Тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы мәлімет беріледі, тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен даму жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беріледі.
Селективті тәртіпКөркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды, көркемдік дамудағы дәстүр арналары, студенттерде көркем шығармашылықтың және әдебиеттің сөз өнері ретіндегі эстетикалық ерекшеліктерін, негізгі заңдылықтарын, көркемдік дамудағы дәстүр арналарының сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін ашады.
Селективті тәртіпПсихолингвистика тіл білімінің негізгі нысаны (объектісі) – тілдің функционалды жағын қарастырып басты мәселелерін, әлеуметтік мәні, әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың негізгі формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориялық диалектілер, койне, пиджин) оқытады. Психолингвистиканың әлеуметтік саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясатын қарастырады.
Селективті тәртіпТүркі тілдерінің лексикологиясының негізгі зерттеу нысаны – сөз. Сөз бен ұғым, сөздің ұғымды білдірудегі ерекшелігін меңгерту. Түркі тілдерінің лексикологиясында сөздің атауыштық қызмет атқаратындығын, сөздің семантикалық ерекшеліктерін, лексикологиясында сөздік құрам мен фразеологиясы туралы лексико-семантикалық, функционалды-стилистикалық тұрғыда теориялық білім алады.
Селективті тәртіпАударматану лингвистикасының тек шығармашылық емес, сонымен бірге нақты қозғалыстарды керек ететін технологиялық та үдерісін, творчестволық сипаты көркем аудармаға ғана тән емес, тілдік жағынан қарау дәлдікке, деректі нақтылыққа жол ашады, материалдарды жүйелеуге, тілдерді салыстыру арқылы неғұрлым жалпылаушы мәні бар қорытындылар жасайды.
Селективті тәртіп«Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктері» пәнінің мақсаты - түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең зерттейді. Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерінің тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғыза отырып, дыбыстық ерекшеліктерін оқыту арқылы болашақтың білімді де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралады.
Селективті тәртіпҚазақ әдебиеттануының ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығын байыптау пәннің негізгі міндеті. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын студенттерге көркем шығармашылықтың және әдебиеттің сөз өнері ретіндегі эстетикалық ерекшеліктерін, негізгі заңдылықтарын, әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін оқытады.
Селективті тәртіп«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби шығарманың сыры мен сипаты (әдебиеттегі мазмұн мен пішін, көркем әдебиеттің тілі, сөз сарасы); әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады.
Селективті тәртіпТүрік тіліндегі оқылым, тыңдалым, айтылым сөйлеу әрекеттерін, түрік тілін үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар жасаудың, аударма жасаудың практи��алық дағдыларын қалыптастырады. Түрік тіліндегі диалог және монолог түрінде сөйлеудің дағдысын жетілдіріп шығару. Түрік тіліндегі теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу.
Селективті тәртіп«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» сыбайлас жемқорлық ұғымының теориялық-әдіснамалық негіздері саласындағы білімді қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шарты ретінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жетілдіру мәселелеріне, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық табиғатының психологиялық ерекшеліктеріне, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктеріне, әр түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін моральдық-этикалық жауапкершілік мәселелеріне бағытталған. Пәннің екінші бөлімі құқықтың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, еңбек, азаматтық және т.б.) мәселелерін зерттейді, олар бір жағынан сол немесе басқа да құқықтық нормалар туралы жалпы түсінік береді, ал екінші жағынан - әрбір адамның өмір бо��ы ілесіп жүретін мәселелерді шешуге бағдарлануы үшін қажетті білім береді. Құқық негіздерін оқыту өмірлік маңызды жағдайларды сауатты бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Әлеуметтік лингвистика, социолингвистика – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімін меңгерту. Әлеуметтік тіл білімінің негізгі нысан – тілдің фунционалды жағы, қарстыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғатын, әлеуметтік лингвистиканың мәні, тілдің әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың негізгі формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориялық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеуметтік саралануын (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм (қостілділік), пиджинизация және креолизация процестерін қарастырады.
Селективті тәртіпФольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор жән�� ұлт тарихы, фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б. мәселелерді қарастырылады.
Селективті тәртіпМемелекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту, іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыра білу. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу заңдылықтарын дұрыс тани білу. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Селективті тәртіпОқушылардың физиологиялық дамуы пәні балалар организмінің, функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін. Ол жалпы гигиена, педагогика және психология пәндерімен тығыз байланысты.
Оқу жылы - 1Қазақ фольклористикасының өзіндік ерекшеліктері, жиналып, зерттелуін, фольклор тарихы мен жазба әдебиеті арасындағы байланысын, қазақ халық фольклорлық тарихы, диалектология, этнография жайлы білім негіздері т.б. мәселелерді қарастырылады.
Селективті тәртіпФонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың зерттеу обьектісі және салаларын меңгерту. Графика және алфавит. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерді білу Фонема, орфоэпия және орфография мәселелері және дауысты және дауыссыз дыбыстар жіктелуін, салалары бойынша мектеп бағдарламасынан алған теориялық білімдерді жетілдіру.
Селективті тәртіпҚазақ халық ауыз әдебиетінің жиналып, зерттелуін, қазақ халық ауыз әдебиетінің ерте заманда хатқа түскен үлгілерімен таныстыру. Халық ауыз әдебиетінің тарихи кезеңдерінің қалыптасуын, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланысы жайлы оқытады.
Селективті тәртіпҚазақ жазу және оның тарихы, емлесінің ерекшеліктері тіл біліміндегі аса маңызды мәселелерін қарастырады. Сондықтан жаңа әліпбиге негізделген қазақ орфографиясы принциптерін білу саласында ғана емес, ғылымының саласында да қажет. Сауатты жазуға, қазақ жазуының өзіндік ерекшеліктерін сақтауға баулиды.
Селективті тәртіпБұл пән Қазақстан экономикасының қазіргі даму тенденциялары туралы білімі бар педагогтарды, атап айтқанда, стратегиялық ресурстар мен оны дамытудың ішкі көздерінің бірі ретінде кәсіпкерлікті даярлауды қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызмет түрлі салаларда, соның ішінде білім беруде, зияткерлік қызмет болып табылады. Болашақ педагог өз қызметін ашуда алғашқы қадамдары туралы білім алады.
Оқу жылы - 2"Психология" пәні болашақ маманның психологиялық мәдениетін арттыруға, сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның руха��и жаңғыруы" бағдарламасының контекстінде уақыт сынына сәйкес сананы қалыптастыру/ жаңғырту үшін қажетті тұлғааралық қарым-қатынаста тұлғаның мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын білуіне арналған.
Оқу жылы - 2Емле ережелері жазу заңдылықтарына тікелей қатысты негізге мәселелерді меңгертеді, олардың жаңа заманға сай біліммен қаралуына жол ашады.
Селективті тәртіп"Педагогика" курсының негізгі мақсаты - студенттерге қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, мазмұны, құрылымы, қозғаушы күштері, технологиялары және ұйымдастыру формалары туралы теориялық түсінік беру. "Педагогика" курсын оқытудың мақсаты-студенттердің адамдардың өмір сүруінің педагогикалық аспектілеріне назарын аудару, педагогикалық білім мен іскерлікті жүйемен қаруландыру.
Оқу жылы - 2ХІХ-XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерімен, олардың шығармаларымен таныстырып қана қоймай, олар жөнінде зерттеулер мен ой-пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушы шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңілу. Шығарманың жанры мен стиліне, тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне ерекше назар аударып, ой толқыны мен образдар бедері берілуіне, шығарманың тұтастығын танытуд ғылыми пайымдаулар жасай білу
Селективті тәртіпҚай елдің орфографиясында да емлесі қиын сөздер мәселесінің арнайы қаралатыны мәлім. Себебі тілде сол тілдің ішкі заңдылығы аясынан шығып кететін нұсқалар кездеседі. Мәселен, қазақ тілінде үндестік заңына бағынбайтын сөздер, сондай-ақ вариант сөздер және т.с.с. жағдайларды орфографиялық принциптер арқылы ғана түсіндіру әр уақытта оң нәтиже бере бермейді. Осы орайда бұл пәнге емлесі қиын сөздердің жазылу заңдылықтарын меңгертіп, студенттердің жазу сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Селективті тәртіпБолашақ мамандарды кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі ретінде өлкетану жұмысының негіздерін білу. Өлкетану туған жерге деген сүйіспеншіліктің объективті негізін қалайды, ол интернационализммен және әлемге кең көзқараспен тығыз байланыста болады, ол туған өлкенің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін және оның мәселелелріне жанашырлық сезімін қамтиды.
Оқу жылы - 2Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін білім берудегі менеджменттің білімдерімен, біліктерімен және дағдыларымен қаруландыру; менеджменттің ғылыми негіздерімен таныстыру; педагогикалық менеджменттің ерекшеліктерімен таныстыру; ҚР жоғары білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2Ұлттық білім беру жүйесінің рухани-адамгершілік негіздерінің рөлі мен маңыздылығын күшейту аспектісінде гуманитарлық-педагогикалық мамандықтарды меңгеру кезінде кәсіби білім мен іскерлікті қалыптастырады. «Өзін-өзі тану» пәні болашақ педагогты қазіргі заманғы реформалар мен инновациялық үдерістерді ұғынуға жақындатуға, өзінің педагогикалық қызметі мен кәсіби-жеке өзін-өзі жетілдіру бағыттары мен рухани-адамгершілік бағдарларын ұғынуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәнінде лексикологияның негізгі салалары: семасиология, этимология, ономастика және фразеология саласы бойынша тыңдаушыларға жүйелі ғылыми-теориялық білім береді. Қазақ тілінің актив және пассив қабаттарын терең ашады.
Селективті тәртіпНормативті қазақ тілінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындай алу, көркем шығарманы тал��аудың жолдары мен әдістерін, грамматикасын, көркем мәтін және оның түзілу заңдылықтарын, ондағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысын, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындайды. Нормативті қазақ тілі фонетикалық дыбыс алмасуларына жатпайтын құбылыстардың сырын, морфологиялық қосымшалардың жалғану ерекшеліктерін оқытады.
Селективті тәртіп«Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» қазіргі кездегі тәрбие процесіне қойылатын талаптарды ғылыми тұрғыдан негіздеуге, сол сияқты оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын, принциптерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл курс болашақ мұғалімдерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттерінің педагогикалық тәжірибеден өту кезінде тәрбие жүйелерімен, тәрбие жұмысының түрлерімен, тәрбие технологияларымен, тәрбие процесінің түрлі формаларының кең спектрімен және тәрбиелік іс-шараларды дұрыс ұйымдастырып, сапалы өткізге мүмкіндік береді
Оқу жылы - 2Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет ақын-жыраулар поэзиясындағы азаттық, елдік, ерлік, теңсіздік тақырыптарының табиғатын айқындауды, Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар мұрасындағы сахара халқының өмір-тұрмысына, сайын дала сырларына, ұлттық-рухани мұраттарға назар аударады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет пен ұлттық-рухани мұраттарға назар аудара білуге оқытады.
Селективті тәртіп«Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфология» тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамға қатысты мәселелерді қамтиды. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қор мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер екенін таныту көзделеді. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясындағы қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын қарастырады.
Селективті тәртіпХҮ-ХҮІІІ ғ.қазақ әдебиетінің өзіндік даму ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр ретінде танылуы, оның ұлттық мәдениетімізден алатын орны, кеңестік кезең әдебиетімен сабақтастығы, басқа өнер салаларымен байланысы, басты қозғаған тақырыптары жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.
Селективті тәртіпАлтын Орда дәуірі кезеңіндегі әдеби мұралардың ерекшелігін көрсету жолдарын, Алтын Орда дәуір әдебиеті негізінде тарихи кезеңді, көркем шығарма арасындағы байланысты, сондай-ақ көркем шығарма жасау жолындағы өзгерістерді танытады.
Селективті тәртіпҚазіргі қазақ тілі семасиологиясының негізгі зерттеу нысаны – сөз мағынасы, сөз бен ұғым, сөздің ұғымды білдірудегі ерекшелігі, сөздің атауыштық қызмет атқаратындығы, сөздің семантикалық ерекшеліктері туралы нақты ғылыми түсінік береді. Семасиалогия ұғымын қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясының негізгі заңдылықтарымен қатар дұрыс тани білу.
Селективті тәртіпАқын-жыраулар поэзиясындағы азаттық, елдік, ерлік, теңсіздік тақырыптарының табиғатын айқындауды, ақын-жыраулар мұрасындағы сахара халқының өмір-тұрмысына, сайын дала сырларына, ұлттық-рухани мұраттарға назар аударады. Асан қайғыдан – Абылай заманына дейінгі аралықта өмір сүрген қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері туралы мәліметтерді біледі, жыраулар поэзиясын зерделейді.
Селективті тәртіп"Критериалды бағалау технологиялары" пәнін меңгеру мақсаты-критериалды бағалау саласындағы білімді қалыптастыру және бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық тәжірибесінде алған білімдерін жүзеге асыру. Білім берудің білім парадигмасы шеңберінде қалыптасқан бағалау жүйесі оларды меңгеру процесі емес, білімді меңгеру нәтижесін көрсетеді,яғни іс-әрекет тәсілінің талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді. Бұдан басқа, бағалаудың негізгі проблемасы мектеп белгісінің субъективизмі болып қалуда, бұл оқытудың бастапқы сатысында байқалады. Сондықтан жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім беру процесінің тұрақты құрамдас бөлігі ретінде бағалау үдерісі дамуға жатады.
Оқу жылы - 2Сөзжасамның өзекті мәселелеріндегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын білу. Сөзжасамның өзекті мәселелеріндегі қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз және оның формаларын меңгеру, сөзжасамның өзекті мәселелерін танып-біліп , оны практикада дұрыс қолдана алуына дағдыландырады.
Селективті тәртіпҚазіргі қазақ тілінің фразеологиялық варианттылық туралы лексико-семантикалық, функционалды-стилистикалық тұрғыда теориялық және қазақ фразеологиясының варианттылығы теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіпИслам дәуірі кезеңіндегі әдеби мұралардың ерекшелігін көрсету жолдарын, ислам дәуір әдебиетінің мұраларын оқып-үйрену, шығармаларды талдай білуді оқытады. Ислам дәуір әдебиетіндегі жалпы әдеби даму процестің заңдылықтарын түсіндіреді.
Селективті тәртіпТілдік қатынас (языковая коммуникация) мәселесінің басты қағидаларын, ережелерін, тілдік қатынас негізінде адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, тусінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын, тілдік қатынас негіздерінің басты заңдылықтарын дұрыс таныту.
Селективті тәртіпЕжелгі дәуір әдебиетінде қазақ елінің жеке мемлекет болып қалыптаспаған кезеңіндегі әдеби мұралардың тікелей қазақ халқына қатыстылығын ашып көрсету жолдарын, тарихи кезең мен көркем шығарма арасындағы байланысты және көркем шығарма жасау жолындағы өзгерістер, оны тудырушылар, сол кезеңдегі басқа шығармалармен танысу. Ежелгі дәуір әдебиетінің түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы екендігін, Қазақ халқына қатысты мәселелердің ара жігін ажыратып ашып көрсетеді.
Селективті тәртіп«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәні мамандыққа сай білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүние танымын кеңейту, кәсіби құзырылықты қалыптастырушы мамандық бойынша ақпарат алу мақсатында ғылыми әдебиетті қолдана білу дағдысын қалыптастыру, мәтін ақпаратын түсінуді және оның логикалық композициялық негізін және тиісті коммуникативтік тілдік жүйені құра білу мақсатын ұстанады. Кәсіби бағдарлы құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу, аудару қабілетін , ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге қалыптастыруды.
Оқу жылы - 3Аударманың стилистикалық мәселелеріндегі тілдік жүйелердің барлық деңгейлерінде кездесетін стилистикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, стилистикалық мәселелерін, ғылыми аударма, көркем аударма, екі тілді аударма ерекшеліктерін білу.
Селективті тәртіпТүркология – түркі тілдерінің тарихы, көне түркі тілі, қазіргі қыпшақ тілдері, түбіртану мәселесі. Түркі тілдерінің даму, қалыптасу кезеңдерін меңгеру. Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер, түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.
Селективті тәртіпБұл оқу курсы педагогикалық бағыт бойынша оқитын студенттерге арналған, өйткені Қазақстанның әдеттегі білім беру мекемелерінде инклюзивті оқыту технологиясын іске асырудың табыстылығы құрамына ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар енгізілген оқушылардың инклюзивтік топтарында жұмыс істейтін білім беру интеграциясы субъектілерінің өздері даярлағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Оқу жылы - 3Жай сөйлем синтаксисіндегі күрделі сөздер, сөз тіркестерінің жасалу жолындағы ерекшеліктерін, күрделі сөздердің зерттелу тарихын, сөз тіркесінің байланысу жолдарын ғалымдардың зерттелуін, заңдылықтарын дұрыс тани білу.
Селективті тәртіпҚазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін саралау, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, мекетптегі әдебиет курсының мазмұыны мен құрылысы, Әдебиетті оқыту әдістері, Әдебиет пәнінің мұғалімі, оқушы, әдеби шығарманы қабылдатуда оқушылардың жас ерекшелігі, Көркем шығарманы мектепте оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, Әдебиет сабағының үлгілері мен түрлері, Әдебиетті оқытуды ұйымдастыру, оқушыф білімін есепке алу және бағалау, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар, мемлекеттік педагогикалық сараманның мән-маңызы сынды негізгі мәселелерді қамтиды. Ал практикалық сабақтарда жылдық, күнтізбелік, тақырыптық сабақ жоспарларын құрып, сабақ өткізіп, талдауға дағдыландыру.
Оқу жылы - 3Аударматану теориясы мен практикасындағы қазақ және өзге тілдердің өзіндік ерекшеліктерін ескеруді меңгеру. Сапалы аударма жасауды, аударма түрлерін, аударма трансформациясын, аударылымпаздылық, аударманың толыққандылығы сияқты құбылыстар жайлы толық мәлімет беру. Аударматанудың өзіндік ерекшеліктері мен принциптеріне, аударманың теориясы мен заңдылықтарын білу.
Селективті тәртіп«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсы – кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау.
Оқу жылы - 3«Аударма теориясы» курсы студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, аудармашылық дағдыларды қалыптастырып; жалпы теориялық құрылым мен іс жүзіндегі аудармашылық тәжірибе арасындағы белгілі алшақтықт�� болдырмауға септігін тигізу. Аударма процесінде пайда болатын лексикалық, грамматикалық және стилистикалық қиыншылықтарды жеңіп шығу тәсілдерін меңгеру Аударылатын тілдік жүйелердің барлық деңгейлерінде кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ажырату.
Селективті тәртіпҚазақ Тіл білімі ғылымның іргелі саласы ретінде қалыптасуын кезеңдерге бөледі, әр кезеңдегі ғылыми еңбектердің тіл білімі саласын ілгерілетудегі үлес – салмағын анықтайды; кешенді талдау жасайды. Белгілі тілші – мамандардың тіл білімі салаларының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестерін көрсету және жаңа ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулерге шолу жасалады.
Селективті тәртіпТүркі филологиясына кіріспе пәні бойынша түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы және ондағы негізгі дәуірлерді меңгеру. Түркі филологиясына кіріспе негізінде түркі тілінде бұрын-соңды жасалған классификацияларын, түркі тілдерінің тарихи даму процесіндегі өзара алыс-жақындықтарын білу. Түркі филологиясына кіріспедегі түркі тілдерінің зерттелу жайы мен дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілеріне, диалектілік құрамына шолу.
Селективті тәртіпЖалпы грамматика тілдік бірліктердің арасындағы қатынастарды, сол қатынастарды білдіретін формаларды, олардың тілдегі жасалу тәсілдерін зерттейді. Ғылыми тұрғыда анықтап,әрбір тілдік құбылыстың сипатын, басқа тілдік құбылыстармен байланыстырып, зерттейді.
Селективті тәртіпХалық ақындарының шығармашылық еңбек процесін зерттеудің, оқып-үйренудің методологиялық, ғылыми және практикалық мәселелерін, халық ақындарының шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихымен байланысты екенін білу, халық ақындарының шығармашылық еңбегінің адам мен қоғам өміріндегі орны туралы көне дәуір мен қазіргі кезең ойшылдарының пікірлерін саралауды қарастырады.
Селективті тәртіпОрталық Қазақстан ақындарының шығармашылығының ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, белгілі өкілдерінің шығармашылығы арқылы творчестволық жетістіктері мен кемшіліктерді саралайды.
Селективті тәртіпТүркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәніндегі түркі тілдерінің жалпы сипатын, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгеру. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасындағы ерекшеліктердің себебін білу. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасындағы қазіргі түркі тілдеріне тарихи-салыстырмалы зерттеу жүргізуіне дағдыландыру. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына қатысты тілдік деректер арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себебін білуге, түркі тілдеріндегі мұраларды оқып-білу.
Селективті тәртіпМұхтардың шығармашылық өмірбаяны мен ұлы әдеби мұрасын меңгеру. Мұхтар шығармаларының жазылу тарихын және көркем ойлау жүйесінің қалыптасу жолын білу. Мұхтар шығармаларының танымдық, тақырыптық, көркемдік, әлеуметтік, философиялық, діни пәлсафалық мағынасын аша отырып түсіндіреді. Мұхтардың өмірбаянынан, мол мұрасынан, ұлттық көркем ойлау жүйесінің даму бағыттары мен ерекшеліктерінен, шығармаларының танымдық, тақырыптық, көркемдік, әлеуметтік, философиялық, діни пәлсафалық мағынасынан қажетті білім алады.
Селективті тәртіпҚазіргі қазақ әдебиеті - ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдайды.
Селективті тәртіпҰлттық әдебиеттің түрлі жанрлардағы шеберлік мектебі осы кезеңде қалыптасты.Қазіргі заман әдебиетінің даму кезеңдерін, олардың ерекшеліктерін, ақын-жазушылар мен олардың шығармашылығын, қаламгерлік даралықтарын, әдебиет дамуындағы алашақ орнын айқындай тани білуді қалыптастырады. Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерінің жанрлық нысандарын түсіндіру бойынша қазіргі кезде бар теориялық білімдермен таныстыруға меңгеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріндегі шығармашылық процесті, әдеби шығарманың көркемдігі, ХХ ғасырдың 90-жылдары шеңберіндегі қазақ әдебиетінің идеялық, философиялық, эстетикалық мәні, мазмұны туралы жүйелі түсінік беруді білу. Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша шығармашылық тұлғаның үлгісі туралы, рухани-эстетикалық үрдістері туралы түсінік қалыптастырады.
Селективті тәртіп«Қазақ балалар әдебиеті» пәні – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру; студенттердің халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу; қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы туралы; балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы; қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.
Селективті тәртіпҚазақ жазуының тарихының мәселелерін студенттерге қазіргі қазақ тілінің негізгі заңдылықтарымен салыстыра отырып, дұрыс ұғынуды, жазудың шығуы және даму кезеңдері, көне түркі руникалық жазу ескерткіштерін зерттейді. Қазақ жазуы тарихының теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруда қажетті білім алады.
Селективті тәртіпКогнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.
Селективті тәртіпМәтіннің тілдік стилистикалық сипатындағы тіл мәдениетін арттыруда стилистиканың қызметін меңгеру. Мәтіннің тілдік стилистикалық сипатының стиль түрлерін ажырата білу. Көркем мәтіннің тілдік стилистикалық сипаты жайлы мәлімет беру. Мәтіннің тілдік стилистикалық сипатының негізгі заңдылықтарын, іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруды.
Селективті тәртіпРуханият халықтың мұрасы болғанымен, оны қалыптастырып, өрісін кеңейтіп отыратын жекелеген р��хани адамдар. Сол адамдардың даналығын халықтың тани білуі, сақтап отыруы халықтың руханиятын қалыптастырады. Халық тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Қазақ халқының рухани мұрасы пәні халықтың рухани құндылығындағы даналықтың маңызын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуға, халық даналығымен сусындауға, ізденімпаздық қасиеті арқылы баулуға үйретеді. Жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастырады. Яғни білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, жаһандану сатысындағы бәсе¬кеге қабілетті маманды даярлауға мүмкіндік береді. Жастарды патриотизм рухында тәрбиелейді, олардың азаматтық белсенділігін қалыптастырып жас буын арасында ұлттық сананың жаңғыруына байланысты және Отанға деген шынайы патриоттық сезімді қалыптастырады.
Селективті тәртіпҒасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетіндегі процестің көкейкесті мәселелерін қоғамдық, көркемөнер, әдеби-мәдени, адамгершілік т.б. аспектілерде қарастыруды меңгеру. Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеттің көркемдік танымының қыр-сырын білу. Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетіндегі қазіргі әдеби процестің даму ерекшеліктерін аңғартады. Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетінің бүгіні мен өткенін салыстыра отырып, тарихи сабақтастық, дәстүр жалғастығының сипатын ашу.
Селективті тәртіпСтуденттің жеке қасиеттерін дамытумен, зерделенетін тіл елінің мәдениетін білумен және кәсіби және лингвистикалық білімге негізделген арнайы дағдыларды иеленумен кәсіби-бағдарланған басқа тілде сөйлеуге үйретеді. Студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым қатынасқа түсу үшін жеткілікті кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру; Кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық құзыреттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 3Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы студенттерге негізгі теориялық мағлұматтартар беру. Синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, тілдің басқа салаларының жиынтығы ретінде қарауды, сөз формаларының синтаксистік қызметін, олардың белгілерін, сөз тіркесінің тәсілдері мен формаларын, қазіргі қазақ тілі синтаксисіндегі сөйлемнің анықтамасын, негізгі қызметтерін білу, еркін тіркес пен тұрақты тіркесті ажырата білу, сөйлем мүшелерін талдауды, қазақ тілі синтаксисінің негізгі заңдылықтарын дұрыс тани білуге оқытады.
Селективті тәртіпҚазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұраларын меңгерту. Абайдың өмірі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі бір жүйелі дәрежеде толық та, кең көлемде мағлұмат беріледі. Ақын өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Ақын шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беріледі.
Селективті тәртіпАбайдың шығармаларының тілі мен ұлы әдеби мұрасын, жазылу тарихын және Абайдың көркем ойлау жүйесінің қалыптасу жолын, танымдық, тақырыптық, көркемдік, әлеуметтік, философиялық, діни пәлсафалық мағынасын аша отырып түсіндіру. Абайдың өмірбаянынан, мол мұрасынан, ұлттық көркем ойлау жүйесінің даму бағыттары мен ерекшеліктерінен, шығармаларының танымдық, тақырыптық, көркемдік, әлеуметтік, философиялық, діни пәлсафалық мағынасынан қажетті білім алады.
Селективті тәртіпШешендік сөздердің тәрбиелік мәнінің адамдар өміріне пайдасын анықтау, қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар салаларын зерттеу және шешендік сөздердің нұсқаларын біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысуы өзектілігін көтеру. Қоғам өмірінде тілдің, тіл мәдениетінде шешендік өнердің алатын орны, атқаратын қызметі ерекше. «Шешендік сөз - халық даналығы, ақыл-ойдың қоймасы, әдеби тілдің бастауы» екенін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасауда тіліміздің мүмкіндігі шексіз екенін түсіндіру.Келешек ұрпақты тіл тазалығына баулу, әдеби тіл нормасына сай барынша таза сөйлеуге үйрету.
Селективті тәртіпСтуденттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету
Селективті тәртіпКөркем туындының тұтастық бітімін ұғындырады, оқушылардың оны талдап – таразылайды, бағалайды; Лирикалық, драмалық, эпостық шығармаларды талдай білуге, арқалатар ой мәнін таразылай білуге үйретеді. Практикалық бағыт бойынша: пікір айту, рецензия жазу, сұхбат – интервью жүргізуге баулиды; Жеке шығармашылықтың туу процесін меңгертеді; Публицистикалық еңбектерді талдауға үйретеді; Белгіленген мақсатты ой - толғау арқылы дәйекті, дәлелді аша білуге үйретеді.
Селективті тәртіпТарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар. Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті т.б. жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер шығарып және оны ауызша айту арқылы таратқан. Тарихи мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Тарихи жырлардың поэтикасы-келешек жастарға мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сыр-сипатын танытып, тарихи шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, тағылым беруді көздейді.
Селективті тәртіпӘлем классиктері және олардың шығармашылығын меңгеру. Әлем балалар әдебиеті тарихи сабақтастықпен даму жолдарының күрделі белестерін қазіргі әдебиеттану талабы тұрғысынан білу. Әлем балалар әдебиетінің көркемдік және тарихи ойлау жүйесіндегі өзара тығыз байланыс арналарының тарихи жад, тарихи сана қалыптастырудағы биік тұғырын айқындауға дағдылану. Қазақ әдебиетінің тарихынан, орыс әдебиеті тарихынан, әдебиет сынынан, тарихтан, шетел әдебиетінің тарихынан қажетті білім береді.
Селективті тәртіпОрыс әдебиеттануында түбегейлі де жан-жақты қарастырылатын өзекті мәселелерді меңгеру. Әдебиеттануда балалар әдебиеті, соның ішінде орыс балалар әдебиеті ерекше орын алатыны басы ашық мәселе екендігін білу. Орыс халқының ауыз әдебиетінен, орыс әдебиеті теориясынан, әдебиет сынынан, тарихтан, шетел әдебиетінің тарихынан қажетті білім алады. Әдебиеттану бөлімі – орыс балалар әдебиетінің сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет даму заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейді.
Селективті тәртіпСинтаксистік құрылыстағы үнемдеу – танымдық, психологиялық талғамның жемісі. Мәселе құрылымның күрделілігінде емес, мазмұнның ауқымдылығында. Сөйлем құрылысының ұзақтығымен емес, ондағы ақпараттың кеңдігімен бағалы, құнды. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан күрделі боп келуі сөйлемнің, біріншіден, контекст пен жағдаятқа Қысқаша баяндағанда, синтаксистегі үнемдеу құбылысы маңызсыздану (деактулизация), мәжбүрлік, мәдениеттілік және логикалық сияқты құбылыс, категориялармен астасып жатады. Осы ретте үнемдеудің жоспарлы түрде және кенеттен пайда болатын құбылыс екендігі анықталады. Сондай-ақ ол тіл білімінің функционалдық бағыттағы прагмалингвистика, паралингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, әлеуметтік лингвистика сынды салаларымен де біте қайнасып жатады. Үнемдеу құбылысына түскен сөйлемдердің құрылымын ескере отырып, оның психолингвисткалық мән-жайларын түсіндіру ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты болып табылады. Осыларға байланысты мынадай нақты міндеттер қойылады: – синтаксистегі үнемдеу құбылыстары туралы еңбектердегі пікір-тұжырымдарды сралау арқылы өзіндік зерттеу жолымызды айқындау; – үнемдеу құбылысына түсетін сөйлемдер құрылымының ерекшеліктерін белгілеу; – сөйлемнің айтылыстан бұрын алдын ала іштей жоспарланатындығын көрсету; – үнемдеу құбылысы қатарына жататын конструкциялардағы құрылымдық синтагмалардың пайда болу, жасалу және хабардың өту кезеңдерін айқындау; – толымсыз сөйлемдердер құрамындағы үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық себептерін ашады .
Селективті тәртіпФункционалды стильдердің пайда болуының алғы шарттары мен себептерін, өзіндік ерекшеліктерін меңгеру. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясын, қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамын, ауызекі сөйлеу стилін білу. Стилистиканың негізгі зерттеу бағыттары, ұғымдары мен категориялары, функционалдық стильдер, тіл ресурстарының стилистикасы т.б. мәселелерін, негізгі заңдылықтарын дұрыс тани білуі, сөз және мағына жөнінде теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіпАқыт ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгеру. Ақыттың тарихи дастандарын, шығыс сюжетіндегі поэмаларын және айтыскерлік шеберлігін білу. Ақыт ақынның өлеңдеріндегі буын, шумақ құрылысына, теориясын зерттеу. Ақыт қажы творчествасын қазақ поэзиясы үрдісіндегі айырмашылықтар мен ерекшеліктеріне, ұқсастықтарын танысу.
Селективті тәртіпҚазіргі қазақ әдебиеті - ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдайды.
Селективті тәртіпҚазіргі қазақ әдебиеті - ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдайды.
Селективті тәртіпА.Байтұрсынұлының тіл білімі саласына қатысты, публицистика саласына және терминология саласына қатысты еңбектерімен таныстыру, тіл білімінің салалары және А.Байтұрсынов жайлы білім дағдыларын, А.Байтұрсынұлының тіл білімі саласына қатысты еңбектерімен танысу.
Селективті тәртіпМәтінмен жұмыс мәтінді лингвистикалық тұрғыдан сипаттайды. Мәтіннің мән-мағынасын тек лингвистикалық нақты бірліктермен ғана емес, солармен қатар сол кезеңдегі түрлі экстралингвистикалық факторлармен де байланыстырады. Мәтіннің барлық элементтері автордың ниетіне сай іріктеліп, таңдалып алынады да, адресатқа сол ниетке сәйкес, дәл, толық ақпар жететіндей түзілетінін әдіс-тәсілдер арқылы дағдыландырады.
Селективті тәртіпТарихи-салыстырмалы тіл біліміндегі түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізін меңгерту, тіл білімінде жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғызады.
Селективті тәртіпКоммуникативтік, тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталады. Адам өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге үйретуге бағытталады, яғни сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз сөйлеуге,бұрынғы меңгерген грамматика лексикалық формаларды, автоматты түрде қолдануға машықтандырады.
Селективті тәртіпМәтіндерді түрлі белгілеріне, көлеміне қарай – макромәтін, микромәтін, күрделі синтаксистік тұтастығын,берілу тәсіліне қарай – монолог, диалог, полилог, қарым-қатынас тақырыбы мен сөйлеу түріне қарай – тарихи, танымдық, аргументтік, шешендік түрлерін ажыратып, сипаттайды. Мәтінді мағыналық-құрылымдық, коммуникативтік-прагматикалық тұрғыдан талдайды.
Селективті тәртіпКөне түркі тілі, қазіргі қыпшақ тілдері, түбіртану мәселесі, сондай-ақ түркі тілдерінің даму, қалыптасу кезеңдерін меңгеру. Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер тілін қарастырады.
Селективті тәртіпКөркем мәтінді лингвистикалық талдау – өзіндік талдау принциптерін, әдіс-тәсілдерін, талдаудың бірнеше аспектілерін айқындайды.Көркем мәтінді лингвистикалық талдау көркем шығарма, ондағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысын қарастырады. Көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындайды, көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін үйретеді
Селективті тәртіп«Жалпы тіл білімі» факультет бойынша жүргізілетін тілдік пәндердің бәрінен кейін өтіледі де, ол, бірінші жағынан, студенттердің өз мамандықтары бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау сипатында болса, екінші жағынан, оларды жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді. «Жалпы тіл білімі» пәнінде филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғындыру, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін қарастырады.
Селективті тәртіп«Әдебиет теориясы» пәні көркем әдебиет заңдылықтарын эстетика, психологи, мәдениеттану, семиотика ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырады. Курсты оқыту барысында әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері жан-жақты ашылады. Шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, әдебиет және таңбалар жүйесі, мәтін құрылымы, герменевтика мәселелері қарастырылады. Курста әдеби үдеріс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы толымды тұрғыда зерттеледі. Курстың мақсаты – студенттерді көркем әдебиеттің жаңалық, тектік сипаттарымен бірлікте поэтика, стиль, предметтік бейнелеу жүйесін танып, білуге бейімдеу; шығарманы комплексті талдауға үйрету.
Селективті тәртіпТ.Жолдыұлының қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі екендігін меңгеру. Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының көркемдік және стильдік ерекшелігін білу. Әдебиет тарихындағы көрнекті қаламгердің шығармашылығымен жете танысу. Т.Жолдыұлы шығармаларының негізгі көтерген мәселелеріне, тақырып аясымен танысу.
Селективті тәртіпТіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілі. Басқа диалектілерде дыбыс Халық тіліндегі ауызекі сөйлеу ерекшеліктерді жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтауәдеби тілге қарым-қатынасын зерттейді.. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілеріне сипаттама береді. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты талдау жасалады.
Селективті тәртіпҚазақ мектептерінде тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы білім алушының қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, тыңдаушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқытуды ұйымдастыру
Селективті тәртіпӘдебиет және ұлт тағдырындағы авторлық сана және әдеби туындыны меңгеру. Әдебиет және ұлт тағдыры негізінде көркем тілдің мәнін және тілдік құрылым ретіндегі көркем шығарманы білу. Әдебиет және ұлт тағдырына қатысты кейбір поэзия мен драматургияның жаңа нысандарының дамуын қарастырады. Әдебиет және ұлт тағдыры бойынша теориялық білімді практикамен ұштастырады.
Селективті тәртіпШетелдегі қазақ әдебиеті атажұрттағы тұтас қазақ әдебиетінің бір тармағы екендігін, шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы жайлы кең мағлұмат беру және шет елдерде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларымен жақын таныстыру сол арқылы ұлттық әдебиеттегі орынын білу. Қазақтардың белгілі бір шетел мемлекеттерге тарала қоныстануының сыр-сипатын, себеп-салдарын кең ауқымда түсіндіруге, өзекті мәселелердің ғылыми-теориялық болмысына тән белгі, сипаттарымен танысу.
Селективті тәртіпҚазақ әдебиетінің дәуірлеу мәселелерінің тарихы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын ояту, дәуірлеу мәселелеріндегі дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін таныту, дәуірлеу мәселелерінің типологиялық қырларын, жаңа тенденцияларын, жанрлық ерекшеліктерін білуге арналған.
Селективті тәртіпҚазақ әдеби мұрасының әдіснамалық мәселелерін меңгеру. Қазақ әдеби мұрасының зерттелу тарихын білу. Қазақ әдеби мұрасы және ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге дағдылану. Әдеби мұраны зерттеудің әдіснамалық мәселелеріне байланысты теориялық ой-пікірлерге, әдіснамалық тұжырымдарын қарастырады.
Селективті тәртіпМәтін синтаксисі мәтін құрылымына негізгі теориялық мағлұматтар береді. Мәтінде сөз тіркесі, жай сөйлем синтаксисі құрлымын, синтаксистік қызметін, олардың белгілерін, сөз тіркесінің тәсілдері мен формалары жүйелілігін қарастырады.
Селективті тәртіпТілдік норма,тіл мәдениетінің салалары ,ауызша және сөз қолдану мәдениеті, интонацияның стилистикалық жақтары мен оның компоненттерін қарастырады. Тіл мәдениеті функциональды стиль түрлері,ғылыми стиль, оның қызметі,публицистикалық стиль,көркем әдебиет стилі, сөйлеу стилі,өздердің экспрессивті-эмоционалды бояуларын қарастырады.
Селективті тәртіпОқушылардың физиологиялық дамуы әртүрлі экологиялық факторлар, тұтастай алғанда баланың дене құрылымының және оның құрамдас бөліктерінің үлгілеріне тұтас көзқарас береді. Тіл біліміне кіріспе пәні тіл дамуьшың тенденцияларын білуі, тілдің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін ажырата білу. Әдебиеттануға кіріспе, әдеби шығарма, сөз өнері, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру; Халық ауыз әдебиетінде әдебиет пен фольклордың эстетикалық аспектілері мен мәселелері бойынша студенттер білімін жүйелеу. Қазақ тілінің фонетикасы фонетикалық талдау жүйелерін; қазақ әдеби тілінің нормаларын сақталуын, қазақ тіліндегі сөздіктердің жасалу тәсілдері, сөздердің айтылу және жазылу заңдылыктарын түсіндіру. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне әсер ететін факторлар, жемқорлық көріністері туралы жалпы кешенді білімдер;
Түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерінің тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алады. Түрік тілінің салыстырмалы грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғыза білу
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні студенттердің тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі саласындағы білімін, дағдыларын кеңейту. «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» пәнінің мақсаты – замануи жағдайда кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негіздерін, оны жоспарлау әдістерін қолдану және тарату. Білім беру жүйесіндегі менеджмент есептік заңнаманы толық меңгеріп шығуға, құқық нормаларын тәжірибеде қолдана білуге қажеттік білімді игеруге құзыретті бола білуге тәрбиелеу. Лексикология. Бағдарламаны меңгере келе, қазіргі қазақ тілі лексикологиясы қазақ тілінің актив және пассив қабаттарын терең тану, лексикологияның өзекті мәселелерін ашу. Педагогика және психологияның қазіргі таңдағы психология және педагогика құрылымындағы алатын орны туралы, студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасу процесінде педагогикалық психологияның маңызы және ролі туралы түсінік беру.
Ежелгі дәуір әдебиетінде қазақ елінің жеке мемлекет болып қалыптаспаған кезеңіндегі әдеби мұралардың тікелей қазақ халқына қатыстылығын ашып көрсету. Хандық дәуірдегі әдебиет оқытудың басты мақсаты келешек маман иелеріне төл әдебиетіміздің алғашқы өкілдерінің шығармашылығынан толық мәлімет беру болып табылады. Бағалаудың өлшемдік технологиялары коммерциялық құрылымдардың экономикаларының негіздерінің білімдерін меңгеру; Сөздің морфологиялық құрамын, түбір морфема мен қосымша морфема жігін ажыратуда, морфологиялық талдау. Қазақ жазу және оның тарихы, емлесінің ерекшеліктері тіл біліміндегі аса маңызды мәселелерін қарастырады.
Өлке табиғатымен, өндіріс отындарымен практика жүзінде таныстыру арқылы өз өлкесін сүюге, қорғауға баулу. «Өзін-өзі тану» курсы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста біліктілікті қалыптастыруға бағытталған: өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды жобалау;
Инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамыту. Тіліміздің дыбыстық, грамматикалық жүйесін қарастыратын қазіргі қазақ тілі саласы болса, нормативті қазақ тілі грамматикалық талдауларды үйретіп меңгерту. Сапалы аударма жасауды, аударма түрлерін, аударма трансформациясын, аударылымпаздылық, аударманың толыққандылығы сияқты құбылыстарын ашу. Студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық жолдарын көрсету. Жай сөйлем синтаксисіндегі күрделі сөздер, сөз тіркестерінің жасалу жолындағы ерекшеліктерін тани білу.
XIX және XX ғасырдағы және қазіргі қазақ әдебиеті: ғылыми дәстүрлер мен ғылымын зерттеуде бұрынғы дәуірде қолданылған амал-тәсілдердің сабақтастығын ашып көрсету. Әдеби шығармашылық жеке шығармашылықтың туу процесін меңгертеді; Қазақ балалар әдебиеті өзіндік ерекшеліктермен қатар жаңа тақырыптарға толы. Қазақ халқының рухани мұрасы қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі үлгілерін, көне түркі жазба ескерткіштер көне жәдігер көздерін шешендік өнердің бай мұраларын таныту.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы студенттерге негізгі теориялық мағлұматтартар беру. Қазақ тілін және әдебиетін тоқыту әдістемесі» курсы – кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Кәсіби қазақ (орыс), шет тілінінің создік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту. Түркология. Түркі тобына қандай халықтар мен тілдер жататыны, ондағы ірі тілдердің не тілдік топтардың өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасуы. ХХ ғасырдың (1920-2000 жылдардағы) басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан білу.
Қазіргі қазақ әдебиеті - ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың стилистикасы, поэтикасы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдайды. Әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру. Шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы жайлы кең мағлұмат беру және шетелдерде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларымен жақын таныстыру сол арқылы ұлттық әдебиеттегі орнын білу.
«Жалпы тіл білімі» пәнінде филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау. Мәтінмен жұмыс мәтінді лингвистикалық тұрғыдан сипаттайды. Мәтіннің мән-мағынасын тек лингвистикалық нақты бірліктермен ғана емес, солармен қатар сол кезеңдегі түрлі экстралингвистикалық факторлармен де байланыстырады.
Коммуникативтік, тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдері арқылы студенттер инновациялық тәсілдерді үйренеді. Инновациялық тәсілдер заманауи сабақтарды инновациялық тәсілмен жүргізу үшін қажет.
Қазақстан-Американдық еркін университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаӨ.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша"Алматы777" Университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаМахамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаЫ. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаХалықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаЕуразия гуманитарлық институты
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаБатыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаТараз инновациялық-гуманитарлық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаҚ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаИнновациялық Еуразия университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаМардан Сапарбаев институты
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаСәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаШымкент университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаС.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша"Сырдария" университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша«Тұран-Астана» университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаСулейман Демирел атындағы университет
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаҚызылорда "Болашақ" университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаОрталық-Азия Университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тіліШ.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаШет тілдер және іскерлік карьера университеті
БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша