Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Жұбановтану
    Несиелер: 5

    Қ.Жұбановтың тіл білімі саласындағы еңбектері, ғылымға қосқан жаңалықтары мен соны тұжырымдары, қазіргі ғылыми парадигмамен сабақтастығы, теориялық маңыздылығы талданып, ғалымның ғылыми тілдік тұлғасы жан-жақты ашылып, меңгереді. Сонымен қатар ғалымның көркем әдебиет,публицистика, әдістеме салаларындағы зерттеулері, аудармашылық, драматургтік, ақындық, суретшілік өнері туралы мәлімет беріледі. Ғалым еңбектері туралы қорғалған диссертацияларға шолу жасалып, жұбановтану ілімінің жалғастығы баяндалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелілік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, ара қатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы туралы нақты теорияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 6

    Әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық) қарастырылады. Әдеби шығарманың сыры мен сипаты; әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт), әдеби әдістер мен әдеби ағымдар заңдылығы меңгертіледі. Көркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғыну және талдай алу дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ жазуы және латын әліпбиі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында білім алушылар жазу тарихы, графика және лингвистика, қазақ жазуының зерттелуі, әліпбиі мен жазу ерекшеліктері туралы, Көне түркі жазба ескерткіштері, араб, латын алфавитіне негізделген қазақ әліпбиі, графикалық таңба мен фонема арасындағы заңдылықтар, орфография мәселелері туралы ақпарат алады. Лингвистиканың салалары, көне түркі жазба ескерткіштері, орфоэпия мен орфография мәселелері және қазіргі орфографияның теориялық мәселелерінің шешімдері туралы негіздей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді экономика мен бизнестің теориялық негіздерімен, елдің экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің үрдістерімен және рөлімен, мемлекеттік реттеу принциптерімен және қолдау әдістерімен таныстырады; нарықтық экономикада қолданылатын білім алушылардың ұғымдық аппаратты игеруіне және иеленуіне, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарымен, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларымен, қазіргі экономикалық жағдайларда компания қызметіндегі тәуекелдерді бағалаумен ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бағалаудың өлшемдік технологиясы
    Несиелер: 5

    Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы ерекше. Білім беру процесінде білім алушылардың білім көрсеткішін арттырумен қатар олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктеріне, қоршаған ортада қарым-қатынас жасай білу қабілеттіліктеріне, өзін-өзі жетілдіру бағыттарына да үлкен мән беру қажет. Критериалды бағалау алдын ала белгілі өлшемдерге сәйкес білім алушының жеке оқуын түзетуге мүмкүндік беруді, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде білім алушылардың білімін бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылып, интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығына өз тиімділігін көрсетеді, білімалушылардың тұлғалық қабілеттері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негіздерін, қазіргі қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қылмыстық және криминологиялық сипаттамаларын зерделеуге, сондай-ақ білім алушыларға қоғамдық өмірдің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың кез келген фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. Курсты меңгеру барысында рөлді койындар, презентациялар, Водкастты (vodcast) пайдалана отырып, "төңкерілген сынып" әдісі сияқты оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім беру пәнін оқытуда жалпы инклюзивті білім беру, негізгі міндеттері, ерекшелігі, халықаралық тәжірибесі, принциптері оқытылады. «Білім баршаға» бағдарламасы, Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері көрсетілген. Инклюзивті білім беру деңгейінің дамуы, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру туралы қарастырылған, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 5

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс адам мен тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, адамның өмір сүру ортасына әсер етудің ауқымы мен рұқсат етілген шектері, теріс әсерлерді азайту және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы білім алуға бағытталған. Пән төтенше жағдайлар туындаған кезде адамның қоршаған ортамен өзара байланысының қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік сала объектілерінің тұрақты жұмысын, теріс факторлардан қорғау және мониторинг жүргізу, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 4

    Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны, оның зерттеу пәні және негізгі ұғымдары туралы айтылады. Педагогикалық үдерістің құрамды компоненттері, мәні мен оларды жүзеге асыру заңдылықтары, қағидалары, формалары және әдіс-тәсілдері, құралдары, ерекшелігі баяндалады. Бүгінгі педагогика ғылымындағы адам капиталын қалыптастырудағы басты талаптар мен мәселелер, инновациялық технологиялар, білім беру жүйесін басқару қағидалары меңгертіледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
    Несиелер: 6

    Пән фонетикалық және лексикалық жүйелер және олардың тілдің басқа деңгейлерімен байланысы туралы түсінік қалыптастырады; қазақ тілі фонемаларының құрамы мен сапасын зерттейді; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, фонологиясы, лексикасы мен фразеологиясы туралы түсініктерді ашады; Қазіргі лексикография деректерін пайдалануды ескере отырып, бұл бірліктерді зерттейді; Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық және лексикалық жүйесінің даму тенденциялары мен болашағын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдстыру
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу және академиялық адалдық туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тілдік қатынас негіздері
    Несиелер: 6

    Сөйлесім, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттері және оның өзіндік ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылықтарын тілдік тұрғыда ажырата алады; Білім алушылардың коммуникативтік, тілдік, ақпараттық, және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырады. Қатысымдық тұлғаларды ажырата біліп және оларды дұрыс пайдалана алады. Аталмыш пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастырады, теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 6

    Бұл пән халықтың фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыруды мақсат етеді, фольклор мен халық ауыз әдебиеті атауларының мағыналық айырым жігі, фольклордың салалары, жанрлық түрлері, ерекшелігі, салыстырмалы-салғастырмалы негізі, бастау арналары зерттеледі. Фольклорды жаңаша бағытта зерттей отырып, фольклористиканың тарихын, теориясын жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырады. Фольклордысинкертті сала ретінде танып, эстетикалық, тәрбиелік, утилитарлыққызметтерін айқындап, әдебиеттану саласының жаңа бағыты ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша мынадай манызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: тілдің грамматикалық единицалары (морфема, сөз), тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, форма, категория, тәсілдер), сөздің тұлғалық құрамы (негізгі туынды сөз), қосымшалар (жұрнақ, жалғау), олардын түрлері, сөз, оның түрлері (жалан, күрделі) және сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдің морфологиялық ерекшелігі, сөз құрамы, сөз таптастыру мәселесі т.б. мәселелерді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларын қазіргі әлемдік өркениет талаптарына сай оқыту, қазақ әдебиеті тарихы туралы ғылымды жүйелі түрде меңгерту болып табылады, әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра оқытады. ХІХ ғасыр әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзиямен сабақтастығы, көркемдік-стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
    Несиелер: 5

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы» пәні қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасамдық және морфологиялық жүйесі туралы, қазақ тілінің қазіргі даму кезеңінде бұл жүйенің қызметі туралы түсініктер қалыптастырады. Сөздің құрамын, оның түрлерін және сөздің лексикалық-грамматикалық топтарын меңгертеді. Сөйлем мүшелерінің жүйесін,қазіргі қазақ тіліндегі қалыптасу және сөз өзгерістерінің жолдарын, сөйлемдегі және мәтіндегі грамматикалық формалардың қызметін таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдебиетінің бастаулары
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазақ әдебиеті тарихының бастауларымен таныстырады. VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларға жан-жақты талдау жасауды үйренеді.Сондай-ақ, мұнда көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Отаршылдық кезендегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Отаршылдық дәуірдегі (ХІХ ғ.) қазақ әдебиетінің мұрасын қазіргі әлемдік өркениеттің талаптарына сәйкес оқыту. Отаршылдық дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихының осы кезеңін ғылыми тұрғыдан жүйелі игерту. Отарлық әдебиетті саяси-әлеуметтік оқиғалармен және құбылыстармен байланыстыра оқыту. Поэзия туындыларын көркемдік ерекшеліктері бойынша талдай отырып, оларда қолданылатын поэтикалық әдістерді зерттей отырып, мәтіндермен танысу, поэзия шығармаларымен танысу және қазіргі дәуір ақындарының шығармаларын жатқа білуге үйрету. Отарлық дәуірдегі қазақ әдебиеті Отандық өнер тарихындағы елеулі кезеңді қамтитын пән болып табылады. Пәннің мазмұны ғылыми-теориялық тұрғыдан дәстүрлі ауызша поэзия мен дәстүрлі жыраулардың табиғи сабақтастығы, көркемдік сабақтастығы мәселелерімен түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ежелгі сақ-ғұн-түркілік әдеби мұраларымызды, олардан дамыған мемлекеттігіміздің дәуірлеген кездерінен, әйгілі ел билеушілеріміздің, ғұлама ғалымдардың, әлемге әйгілі ақындарымыздың әдебиеттегі ізінен біршама толық мәлімет беретін көне түркілік көркем сөзбен өрнектелген ой-жүйемізді, олардың тағылымдық қасиетін үғындыра алады. Пәнді игеру барысында студенттер әдебиетіміздің көне қатпары – сақ-ғұн-түрік дәуіріндегі үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығы туралы мәлімет алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін саралау, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, әдебиетті оқыту әдістері, оқытудың жаңа әдістері мен түрлері, көркем әдебиетті оқыту тарихының жүйесі, құрылымдық ерекшеліктері, көркем шығарманы оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, әдебиет сабағының үлгілері мен түрлері, әдебиетті оқытуды ұйымдастыру, оқушы білімін есепке алу және бағалау, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиетті оқытудағы жаңа технологияларды пайдалану, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар сынды негізгі мәселелерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны мен міндеттері, ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, оның тіл білімі, педагогика-психологиямен байланысы, зерттеу әдіс-тәсілдері, қазақ тілін оқыту құралдары, оқу жоспарларының ерекшеліктері, қазақ тілі пәнінің мазмұны мен құрылымын, оқу пәнінің бағдарламасын қазақ тілін оқыту құралдарының сипатын, оқу-әдістемелік кешен түсінігін, оның құрамын, қазақ тілін оқытудағы қазіргі технологияларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту технологиялары
    Несиелер: 5

    Интерактивті модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді, қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары туралы мәлімет береді; олардың инновациялық технологиялар жөніндегі ғылыми-теориялық және практикалық көзқарастарын қалыптастырып, педагогикалық технологияның оқыту әдістемесінен айырмашылығын талдап көрсетеді; интерактивті модульдік оқыту технологиясының құрылымы мен оны құрастырудың негізгі қағидаларын меңгертеді; болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіреді; жаңашылдық педагогикалық технологияларды талдай білуге, олардың практикадағы тиімділігін анықтай білуге дағдыландырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін қазіргі заман әдебиетінің жанрлық түрлерін зерделеу үшін студенттердің арнайы дайындығының теориялық және практикалық негізін ескереді. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті атты пәннің мақсаты мен ерекшелігін айқындайды; ХХ ғасырдың 80-90 жылдары шеңберіндегі қазақ әдеби шығармалары туралы жүйелі түсінік береді. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармалар мен оның рухани-эстетикалық үрдістері туралы түсінік алады. Қазіргі қазақ әдебиеті шығармаларының баяндаушылық ерекшеліктерімен танысады, теориялық және әдістемелік тұрғыдан әдеби мәтінді талдау дағдыларын қалыптастырады. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін қазіргі заман әдебиетінің жанрлық түрлерін зерделей алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі кезеңдегі әдеби процесс
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі кезеңдегі әдеби процестің негізгі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған; қазіргі әдебиеттің маңызды есімдері және құбылыстарымен таныстыру; ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әдеби дамудың жалпы сипатын және ХХІ ғасырдағы әдеби процестің перспективаларын ұғыну; жалпы қазіргі әдеби процесті және жекелеген авторлардың шығармашылығын түсіндіруге қатысты маңызды ұғымдарды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілі мен әдебиетін ЖББ оқыту
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мектепте оқылатын «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны мен құрылымын, оқу пәнінің бағдарламасын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралдарының сипатын, оқу-әдістемелік кешен түсінігін, оның құрамын, қазақ тілін оқытудағы қазіргі технологияларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін қамтиды. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулиды, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған мақсаты жүзеге асады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХғ қазақ әдебиеті тарихы
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан сол дәуірде туған көркем туындылармен танысады, негізі әдеби бағыттар мен ағымдар туралы ғылыми түсінік қалыптастырады. Әдеби таным мен көркемдік сапаның деңгейу туралы ғылыми-теориялық білім игереді. ХХ ғасыр басындағы аударма, баспасөз жайлы да білім алады. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдарды оқиды, ғылыми-танымдық мол дерек көздерімен жұмыс істеу дағдысын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ұлттық рухани құндылықтарымызды тереңдете меңгерту үшін әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын салыстыру, шығармашылық, ғылыми ізденістерге сабақтастыру мұраттары игеріледі. Әлем әдебиеті пәнін оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастыруды басты назарымызға ала отырып меңгереді. Антикалық әдебиет кезеңдеріне тарихи-нақты талдау, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына талдап, көрнекті авторлар шығармашылығының көркемдік шеберлік үлгілерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің мәселелері
    Несиелер: 5

    Тіл білімінің негізгі салаларының жіктелімін біледі, ғылымдағы жаңа терминдермен таныс болады, грамматикасының ғылыми жүйесін игереді.Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем, құрмалас сөйлем жүйесі жөнінде теориялық білім беріледі.Қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем, құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелері, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамаларды игереді, жай сөйлем, құрмалас сөйлем зерттелуі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп компонентті құрмалас сөйлемдер, көп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сөйлемдер түрлеріне анализ жасап, ажырату негізінде сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап үйренеді. Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі сөздердің тіркесімділігін, сөздердің байланысу тәсілдері, синтаксистік қатынасын, жай сөйлем түрлерін меңгереді. Жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны, сөз тіркесі болу шарттары, сөз тіркесіндегі синтаксистік қатынас түрлері, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері, баяндауыштарының жасалуы, сөйлем мүшелері, оның түрлерін түсінеді. Қазақ тілінің синтаксистік бірліктерін, қазақ тілінің әдеби синтаксистік нормаларын оқып үйренуде кәсіби білім, білік және дағдыға ие болады; Қазақ тілінің синтаксистік бірліктерін оқып үйренудің қазіргі ғылыми принциптерін біледі. Қазақ тіліндегі синтаксистік бірліктердің құрылымдық, семантикалық, функциональдық тұрғыда талдайды. Лингвист ғалымдардың еңбектеріне өзіндік тұжырым жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғ. қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихының негізгі жайттарымен танысып, әдебиет тарихының басты бағыттары туралы түсініктер қалыптастырады. Діни-ағартушылық, ағартушы-демократиялық, ұлт-азатшыл бағыттағы қаламгердің туындыларындағы әдеби таным мен сол тұстағы әдеби үрдістің мән-жайын меңгереді. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілді басылымдардағы қоғамдық-саяси оқиғалар, мәдени-рухани құбылыстар туралы ғылыми түсінік игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әлемдік әдебиет тарихының классикалық үлгілеріне шолу жасайды; Әлем әдебиетінің процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениеті мен байланыстырады; Әдебиеттегі басты әдіс пен жанамалардың, ағымдардың өнертану мен әдебиеттану үшін әдістемелік бағыт екенін ескере отырып, оның әрбір шығармадағы өзіндік сипаттамаларымен таныстырады; Антикалық әдебиет тарихына шолу жасай отырып, жалпы әдебиеттің бастау алу тарихын байыптайды; Орта ғасырдағы шетел әдебиетінің басты ерекшеліктеріне, жанрлық даму процесінен мәліметтер береді; Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихының дамуындағы маңызын байыптай отырып, жекелеген әдебиеттердің дамуынан мәлімет береді; ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы шетел әдебиетінің негізгі даму ерекшеліктеріне тоқталып, әлемдік үлгілерден білім алады; ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетел әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен білімді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мәнерлеп оқу және шешендік өнер
    Несиелер: 6

    Білім алушы халық тарихындағы шешендік өнердің алатын орны туралы білім алады. Түркі тектес халықтар көне жазба ескерткіштердегі шешендік сөз туралы пікірлерді зерделей алады. Ертедегі би-шешендердің сөз сөйлеу өнеріне қатысты ой-пікірлерді жүйелер, «Жеті жарғы» заңы, ондағы шешендікке байланысты баптармен танысады. Билер сөзі және қазақтың шешендік өнері туралы, зерттеуші ғалым-саяхатшылардың шешендік өнері туралы ой-пікірлерін, қазақ зерттеушілерінің шешендік өнертануға қосқан еңбектерімен танысады, шешендік өнер тарихын таниды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілі мен әдебиетің оқытудағы ІТ және цифрлық ресурстар
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - қоғамда бәсекеге қабілетті, әрі цифрлық сауаттылығы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру, болашақ педагог заманауи жаңа цифрлық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін қашықтықтан оқытуда пайдалануды меңгерту. Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін педагогтердің қашықтықтан білім беру біліктілігін арттырады, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасады, онлайндық интерактивтік дәрістері, инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне қолдана алады. Электрондық портфолионы толтыру алгоритмін үйренеді, электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасау деңгейі қалыптасады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Жалпы сын, көркем әдебиет туралы пікірлерді талдау; қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының даму кезеңдерін оқыту; студенттерді жалпы сын, әдебиет сыны туралы толық білімменқаруландыру; қазақ әдебиеті сынының даму тарихымен, кезеңдерімен таныстыру; қазақ әдебиеті сынын дамытуға үлес қосқан әдебиет, қоғам қайраткерлерінің пікірлерімен таныстыру; көркем әдебиет туындыларын оқуда сыни көзқарас қалыптастыруға үйрету басты мақсат етіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    «Әдебиет теориясы» көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Жалпы және жеке тіл біліміне тән ортақ заңдылықтарды, тіл білімінің теориялық мәселелері, лингвистикалық ілімдер мектебі мен тарихын, тілдің қоғамдық, таңбалық сипатын, олардың өзіндік айырмашылықтарын ажырата біледі, жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін, әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениетті құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Функционалдық сауаттылық
    Несиелер: 3

    Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктерін,жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің әлеуметтік бағыттылығын, функционалдық сауаттылықтың қазіргі өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-мәдени, саяси және экономикалық қызметке белсенді қатысуын меңгереді және белгілі бір мәдени ортада өмір сүру үшін қажет деп саналатын жеке адамның әлеуметтік өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін білім, білік, дағды жиынтығын құра алады, адамның даму тетігі ретінде пайдалана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтиды, шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындайды, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қарасөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесін айқындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Бәсекеге қабілетті, ғылыми және теориялық мәліметтерді кәсіби деңгейде қолдана алады;

  • Код ON8

    Білім алушылар оқытудың әдістерін біледі, кәсіби шеберлік негіздерін қалыптастырады, практикада қолдана алады

  • Код ON2

    Кәсіби негізде еңбек етуге, қоғамдық ортаға сай өзін дамытуға, еңбекті ұйымдастыруға, ғылыми пайымдауларды қалыптастыруға және мәселелерді шешіп талдай алады;

  • Код ON6

    Білім алушылар өзін-өзі оң бағалайды, азаматтық бірегейлік және лингвистикалық толеранттылықты игереді, білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

  • Код ON7

    Теориялық және қолданбалы тіл білімі және әдебиеті бойынша базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолдана алады;

  • Код ON5

    Қазақстанның ұлттық құндылықтарымен білім беру мазмұнын интеграциялау принциптерін, экономикалық, өмір қауіпсіздігі мен құқық негіздері туралы білімін жетілдіреді;

  • Код ON9

    Сапалық және сандық әдістерді қолданады, оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, ғылыми зерттеулердің әдістерін әр түрлі салада қолдана алады;

  • Код ON10

    Қазіргі ақпараттық технологиялар мен ақпарат жүйесіндегі базалық білімді игереді, компьютер желілері, бағдарламалық құралдарды қолданады, интернет ресурстарын базалық білімде меңгереді.  

  • Код ON4

    Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуға бағытталған педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, өз пәнін оқытудың берілген мақсаттарына сәйкес іскери этика нормаларын сақтайды және мінез-құлықтың этикалық, құқықтық нормаларын меңгере алады;

  • Код ON3

    Салт-дәстүр, әдеби-тілдік, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі, талдау мүмкіндігі қалыптасады;

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top