Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Алматы экономика және статистика академиясы

  • Психологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Ғылыми және практикалық салаларда: медицинада, білім беруде, әлеуметтік психологияда, экономикада, өнеркәсіпте, спортта, консультациялық қызметтер саласында кәсіби психологтардың негізгі қызмет түрлері туралы білім жүйесін қалыптастырады. Психологтың табысты қызметі үшін маңызды кәсіби, этикалық және жеке қасиеттерінің сипаттамасы маңызды орын алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқық және жемқорлықпен күрес мәдениетінің негіздері
    Несиелер: 5

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін білім жүйесін қалыптастыруға және осы негізде азаматтық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық сипатын және оның пайда болу себептері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін моральдық және құқықтық жауапкершілік шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама туралы түсінік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сана және мәдениет
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу курсында бакалавр рухани және материалдық жетістіктердің жиынтығы ретінде жалпы мәдениет пен қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын құқықтық сана және құқықтық мәдениет ұғымдарымен танысады. Сондай-ақ мынадай ұғымдармен және институттармен танысады: құқық қатынастары; заңдылық және құқық тәртібі; мемлекеттік аппарат; нормативтік құқықтық актілер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Жаңа әлеуметтік–экономикалық жағдайлардағы басқару қызметінің мәнін түсінуге ықпал етеді, білім беру жүйесін басқару бағытындағы базалық ұғымдық аппаратпен таныстырады; білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие қызметін талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика және психология негіздері
    Несиелер: 3

    Психология мен педагогиканың нысаны, пәні және міндеттері туралы; психика мен сананы; адамның биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ажырата білу; психологияның негізгі салаларын санамалау; педагогикалық және психологиялық талдау әдістерін сипаттау; адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқының түрлері; психологиялық процестерді, психикалық жай-күйін ажырату; тұтас педагогикалық процесті, оның құрамдас бөліктерін сипаттау; түрлі педагогикалық мектептерді атау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Пән кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет туралы білімді кеңейту және нақтылауға, жеке ісін, коммерциялық қызметті құру дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық сипаттағы құжаттарды құрастыруға, бизнес-жоспарды әзірлеуге, шағын кәсіпорынның бухгалтерлік есеп нысандарын толтыруға, бизнесті жүргізудің нақты ережелері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Латын графикасы және қазақ жазуы
    Несиелер: 3

    Қазақ жазуының тарихымен және жаңа ережелермен олардың ерекшеліктерімен қазақ жазуының латын графикасына көшуінде басқа елдердің тәжірибесімен таныстыра отырып, болашақ ұлт үшін қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын ашып түсіндіреді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ұлттық тәрбие
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық сана-сезімі дамыған толыққанды тұлғаны тәрбиелеуге ұлттық мүддені, жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, кәсіби қызмет барысында өзін өзі оқытуға, білім алуға, өзін дамытуға қабылетті рухани-адамгершілік тұрғыдан толыққан тұлға дайындауға ана тілдің тәрбиелік қызметі мен оқытудың ұлттық сипатының маңызын ашуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби ағылшын тілі 1
    Несиелер: 5

    Пән ағылшын тілінің грамматика курсын, кәсіби сипаттағы лексикалық материалдарды және кәсіби сипаттағы мәтіндерді қамтиды. Бұл пәнді оқыған студент болашақтағы кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай алатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 5

    "Этнопедагогика" пәні студенттерді этнопедагогиканың мәні мен ерекшелігі туралы білімдермен қаруландырады, ұлттық сананың ерекшелігі мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге халықтардың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын енгізу, көпұлтты егемендігін ескере отырып, ҚР-дағы этномәдени білім беру тұжырымдамасының негізгі идеяларымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі 1
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандардың мәдениетаралық-коммуникативтік, танымдық, ой қалыптастырушы құзыреттіліктерін, тілдік материалдармен саналы және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, нақты жағдайға сәйкес өзінің оқу іс-әрекеттерін бақылау мен бағалауға ықпал етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 3

    Пән адамның әлеуметтік тәрбиесінің теориялық және практикалық негіздерін, адамның дамуына ортаның тәрбиелік әсерін, кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтенуіне әлеуметтік факторлардың әсерін ашады. Әлеуметтік педагогика студенттердің болашақ кәсіби қызметінде тәрбиенің әдістері, тәсілдері, әлеуметтену үдерісіне әсер ететін факторлар туралы, оқытудың табыстылығына әсер ететін білімді қолдана білуін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік педагогикасы
    Несиелер: 3

    Бұл пән педагогикалық қызмет мәнімен, оның құрылымымен танысу арқылы педагогтың заңды негізгі қызметін және педагогикалық мәдениеттің бөлшегі ретінде педагогикалық шеберлік туралы білімдерді, педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындық ретінде кәсіби құзыреттілік туралы білімдерді білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Студенттер пәнді оқу барысында инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы туралы түсінік алады; Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласындағы заңнамамен бекітілген құжаттар туралы, елдегі және шетелдегі инклюзивті білім беру мәселесі мен даму тарихы туралы баяндалады; мүгедектігі бар балалардың психологиялық-эмоционалды және психикалық дамуына ықпал ететін инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары, инклюзивті білім берудің әдістері меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дамытушы білім беру ортасы бастауыш мектеп
    Несиелер: 5

    Қазіргі заман мектебінде негізгі қундылық болып жеке түлға табылады. Бұл пән дамытушы білім беру ортасын бастауыш мектепте уйымдастыру және дұрыс денгейде атқаруды көздейді. Пән бастауыш сынып мұғалімі мен оқушысы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас технологиясын, мұғалімнің балаларға коммуникативті ықпал ету жүйесіндегі шеберлігін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра білуін қалыптастыруға, білім мазмұнының жетекші компоненттерін, қызмет тәсілдерін, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін және эмоциялық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін жүзеге асыруға бағытталған. Пән оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі түрлері мен формаларының мазмұнын ашады; оқушылар іс-әрекетінің әртүрлі формаларының шығармашылық дамуына ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шағын мектептегі оқу үдерісі
    Несиелер: 5

    Пән бастауыш сынып мұғалімі мен оқушысы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас технологиясын; мұғалімнің балаларға коммуникативті ықпал ету жүйесіндегі шеберлігін қарастырады. Тәрбиелеудің, білім берудің және төменгі сынып оқушыларын дамытудың қазіргі заманғы концепциялары, өзін өзі оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық шеберлігінің қалыптасуының негізгкі компоненті ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 4

    Дәстүрлі тәсіл және нәтижелерді инновациялық бағалау туралы мәліметтерді кеңейтеді; "критериалды бағалау технологиясы" ұғымының мәнін түсіндіреді; білім алушылардың уәждемесін арттыру құралы ретінде білім беру нәтижелерін бағалаудың критериалды тәсілін көрсетеді; құзыреттілік және жеке-бағытталған тәсіл логикасында критериалды бағалау технологиясын, білім беруді инновациялық дамытудың қазіргі кезеңінде оқушылардың білім сапасын бағалаудың объективтілігін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бастауыш мектеп дидактикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пән бастауыш мектепте оқыту теориясы, оқытудың мазмұны, әдістері мен формалары туралы түсінік береді; оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің заңдылықтары және оқыту процесінде оны белсендіру жолдары Оқыту мен оқудың бірыңғай процесі ретінде оқыту туралы түсініктерді қалыптастырады. Пән оқыту принциптерін, оның мақсаттарын, білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын, оқыту құралдарын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби ағылшын тілі 2
    Несиелер: 5

    Кәсіби-бағытталған шет тілді сөйлеуді қолдану дағдылары мен біліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді; полимәдени және көптілді орта жағдайында әлеуметтік-мәдени, академиялық және кәсіби салаларда тиімді, өз бетінше қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дінтану
    Несиелер: 3

    Қазіргі қоғамның рухани мәдениеті жүйесіндегі діннің рөлін қалыптастыру, дін ұстанымдары мен тұжырымдамаларының, діни-философиялық ілімдердің ерекшеліктерін ашу, діннің шығу тегі мен эволюциясының мәселелерін, негізгі діни конфессиялардың діни ілімі мен дін тарихы мен ерекшелігін жариялау, қазіргі заманғы әлемдік және дәстүрлі емес діндерді ұйымдастыру, Қазіргі әлемдегі діннің өмір сүруі мен дамуының негізгі тенденциялары

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикадағы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән бастауыш математикалық білім берудің нысаны, пәні, міндеттері, бастауыш мектеп оқушыларының математикасын оқытудың теориясы мен практикасын дамытудың бағыттары мен тенденциялары туралы түсініктерді қалыптастырады; іс-әрекеттің негізгі түсініктері мен тәсілдерінің мазмұнын ашады; математика курсының мазмұнының нақты мәселелерін зерделеу кезінде оқушылардың іс-әрекетін басқару технологияларымен, сабақты жоспарлаумен, өткізумен және талдаумен байланысты дидактикалық іскерліктермен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық логика
    Несиелер: 5

    Пән оқушыларды жалпы ғылыми пәндерді оқыту үшін қажетті математикалық біліммен қаруландырады; кәсіби құзыреттіліктерді алу үшін қажетті математикалық білімнің іргетасын құру; математикалық мәдениетті тәрбиелеу және кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы математиканың рөлін түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кіші мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мұғалімдер бойында кіші мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы мәселелерді шешу бойынша практикумы оқытуға қажет білім, қабылет пен дағдлар қалыптастырады. Студенттерге әдістер мен тәсілдердің, құралдар мен формалардың ғылыми-әдістемелік негіздері туралы, сонымен қатар, математика бойынша сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда балаларды дамытудың және оқу-танымдық қызметті ұйымдастырудың технологиялары туралы білімдерін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлемдік білім туралы дидактикалық материалдарды дайындау әдісі
    Несиелер: 5

    Пән әлемдік білім туралы дидактикалық материалдарды дайындау әдісітерін, жолдарын, әдістемесін үйретуге бағытталған. Студенттер дидактикалық материалдар дайындаудың әдістері мен әдістемесін меңгереді. Әлемдік білім туралы дидактикалық материалдарды дайындау әдісін практика барысында пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орыс (қазақ) тілін және әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән орыс тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін ашады: орыс тілі мен әдебиетті Бастауыш оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері, құралдары, принциптері мен әдістері; орыс тілі мен әдебиетті оқытудың жалпы дидактикалық және өзіндік әдістемелік принциптері және олардың өзара байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық мәселелерді шешу бойынша практикумы
    Несиелер: 5

    Пән математикалық теорияның негіздерін түсінеді; арифметикалық, алгебралық және геометриялық есептер мен жаттығуларды, соның ішінде олимпиада есептерін шеше білуді қалыптастыруға бағытталған; математикалық дәлелдерді, өлшеулер мен есептеулерді келтіру; ақпараттық көздерді пайдалану; нәтижені қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Табиғи ғылым негіздерін оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән жалпы теориялық және практикалық негіздерімен таныстырады. Оны оқыту педагогикалық, гуманитарлық және арнайы білімнің жалпы деңгейін арттыруға ықпал етеді, қоғамда, қазіргі мектепте болып жатқан әлеуметтік және басқа да процестердің нормативтік негіздемесін қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырады және дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұғалімнің кәсіби бағдары
    Несиелер: 5

    Мұғалімнің жоғары кәсіби дайындығын, инновациялық ойлауды, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін, оқушылармен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, білімнің жан-жақты дамуына ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби ағылшын тілі 3
    Несиелер: 5

    Таңдаған мамандықтары бойынша тілдің күрделі деңгейлері мен функциялары туралы білім береді; жүйелі мақсатты оқу үшін теориялық материалды, жаттығу жаттығуларын, кәсіптік терминдермен техникалық тақырыптарға жазбаша тапсырмаларды қамтиды; ағылшын тілінде сөйлеуді дамыту, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән болашақ бастауыш мектеп мұғалімі бойында қазақ (орыс) тіліне оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі негізделген теориялық (лингвистикалық және псизологиялық-педагогикалық) ережелерді, сонымен қатар, төменгі мектеп оқушыларын оқытуға қажет практикалық қабылеттер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Студенттерді осы пәннің білім беру, тәрбие және дамыту функцияларын жүзеге асыруға, шығармашылық қызметке және мектептердің озық тәжірибесін зерделеуге әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бастауыш білім беру жүйесінде бала тұлғасын әлеуметтендіру
    Несиелер: 5

    Пән кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтенуі туралы жалпы түсініктерді қалыптастырады; баланың әлеуметтік белсенділігінің қалыптасу көрсеткіштерімен таныстырады, кіші мектеп оқушыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұны, түрлері, формалары, кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық, адамгершілік, коммуникативтік, көркем-эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру-спорттық іс-әрекетінің әлеуметтік бағытын қолдануды ашады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалар мен ересектердегі девиантты мінез-құлықты диагностикалау
    Несиелер: 5

    Пән балалар мен ересектердің дамуындағы ауытқуларды зерттейтін клиникалық, жас ерекшелік, жалпы психология, әлеуметтанудың негізгі мәселелерін қарастырады; студенттерді девиантты мінез-құлықтың алдын алу мен түзетуді жүргізуге, балалар мен ересектердің дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқулардың себептерін анықтауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалардың проблемаларын диагностикалау: проективтік әдістер
    Несиелер: 5

    Пән психологиялық-педагогикалық зерттеулерде көрсеткендей негізгі мектептегі оқушылардың психикалық дамуындағы өзгерістер бәрінен бұрын оқу дағдысымен байланысты болса, ал жоғары сыныптағы оқушылардың психикалық дамуында қоршаған ортамен әлеуметтік қатынас орнату жүйесі маңызды орынға ие. Жасөспірімнің әлеуметтік жағдайда дамуының өзділігі сонда, оның қарым-қатынастың жаңа жүйесі кіретіндігі мен жаңа міндеттерді орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Бұл әртүрлі академиялық жұмыстарды (эссе, емтихан, әдеби шығармаларды талдау және т.б.) жазуда қолданылатын тілдік стильді таныстырады. Академиялық жазу дағдыларын дамыту - барлық деңгейдегі тілдерді жетілдіру, студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау көзделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ересектердің проблемаларын диагностикалау: проективтік әдістер
    Несиелер: 5

    Ересектердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасінің теориялық негіздері.Ересектердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасының психометрикалық негіздері.Ересектердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасың тәжрибеде қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жасөспірімдердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасі
    Несиелер: 5

    Пән кіші мектеп оқушыларының тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалауды жүргізе білуге бағытталған; тұлғаның әлеуметтік кеңістігін зерттеу және педагогикалық асқынуды диагностикалау мақсатында оқыту және тәрбиелеу процесінде кіші мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін қолдана білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тұлғалық даму
    Несиелер: 5

    Түлғаның психокоррекцияның теориялық негіздері. Негізгі түсініктер, мақсат, міндеттері, түрлері, психолог пен клиенттің позициялары. Коррекциялық қойылатын талаптар. Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттері. Психокоррекциялық бағдарламаны құру ерекшеліктері. З. Фрейдтің психодинамикалық теориясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқытылатын тіл теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Пән ағылшын тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөз құрамы құбылыстары мен формаларын білуді қамтитын лингвистикалық білім беру жүйесін меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас негіздері
    Несиелер: 5

    Білім берудің әртүрлі деңгейі және ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың түрлі категориялары бойынша ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санындағы инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының үлесі. Пән - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың өкілетті өкілдерінің білім беру қызметтерін сапалы ұсыну бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отбасы және мектеп
    Несиелер: 5

    Пән әртүрлі үлгідегі оқу орындарында ата-аналармен жұмыс туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған; жалпы мәдени, діни және зайырлы ұстанымдармен отбасына көзқарастардың даму тарихы туралы; отбасы түрлері туралы, отбасы ішіндегі қарым-қатынастар, қақтығыстар туралы білім жүйесі; ата-аналармен жұмыста кәсіби бағыт пен әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бейнелеу өнерін оқыту тарихы
    Несиелер: 5

    Пән бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихи негіздерін, Әдістемеде оқытудың теориялық және практикалық негіздерін ашуға бағытталған. бейнелеу өнерін оқыту. Пән бейнелеу өнеріне оқытудың ережелері мен заңдарын қалыптастырады; өскелең ұрпақты көркемдік-эстетикалық тәрбиелеудің заманауи әдістерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық өнер теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән музыкалық тәрбие әдістемесін меңгеруге бағытталған; музыка сабақтарын ұйымдастыру және жоспарлау принциптерімен танысу; репертуарды қалыптастыру әдістері; балалар хор ұжымындағы вокалдық-хор техникасының рөлін ашады; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің музыкалық және эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған, музыкалық білім беру саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халық музыкалық аспаптары
    Несиелер: 5

    Пән бастауыш сыныптарда спорттық дайындық процесін басқару құзыреттілігін қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайту, дене бітімін дамыту мақсатында бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыруға, жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамудағы дене шынықтырудың рөлін ашуға, салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш мектептегі спорттық жаттығу үдерісін басқару
    Несиелер: 5

    Пән бастауыш сыныптарда спорттық дайындық процесін басқару құзыреттілігін қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайту, дене бітімін дамыту мақсатында бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыруға, жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамудағы дене шынықтырудың рөлін ашуға, салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    "Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі" пәні дене шынықтыру және спорт саласында оқыту теориясы мен әдістемесінің негіздерін қалыптастыруға бағытталған; "дене шынықтыру пәні", "дене шынықтыру білімі" ұғымдарының мазмұнын ашады; бастауыш сыныптарда "дене шынықтыру" пәні бойынша оқу-тәрбие процесін жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркемдік жұмыстарды оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән "көркем еңбекті" оқытудың теориясы мен әдістемесімен педагогикалық ғылым ретінде таныстырады; бастауыш сыныптарда еңбек оқытудың мазмұнын ашуға, еңбекке баулу бағдарламасының мазмұны мен құрылымымен; еңбек оқыту сабақтарында оқыту әдістерімен, құралдарымен, тәсілдерімен таныстырады, бастауыш мектепте еңбек оқытудың теориялық негіздерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен технологиясы практикумы
    Несиелер: 5

    Бұл пән бейнелеу өнері саласындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімі қызметінің кәсіби негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Пән студенттерді көркем білім беру жүйесінің қалыптасу заңдылықтарымен, оның негізгі бағыттары мен даму перспективаларымен, бейнелеу өнері бойынша концепциялармен, бағдарламалармен және оқулықтармен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте практикум өткен еңбекке үйрету теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді балаларды еңбекке оқытудың технологиясымен, ерекшеліктерімен таныстырады, кіші мектеп жасындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу барысында еңбек қызметін қолдану әдістемесін меңгеруге бағытталған; кіші мектеп жасындағы балалармен еңбек сабақтарын өткізу үшін қажетті кәсіби маңызды білімді, ептілікті және дағдыны қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 4

    Пән педагогикалық психология пәнімен, міндеттерімен, құрылымымен, педагогикалық психологияның қалыптасу тарихымен, оқыту және даму үрдістерінің өзара байланысының негізгі принциптері мен заңдылықтарымен танысуға бағытталған. оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру процесі субъектілерінің педагогикалық өзара іс-қимыл тәсілдерін мақсатты түрде меңгеруіне бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Арнайы психология және педагогика негіздері
    Несиелер: 4

    Пән Болашақ педагогтардың психикалық және дене дамуында проблемалары бар балаларға гуманистік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған; студенттерді теориялық білім жүйесімен, даму заңдылықтарымен және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың арнайы білім беру қажеттіліктерімен таныстыру; жалпы және арнайы білім беру жүйесінің өзара байланысын ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологиялары
    Несиелер: 3

    Пән дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Пән оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Педагогикалық акмеология
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге педагогтың педагогикалық қызметінде кәсібилікке жету жолдары туралы түсінік береді; акмеологиялық ғылымның қолданбалы бағыттарымен; педагог еңбегінің пәндік саласы мен ерекшеліктерімен; педагог тұлғасының кәсіби жетілу шыңына жетудің шарттары мен заңдылықтарымен таныстырады; педагогикалық қызметке қызығушылықты, студенттердің интеллектуалдық қабілеті мен коммуникативтік дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің психологиялық-педагогикалық дағдылары
    Несиелер: 4

    Пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы әжірибелік.педагогикалық жұмыстар және оның нәтижелері.Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін жетілдіру мәселесінің теориялық сипаты

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Педагогикалық деонтология
    Несиелер: 5

    Пән кәсіби этиканы меңгеруге, идеалдарды ұғынуға, кәсіби позицияны дамытудың жолдары мен құралдарын ұғынуға бағытталған; студенттердің кәсіби этика туралы кәсіби қызметтің қағидалары мен адамгершілік нормалары жүйесі ретінде тұтас түсініктерді қалыптастыру; педагог пен әлеуметтік педагогтың кәсіби – этикалық кодексінде, басты құндылықтарды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бастауыш мектептің оқу үрдісінде қазіргі заманғы оқыту моделдері
    Несиелер: 3

    Пән кіші мектеп оқушыларының тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалауды жүргізе білуге бағытталған; тұлғаның әлеуметтік кеңістігін зерттеу және педагогикалық асқынуды диагностикалау мақсатында оқыту және тәрбиелеу процесінде кіші мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін қолдана білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімі қызметінің психологиялық-дидактикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Пән бастауыш сыныптарда білім беру процесін жүзеге асыру үшін (оқыту, тәрбиелеу, кіші оқушыны дамыту) мұғалімге қажетті білім жиынтығын ашады; білім беру қызметін жобалаудың теориялық және әдіснамалық негіздері туралы түсінік береді; оқушыларды Тәжірибелік оқыту жүйесін жобалау және жүзеге асыру; оқушылардың оқудан тыс қызмет жүйесі; тұтас жүйе ретінде оқу процесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON3

    ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікжалпығаміндеттібастауышбілім беру Стандарттары мен Оқубағдарламарынсаралайбіледі. Жәнеатқарылатынміндеттерінжоспарлаудапринциптер мен, мазмұн,формалары мен әдістерін ,оқытужәнетәрбиелеуқұралдарынжаңартылғанбілім беру мазмұныжағдайларына:қашықтықтаноқытуүрдісіндежаратылыстану-ғылымдары мен гуманитарлықпәндердіоқытуда теория мен технологиялардымеңгеріп, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдаланады.

  • Код ON6

    Бастауышсыныптардабілімберудіңжаңартылғанәдістерінжәнеқолданысқақашықтықтанбілім беру жәнецифрлықтехнологиялардыәзірлейді, Kahoot, Quizizz интерактивті он- лайн алаңдарын таңдайды; Төменегі сынып оқушыларының жеке және шығармашыл мүмкіндіктерін анықтап, олардың әлеуметтендіру үрдісіне даярлайды;

  • Код ON4

    Жеке баланыңдамуынаықпалетедіжәнетөменгісыныпоқушыларынатиесіліанатомиялық-физиологиялық,психологиялықзаңдылықтардыанықтайды, білім беру үрдісініңнәтижесінбағалаудыжәнедиагностикалаудыөткізушараларынбағалаужүйелеріарқылыжүргізеді.

  • Код ON2

    Өз ойы мен білімін ауызша және жазба түрінде,ана тілі мен шет ел тілдерінде анық,айқын білдіре алады, әлеуметтік және коммуникативтік білгірлігін көрсетіп, туындаған педагагогикалық жағдаяттарда дұрыс шешімін тауып, ғаламдық мәдени руханияттарды саралай біледі, оларды оқу- тәрбие үрдісінде бастауыш білім беру мектептерінде білім беру үрдісінде пайдалана алады, біледі.

  • Код ON7

    Ізденушілік және қызығушылық жұмыстарды ұйымдастыруда сыни тұрғыдағы көзқарас пен қарайды; проблемалы қоқыту мен оларды жоспарлауда жеке ғылыми- зерттеушілік қызметін ойластыра, тиімді жоспарлап, smk.edu.kz он лайналаңдары мен қызметтеріне жүгінеді.

  • Код ON5

    Білім берудегі басқару құралдарын таңдайды; әлеуметтікқызметтегі, кәсіптік біліктілік жағдайында жалпы мақсат мүддені баяндап, кәсіби қызметінт үзеп, жеке және азаматтық жауапкершіліктегі принциптерді қолданады.

  • Код ON1

    Бастауыш мектептің педагогикалық үрдісін толықтай жобалайды, жасақтайды; Бастауыш мектептің педагогикасын, дидактикасын және философияның теориялық негіздерін меңгереді; Заманауи мектептерде оқыту үрдісінің психолого- педагогикалық және дидактикалық принциптерінің аражігін тұрақтандырып, санаттандырады

  • Код ON8

    Алдыңғықатарлыпедагогтар мен жаңашыл-мұғалімдердіңтәжірибелерінқолданысқаалу; кәсібиқызметтеріндежоғарыдеңгейлімарапаттауларға, магистратура мен өзін-өзініңкәсіби-біліктілігінеұмтылыс, оғанмақсаттану.

  • Код ON9

    Кәсібилік ,жалпыадамзаттықэтиканыдәріптеу; Жоғарыдеңгейлімәденилік, болмысындаморальдық- адамгершілікжәнеэтикалықтәртіптілікиесі бола білу.

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көп тілді білім берумен
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Астана" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top