Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07202 Тағамдық химия және технология (НКУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша техникалық құжаттамаға сәйкес шикізаттың, дайын өнімнің, қосалқы материалдардың, технологиялық жабдықтардың санитарлық жағдайының биологиялық және экологиялық қауіпсіздігін бағалау;
  • компьютерлік технологияны пайдалана отырып, нәтижелерді өңдеуге, технологиялық схемаларды құруға, реакторларды, жабдықтарды және тамақ кәсіпорындарын жобалауға арналған есептеулер жүргізу;
  • өндірістің техникалық сипаттамаларына, эргономикасы мен экологиясына сәйкес тағам өнімдерін шығаратын жабдықтар мен аппараттардың жұмысының оңтайлы параметрлерін таңдау;
  • тағам шикізаты мен қосалқы материалдарды қайта өңдеу, сақтау және іске жарату технологиясындағы химиялық және биохимиялық процестер түсінігін көрсету;
  • тағам өнімдері мен жартылай дайын өнімді алудың, қайта өңдеудің, сақтаудың, консервілеудің және қаптаудың жаңа химиялық-технологиялық процестерін әзірлеуді және инновациялық жобаларды енгізуді жүргізу, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет үшін;
  • қазіргі қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес құқықтық заңнаманы, әлеуметтік өзара әрекеттесуді білу негізінде жеке тұлғаның одан әрі өсуі мен кәсіби дамуының бағыттарын анықтау.
  • материалдық және энергетикалық теңгерімге, физика-химиялық және фазааралық процестердің термодинамикасына сәйкес тағам өнімдерін алу процестерінің технологиялық режимінің негізгі сипаттамаларын анықтау;
  • заманауи стандарттарды, сапа жүйесін, құқықтық актілерді, өнеркәсіптік экономика мен экологияны білу негізінде есептер, сызбалар, технологиялық құжаттаманы жасау;
  • бастапқы шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және өнімдердің ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін химиялық және физика-химиялық әдістер арқылы талдау;
  • деректерді талдауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, тағам өндірісін оңтайландыру үшін технологиялық процестерді модельдеу;
  • қазіргі заманғы химия мен тағам өнімдері технологиясының негізінде жатқан жаратылыстану және инженерлік ғылымдардың принциптері мен заңдарын, халықаралық және ұлттық стандарттарды, осы саладағы нормативтік және құқықтық құжаттарды түсіндіру;
  • техникалық талаптарға сәйкес өнімді дайындаудың барлық кезеңдеріндегі технологиялық процестерді, рецепттердің сақталуын, шикізаттың, қосалқы және орауыш материалдардың шығын нормаларын, дайын өнім шығымын бақылау;
Top