және олардың сипаттамалары. Үлестіру заңдары. Статистикалық модельдері мен негізгі міндеттері статистикалық талдау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту теориясы
    Несиелер: 5

    МОТӘ пәні. ҚР мектеп математика білімінің концепциясы. МОТӘ оқытудың мазмұны, мақсаты және міндеттері. ҚР жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерінде математиканы оқытудың мақсаттарымен міндеттері. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері: Бақылау және тәжірибе. Салыстыру және талдау. Абстракциялау, нақтылау, жалпылау. Индукция және дедукция. Анализ және синтез.Математиканы оқыту әдістері мен формалары. Әдістер мәселесі және оның қазіргі кездегі математиканы оқытудағы рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Жай сандар. Арифметиканың негізгі теоремасы. Арифметикалық прогрессияда жай сандар жиынының шектеусіздігі жайлы Дирихле теоремасы. Арифметикалық функциялар. Сандық салытырулар. Бірінші дәрежелі салыстыру.n-ші дәрежелі салыстыру. Жай модуль бойынша n-ші дәрежелі салыстыру. Екінші дәрежелі салыстыру. Алғашқы түбірлер және индекстер. р және 2р модулі бойынша алғашқы түбірлер. Алгебралық және трансценденттік сандар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Комбинаторика элементтері. Оқиғалар. А. Н.Колмогоров аксиоматикасы. Элементар оқиғалар кеңістігі. Әр түрлі ықтималдығын анықтамалары. Ықтималдықтар теоремалары. Кездейсоқ шамалар және олардың сипаттамалары. Үлестіру заңдары. . Статистикалық модельдері мен негізгі міндеттері статистикалық талдау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеулерге және олардың шешілуіне әкелетін мәселелер
    Несиелер: 5

    Қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясына кіріспе. Жалпы, жеке, ерекше шешімдер. Теңдеудің тәртібі. Интегралдық қисықтар. Бастапқы шарттар. Жеке шешімнің өмір сүру және бірлік теоремасы (Коши теоремасы). Бірінші және жоғары ретті, біртекті дифференциалдық теңдеулер. Шешу әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экономика және физика есептеріндегі дифференциалдық және интегралдық есептеулер
    Несиелер: 5

    Дифференциалдық теңдеулерді және бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді шешу-дің аналитикалық, сапалық және асимптоталық әдістермен танысуға арналған. Дифференциалдық теңдеу. Шешім. Бағыттар өрісі. Векторлық өрістер. Интегралдық, фазалық қисықтар. Дифференциалдық теңдеу-лерге келтіретін есептер. Коши есебі. Шеттік есеп. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Жәй дифференциалдық теңдеулердің жүйелері. Дербес туындылы теңдеулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сақина теориясы
    Несиелер: 5

    Сақина теориясы пәні негізгі базалық курстардың бірі болып табылады. Алгебра және сандар теориясын оқып - үйрену объектісі негізінен жиындар сақина ұғымы. Жай модуль бойынша n-ші дәрежелі салыстыру. Екінші дәрежелі салыстыру. Алғашқы түбірлер және индекстер. р және 2р модулі бойынша алғашқы түбірлер. Алгебралық және трансценденттік сандар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық логика
    Несиелер: 5

    Математикалық логиканың бастама-лары негізгі тарауларымен оның қолданыстарымен студенттерді таныс-тыру, оларды басқа пәнді қабылдауда теориялық және практикалық жүзінде дайындау. Предикаттың ақиқаттығы көп. Предикаттардың тепе-теңдігі және жүруі. Предикаттар логикасының формулалары, олардың интерпретациясы және жіктелуі. Формулалардың жалпы маңыздылығы мен орындалуы үшін рұқсат ету мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тригонометриялық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    «Тригонометриялық есептерді шешу практикумы» пәнінің мақсаты – студенттерге педагогикалық технологиялар саласын-да қалыптастырылған базалық мағлұматтарды игертіп, оларды математика сабаққтарында тиімді қолдану икемділіктерін қалыптастыру және оны өзінің кәсіптік қызметтерінде пайдалануға дайындау. Математиканы оқытуға инновациялық әдістерді қолдануға және оқу нәтижесін бағалауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физика
    Несиелер: 5

    «Физика» пәнін оқытудың мақсаты болашақ мамандарға аралас инженерлік және экономикалық пәндерді, сондай-ақ арнайы курстарды оқуға қажетті физика бойынша белгілі бір білім көлемін беру; физикалық есептерді шешу үшін логикалық ойлауды дамыту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Есептерді шешудің әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Есеп шығарудың әдістемелік ұғымдарын қалыптастыру. «Есеп» және «мәселені шешу» ұғымдарының мәнін айқындауға негізделген, мәселені шешуге және дифференциалды оқыту жағдайында мәселелерді шешу үшін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған міндеттер жүйесін құру принциптерін ашып көрсету. Жалпыланған әдістерді қалыптастыру кезінде білім берудің дифференциациясын жүзеге асыру жолдарын және дифференциалды білім беру жағдайында математикалық мәселелерді шешуде оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физикалық құбылыстардың теориясы мен моделі
    Несиелер: 5

    Материялық нүктенің кинематикасы. Ньютон заңдары. Күш. Масса. Импульс. Күш жұмысы және қуат. Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Бірінші, екінші және үшінші космостық жылдам-дықтар. Сұйықтар мен газдар механи-касы. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс заңы. Стокс формуласы. Магнус эффектісі. Умов векторы. Акустика. Акустикадағы Доплер құбылысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Математиканы оқытудың мақсаты. Оқытудың принциптері. Математиканы оқытудың мазмұны. Математиканы оқыту әдістемесі. Математиканы оқыту құралдары мен формалары. Математикалық түсініктер, тұжырымдар және оларды оқыту әдістемесі. Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі. Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Математиканы оқытуда өздік жұмысты ұйымдастыру. Математика бойынша факультативтік сабақтар. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар. Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқытудың спецификасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    бульдік функциялар, тұжырым алгебра формуласы. Тьюринг машинасы, рекурсивтік функциялар, графтар және торлармен жұмыс істеуге Дағдыларыланады, кодтау теориясы проблемасы кӛрінісі қалыптасады. Пәнді оқытудың міндеттері: математикалық логика және дискреттік математика, алгоритм теориясы әдістерін меңгеру, граф теориясы, кодтау теориясының негізгі ұғымдарымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мәтінді есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Математика және алгебра курсындағы есептерді жүйелендіру, мәтіндік есептер түрлерін анықтау, оларды шығару әдіс-тәсілдерін қарастыру. Қозғалысқа, пропорцияға, процентке, бірлескен жұмысқа және сандардың тәуелділіктеріне арналған қиындатылған мәтінді есептердің шешу әдістерін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Ұқсас түрлендірулер. Теңсіздіктің дәлелі. Шешім теңдеулер. Теңдеулер және теңсіздіктер жүйесін шешу. Рационалды теңдеулер жүйесі.Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін құруға арналған есептер. Иррационалды теңдеулер және теңдеулер жүйесі. Көрсеткіш теңдеулері. Логарифмдік теңдеулер. Рационалды теңсіздіктер. Иррационалдық теңсіздіктер. Логарифмдік теңсіздіктер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тригонометриялық теңсіздіктер және оларды шешу
    Несиелер: 5

    Мектеп курсында кездесетін тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін түсінігі, оларды шешу жоладыр қарастыру. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің алгебралық, геометриялық тәсілдерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физикалық құбылыстардың сапалық және сандық сипаттамалары
    Несиелер: 5

    Материялық нүктенің кинематикасы. Ньютон заңдары. Күш. Масса. Импульс. Күш жұмысы және қуат. Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Бірінші, екінші және үшінші космостық жылдам-дықтар. Сұйықтар мен газдар механи-касы. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс заңы. Стокс формуласы. Магнус эффектісі. Умов векторы. Акустика. Акустикадағы Доплер құбылысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық логика және дискреті математика
    Несиелер: 5

    Олардың айтулары мен операциялары. Пікір алгебрасының формулалары. Пікір алгебрасының тавтологиясы. Логикалық ұстану. Формулалардың теңдігі. Сөйлеу жүйесін жеңілдету. Алгебра формулалары үшін қалыпты формалар және оларды қолдану. Предикаттың ақиқаттығы көп. Предикаттардың тепе-теңдігі және жүруі. Предикаттар логикасының формулалары, олардың интерпретациясы және жіктелуі. Формулалардың жалпы маңыздылығы мен орындалуы үшін рұқсат ету мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бәсекеге қабілетті тапсырмаларды шешу
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мазмұны жүлдегерлік (бәсекелік) және олимпиадалық есептерді оқыту болады. Математика, практикалық жұмыс, математика тарихы, математикалық сөздіктер, проблемалар жағдайлары мен шешімдерін оқып үйрену (немесе мүлде оқымаған), теориялық сипаттағы кейбір математикалық есептердің, тақырыптар мен тапсырмалардың толық дәлелдері қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалдық геометрия және топологияның теориялық негізгдері
    Несиелер: 5

    Топологияның пәні мен негізгі ұғымдары. Негізгі мысалдар. Топологиялық кеңістіктер және оларға операциялар. Гомотопия. Топологиялық кеңістіктің іргелі тобы және оны есептеу тәсілдері. Жасырыну, олардың жіктелуі және іргелі топтармен байланысы. Әмбебап жабу. Тегіс әр түрлілік, риманова метрика және векторлық өрістер. Алуан түрлердің бейнелеу дәрежесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қосымша құрылымды тегіс коп бейнелер
    Несиелер: 5

    Топологияның пәні мен негізгі ұғымдары. Негізгі мысалдар. Топологиялық кеңістіктер және оларға операциялар. Гомотопия. Топологиялық кеңістіктің іргелі тобы және оны есептеу тәсілдері. Жасырыну, олардың жіктелуі және іргелі топтармен байланысы. Әмбебап жабу. Тегіс әр түрлілік, риманова метрика және векторлық өрістер. Алуан түрлердің бейнелеу дәрежесі. Векторлық өріс индексі және эйлеров сипаттамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бірінші және екінші дәрежелі копмүшелердің геометриялық мағынысы
    Несиелер: 5

    Геометрияның қарапайым геометрия бейнелерді координаттар әдістерінің негізінде алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бӛлімі. Векторлық алгебра элементтері. Жазықтықтағы түзу. Жазықтықтағы түрлендірулер. Екінші ретті сызықтар. Кеңістіктегі жазықтықтар мен түзулер. Екінші ретті беттер. Сызықты кеңістіктер. Сызықты операторлар. Проективті геометрия элементтері. Жаықтықтағы геометриялық салулар. Жазықтықтағы түзулер. Жазықтықтағы түрленулер. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тригономертиялық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    «Тригономет-риялық есептерді шешу практикумы» пәнініңде студенттерге педагогикалық технологиялар саласын-да қалыптастырылған базалық мағлұматтарды игертіп, оларды математика сабаққтарында тиімді қолдану икемділіктерін қалыптастыру және оны өзінің кәсіптік қызметтерінде пайдалануға дайындау. Математиканы оқытуға инновациялық әдістерді қолдануға және оқу нәтижесін бағалауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    студенттер санасында математикалық физика теориясы негіздерінің терең Біліміін қалып-тастыру; осы Білімідерін жараты-лыстанудың әртүрлі салаларында кездесетін нақты математикалық физика және интегралдық теңдеулер мен жүйелерді зерттеу мен шешуде пайдалану қабілетін арттыру болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Олимпиадалық және конкурстық есептерді шешу
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мазмұны жүлдегерлік (бәсекелік) және олимпиадалық есептерді оқыту. Курстың негізгі мазмұны бәсекеге қабілетті және олимпиадалық мәселелерді шешу болып табылады. Математика, практикалық жұмыс, математика тарихы, математикалық сөздіктер, проблемалар жағдайлары мен шешімдерін оқып үйрену (немесе мүлде оқымаған), теориялық сипаттағы кейбір математикалық есептердің, тақырыптар мен тапсырмалардың толық дәлелдері қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Электромагниттік құбылыстардың теориясы мен моделі
    Несиелер: 5

    Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Квант-тық физика. Жылулықсәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқын-дық екі жақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттықтеориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталан-дырушы (стимулированное) сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсирленген күй. Төмен өлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тригонометрияның арнайы курсы
    Несиелер: 5

    студенттерге педагогикалық технологиялар сала-сында қалыптастырылған базалық мағлұматтарды игертіп, оларды математика сабаққтарында тиімді қолдану икемділіктерін қалыптастыру және оны өзінің кәсіптік қызметтерінде пайдалануға дайындау. Математиканы оқытуға инновациялық әдістерді қолдануға және оқу нәтижесін бағалауды үйрету.тригонометриялық есептерді шешу әдістерін жуйелеу. Тригонометриялық есептерді шешу әдістерін оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ықтималдық есептерді шешу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Комби-наторика элементтері ықтималдықтың классикалық және статистикалық анықтамалары. Ықтималдықтарды қосу теоремасы, толық оқиғалар тобы. Күтілетін нәтижелері күнделікті тұрмыста жолығатын көптеген әртүрлі кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың заңдылығын ашу әдістерін үйретумен бірге оларды практикада қолдану, келешекте даму бағдарламаларын анықтау есептеледі. Ықтималдықтар теория саласын-да қалыптастырылған базалық мағлұ-маттарды игертіп, оларды есеп шығаруға қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геометриялық есептерді шешу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Болашақ мұғалімді мектеп геометриясын оқытудағы нақты біліммен қаруландыру, студенттің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оған оқушылардың оқу-әдістемелік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы жалпы ережелерді дұрыс меңгеруге көмектесу. Дәлелдеуге, есептеуге, салуға берілген есептерді талдау, шығару әдіс тәсілдерін қарастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаратылыстану ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді қазіргі ғылыми білімнің философиялық, жалпығылыми, жаратылыстану - ғылыми әдістерімен қаруландыруды мақсат етеді. Ғылым тарихын, білімнің түрлі салалары бойынша жаратылыстану - ғылыми материалды білу шындықты тану және қайта құру процесінде дүниетанымдық, әдіснама-лық және танымдық ұстанымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық сауатылық
    Несиелер: 5

    математика курсындағы практикалық есептерді шешу әдістерін жуйелеу. Параметірлі есептерді шешу әдістерін оқыту. Қозғалысқа, пайызға, концентрацияға, прогресияға, санңың формуласына, ықтималдықтарға, комбинаторика элементтеріне, Ньютон биномына, алгебралық амалдарға, сан тізбектерге, зандвлықтарға және функциямен графиктерге есептер шығару

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физика-2
    Несиелер: 5

    Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Квант-тық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқын-дық екі жақтылық. Шредингер теңдеуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геометриялық ұғымдарға алгебралық теңдеулер қосымшасы
    Несиелер: 5

    геометрияның қарапайым геометрия бейнелерді (түзулер, жазықтықтар, қисықтар, екінші реттік беттер) координаттар әдістерінің негізінде алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бӛлімі. Векторлық алгебра элементтері. Жазықтықтағы түзу. Жазықтықтағы түрлендірулер. Екінші ретті сызықтар. Кеңістіктегі жазықтықтар мен түзулер. Екінші ретті беттер. Сызықты кеңістіктер. Сызықты операторлар. Проективті геометрия элементтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалдық геометрия және топология
    Несиелер: 5

    Евклидтік п-өлшемді кеңістігінде метрлік кеңістіктің анықтамасы. Метрлік кеңістіктегі ашық және тұйық шарлар. Ашық және тұйық жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Метрлік кеңістікте тізбектердің жинақ-тылығы, евклидтік кеңістік-тегі жинақтылық. Метрлік кеңістіктерді үзіліссіз бейнелеулер, үзіліссіздік критериі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Педагогика, экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздік саласында еркін және сыни ойлау қабілетін дамыту, гуманитарлық ғылымдар саласында базалық білімді меңгеру, оларды кәсіби қызметтің әр саласында, қоғамдық-саяси өмірде қолдануға қабілетті.

  • Код ON2

    Қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын бағалау үшін негізгі ұғымдық аппаратты қалыптастыру. Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени қоғамдастықта ғылыми болжау қабілетін, жаңа қазақ жазуын меңгеру, талдау жасай білу қабілетін көрсетеді.

  • Код ON3

    Әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асыру.

  • Код ON4

    Білім беру мақсаттарына жету үшін оқытудың тиімді әдістерін, тәсілдерін, дидактикалық құралдарын таңдау. Педагогикалық міндеттерді шешуде мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін қолданады. Қоғамдағы инклюзивті білім берудің рөлін анықтайды.

  • Код ON5

    Мектептің гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың жаңартылған мазмұн технологиясы және критериалды бағалауды; сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістемесін және негізгі электронды-білім беру қорларын меңгеру.

  • Код ON6

    Математикалық талдау, аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра, элементар математика, геометриялық есептерді шешу бойынша оқу, өндірістік практикадан өту кезінде қолдану саласындағы базалық білімдерін көрсетеді.

  • Код ON7

    Математикадан сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге қабілетті; Өмірде қатарлар, жалпы физика есептерін шешу дағдыларын көрсетеді. Білім беру бағдарламаларына сәйкес өзінің педагогикалық қызметінде АКТ қолдана алады. Сандар теориясындағы есептеулер мен математикалық статистиканың негізгі міндеттерін шеше алуды көрсетеді.

  • Код ON8

    Педагогтың кәсіби борышын түсінеді, педагогикалық қызмет нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды. Математика саласындағы теориялық және эксперименталды зерттеулерге дайын болу, өзінің кәсіби қызметінде ғылымның дамуының қазіргі тенденцияларын оқуға қабілетті.

  • Код ON9

    Нақты мектеп жағдайында сабақтар өткізу, әртүрлі әдістемелер мен тәсілдерді қолдану, бәсекелік тапсырмаларды шешу дағдыларын меңгерген. Дифференциалдық, интегралдық есептеулер курсының міндеттерін түсінеді, талдайды және шешеді; педагогика саласындағы базалық білімдерін көрсетеді.

  • Код ON10

    Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, қызығушылық танытады. Кәсіби қызмет объектілерін қолдану әдістерін, құралдарын және технологияларын әзірлеу кезінде аралас бейінді мамандармен өзара әрекет етуге дайын. Қарқынды ғылыми-зерттеу жұмысына, өзінің жаңа ғылыми нәтижелерін көпшілікке ұсыну қабілетін көрсетеді.

6B01501 Математика
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика пәнінің мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика пәні мұғалімрін дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика-информатика
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика пәні мұғалімрін дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top