Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Казақ тілі мен әдебиеті в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курста мұғалім мамандығы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беріледі. Мұғалім мамандығының теориялық негіздері, қазіргі мұғалімнің педагогикалық қабілеттері мен шеберлігі туралы сипатталып айқындалады. Курс аясында Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесі және білім беру саласындағы заңнамалар меңгеріледі. Қазіргі Білім беру жүйесінің жай-күйі талданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік психологиясы және физиология
    Несиелер: 5

    Курс адамның анатомиясы мен физиологиясы, жас ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары және адамның жүйке жүйесінің функционалдық ерекшеліктері қарастырылады. Оқушылардың онтогенездегі психикалық және физиологиялық дамуы, жас ерекшеліктері мен дамуының негізгі заңдылықтары, психофизиологиялық нормаларды есепке алу негізінде баланың дамып келе жатқан тұлғасының маңызды психикалық ерекшеліктері туралы жүйелі түсінігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны білім алушыларда педагогикалық ғылымның теориялық – әдіснамалық негіздері және кәсіби – педагогикалық іс-әрекеттің мәні туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу білім беру ортасында тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны, принциптері, формалары мен әдістері туралы қажетті білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курсты оқу білім алушыларда оқу мен оқытудағы заманауи тәсілдерді сәтті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Әдебиеттегі теориялық ұғымдардың бастапқы негіздерін меңгерту арқылы көркем шығарманы талдау, саралау, сараптау тәсілдері қарастырылады. Көркем мәтіннің композициялық жүйесі, өлең құрылысы мен ұйқас түрлері, автор қолданған көріктеу құралдары, автордың кейіпкермен байланысы, әдеби тек пен түр, әдеби мектептер мен әр түрлі ағымдар және бағыттар, стиль түрлері туралы бастапқы ұғымдар беріледі. Алған теориялық білімдерін тәжірбиеде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тіл білімінің лексикология саласы туралы, оның нысанындағы сөз бен ұғым, сөз бен сөйлем, сөздердің шығу төркіні, сөздік құрамның толығу, даму жолдары, кірме, термин, кәсіби сөздердің алатын орны, сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы жағдайын көрсетеді. Тіл білімінің үлкен бір саласы фонетика нысаны, зерттелуі, фонетикалық заңдылықтар туралы ақпараттар ұсынылады, фонетикалық талдауларды кәсіби іс-әрекетінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері
    Несиелер: 5

    Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы негізгі мәселелер мен қағидаттарды қамтитын интеграцияланған пән болып табылады. Нормативтік құқықтық актілерді пайдалану ерекшеліктері, Қоғамның іскерлік, этикалық, қоғамдық, экономикалық, кәсіпкерлік және экологиялық нормаларын пайдалана білу. Экологиялық-құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік қатынастардың, көшбасшылық қасиеттердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарының ерекшелігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті мен орта ғасыр әдебиетінде қамтылатын шығармалар тізбесі мен елдегі қоғамдық-саяси жағдайды сипаттауын көрсетеді. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет пен көне дәуірдегі әдебиет мүраларының көркем сөз өнері екендігін, көне әдеби-мәдени ескерткіштер мен ақын-жыраулар поэзиясын жан-жақты түсіндіреді Сонымен қатар елдегі қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмір, тұрмыс-тіршілік жағдайы сол кезеңдегі әдеби туындыларға арқау болғандығы турасында айтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ фольклорының типологиясы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға фольклорлық мұралардың танымдық әрі тәлім-тәрбиелік тағылымын меңгертеді. Түркі-моңғол халықтары эпосындағы кейбір ортақ желілерін салыстыра зерттеу мәселелерін қарастырады. Қазақтың тұрмыс- салт өлеңдерінің типологиясы, тарихи аңыз- әңгімелер топтастырылуы, типологияның комплексті жүйесін игертеді. Фольклорлық жанрлардың ұлттық сипатын, ертегі мен эпостардың сюжеттік типологиясын, қазақ-оғыз эпостарындағы тегі бір желілер, олардың өзгеруін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыларға бүгінгі ұрпаққа жеткен халық ауыз әдебиетінің бай тарихи мұралары, қазақ фольклоры, фольклористика ғылымының дамуы туралы түсінік беріледі. Қазақ халық ауыз әдебиеті мұралары толық ұсынылып, жанрлық тұрғыдан талданып, көрсетіледі. Атап айтқанда, ертегі, лиро- эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнерінің қолданысы мен қазіргі заман халық поэзиясын меңгерту мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсете отырып, қоғамдық мәні мен оның жүйесі, құрылымы туралы білім қорын жинақтайды. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму кезеңдері туралы теориялық білім беріп, білім алушыға ғылыми-терминологиялық аппаратты меңгертеді. Алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастырады. Мамандық бойынша одан әрі тілдік талдау дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Курс барысында студенттер инклюзивті білім берудің принциптері мен әдістемелік негіздері туралы білімдерін қалыптастырады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде туындайтын кедергілерді болдырмауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы ұйымдастырушылық және басқару құзыреттеріне қатысты заманауи талаптардың жаңа үлгілері туралы идеялар қалыптасады. Білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үлгілері туралы білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі және хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларды түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет пен Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет мазмұнымен, осы кезең әдебиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстырады. Онда ежелгі дәуірдегі көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби-мәдени ескерткіштер, ХV-ХVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы, жауынгерлік тақырып, Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың төл әдебиетінің тууы, т.б. мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фольклор және әдебиет
    Несиелер: 5

    Фольклордың әлеуметтік маңызы, ерекшеліктері, фольклор және жазба әдебиеті арасындағы өзара сабақтастық мәселелері, халық әдебиетінің түрлері қарастырылады. Білім алушы қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы туралы, оның зерттелуі, дәстүрлі фольклор поэтикасы, фольклорлық мұраның идеялық-эстетикалық құндылықтары, фольклорлық мұралардың бүгінгі көрінісі мен қолданысы туралы теориялық білім қалыптастырылып, оны іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға қазіргі қазақ тіліндегі фонетика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, дыбыстық заңдылықтарды түсіндіре отырып сауатты жазу мен дұрыс сөйлеудің қажеттілігін меңгертеді. Сауатты сөйлеудегі дыбыстау мүшелерінің қызметін көрсетеді. Тілдің дыбыстық жүйесінің қолданысы, дауысты, дауыссыз дыбыстар құрамы, үндестік заңы, ықпал мен буын түрлері, орфоэпия мен орфография заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лексикология мен фонетиканың бинарлық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға тілдік қатынастың қалыптасқан түрде болатынын айта отырып, сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орнын көрсетеді. Қарым-қатынасы барысында іске асатын тілдік амалдар, тілдегі сингормонизм заңдылығы, дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі жағдайы айтылады. Фонетикадағы дыбыстың қызметі, қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің ролі, лексикологиядағы сөз қолданыстары мен сөздердің түрленіп қолданылуы мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ хандығына дейінгі әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға хандық дәуіріне дейінгі әдебиет, нақтырақ айтқанда, түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет, бертін келе қазақ халқының ұлттық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиетінен мағлұмат береді. Бұл тұстағы елдегі ахуалды ескере отырып, осы кезеңдегі әдебиеттің ерекшелігін танытады. Байырғы түркі халықтарының ру, ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнерін, мәдениетін игерту мәселелерін қозғайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Абай әлемі
    Несиелер: 3

    Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Зар заман ақындары мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға зар заман кезеңінің ерекшелігі мен сол кезең өкілдерінің шығармашылымен таныстырады. Зар заман кезеңінде өмір сүріп, отарлық езгідегі халықтың тағдырын жырлаған ақындар шығармаларының өзіндік ой өрнектері мен XX ғасыр басындағы жазылып жарық көрген әдебиеттің тарихында айрықша орны бар қаламгерлердің әдеби мұраларымен жан-жақты таныстырады, аталған кезеңдердегі әдебиеттің көрінісін ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар қазақ тіліндегі күрделі ұғым морфемалар туралы теориялық негіздермен, ғылыми тұжырымдар, пікірлермен таныс болады. Тілдегі морфология, оның ішінде морфтар жүйесі туралы ақпараттар ала отырып, қазақ тілінің сөзжасамы, лексика-грамматикалық сипаты, ерекшеліктері мен қызметі, грамматикалық, нөлдік форма т.б. ғылыми терминдермен таныс болады. Теориялық білімдерін игере отырып, морфологиялық талдаулар жасай алуға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиялық құрылысының мәселелері, зерттелуі, тарихи және теориялық негіздері, сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар, тілдің сөзжасам жүйесі, сөздердің сөзжасамдық қабілеті, сөз таптарының лексикалық және грамматикалық сипаты мен зерттелуі қарастырылады. Пән мазмұны бойынша білім алушы тілдік тұлғаларға сөзжасамдық, морфологиялық талдау жасауды меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отарлық дәуір мен ояну дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға белгілі бір кезеңдегі отарлау процесіне қарсы тұрған, азаттық танымды бейнелейтін шығармалармен, ояну дәуірі әдебиетінің мұраларымен таныстырады. Осындай әдеби мұралар арқылы сөз өнерін ағартушылық бағытта өрістеткен қаламгерлердің әдеби мұраларымен жан-жақты танысатын болады. Отарлық дәуір мен ояну дәуіріндегі әдебиеттің мәні мен мазмұнын, өзара бірлігі мен қолданысын, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • XIX ғасыр мен XXғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға сипаттама жасай отырып, осы кезеңдегі әдебиеттің даму кезеңдері мен көрнекті қаламгерлерінің өмірбаяны, шығармашылық ізденістері жайлы материалдар ұсынылады. Аталған уақыттағы әдебиеттің қалыптасуы мен дамуына байланысты жазылған іргелі зерттеу еңбектер туралы мағлұмат бере отырып, өзіндік пайымдаулар жасалады. Ағарту кезеңі мен зар заман ақындарының шығармалары толық талдап таныстырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушылар қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдері, сөзжасамның негізгі ұғымдары сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя сынды ұғымдар қолданысы мен өзіне тән ерекшеліктері, сөз таптарының сөзжасамдық жүйесімен таныс болады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінің морфологиямен байланысын қарастырады. Қазақ тілі сөзжасамының тұжырымдамалық негіздеріне орай сөзжасамдық талдаулар жасауға дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әдеби шығармашылық
    Несиелер: 5

    Студенттердің рухани дүниесін байыту, көркем шығармамен қаруландыру. Студенттердің көркем шығарманы меңгерту барысында эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру. Логикалық ойын, ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру. Әдеби – теориялық білімге сәйкес көркем шығарманы талдауға үйрету. Эпостық, драмалық, лирикалық шығармаларға әдеби талдау жасай білуге, пікір білдіруге, рецензия жазуға үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелеріне, қағидалары мен ұстанымдарына тоқталу. Оқытудың негізгі белгілері, құрылымы мен түрлері, қолданылу ерекшелігі жайлы мәлімет беру. Оқыту туралы жаңа тұжырымдар мен идеяларды, ғылыми көзқарастарды меңгерту. Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі мәселелерге тоқталу. Саралап, деңгейлеп, сын тұрғысынан ойлау, топқа бөліп оқыту түрлерін тиімді пайдалануға баулу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Соғыс тақырыбында қалам тербеген ақын-жазушылардың шығармашылық ғұмырбаянынан мағлұмат беру. Әдеби аренаға шыққан поэзия, проза, драма жанрларына тоқталу. Соғыс тақырыбына арналған көркем шығармаларға әдеби талдау жасату, меңгерту. Соғыс тақырыбындағы публицистикалық жанр: мақала, очерктер, памфлеттер, үндеулер, хаттар, үнпарақтарға талдау жасату. Жазушылар фашистердің шынайы бейнесін суреттеген шығармаларды меңгерту. Ғ.Мүсірепов, Б.Бұлқышев, С.Нұрмағамбетов, Д.Әбілов, С.Бақбергенов т.б. ақын-жазушылардың әдеби мұраларын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Тіл біліміндегі стилистика саласының теориялық-практикалық негіздерін меңгереді. Білім алушыларға стилистикалық норманы меңгерту, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйретеді. Тілі біліміндегі стилдің түрлеріне тоқталып, мәтіндерге тілдік талдау жасату. Ауыз екі стилі, публицистикалық стил, ресми іс-қағаздар стилдерінің ара жігін ажырату. Көркем шығармаларға стилдік талдау жасату. Ақын-жазушылардың стилін ажыра білуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    1940-60 жылдардағы қазақ әдебиеті басынан кешкен саяси-қоғамдық жағдайдан мағлұмат беру. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби сынға әсерін түсіндіру. Соғыс жылдарындағы әдебиеттің эволюциясы халықты тарихтың субъектісі ретінде терең суреттеуден тұратын шығармаларды меңгерту. Қазақ жазушылар мен ақындары көркемдік тәжірибенің қатал мектебінен өтті, соғыс оқиғаларын көркем шығарма арқылы елге таратты. 1940-60 жылдардағы лирика, проза, дарамалық шығармалардың тақырыптық аясына тоқталу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұны мен критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курста жаңартылған білім беру мазмұны технологияларының мәні мен міндеттері, оқу процесіндегі критериалды бағалаудың технологиясы мен әдістемесі, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі педагогтер жұмысының негізгі бағыттары аясында қарастырылатын: коллаборативті ортаны қалыптастыру, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу процесін дайындау және өткізу, топтық және жұптық тапсырмаларды пайдалану сияқты педагогикалық іс-әрекеттер талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихына тоқталу, орыс және қазақ ғалымдарының ғылыми еңбектеріне шолу жасау. Қазақ тілін оқыту методикасының жеке ғылым ретінде қалыптасу мәселелеріне баса назар аудару. Тіл білімі саласындағы заңдылықтарды меңгере отыр, оқыту методикасына баса назар аудару. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәселдерді, дидактиканы жете меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиеті сыны
    Несиелер: 5

    Сыни ой-пікірлердің тууы мен даму тарихына тоқталу. Сын арналарын меңгерту. Баспасөз және сын мәселесіне тоқталу. Заман және көркемдік мұрат мәселесін меңгерту. Дарындар сын додасындағы шығармаларды талдауға үйрету. Дәйектеме сын мен әдеби өркендеудегі тарихи сабақтастықты түсіндіру. 70-80 жылдардағы сын мәселелерін меңгерту. Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жай-күйі, тәуелсіздік жылдардағы сынның жағдайына тоқталу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінің педагогикалық-психологиялық, теориялық-практикалық ерекшеліктеріне тоқталу. Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды меңгерту. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму жолдары, оқыту ерекшеліктеріне баса назар аудару. Жаңартылған білім боынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгерту. Дидактикалық, аудио, видео материалдарды тиімді қолдануға дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі біліміндегі стилистика ғылымының теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтарын түсіндіру. Тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл нормалары, әдеби тілдің функционалдық стильдері мен ерекшеліктеріне тоқталу. Тіл мәдениеті мен стилистиканың ара қатынасы жайлы мағлұмат беру. Мәтінге стилистикалық талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Стилдің түрлеріне тоқталу. Тіл мәдениетін туралы ұғымды қалыптастыру. Дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілі стилистикасының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл білімінде стилистика саласының теориялық ұғымдарымен таныстыру. Қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары мен стильдік тармақтары туралы кеңінен мәлімет беру. Ауыз екі сөйлеу стиліне, публицистикалық стильге, ресми іс-қағаздар стилінде жазылған мәтендерге талдау жұмыстарын жасату. Сөз мәдениеті, әдеби тіл нормалары, әдеби тілдің стильдері мен ерекшеліктері, тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы түсіндіру. Мәтінге стилистикалық талдау жасау дағдысын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің тарихы /1941-1960 жж/
    Несиелер: 5

    Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихының 1941-60 жылдардағы даму жолынан мәлімет беру. Отан соғысы мен соғыстан кейінгі дәуірдегі қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды меңгерту. Отан қорғау жолындағы ерлігі мен сол тұстағы ал өмірінің шындығын танытаны шығармаларды меңгерту. Майдан даласындағы ақындар мен жазушылардың өмір жолынан кеңінен мағлұмат беру. Соғыс жылдарындағы поэзия, проза, драма жанрларын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Грамматикалық талдау
    Несиелер: 5

    Грамматика теориясы тіл білімі ғылымында алатын орнын түсіндіру. Грамматикалық теория ұғымының қалыптасуын, лингвистиканың салаларымен өзара байланысын меңгерту. Тілдің грамматикалық заңдылықтары, грамматикалық құрылысы, грамматикалық категория жайлы түсінік беру. Сөздерге, сөйлемдерге грамматикалық талдау жасап үйрету. Грамматика саласынан білімдерін тереңдетіп, ұштай түсу. Мектеп оқылықтарындағы сөйлемдерді грамматикалық талдауға баулу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000)
    Несиелер: 5

    1960-2000 жылдары аралығындағаы қазақ әдебиетінің барлық жанры қарқынды дамыды. Сол туындылар мен жаңалықтарды меңгерту. Көркем сөздің эстетикалық әсері мен тәрбиелік мәнін түсіндіру. Классикалық құнарлы әдебиеттен мағлұмат беру. Өмір шындығын бейнелейтіг көркем шығармаларды меңгерту. Ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңғыруын, салт-санадағы ескі ұғымдар мен өзгерістерді, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелерін қозғаған шығармалармен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында сөз тұлғаларының өзара байланысу заңдылықтары және формалары, сөз тіркесі мен жай сөйлем, олардың түрлері мен құрамы жайлы мағлұматтарды меңгеретін болады. Жай сөйлемнің мағыналық, құрылымдық түрлерін айқындап, талдай білуді игереді. Жай сөйлемнің мағыналық және құрылымдық топтарының өзіндік ерекшеліктерін анықтап, практикалық сабақтарда талдауға дағдыланады. Сөйлем мүшелерін айқындап, өзіндік болжам жасау дағдысы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиетті мектепте оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Бұл курста кәсіби білікті маман, бәсекеге қабілетті шығармашышылық иесін даярлау мақсатында қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастырады. Білім алушыларды оқытудың кейінгі технологиялармен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйретеді. Көркем шығарманы сабақта талдау жолдарын меңгертіп, қазақ әдебиетін оқытудың жаңаша тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Шығарма, эссе жаздырту әдістемесі, оларды бағалау талаптарын меңгерту пәннің мазмұнын құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем және сөз тіркесі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында студенттер сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін, сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін меңгереді. Сөйлем мүшелері, сөз тіркесі мен жай сөйлемге тән белгілерді, олардың мағыналық топтарын игереді. Сөйлем ішіндегі синтаксистік құрылымдар жайлы теориялық мәліметтермен танысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындай алу дағдысына ие болады. Білім алушылар жай сөйлем және сөз тіркесін зерттеу барысында тілдік материалдарды салыстырып, олардың типологиялық-конструктивтік ерекшеліктері мен ұқсастыктарын ашуды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілі деңгейінде саралап оқыту мен бағалауды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерді сараланған оқытуды ұйымдастырудың негіздері мен принциптерімен таныстыруға, сараланған оқытудың сипаты мен ерекшелігі туралы тұтас көзқарасты жүзеге асыруға бағытталған. Курсты оқу нәтижесінде студенттер оқушылардың жеке қабілеттері мен оқу мүмкіндіктерін ескере отырып, олармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, сонымен қатар курс аясында студенттер өз тәжірибелерін мектепте тәжірибеде сынап көруге мүмкіндік алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер синтаксисі
    Несиелер: 5

    Бұл курста қазіргі қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін анықтап, оның құрылымдық белгілерін оқып игереді. Күрделенген сөйлемге қатысты қазіргі тіл біліміндегі зерттеу еңбектерімен танысып, даулы мәселелерге қатысты өзіндік пікір білдіруге дағдыланады. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы, жай және күрделенген сөйлемдердің граматикалық сипатын жан-жақты игереді. Күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ерекшелігін айқындап, өзіндік ғылыми болжам жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тілді мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Курста қазақ тілін оқытудың алғашқы қалыптасу кезеңдері мен даму жолдарының тарихынан жан-жақты мол мағлұматтар беріле отырып игеріледі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихындағы іргелі ғылыми еңбектер мен заманауи жаңашыл зерттеулермен таныстырылады. Қазақ тілін оқытуда ғалымдардың әдістеме саласындағы бұрынғы зерттеулерімен қазіргі қазақ тілін оқытудағы жаңашыл ізденістер салыстырыла отырып, талданып зерделенеді. Қазақ тілін оқыту оқытудың түрлері мен әдістеріне қатысты ғалымдар мақалаларына талдаулар жасалынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқыту кезеңінде қазақ тілін оқыту үрдісін теориялық және тәжірибелік бағытта игертеді. Қазақ тілін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша меңгерту жолында қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру, беру жолдарын және осы негізде жаңа әдіс -тәсілдерді қолдануды үйретеді. Пәнді оқу кезеңінде игерген теориялық білімдерін практика барысында паайдалану дағдысын қалыптастырады. Қазақтың халықтық педагогикасын қазіргі әдістеменің іргелі зерттеулерімен ұштастырып, жетістіктеріне шолу жасалады. Пәнде білім алушыларды тілдік категорияларды сабақта меңгерту жолдарының ең тиімді және жаңашыл бағыттарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орыс тілі шет тілі ретінде
    Несиелер: 5

    Курс білім алушылардың орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі саласындағы теориялық және практикалық мәліметтерді меңгеруіне бағытталған. Сондай-ақ курс республикада және шетелде орыс тілін шет тілі ретінде оқыту саласында қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылардың санасында қалыптасатын құзыреттер қарастырылады. Тілді меңгерудің деңгейлері сипатталады, бұл тілді пайдаланушының құзыреттілігінің қалыптасуын көрсетеді. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың негізгі әдістері мен принциптеріне сипаттама беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тілді мектепте оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларда және мектеп-лицейлерде қазақ тіліне қатысты тақырыптарды оқыту мәселелері қарастырылады. Қазақ тілін мектептерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен, оларды қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытуда пайдалану жолдарын меңгертеді. Сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін талдап жалпы білім беретін мектептерде сараптау арқылы меңгерту пәннің мазмұнын құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиетті мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму тарихы кезеңдерін, әдістеменің әдіснамалық және теориялық негіздерін оқыту жолдары меңгеріледі. Қазіргі кезеңде теориялық білімін практикамен ұштастыра білетін, тәжірибелік дағдысы қалыптасқан, кәсіби деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті маман даярлау білім бағдарламасының негізіне жататын болғандықтан пәнде әдістеме саласындағы соны жаңалықтармен , әдіснамалық - теориялық негіздерімен таныстыру көзделіп, игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихына тоқталу. Осы кезеңдегі әдебиет жанрларының даму арнасы, тақырыптық аясына баса назар аудару. ХХ ғасырдың екінші жартысында көтерліген негізгі мәселелерді игерту. Оқу-ағарту, ғылым-білім мәселелеріне арналған шығармаларды меңгерту. Поэзия, проза, драма салаларындағы тың тақырыпта жазылған көркем туындыларды оқыту, меңгрету. Көркем шығармалардағы тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселелерін игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ және орыс тілдерінің өзінін сөздік құрамы, фонетикалық жүйесі, грамматикалық құрылысы туралы мәлімет беру. Салғастырмалы тіл білімінің даму бағыттары мен ерекшеліктеріне тоқталу. Қазақ-орыс тілдерін салыстыра зерттеудің өзіндік ерекшелігін айқындау. Тілдің генетикалық мәселелерін, салғастырмалы тіл білімінің даму бағыттары мен ерекшеліктерін түсінідіру. Фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелердегі ұқастықтар мен айырмашылықтарды меңгерту. Орыс тіліндегі термин сөздердің қазақша баламаларын түпнұсқамен салыстыру, талдау жұмыстарын игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи дамуы мен қалыптасуын және теориясын меңгертеді. Курста көркем әдеби туындыларды жанрлық-тақырыптық ерекшеліктеріне байланысты оқыту зерделенеді. Қазақ әдебиетін оқытуды мұғалімнің жұмыс жоспарлары мен күнтізбелік тақырыптық жоспарларға талдау жасалынады. Білім алушыларды кәсіби маман ретінде дайындау барысында қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдістеменің жаңа бағыттарымен, әдіс-тәсілдермен таныстыру көзделеді. Кәсіби педагогтық құзыреттілігін арттыру жолдары игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 1960-2000 жылдардағы Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрларының өзіне тән сыни ғылыми мәселелерін түсіндіру. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі, даму кезеңдеріннен мағлұмат беру. Сынының ерекшелігін, кеңес дәуірдегі әдеби сыннан мағлұмат беру. Қазақтың ағартушыларының сыни ойларын талдау. Тәуелсіздік жылдардағы сынның жағдайын қарастыру, әлеуметтік желідегі әдеби сын мәселесін талдап үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға шетел әдебиеті дамуының заңдылықтарын, ондағы көркемдік ерекшеліктерді әлемдегі түрлі қоғамдық жағдайлармен байланысты қарастырады. Ежелгі шетел әдебиетінің ерекшелігі, әдебиет жанры, прозасы, XVII ғасыр поэзиясындағы стилдік ерекшеліктің қолданысы, ХІХ ғасырдағы батыс және шығыс әдебиетінің өзіндік сипаты жеке-жеке талданып көрсетіледі. Қазіргі кезеңдегі шетелдегі әдеби ағымдар, бағыттар т.б. туралы мәліметтер ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы мен өзіндік ерекшелігіне тоқталу. Қазақ поэзиясының ұлттық сипатының тереңдігін, ақындар шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбын меңгерту. Проза, поэзия, драматургия, сатира жанрларындағы жаңаша ізденістер, жаңашыл әдебиеттану деңгейімен таныстыру. Тәуелсіздік кезеңінен бері қарай жарық көрген қазақ әдеби сынына байланысты еңбектерге шолу жасау, талдау жұмыстарын жүргізу. Қазіргі қазақ әдебиеті өкілдері шығармаларынің тіліне терең, жан-жақты талдау жасауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға поэзия жанры, әр кезеңдегі поэзия жанрының көрінісі, атап айтқанда, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының дамуы, жалпы поэзияның берілу ерекшеліктері, жаңашыл ізденістер, поэзияның тақырыптық, жанрлық, көркемдік-идеялық сипаттарын көрсетеді. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы жастар поэзиясы, жастар аудиториясы, қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі мен тәуелсіздік кезеңіндегі поэзиямен өзара байланыстары, айырмашылықтары туралы мәліметтер береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән бойынша білім алушыға тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы, қазақ поэзиясының ұлттық сипатының тереңдеуі, ақындар шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбы мәселелері ұсынылады. Әдебиеттегі проза, поэзия мен драматургия, сатира жанрындағы жаңаша ізденістер туралы ойлар қамтылады. Тәуелсіз кезеңінен бері қарай жарық көрген қазақ әдеби сынына байланысты еңбектер қатары таныстырылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті шығармалырының өзіндік құндылықтары көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Орыс және қазақ әдебиетін салыстырмалы зерттеу
    Несиелер: 5

    Курс мектепте орыс және қазақ әдебиетін салыстырмалы оқытудың теориясы мен әдіснамасы туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Қазақ авторларының аударылған мәтіндерін зерттеу ерекшелігіне, көркем мәтіндерді салыстырмалы аспектіде талдау әдістемесіне ерекше назар аударылады. Пән әдістемелік сипатта болады және білім алушыны қазақ тілінде және қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдебиет мұғалімі ретінде қызмет етуге дайындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны жалпы тіл білімі ғылымының негізгі нысанына енетін тіл теориясы, тілдің табиғаты мен мәні, тіл мен сөйлеу, тілдің қоғаммен байланысы, тілдің қалыптасуы және дамуы, лингвистикалық мектептер мен бағыттар, олардың өзіндік қалыптасу ерекшеліктері, лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері, тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастырып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы электрондық білім беру ресурстары
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық құрал ретінде оқытуда электронды білім беру ресурстарымен таныстыруға бағытталған. Білімді ғана емес, сонымен қатар оларды дамыту тетіктерін ұсынатын және оқу нәтижелерін бақылайтын электрондық білім беру ресурстары туралы түсінік беріледі. Оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану болашақ мұғалімдерді желілік білім беру технологиялары саласындағы кәсіби қызметке дайындауға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәдени-ағартушылық қызметтегі интернет және мультимедиа технологиялар
    Несиелер: 5

    Курс білім алушылардың білім беру қызметінде заманауи коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Интернет желісін технология және ақпараттық ресурс ретінде пайдалану, ақпараттың әртүрлі түрлерін (графикалық, дыбыстық, анимация және цифрлық бейне) ұсыну тәсілдері, сондай-ақ АКТ құралдарымен мультимедиялық өнімдерді дайындау мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, курс мәдени-ағарту қызметінде білім беретін Интернет-ресурстарды, мультимедиа мен web-жобаларды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Әдебиет теориясының зерттеу объектісі – сөз өнері екендігін түсіндіру. Сөз өнерінің эстетикалық табиғатын таныту. Әдебиет теориясының келелі мәселелерін кеңірек және тереңірек түсіндіру. Көркем туындыларды, стильдерді, ағымдар мен жалпы әдеби үрдісті талдауға баулу. Әдеби дамудың тархи заңдылығын меңгерту. Әдеби-теориялық ұғымдар бойынша мағлұмат беру. Әдебиеттің теориясын практикамен байланыстырып, көркем шығармаға талдау жасату. Проза, поэзия, драма жанрларына әдеби теориялық талдау жасату.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиетінің тарихы және аударма
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға шетел әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, туындыларды беру мәселелері, шетел әдебиетінің тарихы туралы мағлұмат бере отырып, тарихи жағдайға тікелей қатысы бар әдеби даму заңдылықтарын игертеді. Батыс Еуропаның орта ғасырларындағы Ренессанс, жаңа ғасырдың ежелгі әлемімен таныстырады. Әлем әдебиетінің көркемдігін меңгертуді көздейді. Аударманың қолданысы, әлем әдебиеті мұраларының аударылу жағдайы туралы мағлұматтар береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрмалас сөйлем түрлерінің теориялық негіздері
    Несиелер: 8

    Бұл курста білім алушы қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисінің қалыптасуы және даму кезеңдерінің теориялық мәселелерін игереді. Сонымен қатар құрмалас сөйлемнің теориялық және практикалық жайына қатысты негізгі материалдарды талдау жасауға дағдыланады. Құрмалас сөйлем түрлерінің мағыналық топтарын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасай білуді игереді. Құрмалас сөйлем категориясының қазақ тілі білімінде зертелуінің негізгі кезеңдері мен бүгінгі жайын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 8

    Пәнді оқыту барысында сөйлемдегі сөздердің байланысу, негізінде сөйлем құралатыны, сөйлемді құраушы бөлшектер сөйлем мүшелері болып табылатыны, сөздердің байланысу тәсілдері, түрлері, байланыстан шығатын грамматикалық мағыналары болатыны қарастырылады. Сөйлем мүшелерінің түрлері мен жасалу жолдары, сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері, мағыналық, мақсаттық, құрылымдық түрлерге бөлінетіні, сөйлем құрамында синтаксистік желіден тыс тұратын конструкциялар да болатыны сынды мәліметтерді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Емле және тыныс белгілерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Емле және тыныс беліглерін оқытудың ғылыми-тәжірибелік маңызын, міндетін түсіндіру. Сауатты жазудың, іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздерін меңгерту. Орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістерін үйрету. Дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға талдау жасаудың түрлерін меңгерту. Орфография, орфоэпияның мәселелері өте тығыз байланысты және айырмашылықтары да бар, оларды жете түсіндіру. Тілдегі сөздердің жазылу нормаларын, принциптерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында білім алушылар қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты теориялық мәселелерді игеріп, оны практикада орындай алу дағдысына ие болады. Құрмалас сөйлем синтаксисін жалпы тілдік бірліктер аясында сипаттайды. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем жүйесінің даму заңдылықтарын, осы негіздегі іргелі зерттеу еңбектеріне шолу жасай, бағамдай алатын болады. Синтаксис жүйе мәселелері, құрмалас сөйлемнің табиғаты, құрмалас сөйлемнің жасалу тәсілдері мен жолдарын меңгеріп, мағыналық топтарын талдауда ғылыми болжам жасауды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға әлем әдебиеті процестерінің заңдылығын түсіндіру, шығармаларды көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замана мәдениетімен байланыстыра оқытуды көздейді. Антика дүниесінің өнері, Грекия, Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны туралы мәліметтер береді. Полис дәуіріндегі Рим әдебиеті, Рим прозасы, Овидийдің өмірі мен шығармашылық жолдары, клерикалдық әдебиеттің жанрлары, Еуропа әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірі әдебиетін, Сервантестің «Дон Кихот»романдарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON7

    Қазіргі қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе алу.

  • Код ON2

    Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.

  • Код ON8

    Әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдамаларын анықтап, өз бетімен танымдық бағытта ойлау мен талдау қабілетіне ие болу. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін зерттеуді түсіндіре алу. Зерттеудегі жаңа әдістер мен тәсілдер аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану.

  • Код ON1

    Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.

  • Код ON6

    Жалпы адамзаттық құндылықтарды айқындай отырып, әр түрлі дәуірлердің көркемдік құбылыстарын түсіндіріп және түрлі жанрлардағы көркем шығармалардың құрылымын талдай алу.

  • Код ON10

    Оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеяларын, заңдарын, заңдылықтарын, ұстанымдарын кәсіби қызметте қолдана алу.

  • Код ON4

    Білім беру және кәсіби қызметтегі педагогикалық-психологиялық мәселелерді шеше алу.

  • Код ON5

    Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының теориялық негізін меңгерге отырып, оның маңыздылығы мен алатын орнын, даму тарихы мен бүгінгі жағдайын салыстыра талдай алу.

  • Код ON3

    Тіл мен әдебиеттің құрылымдық қырларын жан-жақты меңгеру.

  • Код ON9

    Кәсіптік мақсат үшін оқыту ортасында пайдаланатын әдіс пен тәсілдемені, әдістеменің зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап, оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдану, ғылыми тұрғыдан сараптамалық талдау жасау.

Top