Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01101 Педагогика және психология в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Педагогика және психология мамандығына кіріспе
    Несиелер: 4

    Педагогика және психология ғылымдарының жеке ғылым ретіндегі дамуы, қоғамда мамандықтың рөлі мен әлеуеті, білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен мазмұндық жүйесі қарастырылады. Болашақ педагог-психологтардың білім беру бағдарламасының негізгі талаптарына сәйкес, кәсіби қызметінің саласы, нысандары, түрлері, мақсаты мен міндеттері, моделі, кәсіби құзыреттіліктері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қарым-қатынастың педагогикалық-психологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Қарым-қатынастың педагогикалық-психологиялық процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге, тұлғаралық қарым-қатынас процесін дамытуға бағытталған міндеттерді қарастырады. Оқу-тәрбие жүйесінде жеке адамның тұлғалық және танымдық дамуы, олардың ортамен өзара қарым-қатынасы, білім алушылардың жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасуының әлеуметтік педагогикалық - психологиялық негізін сипаттайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика және психология тарихы
    Несиелер: 4

    Әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теориялардың дамуы, тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесі, жан, психика, психикалық құбылыстар туралы және олардың пайда болуы, жеке ғылым ретінде қалыптасуы қарастырылады. Әртүрлі кезеңдердегі педагогика және психологияның дамуына үлес қосқан ғалым-зерттеушілердің идеялары мен еңбектері, отандық және шетелдік психологиялық мектептердің даму бағыттары талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 7

    Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттарын, тұлғалық-әрекеттік бағыттың іс-әрекеттік компоненттерін қарастырады. Білім беру процесінің субъектілері, оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас, дара ерекшелік сипаттамаларына қарай оқу мотивациясы, мазмұндары қарастырылады. Педагогикалық, психологиялық тұжырымдарды айқындау, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби мәселелерді шешу, тренингтер жүргізу әдістерін қолдануды қарастырады..

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Эвтагогика
    Несиелер: 6

    Классикалық педагогика мен андрагогиканы толықтыратын өзін-өзі тәрбиелеу теориясы ретінде сипатталады. Жеке тұлғаның өзінің мүдделері мен қажеттіліктеріне сай қашан және қалай оқитынын өзі анықтайтын оқу үрдісінің ұтымды тұстарын жүйелеудің негіздері, принциптері, қашықтықтан білім берудің ілімдері мен бағыттарының мазмұны мен жүйесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикалық акмеология
    Несиелер: 6

    Педагогикалық акмеологияның теориялық - методологиялық негіздерін, негізгі ұғымдарын, мәселелері мен міндеттерін, кәсіби өсуін жобалауға әсер ететін акмеологиялық талаптарды, еңбек қызметінің табыстылығы мен тиімділігін, педагогтың кәсібилік деңгейін, педагогтық құзыреттілік және оның құрылымдары, мұғалім-логопедтің жеке және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды, кәсібилікті дамытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары туралы түсініктерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Девиантология
    Несиелер: 5

    Отандық және шет елдік девиантты мінез-құлықты әлеметтану жайлы білім қалыптастыру және ол білімдерді ғылыми-практикалық іс-әрекетте қолдана білу мәселелері қарастырылады. Девиантология саласындағы әлеуметтік жұмыс тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалай алу, оны әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес пайдалана алу, клиентпен жұмыс жүргізудің өзіндік әдістемелерін жасау процестері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    "Ғылыми зерттеу әдістері"пәнін зерттеудің мақсаты - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен басқарудың заңдары, принциптері, түсініктері, терминологиясы, мазмұны, ерекшеліктері туралы білімді игеру. Бұл курс отандық және шетелдік ғалымдардың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулер жүргізудің негізгі тарихи аспектілері, теориялық қағидалары, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеу, ғылыми іздеу, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып негізделген тиімді шешімдер алу тақырыбын таңдау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Креативті  педагогика және психология
    Несиелер: 6

    Қазіргі заман ғылымындағы креативтік және шығармашылық мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздері, тұлғаның креативтік ойлауы, қабілеттері, іс-әрекеттерін ынталандыру мен қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық теориялары, әдіс-тәсілдері, механизмдері, заңдылықтары мен принциптері қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық кәсіби іс-әрекетте танымдық, өмірлік, кәсіптік, ойлау тәжірибелері негізінде мәселенің жаңа шешімдерін табуға мүмкіндік беретін ықпалдасқан тұлғалық сапалар жиынтығы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет көрсету және сүйемелдеу
    Несиелер: 5

    Білім алушылардың жетекші іс-әрекеті мен психикалық процестерінің көрініс беруі, оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері, танымдық процесінің дамуы, мінез-құлық ерекшеліктерін қарастырады. Психологиялық тұжырымдарды айқындауда сыни тұрғыдан қарау, психологиялық қызмет көрсетудің технологияларын талдау, оларды оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу, психодиагностикалық әдістемелерді тиімді қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жеке тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы
    Несиелер: 4

    Жеке тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы психикалық дамуын, заңдылықтарын, белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табу, оқушы тұлғасының қабілетін дамыту, психикалық дамуындағы ауытқуларды жоюды, баланың қабілеттілігін, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін қарастырады. Әдістемелерді тиімді қолдану, психикалық денсаулық деңгейін бағалау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін талдай білу жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Когнитивті психология
    Несиелер: 5

    Пән негізінде танымдық процестер, сезім, қабылдау және танымдық ойлау әрекетінің стильдері қарастырылады. Сөйлеу, тіл және танымның дамуындағы интеллект пен жасанды интеллекттің танымдық психологиясының даму процесіне рөлі мен үлесі талданады. Әлеуметтік таным психологиясындағы танымдық көзқарас сипатталады; тұлғаны зерттеудегі танымдық көзқарас және танымдық даму және оның детерминанттары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Педагог-психологтарды кәсіби даярлауда педагогикалық-психологиялық пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін және оқу пәндері ретіндегі жүйелік құрылымының принциптерін, оқу мазмұнын ұйымдастыру және мазмұндық ерекшеліктері мен педагогикалық үрдісті басқару дағдысы мен біліктіліктерді қалыптастыруды қарастырады. Болашақ мамандардың кәсіптік өзіндік білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін меңгеруді, мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамытуды сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Психологиялық қызмет көрсетудегі компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетудегі ақпараттық жүйелердің мәні мен мазмұнын, жүйесін, заңдылықтарын, принциптерін, ұстанымдарын, әдіс-тәсілдерін, даму болашағын қарастырады. Отандық және әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізудің жолдарын, білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналған іргелі және қолданбалы мәселелерді сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Педагог-психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы
    Несиелер: 5

    Педагог-психологтың шеберліктің негізгі құрамдас бірліктерін, педагогтың ұйымдастырушылық қызметін, шебер педагогтың кәсіби және тұлгалық сапаларын қарастырады. Педагогикалық-психологиялық тұжырымдарды талдауды, шығармашылық қабілеттерді дамытуды, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтік, командада жұмыс істеуді, ақпараттық мәдениетін көрсетуді, пәнаралық білімді интеграциялауды, даулы жағдайларда туындаған мәселерді шешудің креативтілігін бағалауымен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дифференциалды психология
    Несиелер: 4

    Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері мен әдістемелері, жеке ерекшеліктерді зерттеу теориялары қарастырылады. Дифференциалды психологиялық зерттеу бағытының ерекшеліктері талданып, тұлғаны айқындаушы темперамент және диспозициялық теориялары талданады. Сондай-ақ тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның рөлі индивидуалды ерекшеліктерді қалыптастыру мен психофизиологиялық негіздері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік психологиялық үдерістер мен құбылыстарды зерделеуге байланысты теориялық негіздерін, психологиялық тұжырымдарды айқындау мәселелері қарастырады. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдауды, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, командада жұмыс істеу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін, даулы жағдайларды туындаған проблемаларды түзетуде коррекциялық технологияларды пайдалануды қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түзету психологиясы
    Несиелер: 6

    Түзету психологиясы мектепте оқыту және ондағы педагогикалық-психологиялық мәселелерді шешу жолдары мен тәсілдері және бағыттары қарастырылады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі дамытушы-түзетуші сыныптар мен психолого-педагогикалық дамыту-түзету принциптері жан-жақты талданады. Түзету формалары мен әдістері және дамытушылық жұмыс, сонымен қатар мектеп психологының дамыту жұмысы мен түзету және дамыту жұмыстарының процедурасы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ава терапиясы
    Несиелер: 6

    АВА терапиясы – бұл мінез-құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. Бүгінгі таңда аутизмді түзетудің ең тиімді әдістерінің бірі-мінез-құлық терапиясы немесе ABA (Applied behavior analysis) қолданбалы мінез-құлықты талдау әдісі. АВА ғылыми пән ретінде қоршаған ортадағы факторлардың мінез-құлыққа әсерін зерттейді және адамның мінез-құлқын өзгерту үшін осы факторларды басқарады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеке тұлға психологиясы
    Несиелер: 6

    Тұлғаны зерттеудің заманауи әдіснамалық жүйесі, өзге ғылым салаларымен байланысы, тұлға қалыптасуының бағыт-бағдарлары, тұлға құрылымы мен дамуын психологиялық жағдайларын тұтас түсінуі қарастырылады. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып талдай білу, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас коммуникативтілігін көрсете білу, жеке тұлғаның бағыт-бағдарының әлеуметтік психологиялық моделін жасау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогикалық және психологиялық менеджмент
    Несиелер: 5

    Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық және психологиялық менеджмент мәселесінің даму бағыттары, механизмдері, заңдылықтары, ұстанымдары, басқарушылық қызметтің функционалдық құрылымы, стильдері мен әдіс-тәсілдері қарастырылады. Кәсіби педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті басқаруда басшының педагогикалық-психологиялық менеджменттің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдануы, тайм менеджментті сақтай білуі, жеке тұлғаның бойында коммуникативтік, лидерлік, менеджерлік, конформизмдік, орындаушылық сияқты жағымды типологиялық қасиеттері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеке және топтық психотерапия
    Несиелер: 6

    Психологиялық әсер ету, психикалық реттеу және топтық психотерапия әдістерін қолдану әдіснамалық теориялары қаралады. Психологиялық тұжырымдарды айқындауды, танымдық, шығармашылық қабілеттерін меңгере отырып, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын талдауды, инновациялық технологияларды оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдануды, диагностикалаудың технологияларын қолдануды, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешуді креативті бағалауды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін арттерапиялық жұмыстар
    Несиелер: 6

    Арт-терапияның мақсаты - өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы жеке тұлғаның дамуын үйлестіру. Сонымен қатар адамның психикалық жағдайын қалпына келтіру және үйлестіру, оның оңтайлы мінез-құлықтарды таба білу қабілетін қалыптастыру. Психологиялық білімін практикада қолдану, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда білімдерін интеграциялай білу, психикалық денсаулық деңгейін бағалау, психодиагностикалық әдістемелер арт-терапияда сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың заманауи технологияларының мазмұны мен жүйесін, принциптері мен ұстанымдарын, әдіс-тәсілдері мен технологияларын қарастырады. Болашақ мамандарға кәсіби білім берудің заманауи инновациялық технологияларын: интерактивті оқытулар, ақпараттық технологиялар, жобалау әдістері, нақты жағдаяттарды талдау, жағдаят-проблема, жағдаят-баға, жағдай-иллюстрация; жағдай-жаттығулар, семинар-дискуссия, іскерлік ойындар; дөңгелек үстелдер т.б. қолданудың маңыздылығы мен ерекшеліктерін сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қолданбалы психология
    Несиелер: 6

    Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі практикаға бағытталған психологияны, қолданбалы психологиялық мәселелерді, психологияның іргелі және қолданбалы жаңалықтарын, теорияларын, принциптерін, механизмдерін, әдіс-тәсілдері мен техникалары мен технологияларын сипаттайды. Нақты психологиялық құбылыстарды түсіндіруді және психологияның тәжірибелік бөлігін немесе психотехникалық бөліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON2

    педагогикалық, психологиялық, тұжырымдардың қорытындылары мен дәлелдемелерінде, міндеттерді шешуде жүйелі ойлау мен сыни көзқарасқа негізделген білімді практикада қолданады;

  • Код ON7

    психологиялық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі

  • Код ON5

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі;

  • Код ON9

    жеке тұлға бағыт-бағдарының әлеуметтік психологиялық моделін жасайды және психикалық денсаулық деңгейін бағалайды.

  • Код ON10

    психологиялық қызмет көрсетудің бағыттары мен қағидаларын, әдістері мен формаларын қолданады және техникалары мен технологияларын талдайды.

  • Код ON1

    метапәндерге негізделген педагогика, психология, физиология бағыттарындағы түсініктері мен білімдерін көрсетеді

  • Код ON6

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді және академиялық адалдық принциптері мен ақпараттық мәдениеттің маңызын ұғынады.

  • Код ON4

    оқытуда АКТ-ны және ЦБР-ды пайдаланады;

  • Код ON3

    кәсіптік мәселелерді шешуде зерттеудің ғылыми танымдық, шығармашылық әдістерін, академиялық хатты меңгерген және шешу жолдарын талдайды;

  • Код ON8

    педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды шешуде принциптер мен заңдылықтарды, психодиагностикалық әдістемелерді тиімді қолданады;

6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B01101-Педагогика және психология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B011 Педагогика және психология
Бакалавриат

Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 6B01101 – Педагогика және психология
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қайнар академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақстан инновациялық академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top