6B01101 Педагогика және психология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында сұранысқа ие, оқытушылық және психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметті жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, білім бакалаврын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, білім алушының жеке басының дамуы, қалыптасуының жас ерекшеліктерімен дағдарыстық кезеңдерін, білім беру ортасының жайлылығы мен психологиялық қауіпсіздігін бағалау әдістерін меңгереді. Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағыттау процесінде әдістемелік-диагностикалық және дамытушы құралдарын пайдаланудағы тиімділікке психологиялық-педагогикалық мониторинг, талдау жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Психология негіздері
Пәнді оқу барысында болашақ маман психология ғылымның негізгі ұғымдарын зерделеуде, кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық қағидаларын, нысандары мен әдістерін топпен жұмыс жасауда үйренеді. Оқыту нәтижесінде студент кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушылардың әртүрлі деструктивті мінез-құлқының тәуекелдерін төмендету тәсілдерін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке білім беру кеңістігін құру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге кәсіби психологиялық-педагогикалық қызығушылық танытуға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пәнді оқыту барысында мамандықтардың әлеуметтік мәні мен мазмұны туралы, педагогикалық ғылыммен практикадағы құзіреттілік тұрғыда, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды үйренеді. Оқыту нәтижесінде кәсіби іс-әрекеттеғылыми зерттеу әдістерін саналы түрде қолдануға, кәсіптік қызметке қызығушылығын танытуға, кәсіпті меңгеруде топпен жұмыс жасау дағдыларын,білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыруға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік педагогикасы
Пәнді оқыту барысында студент балалардың әр түрлі жас ерешеліктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, білім алушыларды тиімді сүйемелдеу мақсатында тәжірибелік кейстермен қамтамасыз етуді меңгереді. Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде білім беру процесі кезеңінде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтауға, тәрбиеленушілердің жеке білім беру кеңістігін құру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәнді оқыту аясында студент тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістерін, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды және оқу-тәрбие процесін басқарудымеңгереді.Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруда, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу әдістерін жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Арнайы психология
Пәнді оқу барысында студент дамуында ауытқулары бар балалардың психикалық дамуының заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттеу, оқыту-тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдаужәне диагностика нәтижелерін интерпретациялау, коррекциялау әдістері мен құралдарын пайдалану жолдарын меңгереді.Студент пәнді меңгеру нәтижесінде даму кемшіліктерін психологиялық түзету құралдарын әзірлеуге, ұсынылған диагностиканың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, білім алушылардың жағдайында психологиялық бақылау дағдыларын қолдануды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында студент тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыруды меңгереді. Пәнді меңгерту нәтижесінде білім алушы әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Психологиялық-педагогикалық диагностика
Пән аясында студенттердің теориялық білімдерді, психологиялық дайындықтарды, жеке адам психодиагностикасының ғылыми-теориялық негіздерін, психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу ережелерін үйренеді. Білім алушының қабілеттерін диагностикалау әдістері мен әдістемесін, диагностика нәтижелерін интерпретациялау әдістерін, білім беру ортасының тиімділік критерийлерінмеңгереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесіндебілім беру қызметінің әдістері мен құралдарын пайдаланудағы тиімділікке психологиялық-педагогикалық мониторинг және талдау жүргізуді, диагностика нәтижелерін өңдеуді жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұлға психологиясы
Пәнді меңгеруде студент тұлға психологиясының әдіснамалық негіздерін, жеке тұлғаны қалыптастыру процестерінің мәнін, білім алушының қабілеттерін психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін, педагогикалық, жас ерекшелік және арнайы психологияның негіздерін, теориясы, принциптері, әдістемесі мен мазмұнын оқып үйренеді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде тұлға психологиясының негізгі категорияларымен жұмыс істеуге, ұсынылған диагностиканың мақсаттарын, міндеттерін анықтауға, білім беру процесі кезеңінде жайлы, қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтауға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Әлеуметтік психология
Пәнді оқуда студенттер әлеуметтік психологияның негізгі теориясын, категориялары мен принциптерін, теориялық бағыттарын, оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауды, қарым-қатынас процесі заңдылықтарын меңгереді.Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде әлеуметтік психологияның эксперименттік әдістерін тәжірибеде қолданып, топта, ұжымда жұмыс жасай алуға, кәсіби қарым-қатынаста көшбасшылық қабілетті қалыптастырып, психологиялық-педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, зерттеу жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әлеуметтік педагогика
Пәнді оқуда студент әлеуметтік-педагогикалық ой-пікірлер тарихын, тұлғаның әлеуметтенуіндегі негізгі факторларын, оқу барысында әлеуметтік педагогиканың пәнаралық терминдерін пайдалануды, оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеруді, кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушылардың әртүрлі деструктивті мінез-құлқының тәуекелділіктерін төмендету тәсілдерінмеңгереді. Білім алушы пәнді оқыту нәтижесінде ата-аналармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар, әлеуметтену, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асыруға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастыру туралы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастырып шешім қабылдай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Психологиялық-педагогикалық коррекция
Пән аясында пәннің теориялық-әдістемелік негіздерін, білім алушыларды оқыту, дамыту, тәрбиелеудегі қиындықтар анықталған жағдайда био-психо-әлеуметтік себептерін, жеке басының дамуы, қалыптасуының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдеріне байланысты коррекциялық жұмысты ұйымдастыруды үйренеді.Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылардың оқу-әдістемелік қызметін орындаудағы кедергілерді жою үшін ұсынымдарды іске асыруды, қажетті психологиялық қолдау көрсетуді, оқуда немесе дамытуда кедергілерді жоюға бағытталған жеке қолдау бағдарламаларын жасауғамашықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәнді оқыту барысында білім алушы басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегияларын, зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырудымеңгереді.Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы команда құруға, басқару психологиясының ережелерін, әдістерін қолдануды, оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі
Пән аясында студент тренингтің түрлері мен негізгі бағыттарын, тренинг жүргізушісінің ролімен функциясын, диагностикалауды, кеңес беруді, коррекциялауды, өз бетінше шешімдер қабылдауды,білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік принциптерін практикада қолдануды меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер тренингтерді жүргізу барысында білім беру ұйымында, одан тыс жерлерде ғылыми-әдістемелік іс-шараларды дайындау, өткізу, қатысу, білім беру ортасын қалыптастыру, психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру үшін әдістемелік материал ұйымдастыруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі
Пәнді оқу барысында студентпедагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен тұжырымдамаларын сипаттауды, зерттеу әдістерін талдауға, жалпылауға, өзінің іс-әрекетін пайымдауға, болжамды теориялық тұрғыдан негіздей білуге, зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдауға үйренеді. Студенттер пәнді меңгеру нәтижесінде психологиялық-педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижелерді рәсімдеу, ғылыми баяндамаларды, дипломдық жұмыстар, жобалар жазуда эксперимент әдістерін қолдануда зерттеу жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қарым-қатынас психологиясы
Пәнді оқыту барысында білім алушы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін, құрылымын, формаларын, қақтығыстардың себептерін, интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби әлеуметтік қарым-қатынастар орнатуды үйренеді. Кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық қағидаларын, нысандарын, әдістерін, топта, ұжымда іскерлік қарым-қатынас құруды, қақтығыстарда мінез-құлық нормаларын бағалауды меңгереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы психологиялық көмек көрсетудің этикасын, қағидаттарын сақтау, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттеріне кешенді диагностика жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогиканы оқыту әдістемесі
Пәнді оқыту барысында теория мен тәжірибенің бірлігін, оқытушы мен білім алушылардың іс-әрекетін, оқытудың әдіснамалық негіздерін, білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік принциптерін.оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды меңгереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін басқарып, сабақты жоспарлап, әдістері мен құралдарын пайдалануға және өз бетімен шеберлігін жетілдіруге, білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіптік білім беру педагогикасы
Бұл пән болашақ маманға қажетті кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қағидаларын, оқу-тәрбие процесінің формалары мен әдістерін, білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік принциптерін, оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды меңгереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру ортасын қалыптастыру және білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру үшін әдістемелік материал жинақтауды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Психологияны оқыту әдістемесі
Пәнді меңгеруде студент психологияны оқыту әдістемесінің теориялық, практикалық негіздерін, психологияны оқыту әдістерін, принциптерін, лекция, семинар сабақтарын ұйымдастыру заңдылықтарын, сабақтарды жоспарлау жолдарын, оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды меңгереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру ортасын қалыптастыру, ұйымдарының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру үшін әдістемелік материалдарды ұйымдастыру, психологиялық әдістерді оқу-тәрбие мәселесін шешуде, оқу пәндерін және оқулық мазмұндарын салыстыруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі білім беру технологиялары
Пәнді оқыту барысында студенттер жаңа инновациялық парадигмаларды, инновациялық технологияларды сабақта қолдануды, оқытудың формасын, әдістері мен құралдарын, педагогикалық ғылыми-әдістемелік принциптерін, оқу-тәрбие процесін жоспарлауды, талдауды, оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды меңгереді. Білім алушы пәнді оқыту нәтижесінде педагогикалық технологияларды қолдану, тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясына сәйкес ынтымақтастық орнатып, білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыруды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Тұлғаға бағытталған білім беру
Пәнді оқыту барысында студенттер адамның дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзіндік даралық ерекшелігін, оқыту және тәрбиелеу процестерінде жеке тұлғаның әлеуметтік болмысын, инклюзивтік қажеттіліктерін ескере отырыптұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту, психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қатысты тұлғаны дамытудағы білім беруді ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушыларға қажетті психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік дезадаптацияның пайда болуының алдын алуға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық менеджмент
Пәнді оқыту барысында мектептегі педагогикалық процесті басқаруда, өз бетінше шешім қабылдап, көшбасшылық қабілетін көрсетуді, әдістемелік жұмыстарды жоспарлауды, мектеп ұжымын басқаруда рухани құндылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсықағидаттарды сақтауды меңгереді.Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде педагогикалық ұжыммен қарым-қатынаста ынтымақтастық орнатып, білім беру үдерісін басқаруда озық инновациялық тәжірибені енгізуде, таратуда өз шеберлігін көрсетуге, оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Конфликтология
Пәнді оқыту барысында конфликтологияның мәні, туындау ерекшеліктерін, динамикасы мен құрылымын, корпоративтік қақтығыстардыңтипологиясынжәне қақтығыс жағдайында қарым-қатынас орнат алуды үйренеді. Студент оқыту нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы конфликтіні басқару құзыреттерін меңгереді. Конфликтологияның туындауын анықтайды, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыра алады. Конфлик жағдайында мінез-құлық этикасын үйренеді. Отбасылық, топтық және тұлғааралық қақтығыстарда психологиялық кеңес беруге, педагогикалық мәдениетті арттыру үшін әдістемелік материалдарды ұйымдастыруға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психологиялық кеңес беру негіздері
Пәнді оқыту барысында студент психологиялық кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық қағидаларын, нысандарын, әдістерін, клиентте туындаған өмірлік мәселелер, қиындықтарды шешуде жедел көмек көрсетужолдарын меңгереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент клиентті тыңдап, оның эмоционалды жағдайын жеңілдетуге, білім беру ортасының сапасы, мазмұны туралы сараптамалық қорытынды жасауға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттеріне кешенді диагностика жүргізуге, психологиялық көмек көрсетудің этикасын, қағидаттарын сақтауға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Суицидология
Пәнді оқу аясында студент балалардың жеке басының дамуы мен қалыптасуының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдерін біледі. Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық және клиникалық аспектілерін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін меңгереді және психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыра алады. Пәнді игеру нәтижесінде суицидтік мінез-құлық жағдайында туындаған қиындықтарды ескере отырып, суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықтың психопрофилактикасын, психодиагностикасын, психокоррекциясын және психотерапия әдістерін үйренуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық шеберлік
Пән аясында педагогикалық қарым-қатынас формаларын, тәсілдерін, педагогикалық этика, такт, сөйлеу техникасын, оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процестерді ұйымдастыру, топ мүшелерімен қарым-қатынас құндылықтарын, білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдау негізінде өзінің білімін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін дамытуды игереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ кәсіби қызметінде, білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыруға, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзін кәсіби дамытуғамашықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психопрофилактика
Пәнді оқу аясында оқушылардың психикалық денсаулығына көмек көрсетуге, олардың жеке басының дамуы мен қалыптасуының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдерініңалдын-алуды ұйымдастыра алады. Білім алушылардың психологиялық денсаулық құзыреттілігін қалыптастыруды, психопрофилактикалық қолдау әдістерін,науқаспен қарым-қатынаста ынтымақтастықты үйренеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде психопрофилактика қызметі адамдарға көмек көрсету үшін диагностикалық, емдік, түзету жұмыстарын, кәсіби кеңес берде білім алушыларға қажетті психологиялық қолдау көрсетуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Девиантология
Пәнді оқыту барысында оқушылардың девиантты мінез-құлықтарындағы ауытқуларды психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес болжауды,білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудегі қиындықтар анықталған жағдайда био-психо-әлеуметтік себептерінің алдын алуды ұйымдастыра алады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде девиантты мінез-құлықты балаларды диагностикалау барысын өңдеуге, талдауға, жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін (дерек көздерін) ажырата білуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мамандану практикумы
Пәнді меңгеруде студенттер пәннің мақсат, міндеттерін, педагог-психологтің қызметінің негізгі бағыттарын, оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды, оқыту психологиясын, психодиагностикалық әдістерін, тұлғаны дамыту технологияларын жүзеге асыруға машықтанады. Білім алушылардың дамуындағы психологиялық, әлеуметтік қиындықтарды алдын-алуды ұйымдастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде педагог-психолог қызметінің оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық зерттеу жұмыстарын тәжірибеде қолдануға, педагог-психолог құжаттарын жоспарлауға, оқушылардың жас және жеке қасиеттеріне сәйкес диагностикалаудың әдістемелерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Практикалық психология
Пәнді оқу барысында студент адам психикасының табиғатын, психологиялық қорғаныс механизімін, кеңес беруді, интернационалдық ортада кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатуды,әлеуметтік және мінез-құлық ауытқушылықтарының алдын алуды, білім беру ұйымындағы білім беру ортасының тиімділік критерийлеріндамытуды меңгереді. Пәнді оқыту нәтижесінде студент психологиялық қызметінің әлеуметтік салалардағы маңызын анықтау, білім беру қызметінің әдістерін, құралдарын пайдаланудағы тиімділікке психологиялық-педагогикалық мониторинг және талдау жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отбасы тәрбиесіндегі психологиялық практикум
Пәнді оқуда студенттер отбасы тәрбиесіндегі психологиялық практикумның теориялық негіздерін, неке мен отбасылық қатынастың тарихи дамуын, отбасының функциялары, нормалары және түрлерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану,жастарды отбасылық өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістері мен әдістемесінің ерекшеліктерінмеңгереді. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде отбасын зерттеуді ұйымдастырудың диагностика жүргізудің рұқсат етілген әдістері мен әдістемелерінигеруге және ата-аналарға психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Білім беру қызметінің дамытушылық және түзету бағдарламаларын жоспарлаумен әзірлеуде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыра алады
- Білім беру процесі қатысушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Білім беру ортасын құру жағдайында психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізе отырып, нәтижесін талдай алады
- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
- Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізеді
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
- Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
Ұқсас БББ
6B01101 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01101 Педагогика және психология
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01101 Педагогика және психология
Астана халықаралық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01101 Педагогика және психология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01101 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01101 Педагогика және психология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01101 Педагогика және психология
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B01101 Педагогика және психология
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01101 Педагогика және психология
Alikhan Bokeikhan University (ABU)
6B01101 Педагогика және психология
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01101 Педагогика және психология
Шымкент университеті
6B01101 Педагогика және психология
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01101 Педагогика және психология
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01101 Педагогика және психология
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01101 Педагогика және психология
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01101 Педагогика және психология
«Мирас» университеті (Мирас)