Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01101 Педагогика және психология (Білім берудегі менеджмент) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Шет тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру (тілдік мамандықтар), LSP монологиялық және диалогтық формада (баяндама, презентация, әңгімелесу, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде оқу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды есту арқылы қабылдау. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды жазу, рәсімдеу. Екі жақты аударма дағдылары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім сапасын басқару

    Мақсаты: білім беру ұйымдарының педагогикалық іс-әрекетін басқарудың әдіснамалық негіздерін зерделеу;Мазмұны:«Сапаны бағалау», «Білім беру қызметінің сапасы», «Білім беру қызметтерінің сапасын басқару», «Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету», «Білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту» ұғымдары және олардың ара қатынасы.Құзыреттіліктер: білім сапасы саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. Кәсіби құзыреттілігі, ЖОО оқытушысын оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. СӨЖ, СҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі Менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылымның тарихы және философиясы

    Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық процестер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жобаларды басқару

    Мақсаты: ғылыми жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамыту. Мазмұны: Әдістеме туралы түсінік. Теория, түсінік, стратегия, ғылыми зерттеулерге көзқарас. Психологиялық-педагогикалық дизайнның концептуалды және категориялық аппараты. Жобалау кезеңдері. Жобалау әдістері. Нәтижелерді өңдеу, жобалау, енгізу. Ғылыми сөйлеу мәдениеті. Зерттеу (жоба) жүргізудегі оқытушы мен психологтың мәдениеті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру бағдарламасы жетекшісінің өзін-өзі басқаруы

    Мақсаты: өзін-өзі басқаруды дамыту және тиімді басқару техникасы бойынша теориялық және қолданбалы білімді меңгерту.Мазмұны: Өзіндік менеджменттің мақсаттары, міндеттері құрылымы және функциялары. Өз мансабын жоспарлау және құру. Өзін-өзі тиімді басқару.. Жұмысты іздеу және алу технологиясы. Өзін-өзі таныстыру. Менеджердің имиджі.Құзыреттіліктер: менеджердің кәсіби іс-әрекетін және өз эмоцияларын басқару қабілеті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы-басқару қызметінің заңдылықтары туралы психологияның бөлімі. Психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеті. Диагностикалық құралдарды құру түрінде тәжірибелік іске асыру, басшыларды дайындаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеу іс-әрекетіндегі аргументация теориясы

    Мақсаты: студенттердің зерттеу іс-әрекеті мен аргументация теориясы туралы түсініктерін және оны практикалық іс-әрекетте қолдану дағдыларын қалыптастыру.Мазмұны: Аргументация теориясы ұғым ретінде. Эмпирикалық аргументация. Теориялық дәлел. Мәтін мәндік аргументация. Аргументациядағы түсіндірулер мен түсінулер.Аргументацияның логикалық негіздері. Аргументация және дәлелдеме.Құзыреттіліктер: жүйелік тәсіл негізінде проблемалық жағдайларды сыни талдауды жүзеге асыру, іс-әрекет стратегиясын әзірлеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұйымдастыруды дамыту уақытты басқару

    Мақсаты: ұйым субъектілерінің ұйымдастыру тәртібі мен уақытын басқару бойынша білімдерді дарыту Мазмұны. Ұйымның табиғаты. Ұйымның қалыптасу және даму ерекшеліктері. Ұйымдағы жеке тұлға. Ұйымда топтық мінез-құлықты қалыптастыру. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық мінез-құлық ресурстары. Құзыреттіліктер: ұйымдағы уақыт пен мінез-құлықты басқару бойынша психологиялық-педагогикалық білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тайм менеджмент

    Мақсаты: уақытты тиімді жоспарлау тәсілдерін, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістерін және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, мақсат қою, жоспарлау, басымдықтарды орналастыру және өкілеттілікті беру бойынша уәждемені зерделеу Мазмұны: Тайм-менеджмент түсінігі, мақсаттары мен міндеттері. Тайм-менеджмент ұстанымдары. Уақытты ұтымды жоспарлау әдістері. Құзыреттіліктер: жұмыс барысын оңтайландыру үшін уақытты басқару құралдарын қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру жүйесін басқару

    Мақсаты: қарқынды өзгеру ортасы жағдайында ұйымның педагогикалық жүйелер мен субъектілердің мінез-құлқын басқарудың жалпы мәдени, кәсіби, ұйымдастырушылық-басқарушылық және аналитикалық дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Білім беруді басқарудың тарихи-әдіснамалық негіздері:Әл-Фараби, Фирдауси, Ж.Баласағұн,Кейкаус және т.б.тұжырымдамалары.Тұлғааралық қатынастар және коммуникация. Құзыреттіліктер: әртүрлі білім беру жүйелерін тиімді басқару технологияларын меңгеру, олардың ерекшеліктерін түсіну және стратегиялық жоспарлау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру бағдарламаларының сапасын басқару

    Мақсаты: білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыру үшін білім алушылардың басқару дағдыларын меңгерту.Мазмұны: педагогикалық теория мен практикадағы білім беру сапасы туралы мәселе.Білім беру сапасын басқару: жаңа тәсілдер.On-line оқыту жағдайында білім беру үдерісінің сапасын басқару.Құзіреттіліктер: кәсіби іс-әрекетте білім беру бағдарламаларының сапасын басқарудың әртүрлі механизмдерін қолдану дағдысы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі білім беру технологиясы

    Мақсаты: қашықтықтан оқытуды басқару дағдыларын қалыптастыру.Мазмұны. Әлемдік ақпараттық ресурстардың жалпыға қол жетімділігі және білім беру жүйесінің жаңа мүмкіндіктері. Инновацияны және заманауи білім беру қызметтерін басқару.Ақпараттық ортаны басқару ерекшеліктері. Студентті өз бетінше оқыту ұстанымдары және ақпаратты беру тәсілдерін басқару. Педагогтың жаңа рөлі.Құзыреттіліктер: заманауи білім беру қызметтерін басқару

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Операциялық менеджмент

    Мақсаты: білім беру ұйымдарындағы операциялық менеджмент, үдерістер мен операцияларды ұйымдастыру және басқару негіздері туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Операциялық менеджменттің мәні, адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде практикалық қолдану. Операцияларды басқарудағы Ф. Тейлордың ғылыми теориясы. Құзыреттіліктер: операциялық менеджменттің принциптері мен әдістерін моделдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру экономикасы

    Мақсаты: білім алушылардың өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы экономикалық заңдар мен санаттардың ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Мазмұны. «Білім экономикасы» ғылымының тарихы. Білім берудің экономикалық тәсілі: неоклассикалық және кейнсиандық. Құзыреттіліктер: заманауи білім беру экономикасының ерекшеліктері туралы білімді меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру ұйымдарының стратегиялық менеджменті

    Мақсаты: сыртқы ортаның жоғары бәсекелестігі жағдайында стратегиялық менеджменттің негізгі теориялық және практикалық тәсілдерін зерделеу.Мазмұны: Стратегиялық менеджмент негіздері. Стратегиялық басқару кезеңдері.Стратегиялық менеджменттің аналитикалық құралдары. Стратегиялық позицияларды талдау және таңдау рәсімі. Стратегияны іске асыру және орындалуын бақылау. Құзыреттіліктер: ұйымның қызметін басқаруда стратегиялық шешімдерді әзірлеу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам ресурстарын басқарудағы HR-менеджмент және сандық технологиялар

    Мақсаты:теориялық білім мен HR-менеджмент міндеттерін және адам ресурстарын тиімді Мазмұны: HR корпоративтік мәдениет пен персоналды іріктеу және жалдау процесін әзірлеудегі менеджер. Персоналды бағдарлау, бағалау және оқыту. Деректер қоймасы және online оқыту. Қызметкерлерге ақы төлеу, ынталандыру,сыйақы беру жүйесі. Аутплейсмент.Құзыреттіліктер: персоналды басқарудың тиімді техникасы мен механизмдерін әзірлеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Білім беру саласындағы кроссмәдени менеджмент

    Мақсаты: нарықтық ортаның өзгеру сипатына байланысты кроссмәдени менеджмент ұстанымдарының эволюциялық процестері туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Кросс-мәдени менеджмент: заманауи үрдістер мен өзекті мәселелері. Этносаралық шиеленіс және мәдени айырмашылықтарды басқару. Құзыреттіліктер: әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, кросс-мәдени ортада ұйымдастыру мәдениетін диагностикалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Бенчмаркинг және білім беру қызметтерінің маркетингі

    Мақсаты: бенчмаркингті ұйымдастыру саласында теориялық білімді қалыптастыру, білім беру қызметтері маркетингінің жаңа құралдарын іздеуге дағдыландыру. Мазмұны: Бенчмаркинг: негізгі ұғымдар мен іске асыру үдерісі. Бенчмаркинг ЖОО іс-әрекетінің тиімділігін басқару құралы ретінде. Құзыреттіліктер: ұйымдардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу, іс-шараларды жоспарлау және оны жүзеге асыру туралы білімдері мен біліктері, бизнес-процестер мен бәсекелестік ортаны талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде сапа шығындарын басқару

    Мақсаты: қазіргі білім беру ұйымдарының дамуын бағалау және БББ ( Білім беру бағдарламасын) жүзеге асыру барысындағы жағымсыз құбылыстарды жеңуге қажетті білім беру мен біліктілік меңгерту. Мазмұны. Қазіргі заманғы университеттердің білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамытуды қамтамасыз етуге қатысты міндеттері. Шығындарды басқару жүйесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі халықаралық зерттеулер

    Мақсаты: білім алушылардың негізгі халықаралық зерттеулер және олардың мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға әсері туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны: Білім беру сапасын бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулердің мақсаты мен міндеттері. Халықаралық ұйымдар: IEA оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастық. Құзыреттіліктер: әртүрлі елдердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді салыстырмалы талдау ,бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Білім мен инновацияларды басқару

    Мақсаты:басқару қызметінің ерекше түрі ретінде ұйымда білімді басқару туралы жүйелі түсінік қалыптастыру; білім мен инновацияны басқарудың негізгі құралдары мен әдістерін меңгерту.Мазмұны:Әл-Фараби,Ибн Сина, Фирдауси,Ж.Баласағұн тұжырымдамалары.Білімді басқару жүйесі: әлемдік тәжірибе.Құзыреттіліктер: білімді басқару бойынша стратегиялық тәсілдерді талдау және жобалау; жаңа білімді тәжірибеде өз бетінше қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • менеджменттің барлық бағыттары бойынша теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын практикада қолданады, басқарушылық міндеттерді шешу мақсатында әртүрлі ғылымдардан білімін жинақтайды, негізгі ойларын шет тілінде баяндайды;
  • операциялық және HR-менеджменттің өзекті мәселелерін талқылау және сыни талдау мақсатында ситуациялық кейстер мен практикалық тапсырмаларды әзірлейді;
  • классикалық менеджменттің теориялық білімін іс-жүзінде қолданады; заманауи білім беру қызметтері мен инновациялар саласындағы білімді басқару мәселелерін бағалайды;
  • әртүрлі білім беру жүйелеріне тән басқару үдерістерін моделдейді, оларды қазіргі білім беру нарығының шынайылығына сәйкестендіреді;
  • қазіргі менеджердің кәсіби іс-әрекетін және кроссмәдени менеджменттің ерекшеліктерін реттейтін ұлттық және халықаралық стандарттарды қолданады;
  • -әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық ғылымдар мен қазіргі заманғы менеджменттің өзекті әдістемелік-философиялық мәселелерін зерттейді;
  • адам ресурстарын басқару саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамаларды бағалайды;
  • кәсіби құзыреттілік және стратегиялық жоспарлау саласындағы міндеттерді шешеді, білім сапасын басқаруға әсер ететін факторларды анықтай алады;
  • әріптестермен бірігіп, командада жұмыс істеуге және корпоративтік рухты дамытуға дайын;
  • жобалау және диссертациялық жұмыстарды орындау үдерісінде ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасын қолданады; зерттеу мәдениетін меңгерген, білім беру жүйелерін басқарудың заңдылықтарын, принциптерін, технологиялары мен әдістерін ескереді;
  • өнімді ұйымдастыру-басқару шешімдерін табады және оларға жауапкершілік алуға дайын екендіктерін көрсетеді;
  • қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында адам ресурстарын басқарудың гуманистік ұстанымдарын басшылыққа алады;

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

Top