Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көркем мәтінді талдау негіздері
    Несиелер: 6

    Пән көркем шығарма мәтінін талдау негіздерімен таныстырып, әдеби шығарманың поэтикасын жүйелі зерделеуге, әдеби процестің табиғи даму заңдылығын көрсететін көркем мәтінді өнер туындысы ретінде қарастыруға машықтандырады. Курсты оқу барысында жазушының дүниетанымы, шығарманың тақырыбы, көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесі, мәтін композициясының ерекшеліктері айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән әдебиеттанудың негізгі ұғымдары мен категорияларын түсіндіріп, көркем шығармалардың құрылымы мен мазмұнын талдаудың әдістері мен тәсілдерін анықтауға машықтандырады. Курсты оқу барысында көркем шығарманың композициясын, жанрлық ерекшелігін, тілдік, стилистикалық және жанрлық ерекшелігін талдауды, анықтауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фонология және интонология
    Несиелер: 5

    Фонологияның басты зерттеу нысаны – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметін толық түсінеді. Интонология сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнерін, дауыс ырғағын, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесін зерттейтін ғылым ретінде танып, пәннің меңгеру барысында фонология мен интонологияның зерттеу әдістері туралы түсінік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі ( фонетика)
    Несиелер: 5

    Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін, жіктелімін, дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін, үндестік заңы мен буын табиғатын, сөздің фонетикалық ұйымдасуын, сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістер туралы мағлұмат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі жазба әдебиетінің текстологиясы
    Несиелер: 6

    Пән түркі жазба әдебиетіндегі мәтінмен жұмыс жасауда VI-XIV ғасырлардағы әрбір шығарма мәтінімен толық таныса отырып, текстология ғылымы арқылы түрлі аударма жолмен жеткен нұсқалардың қайсысы түпнұсқаға жақын екенін анықтай алуға бағытталған. Курсты оқытуда түркі жазба әдебиетіндегі бірнеше нұсқаларды өзара салыстырып, мәтіндік айырымдарды зерделей алуды, оларға тестолологиялық талдау жасау арқылы дұрыс мәтінді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ лексикологиясы және диалектологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі жүйесінің негізгі заңдылығы ретінде қазақ тілінің лексика-диалектологиялық қабатының жалпы заңдылықтарын және оның қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру. Тілдегі сөздің қордың жүйелік категориясын айқындайды, Лексикадағы парадигматикалық және синтагматикалық түсінігі қалыптасады; Лексикалық бірліктің нормативті ақпарат қызмет етуінің өзара байланысы мен өзара ықпалдасуын ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
    Несиелер: 6

    Пән ежелгі және хандық дәуірдегі әдеби мұралармен таныстыра отырып, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігін меңгертеді. Тарихи жәдігерлер арқылы жеткен әдеби ескерткіштердің идеялық мазмұнын, ХV-XVIІІ ғасырлардағы жыраулардың поэзиясында орын алған елдік, ерлік тақырыбындағы толғауларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін саралайды. Курсты оқу барысында пәннің мәтіндерін кешенді түрде талдап, көркемдік мұратын айқындауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Латын графикасы және қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 4

    Жалпы жазу туралы, жер бетіндегі түрлі ареалдардағы жазудың пайда болуы, дамуы, тарихы, жазудың қазіргі жай күйі туралы түсінік; жазудың пайда болу және қазақ жазуының даму кезеңдері, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі, емле ережелері туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мәтінді өңдеу және редакциялау
    Несиелер: 5

    Қарым-қатынастың кез келген түріне жататын мәтіндерді аудару, өңдеу және редакциялау мәселесі қазіргі үштілділік мәселесі көтерілген кезеңде өте өзекті болып отыр. Бұл модульде тілді стилистикалық тұрғыдан талдап, мәтінді өңдеп, баспаға дайындау мәселесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компаративті лингвистика (1.қазақ/орыс 2.қазақ/түрік 3.қазақ/ағылшын)
    Несиелер: 4

    Қазақстандағы көптілділік жағдайында және еліміздегі «Үштілділік» саясатын жүзеге асыруда «Компаративті лингвистика» курсын оқытудың маңызы зор. Білімгерлерге тілдерді шыққан тегіне,жакындығына, типологиялық құрылымынан тәуелсіз салыстыраотырып оқыту. Салыстырылатын тілдердін әр түрлі деңгейлері бойынша – фонетикалық, грамматикалық, лексикалық элементтері арасында салыстырмалы талдау жасау әдістерін үйрету. Әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылысын, құрылымдық-семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тілдердің лексика-семантикалық құрылымдары мен жүйелерін салыстыра зерттеуді меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жыраулар поэзиясы және сал-серілер дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 4

    Жыраулық поэзияның басты жанры толғау жанрын нақты мысалдар арқылы талдау, ақын-жырауларды авторлық позициясы тұрғысынан көрсетіп дәлелдеу, ерлік, қайраткерлік қасиеттеріне игереді.Әнші-ақындар шығармашылығын саралай отырып, әр түрлі нұсқаларын меңгер, текстологиялық анализ жасай алады. Ақындар шығармашылығындағы синкретизмді түсіндіре отырып, Қазақстанның әр аймағындағы белгілі әнші-ақындар мектебімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Абайтану
    Несиелер: 4

    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде жүйелі, кең көлемде мағлұмат беріледі. Ақын өлеңдері, қара сөздері, поэмалары мен көркем аудармаларының ішкі табиғатын, көркемдік-эстетикалық мәнін игереді. Пән Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі ой-толғамдарды интерпретациялай алуға, өзіндік ой-пікірлерін жазба тіл мен сөйлеу тілінде еркін жеткізіп, өз пікірін қорғай алуды дамытуға негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тарихи жырлардың типологиясы
    Несиелер: 5

    Пән қазақ халқының тарихи жырлары туралы кеңінен мағлұмат беру арқылы жыр сюжеттерінің шығу тарихын, жанрлық табиғатын, типологиясы мен оның түрлерін, зерттелу деңгейін айқындайды. Курсты оқу барысында жырдағы дәстүрлі сабақтастық пен тақырыптық-идеялық бағыттарды жүйелеуде типология заңдылықтарының негіздерін танып, меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілі (морфологиясы, сөзжасамы)
    Несиелер: 5

    Теориялық білімді тереңдету, сөз топтары мен сөз таптарының негізгі белгілерін айыра білу; қазақ тіліндегі сөз таптарының лексика-грамматикалық, синтаксистік қызметтерін саралау; қазақ сөзжасамының теориялық қисындарын зерделеп, сөзжасамның негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап, сөзжасамның атау теориясы және уәждеме теориясы арқылы айқындалу жолдарын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән халық ауыз әдебиетінің зерттелу деңгейін, оның түрлері бойынша жүйелі түрде меңгерте отырып, халықтық мұралардың идеялық-көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты талдауға машықтандырады. Курсты оқу барысында қазақ фольклорының тарихы мен теориясы туралы түсінігін қалыптастырып, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жырлаған рухани-мәдени құндылықтарымызды үйренеді. Ауызша шығармалардың туу, таралу, сақталу ерекшеліктеріне талдау жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ тіліндегі туынды сөздер
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі туынды сөздер пәнін оқыту арқылы тілдегі туынды сөздердің аса құнды бай мұра екендігіне студенттердің көзін жеткізу.Тіліміздегі туынды сөздерді танып, білу арқылы халқымыздың сөз байлығының құдіретін сезінуге және оларды іс-тәжірибеде кеңінен қолдануға үйрету. Туынды сөздерді интербелсенді әдістеме арқылы игерудің жолдарын көрсету.Сөзжасамдық талдау негіздерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Әдебиетті оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері мен қазақ әдебиетін оқытудағы оңтайлы әдіс-тәсілдер, жаңаша оқыту негіздері; жазба жұмысын жүргізу әдістерін меңгерту. Жаңғыртылған білім мазмұны жағдайындағы білім беру жүйесінде қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары игеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    XIX ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдайын жүйелі түсіндіріледі. ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі даму бағыттары мен заңдылықтарын, көркемдік табиғатын жүйелеп, XIX ғасыр әдебиетін Зар заман ағымы; Қоқан хандығы билеген өңірде туған әдебиет; Айтыс өнері; Сал-серілер поэзиясы; Қисса-дастандар; Европалық үлгідегі жаңа жазба әдебиетті қарастырып, өзіндік сипаттарын ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән инновациялық технологияларды оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Отаршылдық дәуірдегі әдебиет
    Несиелер: 6

    Курс барысында отаршылдық дәуірдегі әдеби мұраларды идеялық-көркемдігіне қарай талдай келе, әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар туралы мәліметтерін тереңдете отырып, зар заман әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан қайта зерделеп оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тілді оқытудағы педагогика-психологиялық негіздер, пән мұғалімі ретінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары, тілді оқыту тарихы, зерттелуі туралы теориялық-әдістемелік білімді игерту. Жаңғыртылған білім беру мазмұны жағдайында білім берудің жаңа технологиялары игеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шетел әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Әлем әдебиетінің тарихы - антикалық дәуір әдебиеті, шетел әдебиетінің маңызы; орта ғасырлық және қайта өрлеу дәуірі әдебиеті; халық шығармашылығы, өрлеу дәуіріндегі адамгершілік арна; 17-ғасырдағы проза, драма және поэзия жанрындағы классикалық үрдіс; 18-ғасырдағы сентиментализм; реализм және 19-ғасырдағы риалистік роман шеберлері; мәдениеттің ортақ тарихы тұрғысында Батыс пен Шығыс халықтарындағы әдебиетті бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шешендік өнер және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән шешендік сөздердің ежелден келе жатқан дәстүрлі сөз өнері екені айқындалып, олардың мазмұндық түрлерін жіктеуді үйретеді. Пән аясында шешендік өнердің дидактикалық ерекшелігі түсіндіріліп, тілдің этикеттік нормаларын меңгереді. Шешен сөйлеудің өз тұжырымдарын жеткізуге дағдылануға, көпшілік алдында сөз сөйлеуді дайындау принциптері мен кезеңдерін, оларды жазудың тәсілдері мен технологияларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 6

    Әлем әдебиеті – парсы, араб, түрік, үнді, қытай, грек, рим, неміс, ағылшын, француз, испан әдебиеттерінің дәстүрлі салаларын арнайы жан-жақты қарастырып оқу болып табылады. Оқыту барысында әрбір халықтың әдеби шығармаларының кейбір қазақша жарияланған мәтіндерін ұсынады. Әрбір халықтың әдеби фольклорлық мұраларына арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді де меңгереді. Батыс пен шығыс халықтары әдебиеттерін тақырып, идея, сюжет пен композиция, көркемдік-стильдік тұрғыдан ғылыми-теориялық тұрғыда саралайды, дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Үнем заңы және тілдік парадигма
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде тілдің бес саласына қатысты үнемдеу құбылыстары қарастырылады. Фонетика, морфология, лексика, сөзжасам, синтаксис салаларындағы үнемдеу құбылыстарының барлығы да осы модульде қарастырылып, олардың туындауының лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлары сөз болады. Сонымен қатар бұл пәндде қазіргі жастар тіліндегі үнемдеулер мен жарнама тіліндегі тілдік, тілдік емес үнемдеулер де теориялық әрі практикалық тұрғыдан талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі: сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі және мәтін синтаксисі деген салаларының айырмашылықтары мен бірін-бірі толықтыратын ұқсастықтарын меңгереді. Сөздердің байланысу тәсілдері: аналитикалық, синтетикалық, аналитика-синтетикалық және қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу секілді байланысу түрлерін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Халық ақындарының шығармашылық зертханасы
    Несиелер: 6

    Аталған пән Ұлы отан соғысы жылдарындағы халық ақындары мұраларын таныстыра отырып, саяси-әлеуметтік мәселелерді көтерген отаншылдық рухтағы жырлардың өзіндік ерекшелігін оқытуға бағытталған. Курсты оқыту барысында халық ақындарының түрлі тақырыпта жырлаған термелерінің, үгіт-насихат сипатындағы нақыл өлеңдерін жүйелі түрде меңгертіп, қазақ әдебиетіндегі дидактикалық поэзияның жаңа үлгісін танытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Айтыс типологиясы
    Несиелер: 6

    Айтыс өнерінің қалыптасуы мен даму кезеңдеріндегі әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызы, оның ақпараттық-танымдық, насихатшы-үгітшілдік, деректі-мағлұматтық сипаттары айқындалады. Халықтың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, өмір сүру заңдылықтары мен дүниелік көзқарас, пайымын зерделеуде айтыс үлгілерінің рухани қазына екендігі ғылыми тұрғыда тұжырымдалады. Айтыстың жаңару, жаңғыру үрдістері талдана отырып, оның әлеуметтік мәні нақты мысалдар арқылы көрініс табады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғасыр қазақ әдебиеті (1900-1950/1950-2000жж)
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттегі тарихи сабақтастықты, басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын ұғындыру, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгерте отырып, әдеби, тарихи мәселелерін терең қарастырады. Алаш ақын-жазушылары шығармаларымен танысу, мәтіннің идеялық мазмұнын талдау негізінде осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін меңгеру және жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасын талдап, субъективті, түйінді пікір айта алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 6

    Когнитивтік лингвистика адам айналасындағы заттар мен құбылыстар туралы таным мен білімді, болмыс пен интеллектіні қарастыратын лингвистикалық пән екендігіне, тілдегі когнитивтік құбылыстар ретінде адам, оның ойлау әрекеті, ақыл, тілдік санаға назар аударылады. Тіл біліміндегі танымдық үдерістер, когниция, когнитивизм, мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты үйретеді. ХІХ, ХХ ғасырдағы тіл білімі. Тілдік таңба жүйесі. Тіл білімдік мектептер, негізін салушылар. Тіл білімдік бағыттар. ХХІ ғасырдағы тіл білімі секілді тақырыптарды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Курс болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың заманауи технологиялары мен білім берудің инновациялық тәсілдемесін қолдана алатын құзіреттілікті қалыптастыруға көмектеседі. Болашақ маманның кәсіби бағдарына сәйкес жеті модульдің оқу материалы негізінде топтық жұмысты ұйымдастыру, құндылықтар, көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлана алу, қалай оқыту керектігін үйретуде қолданылатын түрлі стратегияларды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пән ХХІ ғасыр әдебиетінің көркемдік ерекшелігін ескере отырып, жаңаша талдау жасуға үйретеді. Тәуелсіздік кезеңіндегі қаламгерлердің өмірі мен қызметін, шығармашылық болмысын бүгінгі талап тұрғысынан таразылап, жанрлық жүйесін, көркемдік өрнектерін зерделеп, тілдік, стильдік ерекшеліктеріне баға беріп, аталған кезең әдебиетінің тарихына және прозалық, поэзиялық, драмалық туындыларға теориялық талдау жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ әдебиетіндегі психологизм
    Несиелер: 4

    Пән әдебиеттегі психологизмнің принциптерін, адамның ішкі әлемін нақты бейнелейтін психологизм поэтикасын меңгертумен қатар, психологизмнің түрлері: мимика, бейвербалды ишараттар арқылы көркем шығарманың табиғатын танытуға машықтандырады. Курсты оқу барысында көркем туындыдағы психологизмнің берілу ерекшеліктерін, авторлық таным, авторлық идеяны, сондай-ақ көркем шығарманы психологизм принциптері арқылы теориялық талдауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Халық ауыз әдебиеті мен ән поэзиясы жанрларының тарихын, теориясын және қазіргі қоғамдағы өткеннен мұра болып қалған әдеби, жазба ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын түсінеді.

  • Код ON5

    Әртүрлі дәуір мен кезеңдердегі ақын-жазушылардың шығармашылығындағы көркемдік құралдардың жанрлық жүйесін жіктейді.

  • Код ON9

    Батыс және шығыс елдерінің әдебиетіне салыстырмалы талдау жасайды.

  • Код ON6

    Тіл білімі мен әдебиеттің бөлімдерінің лексика-диалектикалық, морфологиялық-синтаксистік, пунктуациялық-стильдік сипаттамаларын ескере отырып, жалпы тіл ғылымының даму кезеңдерін саралайды.

  • Код ON10

    Өзінің ғылыми баяндамалары мен сөздерінде қазіргі қазақ әдебиетінің стильдік және тілдік ерекшеліктеріне баға береді.

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді.

  • Код ON7

    Тілдердің мәдени өркендеу құрылымы мен этногенезін салыстырмалы талдау негізінде қазақ жазуы дамуының тарихи кезеңдерін жаңғыртады.

  • Код ON8

    Әдеби туындылар мен құбылыстарға сыни баға береді.

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процесті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top