Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе

    Бұл курс білім алушыға адамзат тарихында педагогикалық кәсіптің пайда болуы мен қалыптасуы жайлы мағлұмат алуына, педагог мамандығының гуманистік сипатын ұғынуға, қоғамдағы маңызы мен кәсіби қасиеттері жайлы білімді игеруіне мүмкіндік береді. Аталған курстан білім алушылар тәрбиешінің қарым-қатынас жасау мәдениетін, өз білімін жетілдіру, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыра білу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Балалар психологиясы

    Бұл курстан білім алушы балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай білуді; балалар психикасының онтогенездік даму ерекшеліктерін анықтай алуды; туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың даму заңдылықтарын меңгеріп, мемлекеттік стандарт талаптарына сай жұмыс жасау формаларын жүзеге асыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиясы

    Бұл курста студенттер балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай алуды; жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыда ажырата алуды; мектепке дейінгі балалардың даму деңгейлерінің көрсеткіштерін бағалай білуді; балалардың қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру әдістемесі

    Бұл курста білім алушы курстың теориялық және практикалық маңыздылығын, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін меңгереді, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу қабілетін меңгереді. Білім алушы: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын талдай білу; салауатты өмір салтына тәрбиелеу; мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика тарихы

    Аталған курс мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы мен алғашқы қоғамдағы тәрбиенің ерекшеліктерін сараптауға; өткен ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы мен дамуына сыни көзқарас таныта алуды меңгереді. Шет елдердегі балабақша тәжірибелерінің ерекшеліктерін талдауға және тәрбиеші мамандығының тарихы мен Қазақстандағы балабақшалардың даму тарихын ұғынуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерте жас педагогикасы

    Білім алушы ерте жастағы балалар дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін сипаттай алуды; мектепке дейінгі ұйым және отбасы жағдайында ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің заманауи бағыттарының маңызын анықтай алуды; психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың түрлерін саралай білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Пренатальды педагогика

    Бұл курстан пренатальды кезеңдегі баланы тәрбиелеу мен дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін талдай білуді;пренатальды даму кезеңіндегі өзгерістерді сипаттауды; психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымдарын саралай алуды; нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін талдап, бағалай білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі педагогика

    Білім алушылар мектепке дейінгі педагогика пәнінің мақсаты-міндеттері, әдістері, басқа ғылымдармен байланысын ажырата білуді; мектепке дейінгі оқыту білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін құжаттарды талдауды; балаларды жасерекшеліктеріне қарай тәрбие түрлерін ажырата алуды, отбасы тәрбиесі және мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық бағыттарын жүзеге асыру тәсілдерін сараптауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру менеджменті

    Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздерін меңгеріп, білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын талдай жасауға; мектепке дейінгі ұйымында іс-қағаздар жүргізудің тәсілдерін саралай алуға; кәсіби даму міндеттерін жоспарлап, мектепке дейінгі мекеме жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балаларды бейнелеу шығармашылығына үйретудің әдістемесі

    Бейнелеу қызметі бойынша оқыту міндеттері және бағдарламаны құру принциптері. Балаларды бейнелеу өнеріне баулудың әдіс-тәсілдерін үйретудің мақсаты, міндеттері. Сурет салуда, кескіндемеде, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану дағдыларымен біліктерін қалыптастыру. Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, олар сабақ өткізуге үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық психология

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жаратылыстану негіздері

    Бұл курстан мектепке дейінгі балалардың ғылыми дүниетанымының алғышарттарын қалыптастыруда тиімді тәсілдерді пайдалануды; үй және жабайы жануарлар, жәндіктер, бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстырып, балалардың қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастырып және табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға баулудың тиімді әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс қазіргі нарықтық экономика жағдайында табысты кәсіпкерлік қызметке қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Студенттер оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеді, кәсіпкерлік пен қаржының негізгі ұғымдары мен білімдерін меңгереді, қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті дағдыларды дамытады. Студенттер қаржы институттарының (банктер, қор нарығы және т.б.) қызметін талдайды, қаржылық-экономикалық құбылыстарды (несие беру, инвестициялау және т.б.) жіктейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адал азамат құндылықтары

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту әдістемесі

    "Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту әдістемесі" пәні бойынша білім алушылар, тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдылардын, зерттеу қызметін дамыту бойынша ұйымдастырылған жұмыс әдістерін меңгереді. Балалардың мүдделерін ескере отырып, шағын топтарда жүргізілетін жұмыс түрлерімен танысады. Балаларды шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қиялын қалыптастыруға, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауға, өз идеяларын, ойларын, сезімдерін көркем жеткізе білуге үйретудің әдістері мен тәсілдерін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экологиялық мәдениет

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ойын технологиясы

    Курста мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті – ойынның мәні ұғындырылады. Балалар ойынының түрлерін, психо-педагогикалық ерекшелігін, педагогикалық мәніне сай жіктеуді пайымдайды. Ойын теориясы негізінде мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра алуды, жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын түрлерін қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі

    Бұл курстан балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі пәнінің теориялық негіздері жайлы мағлұмат алады. Сан, жиын, шама ұғымдарына талдау жасай алуға мүмкіндік береді. Балаларға геометриялық пішіндерді танып, ататуға үйретудің әдістемесін меңгереді. Уақытты бағдарлау, кеңістікте бағдарлау және өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету жолдарын жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі

    Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттерімен танысады. Пәнді оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын меңгереді. Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі маңызын айқындайды. Табиғаттың адам өміріндегі орны мен мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік және білімділік міндеттерін маңызын меңгертуге бағытталған пән болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі

    Бұл курста балалардың сөздерді және сөйлемдерді грамматикалық формада дұрыс байланыстыра алуын сипаттай алуды; олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын жаңашыл әдістерді саралай білуді; бала тілін дамытуда, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесіне талдау жасауды; сондай-ақ, мәтіндермен жұмыс жасауда тиімді әдістерді қолдана білуді; сөйлемнің құрылымына сыни талдау жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

    Аталған курс бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын пайдалануға; мектепке дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің теориялық және әдістемелік жолдарын анықтауды; тәрбиеленушілерінің тұлғалық дамуын жүзеге асыру дағдыларын меңгереді. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алуды жобалап, дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экологиялық тәрбие беру әдістемесі

    Курста мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін сыни тұрғыда талдай білуді меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, мақсатын, принциптерін негізінде экологиялық сана, мәдениет ұғымдарын сипаттау дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру

    Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл ой дамуының бұзылуына сипаттама беруді; инклюзивтік білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау мәселерін талдауды; дамуында ақаулары бар балаларды оқыту әдістерін меңгереді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың отбасыларымен жасалатын өзара жұмыс түрлерін жүзеге асырудың жолдарын меңгеріп, балалардың даму динамикасын талдауға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Білім алушы тәрбиенің мәнін, оның тұтас педагогикалық үрдістегі орнын жоспарлай алуды; отандық және шетелдік педагогиканың тәрбие теорияларын талдай білуді; тұтастай педагогикалық үрдістегі тәрбиенің заңдылықтарын, ұстанымдары мен әдістерін, тәрбие құралдарын ұтымды қолдана алуды; мектеп жасына дейінгі балалармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау формалары мен әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қызықты математика

    Бұл курс білім алушыға балалардың логико-математикалық дамуын жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың бейнелі және логикалық ойлауын дамытуда қолданылатын әдістерді ажырата алуды; математикаға қызығушылықтарын дамытуға арналған тапсырмаларды саралай білуді; оқытуда қолданылатын тәсілдер мен құралдарды сараптап пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістемесі

    Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері. Дене тәрбиесі процесінде оқыту және даму негіздері. Туғаннан жеті жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктері. Дене тәрбиесі құралдары. Гимнастика, ережелермен қозғалмалы ойындар және спорт, ойындар, жалпы дамыту жаттығулары. Мектепке дейін оқытуда дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері. Дене жаттығуларының жіктелуі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі

    Бұл пән студенттерге Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игертуді, мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретудің тиімді тәсілдерін меңгертуге бағытталған."Қатынас" білім беру саласы бойынша коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуін жетілдіруге, сөздік қорын байытуды табысты меңгертудің әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сауат ашу әдістемесі

    Бұл курс студенттерге сауат ашу пәнінің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың "сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруда тиімді тәсілдерді пайдалануды; дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдап, жазу үдерістерін табысты меңгертудің ережелерімен танысады. Сызбаларды, жиектерді салуға үйретудің әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи білім беру технологиялары

    Білім алушы оқыту мен оқудағы жаңа технологияларды сипаттай алуды; тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды сыни талдай білуді; оқыту мен оқудағы сандық ресурстарды қолдана білуді; бағалаудың негізгі мақсаттары мен өлшемдерін анықтай алуды; жоспарлау жүйесінің мазмұнын саралай білуді; өзара іс-әрекеттегі жұмыс түрлерін бағалай алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалар әдебиеті

    Бұл курста балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасу тарихынан мәлімет алады. Көрнекті авторлардың поэзиялық, прозалық сипаттағы туындыларына талдау жасауды меңгереді. Осы курс бойынша: ауыз әдебиеті үлгілері, ұлы ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы, демократ ақын-жазушылар, қазіргі кезеңдегі балалар шығармалары тақырыптары қарастырылады. Білім алушылар балалар әдебиеті пәнінің мазмұнына кәсіби рефлексия жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі

    Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәнін анықтайды; мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі мен маңыздылығын саралайды; Тәрбиешінің шеберлігі бала тәрбиесінің заңдылығын білу: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге машықтанады. Тәрбиеленушілермен, ата-аналармен, ұжыммен, педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін, әдептілігін, мектепке дейінгі білім беру жүйесін басқарудағы педагогикалық біліктілікті меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиетті оқыту әдістемесі

    Бұл курстан студенттер балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстырудың әдістемесін меңгереді. Көркем шығармаларды мазмұндауда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйретудің жолдары мен әдістерін тиімді қолдануға дағдыланады. Көркем әдебиет шығармалары бойынша сахналау дағдыларын қалыптастыруды және шығарма мазмұнын адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауға үйретудің мүмкіндіктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім берудегі цифрлық технологиялар

    Заманауи цифрлық технологиялар және оларды мектепке дейінгі білім беруде қолданудың жолдарын меңгереді. Мультимедиялық технологияларды, білім берудегі 3D-технологияларды және жасанды интелекті қолдана біледі; сапалы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуді, мектепке дейінгі білім беру процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мен оқыту нәтижелерін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын цифрландыруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі ерте жаста пәндік-дамытушы орта құру әдістемесі

    Студенттер балалар денсаулығын қорғау мен нығайтудың мүмкіндіктерін, балалар дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету жолдарын, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, әртүрлі топтарда заттық ортаны жобалаудың үлгісін, заттық ортаны жобалауды әдістемелік тұрғыда бағдарлау жолдарын меңгереді.Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тереңірек ұғынып, өз беттерінше пайымдаулар жасай алу құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізетін тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану дағдысын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Баланы мектепке бейімдеу әдістемесі

    Білім алушылар баланың мектепке психологиялық-педагогикалық тұрғыда бейімделуінің ғылыми-теориялық негіздерін игеріп, балалардың биологиялық, әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыруда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білуге дағдыланады. Балаларды мектеп өмірі мен тәрбие жағдайына бейімдеуде олардың қызығушылықтарын, талаптары мен білім алудағы қиыншылықтарын ескере отырып жүзеге асырып, білім алушылар пәннің мазмұнына кәсіби рефлексия жасау дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру

    Бұл курстан студент педагогикалық мәдениет ұғымының маңызын, зерттелуі және отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері жайлы мәлімет алады. Ата - аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің маңыздылығын ұғынады; ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешінің негізгі міндеттерімен танысады. Ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап,кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастырудың тиімді тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балабақшадағы STEAM технологиясы

    Бұл курс болашақ педагог-тәрбиешілер робототехника, модельдеу және дизайн элементтері арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру практикасына STEAM білім беруді енгізудің жолдарын меңгереді. Курстан қашықтағы технологияларды қолдана отырып, шағын жобаларды әзірлеуге дағдыланады. Пән студенттердің мектеп жасына дейінгі балалардың конструктивті қызметі мен техникалық шығармашылық дағдыларын дамытуға қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды эксперименттік жұмысқа баулу әдістемесі

    Білім алушы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және өнертапқыштыққа қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи технологиялардың түрлерімен танысып, роботты техника құрастыра білуге эксперименттік және шығармашылық қызмет түрлерін іске асыруға машықтанады. Мәселеге сыни көзқарас таныта алуды; нақты шешімдер ұсынуды, өзара қарым-қатынас орната білуді, амал-тәсілдерді шығармашылықпен қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттестіктің инновациялық формалары

    Пән бойынша балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық формаларын меңгереді; педагогикалық ұжымның отбасымен жұмыс істеу әдістерін, ата-аналар жиналысы, ата-аналар дәрісханасының ұйымдастырылуына қойылатын талаптармен танысады. Оқыту семинарлары, балалармен бірлескен жиналыстар, жеке кеңес беру негіздерін үйренеді. Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күндері мен балаларды түрлі конкурстарға, жобаларға қатысуға тартуды ұйымдастыра алу қабілеттерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесі

    Білім алушы ғылыми - зерттеу жұмыстарының, академиялық жазудың негізгі қағидаларын сипаттай алуды; баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігін анықтай алуды; нақты тұжырымдарды қолдана білуді; ғылыми -зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдерді сыни талдай алуды; ғылыми мақаланың басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігін салыстыра білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімдеу әдістемесі

    Бұл курс бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімделуінің педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтайды. Мектеп жасына дейінгі балалар психикасының даму қағидаттарын талдап, жинақтай алуды; білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық стратегияларын қолданып, балалардың жетістіктерін бағалай білуді; баланы балабақшаға үйретуде ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас орната алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру әдістемесі

    Бұл курстан балалардың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктерін, заттық-дамытушы ортаны қалыптастырудың әдістемелік мәнін және ерекшелігін түсініп, теориялық білімдерін іске асыра алу тетіктерін меңгереді. Әр жас кезеңінің ерекшеліктеріне сай балалардың дамуы мен тәрбиесіне қажетті заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүліктерді қолдана алу машығын меңгереді. Инклюзивтік білім беруге жағдайлар жасауды қамтамасыз етіп, атқарылған жұмысына талдау жасай білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру

    Оқу-таным әрекеті және мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастыру мәселелері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту. Балаларды оқыту ұстанымдары. Балабақшадағы дидактика. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері. Балабақшада оқытудың педагогикалық мәні. Ересек топ балаларының танымдық белсенділігін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару

    Білім беру жүйесін басқарудың теориялық негіздері. Мектепке идейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздері. Басқару іс әрекетінің мазмұны. Мектепке дейінгі ұйымның нормативтік құқықтық іс құжаттары. Жобалау ұғымына ғылыми тұрғыда сипаттама беру. Жобалау іс-әрекетінің мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жобалау іс-әрекетіне даярлығын ұйымдастыру ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің ғылыми-теориялық негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін кәсіби салада қолданады;
  • "Физикалық", "Коммуникативтік", "Танымдық және зияткерлік", "Шығармашылық және зерттеу іс-әрекетін дамыту", "Әлеуметтік эмоционалды" дағдыларын дамыту бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлайды, теориялық және әдістемелік пәндерден игерген білімі мен кәсіби дағдыларын тәжірибеде пайдаланады;
  • инновациялық оқыту әдістерін меңгерген, инклюзивті білім беруде және диагностикалауда кәсіби шеберлік көрсетеді;
  • мақсатты тілдерде сөйлеуге бейімделген және ұлы ағартушылардың педагогикалық еңбектерінің теориялық негіздерін оқу үдерісінде қолданады;
  • білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік актілерін, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерін біледі;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын және жасанды интелекті белсенді қолданады;
  • тәрбиеленушілердің физиологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды;
  • қазіргі әлемдегі экологияның маңызын айқындайды, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін сақтайды және жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі ойындарды қолданып, мектепке дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін зерделейді;
  • педагогикалық өзара қарым-қатынасты ұйымдастырудың ұстанымдары мен әдістемелері негізінде балалар мен педагогикалық ұжымда ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас құрады.

Ұқсас БББ

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Астана халықаралық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

«Мирас» университеті (Мирас)

Top