Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен əдебиеті в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

  • Ежелгі дәуір әдебиеті және хандық дәуір әдебиеті

    Қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көпғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру. Түрік қағанаты дәуіріндегі Орхон жазуындағы жәдігерліктерден бастап Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке дейін жан-жақты меңгеру. Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген ақын-жыраулар Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз т.б. әдеби мұралары игеріледі.

    Несиелер - 5
  • Тәңірлік дәуір әдебиеті және жыраулар поэзиясы

    Қазақ әдебиеті тарихының қайнар бұлағы болып табылатын жалпытүркілік әдеби мұраларды меңгеру. Қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттеріне мән беру. Қазақ даласының ежелгі тарихына, руханият мәселелеріне назар аудару. «Қазақ» атауына қатысты дереккөздерін жаңаша пайымдау. Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысының» маңыз-мәніне үңілу.

    Несиелер - 5
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Халық даналығы және халық поэзиясы ұғымдары, ауызша сөз өнері. Фольклор табиғаты мен оның өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары және оны классификациялау принциптері. Тұрмыс салт-жырлары. Лирикалық өлеңдер. Халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика

    Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика пәннің негізгі мақсаты мен міндеті- тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты теориялық мәселелерін баяндап беру. Білім алушы курсты сәтті аяқтағаннан кейін білуі қажет: қазақ тілінің құрылымын, тілдік фактілерді ғылыми тұрғыдан талдау, тілдердің шығу тегін және типтік классификациясын меңгеру, тілдердің әртүрлі мағыналық элементтерін ажырата білу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Пән психиканың қалыптасуымен, оның қызметі мен даму заңдылықтарымен таныстырады. Оқушылардың дамуын байқауға және соған сәйкес оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу процестерін жоспарлауға және жүзеге асыруға үйретеді; әртүрлі жағдайларда шығармашылық және адекватты әрекет ету және оқушылардың оқуы мен әл-ауқатына қолдау көрсету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ диалектологиясы және әдеби тіл нормалары

    Пәнінің негізгі нысаны-жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу және оларды әдеби тіл нормасымен салыстыра қарастыру болып табылады. Диалект пен говордың айырмашылықтары туралы түсінік беріледі. Диалектолог ғалымдардың еңбектерімен танысу, соларға сүйеніп, қазақ прозасындағы, ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Сонымен бірге, әдеби тіл нормаларын меңгеру. Пән бойынша білім алушылар негізгі заманауи теориялық және әдіснамалық тәсілдерін білуі қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Нормативтік қазақ тілі

    Бұл пән бойынша білім алушылардың қазіргі қазақ тілінен алған теориялық ұғымы практикамен ұштастырылып талдау, қорытындылау дағдылары қалыптастырылады. Сабақтардың дені жаттығу жұмыстарынан тұрып, білім алушылардың өз беттерінше ізденіп, шығармашылықпен шұғылданып, еңбектене қайталап отырған тіл фактілері туралы тереңірек білім алуына көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Этнолингвистика және қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

    Пәннің негізгі мақсаты – тілдегі сөз және оның мағынасын, семасиологиялық өрісін, ұлттық танымдық ерекшеліктерін, контекстік қызметін зерттеу болып табылады. Лексикологияның этимология, ономастика, топонимика, фразеология, лексикография салаларымен толыққанды танысу. Лексиколог – ғалымдардың паремиолог-ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, лексикалық талдауды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән экономикалық ойлау тәсілін, бәсекелестік ортада кәсіпорындардың табысты кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәнді оқу заңнамалық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін құқықтың негізгі салаларының мәселелерін қарауға бағытталған, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды зерделеуді көздейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері және академиялық хат

    Пән оқытылатын саладағы ғылыми зерттеулер әдістері мен академиялық хатты зерттеуге бағытталған. Білім алушылар тұжырымдамалық аппаратпен және зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерімен, әдістердің жіктелуімен, оларды қолдану салаларымен танысады. Білім алушылар ғылыми зерттеулерді сандық және сапалық талдау дағдыларын игеруге және оның нәтижелерін академиялық ортада мақала мен баяндамалар түрінде ұсынуға үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы грамматика

    Білім алушылардың салғастырмалы грамматикаға қатысты түсініктерін, ғылыми- теориялық білімдерін дамыту, толықтыру. Тілдің әр саласына қатысты тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы, теориялық білімдерін пысықтау

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы

    Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы пәні негізгі әдеби-теориялық категорияларды (тақырып пен идея, мазмұн мен пішін, әдеби тек пен түр, әдеби даму, стиль т.б.) шығарманы әдеби-теориялық талдау принциптерін үйретеді. Пән әдеби бейне, көркем шығарма, әдеби жанр, көркем шығарманың тілі т.б. әдебиеттанудың басты категорияларын меңгертуді мақсат етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Community Service

    Қоғамға қызмет ететін елеулі және жеке маңызды оқиғалар. Білім беру мақсаттарына және (немесе) мазмұн стандарттарына қол жеткізу үшін қоғамға қызмет етуді оқыту стратегиясы ретінде пайдалану. Өзі туралы және өзінің қоғаммен қарым-қатынасы туралы рефлексия. Қоғамға қызмет ету процесіндегі барлық қатысушылар арасында әртүрлілік пен өзара сыйластықты түсіну. Тәлімгерлердің басшылығымен қоғамға қызмет ету тәжірибені жоспарлау, енгізу және бағалау. Қоғамдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша әріптестік. Іске асыру сапасын бағалау және қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі прогресс, сондай-ақ жақсарту және тұрақтылық үшін нәтижелерді пайдалану. Қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін ұзақтық пен қарқындылық мәселелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады. Пән аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, салықтарды есептеуге, салық есептілігін дұрыс толтыруға, қаржылық проблемалар туындаған кезде қаржылық шешімдер қабылдауға және қаржылық алаяқтықты тануға үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пәнде тіршілік ортасының қазіргі жағдайы мен жағымсыз факторлары, адамзаттың биоэкологиясы мен биосферасы, «адам-тіршілік ету ортасы» жүйесіндегі қауіпсіздік проблемалары, табиғи техногендік және әскери сипаттағы төтенше жағдайлар, адамның тіршілік ету ортасымен өзара іс-қимылының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; зиянды және қауіпті факторларды сәйкестендіру туралы оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері

    Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, кәсіпорын, аймақ және тұтастай ел деңгейінде әсер ету әдістерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқарудың әдістемесі мен практикасын игереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Педагогиканың ғылым мен оқу пәні ретіндегі мақсаттары, міндеттері мен тұжырымдамалық негіздері анықталған. Педагогикалық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері сипатталған. Заманауи педагогтардың кәсіби құзыреттілігі анықталған. Білім алушылар педагогикадағы тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы, субъектілері, тәрбие мен оқыту үдерісінің технологиялық негіздерімен танысады. Киберпедагогика негізі, педагогтың іс-әрекетер мазмұнындағы инновацияларын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң тарихы

    ХІХ ғасырдағы қазақ даласының қоғамдық- әлеуметтік жағдайын,тарихи оқиғалармен олардың әдебиеттегі көрінісін танытып,қазақ әдебиетінің даму сипатын,қазақ сөз өнерінің даму тарихында айырықша із қалдырған ақындардың өмірі мен шығармашылығын меңгертеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивті лингвистика

    Когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – адамның әлемді түсінуі, қабылдау үдерісі, білімді жинақтау, қалай жүзеге асырылатындығын саралау. Бұл пән - жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелерін, білім, таным, сана ұғымын зерделеуге, студенттердің шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды көздейді. Курстың теориялық бөлімінде когнитивті лингвистиканы ғылым ретінде тану, оның ғылымдар арасындағы орны, ғылымның басқа салаларымен байланысы, оны зерттеу әдістері туралы мәліметтер беріледі.Тәжірибе сабақтары теориялық материалдарды меңгертуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ахметтану

    Ахмет Байтұрсынұлы аса ірі әдебиет теоретигі, ғұлама түрколог, жаңа қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, әрі аудармашы, шебер публицист болғандығы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Ол ұлттық демократиялық Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі. Ұлы ғалымның қалдырған мұрасы туралы студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуы барынша ескерілуі керек. Өйткен, жас маманның тағдыры нұрлы болуы үшін бүгінгі студенет институт қабырғасынан өз халқының рухани мұрасының жай-күйін жете меңгеріп шығуы тиіс.Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбегін адамзаттың жалпыға бірдей құндылықтарының қатарына қосу-елдік парыз. Қазақ халқының ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылық жолы, қызметі, зерттеу еңбектері жайында студенттерге толық мәлімет бере отырып, ұрпаққа қалдырған мұрасының көркемдік құндылықтарын көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Абайтану

    Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын, философиясын, қоғамдық, эстететикалық көзқарастарын, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне енгізген жаңалықтарын, ақындық тілді дамытудағы үлесін меңгертеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты білім алушыларға мектепке қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған,теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, пән бойынша базалық–нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу – әдістемелік кешендерді талап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру ұлттық тілі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пән студенттермен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы саласындағы кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Модульде тәрбие мәселелерін зерттеудің негізгі психологиялық-педагогикалық тәсілдері, тәрбие жүйесінің түрлері, тәрбие жұмысының негізгі әдістері, тәсілдері, құралдары мен бағыттары, тәрбие ісіндегі сынып жетекшісінің міндеттері мен функциялары көрсетілген. Бұл курсты оқу білім беру жағдайларын талдау біліктіліктері мен дағдыларын қолдана отырып, жастар бағдарламаларын іске асыруға қатысуға және азаматтық белсенділікті дамытуға дайын болуға және әртүрлі педагогикалық жағдайларға сәйкес шешімдер табуға, ата-аналармен, педагогикалық топпен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастықта білім алушылармен тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Пән студенттердің жан-жақтылығын есепке алуға және оқу процесінде олардың жеке қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді; сәйкес АКТ, оқыту және көмекші технологияларды пайдалана отырып, студенттердің оқуын және білім беру үдерісіне қосылуын қолдау; студенттердің өмір сүру деңгейін және оқу деңгейін ескере отырып, қоғаммен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) бірлесіп, психологиялық және этикалық тұрғыдан оқушылардың әл-ауқатын қолдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер

    Критериалды бағалау әдістемесінің ғылыми негіздері; пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау критерийлерін құрастыру; 12 жылдық білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес келетін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттердің қалыптасуын бағалау және өзін-өзі бағалау тетіктерін анықтау; оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, АКТ және ДОТ қолдану талаптарын анықтау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері-оқушы бойында эстетикалық талғамды дамытып,көркем туындыдағы имандылықпен ізгілікті ой көзімен қарап терең пайымдауға жол ашады. «Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі» пәнін оқу арқылы білім алушылар әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктерімен, әдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұстанымдармен,өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздерімен жан-жақты танысуға мүмкіндікалады. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдерді бойға сіңіріп,әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде меңгеруі керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы

    «Қазақ орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы» пәнінің басты мақсатарының бірі - тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жаза білуге үйрету. Сабақтарда жай сөйлемнің, құрмалас сөйлемнің, төл сөздің тыныс белгілеріне ерекше көңіл бөлінеді.Көптеген мәселелер практикалық тұрғыдан меңгертіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Латын графикасы және тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары

    Бұл пән латын негізді қазақ тілі әліпбиін, қазақ жазуының тарихын саралайды. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру барысындағы орфоэпия және транскрипция мәселелеріне, онамастикалық атауларды латын әліпбиінде транслитерациялаудың ғылыми-практикалық негіздеріне, жаңа емледегі басшылыққа алынатын принциптерге жан-жақты талдау жасайды. Қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі жасанды интеллект

    Курс педагогикалық қызметте заманауи жасанды интеллект технологияларын қолдануды зерттеуге бағытталған. Студенттер жасанды интеллект технологияларының жұмыс істеу принциптерін және пайдалану мүмкіндіктерін (дараланған оқыту, дербестендірілген бағдарламаларды құру) зерттейді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білім сапасын арттыруға және оқу үдерісін дараландыруға көмектесетін қазіргі заманғы технологияларды болашақ педагогикалық тәжірибесінде тиімді қолдануға дайын болады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін кешенді бағалау

    Пән ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау принциптерін, әдістерін, рәсімдерін зерделеуге бағытталған. Білім алушылар оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау тәртібімен (алгоритмімен): оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін бағалау құралымен және рәсімімен танысады. Білім алушылар ЕББҚ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуді және жеке дамыту бағдарламаларын жасауды үйренеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түркі филологиясы және қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Жазу таңбаларының күрделі табиғатын таныту, олардың семасиографиялық кезеңімен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлык өз қарастарды жүйелеп беру,көне ұйғыр, араб, латын, армян, латын, орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептерін түсіндіру. Студенттің қазақ тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары туралы ақпараттарды игере білуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті

    ХХ ғасырдың екінші жартысы мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының,поэзиясы мен драматургиясының тақырыптық,сюжеттік желілерін қарастырады.Қазіргі әдеби процесс - Тәуелсіздік идеясы. Ұлттық сананы жаңғырту. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы Тәуелсіздіктің көрінісі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік шындықтың гүлденуі. Әдеби шығармалардағы тарихи тұлғалардың көркем бейнелерін, дәстүрді дамыту жаңалығын, қазіргі әдеби процестің тақырыптық, көркемдік сипатын көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілін оқытудың педагогикалық технологиялары

    Бұл пән білім алушыларға дәстүрлі және заманауи интерактивті педагогикалық технологияларды меңгертуді көздейді. Пән аясында білім алушылар технологияларды ұтымды және орнымен қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі мектептегі мәнерлеп оқу, шетел және балалар әдебиеті

    Шетел әдебиетінің тарихы пәні ежелгі дәуір әдебиетінен бастап қазіргі кезеңдегі әдеби мұралармен толық қамтылады. Пәнді оқытудың міндеттілігі білім алушылардың өз мамандықтары бойынша жүйелі және сатылы білім алуына негізделеді. Курс білім алушыларға шетел әдебиетінің тарихы бастаулары – антикалық, архаикалық, классикалық кезең, грек-рим әдебиетінің қаламгерлер туындыларынан, ерекшеліктерінен және т.б. жан-жақты, терең мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация

    "Қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация " пәні тіл мен әдебетті объект етеді. Қазақ әдеби тілінің даму сатысын көрсетеді. Көркем әдебиеттегі тіл ресурстарын жан-жақты зерттеп, сонымен қатар жекелеген авторлардың стильдік ерекшелігін және әдеби тілге қосқан үлесін қарастырады. Стилистика ғылымы - сөз мәдениетінің бірден бір көрсеткішіі болып табылады. Тілдік бірліктерді көпшілік ортада сауатты, мәнерлі қолдана білуге үйретеді. Стиль туралы түсінік бере отырып, оның құрылымын ұғындырады және тілдің эстетикалық табиғатын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Сөз тіркесі, жай сөйлемнің басты белгілерін меңгерту. Құрмалас сөйлемнің басты белгілерін, оның жай сөйлемнен айырмашылықтарын ажырату. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесін меңгерту. Құрмалас сөйлем түр-түрін ажырата білуге үйрету. Төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтарын меңгерту. Тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындарын меңгертіп, сауатты жазуға үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы

    «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы» пәні сөзжасамдық негізгі тәсілдермен таныстыру, сөзжасамдық тип пен үлгі мәселелерінен мағлұмат беру, туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру, туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау, туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу, сөзжасамдық ұя құрылымы мен қызметін, бірліктерімен таныстыру, сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін саралап, сөзжасамдық талдау, морфемдік талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипатында бір тарихи кезең аясында көркемдік шеберлік деңгейі әртүрлі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеуі қазақ әдебиетінің дамуына өзінше әсер етті.Бұл әдебиет өкілдерінің шығармашылықтарының өзіндік ерекшеліктері,ортақ сипаттарын саралай келе,әдебиеттанушы ғалымдар шартты түрде екі топқа бөлінетінін айқындады.Пәнді оқыту барысында ұлт тарихындағы отаршылдық дәуірге сипаттама беріліп,ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық ахуал таныстырылады.Оның әдебиет дамуына ықпалы зерттеліп,зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтін синтаксисі

    Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; білім алушының әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; болашақ мұғалімдерге қажеттілдік әдістемелік білімдер мен қаруландыру. Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі. Сөз тіркесі синтаксисі. Сөз тіркесін топтастыру. Сөз тіркесінің байланысу формаларымен тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері

    "Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері" пәнінің мақсаты – қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктерін, морфема және оның табиғаты, морфеманың сөздік құрамы, тегі, генеологиялық негізі, сөз таптарының басты қағидалары, грамматикалық құрылыстың қолдану шеңбері, тілдік құрылыстың белгілі бір деңгейлерінің жүйелік ерекшеліктерін ашу. Сөздің грамматикалық тұлғасы. Грамматикалық категория.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті қаламгерлері шығармаларының өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттейді. Пәнді оқыту барысында білім алушылар отаршылдық дәуір, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, тұрмыстық, ағартушылық ахуал жайлы ақпарат алады. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдеби өкілдердің өмір жолдары мен еңбектерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тұлғатануы

    Қазақ әдебиетіндегі әдеби тұлғалардың шығармашылығы,әдеби тұлғалардың шығармаларындағы тақырыппен идея,лиризм,характермен тартыс мәселесі,кейіпкерлердің өзіндік ерекшеліктері теориялық тұжырымдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Пән әдеби тұлғалардың шығармашылығына теориялық тұрғыда назарсалумен бірге, ұлттық әдебиетіміздің қалыптасып, даму жолдарын оқытып, саралауға бағытталған. Әдеби тұлғалардың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын,әдеби тұлғалардың шығармаларының текстологиялық зерттелуін бағамдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

    Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: Қазақ әдебиеті сынының тарихының даму және қалыптасу кезеңіндегі қазақ әдебиеті сынының негізін салушылар мен Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға оралуы, осы кезеңдегі әдебиеттану мен әдеби сын, тәуелсіз қазақ елі және тоқсаныншы жылдардан басталған жаңа әдеби даму үдерісі. Сын тарихының зерттелу жайы. Сынның әлеуметтік және эстетикалық міндеттері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихи сөзжасам және семантикалық аспект

    Пән бастапқы кәсіби дағдыларды, алған теориялық білімдерін бекіту мен тереңдетуді, таңдалған мамандық бойынша қажетті дағдыларды игеруді, болашақ кәсіби іс- әрекет туралы идеяларды кеңейтуді қалыптастырады, өздік жұмысты болжамайды, керісінше болашақ мамандығымен таныстыру және алғашқы ғылыми-зерттеу дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі

    Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру. Грамматика және негізгі грамматикалық ұғымдар.Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы білім алушылардың морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру. Білім алушылардың морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады, мәдени мұраны түсінеді және құрметтейді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми негіздегі пайымын қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асырады; әртүрлі тілдік жағдайларға бейімделген; көркем мәтінді жасау заңдылықтарын біледі.
  • Командалық жұмыстарды жүзеге асыруға негіз болып табылатын жалпы адами құндылықтарды, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді, көшбасшылық қасиеттерді және зерттеушілік дағдыларды меңгереді, физикалық және рухани даму жетістіктеріне, салауатты өмір салтын ұстануға қабілетті.
  • Мектеп оқушыларының сыни ойлауын дамытуға ықпал ететін оқыту мен бағалау стратегияларын қолданып формативті және суммативті бағалауды ұйымдастыруға қажетті критериалды бағалау технологияларын меңгереді, оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне шығармашылықпен қарап, оқу және қашықтан оқу жағдайларында еркін бағдар жасай алады және тиімді шешім табады.
  • Қоғамның мультимәдениеттілігі және лингвистикалық қажеттілігі негізіндегі ынтымақтастық дағдыларын қолдана отырып, әртүрлі қарым-қатынастың кәсіби-этикалық нормаларын меңгереді; ана тілін және шетел тілдерін қолданады; қойылған мақсатқа сәйкес оқыту әдістерін саралай отырып оқу материалы мазмұнын талдау негізінде оқу сабақтарын құрастырады.
  • Экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы саласындағы білім негіздерін игереді, оларды қалыпты емес шешімдер іздеуде және инновациялық идеяларды жасауда қолданады.
  • Жоғарғы оқу орнында математикалық, жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқу үрдісінде алынған білім беру әлеуетін, тәжірибесі және жеке тұлғалық қасиеттерін көрсетеді, әдістерді анықтайды, кәсіби міндеттердің шешімін бағалайды және бақылайды, математикалық және жаратылыстану ғылыми ойын дамытады.
  • Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып қоғамдағы түрлі өзгерістерге сәйкес кәсіби қызметі аясында қажетті жұмыстарды жүзеге асырады.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім жүйесін меңгереді, кәсіби қызметінде кәсіби құзереттіліктерді қолданады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда негізгі терминдердің мәнін, маңызды әдеби-тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын, оқытудың құрылымы мен мазмұнын, мектептегі жобалау, зерттеу жұмыстарының инновациялық әдістерін меңгереді, талдайды, оқу үрдісінде қолданады.
  • Өзінің кәсіби қызметін талдау негізінде рефлексиялауға қабілетті, тұрақты оқытудың қажеттілігін сезінеді, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады; кәсіби және жеке тұлғалық дамуға қабілетті; күнделікті кәсіби қызметте қажетті жаңа білім алу дағдыларын игерген.
  • Оқыту мен тәрбиелеудің өзекті нәтижелеріне жету мақсатында әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруға қабілетті, қазіргі заманғы талаптарға сай оқу процесіне мониторинг жүргізеді.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top