Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Қоғамтану білімі (пәнаралық курс)
    Несиелер: 5

    Студенттердің экономиканың қызмет ету заңдылықтары жайлы кешенді түсініктерін қалыптастыруға, іскерлік білім алуына бағдарланған, өз бизнесін ашу және оны сәтті жүргізудің ерекшеліктерін айқындайды. Тірі ағзаның, әртүрлі деңгейдегі ұйымдар экожүйесінің, жалпы биосфераның қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын қарастырады. Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздерін, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық негіздерін және техникалық құралдар мен технологиялық үдерістердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қамтиды. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны мен шығармашылық қызметін, әдебиеттану ғылымындағы орнын қарастырады. Оның отандық әдебиеттің көркемдік қағидаларын қалыптастырудағы үлесін зерттейді. Білім алушылардың бойында ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдылары мен құзіреттіліктер қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бастауыш мектептегі қазақ (орыс) тілінің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Қазақ (орыс) тілінің толық теориялық курсын, қазіргі қазақ (орыс) тілінің негізгі бөлімдерін қамтиды: фонетика, лексикология, фразеология, графика, орфоэпия, морфемика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Теориялық курстың мектеп бағдарламасының мазмұнымен арақатынасына, бірқатар даулы мәселелер бойынша ғылыми көзқарасты, тіл бірліктерін лингвистикалық талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жазу тарихы мен емлесі
    Несиелер: 5

    Пән жазудың пайда болу және даму тарихы, мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі туралы жалпы ғылыми және лингвистикалық мәліметтерді қарастырады. Орфография және пунктуация мәселелерін қарастыруға бағытталған. Сөйлеу қызметінің қалыптасуының философиялық, тарихи және мәдениеттану мәселелерін, қарым-қатынас теориясын ашады, тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістердің жазба орфографиясының дамуына әсері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Көркем шығармаларды мәнерлеп оқу
    Несиелер: 5

    Бұл пән көркем шығармаларды мәнерлеп оқу негіздерін оқып үйренуді көздейді, мәнерлеп оқуды қалыптастыру, оларды оқу іс-әрекетінің күнделікті тәжірибесінде қолданудың мақсаттылығын дамытуға, бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасай білуін дамытуға, әртүрлі коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған. Қазіргі әлемдегі коммуникация ерекшеліктерін ашады; жеке және қоғамдық өмірде табысқа жету үшін тілді меңгерудің маңыздылығын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бастауыш сынып оқушыларын көркем әдебиетпен таныстыру
    Несиелер: 5

    Бұл пән көркем әдебиеттің таным құралы ретінде түсінік береді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, отандық және әлемдік әдебиеттің жалпы даму үрдістерін, көрнекті қазақ (орыс) және шетел авторлардың педагогикалық ойларын, шығармашылығын танытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 4

    Жаратылыстану-ғылыми дүниетанымның негіздерін, материяның әртүрлі түрлерін қарастырады. Қозғалыстың бірқатар формаларын қамтитын жалпы сипаттағы табиғат құбылыстарының заңды байланысын ашады. табиғи құбылыстарға тұтас материалистік көзқарасты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бастауыш мектептегі математиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімін одан әрі кеңейту және бастауыш сынып оқушыларына математиканы сәтті оқыту үшін қажетті дайындықпен қамтамасыз ету болып табылады. «Жиындар және оларға операциялар қолдану», «Математикалық ұғымдар»», «Математикалық логика», «Мәтінді есеп және оны шешу процесі», «Шамалар және оларды өлшеу» және т.б. сұрақтарды қамтитын математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері оқылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Киберпедагогика
    Несиелер: 6

    Еңбек функцияларын сәтті орындау үшін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, студенттерді кәсіби міндеттерді шешуге дайындау. Аралас оқыту жағдайында білім алушыларда ақпараттық-медиалық сауаттылықты қалыптастыру процесінің табысты болуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлармен танысу киберкеңістіктің әлеуметтендіретін интернет-ортасының белсенді қатысушылары болуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектептегі оқу пәндерінен сыныптан тыс жұмыстардың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пән сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың білімі мен іскерлігін меңгеруге, оқушылардың қызығушылығын дамыту, ғылым негіздерін үйренуге саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Оқушылардың қабілеттерін және оларды зерттеу әдістерін, педагогикалық процесті мұғалім қызметінің объектісі ретінде ашады. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін фундаменталды даярлауға бағытталған. Тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш білім беру мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлауға бағытталған, ол тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның заңдылықтары мен принциптерін, мақсаттары мен мазмұнын, сондай-ақ тәрбие жұмысының әдістерін, формаларын, құралдарын, шарттарын зерттейтін педагогиканың бір бөлігі болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл пән студенттерді қашықтықтан оқытудың заманауи әдістемелерімен, қашықтықтан оқытудың білім беру процесіне енгізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесімен таныстырады, компьютерлік телекоммуникация базасында қашықтықтан оқыту жүйесі үшін оқу материалын ұйымдастыру білігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кәсіби бағытталған мәтінмен жұмыс
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты мамандық бойынша тілді практикалық меңгерудің базалық дағдылары мен іскерлігін, сондай-ақ кәсіби бағдарланған мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасын қалыптастыру болып табылады. Бұл курс аудиториялық жұмыстарға арналған мәтіндерден және өзіндік жұмыстарға арналған мәтіндерден, сондай-ақ оларға арналған лексикалық және грамматикалық жаттығулардан тұрады. Жеке мәтіндер «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының пәндерімен тікелей байланысты. Тақырыптарды зерттеу кәсіби бағытталған қарым-қатынастың лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамытумен қатар жүреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-шығармашылық іс-әрекеті
    Несиелер: 5

    Бұл пән мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің теориялық негіздерін: «шығармашылық», «кәсіби-шығармашылық іс-әрекет» ұғымдарының мәні және т.с.с., бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудағы бастауыш білім берудің педагогикалық әлеуетін, бастауыш білім беру педагогының кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы жайында білім қалыптастыруға, бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық іс-әрекетінің қажетті компоненті ретіндегі шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту
    Несиелер: 5

    Бұл пән зияткерлік және шығармашылық жұмыстарды орындауға бағытталған педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған. Оқушылардың шығармашылық белсенді тұлғасын тәрбиелеу бойынша мектептің әлеуметтік қызметі қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайтын теория мен практиканың өзара байланысының үлгісі негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектепте ресурстық қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Бұл пән бастауыш мектепте ресурстық қамтамасыз етуді дайындау мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әзірлемелерді құру және оңтайлы пайдалану әдістемесімен, технологиясымен және практикасымен білім беру саласын қамтамасыз етудің мақсатты ұйымдастырылған үрдісіне бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әліппені оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны бірінші сынып оқушыларына графикалық және каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін меңгерту. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұнында бастауыш мектептің педагогикалық үрдісінің мәнін, оның ерекшелігін, мақсаттары мен міндеттерін, оқушылардың танымдық және тұлғалық сферасының үдемелі дамуын қамтамасыз ететін тиімді оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайтын ұғымдар беріледі. Заманауи білім беру технологиялары туралы; білім беру тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын қолдану ерекшеліктері туралы түсінік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дүниетануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне дүниетану пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Дүниетануды оқытудың қайнар көзі. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері. Жертану, өлкетану негіздері. Дүниетануды оқыту әдістемесіне әр кезеңде үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстырады. Болашақ маман бастауыш сыныптағы оқушыларға қоршаған ортадан нақты объектілерге негізделген теориялық ұғым берумен қатар оларға экологиялық, экономикалық, гумандық тәрбие берудің жолдарын да меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш сынып оқушыларының математиканы табысты оқыту үшін қажетті теориялық базасын түсіндіреді. Курс сан , сәйкестік , қатынас , математикалық логика , бүтін теріс емес сандар сияқты негізгі бөлімдерді түсіндіруге бағытталған. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың тиімді әдістері және жолдаырмен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша дидактикалық көрнекі құралдарды дайындау бойынша теориялық біліммен және практикалық іскерлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттерді дидактикалық материалдар дайындау әдістемесімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әдебиеттік оқу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән әдеби оқу әдістемесінің мазмұнын, сыныпта оқудың оқу-тәрбиелік және дамытушылық мәнін ашады. Оқу сабақтарының міндеттерін және оқу бағдарламасы мен оқулықтарын құру принциптерін, балаларға арналған әдеби шығармалардың мазмұны мен тақырыптарын талдайды. Бастауыш сынып оқушыларын әдеби оқуға оқытуда заманауи технологиялары мен заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пән критериалды бағалау тұрғысынан білім беру процесіне қатысушылардың оқу-тәрбие қызметінің нәтижелерін бағалау ерекшеліктерін зерделеуге ықпал етеді; оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін, оқушылардың оқу жетістіктерін талдай білуді дамытуға бағытталған. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалауға негізделген жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Әлемнің жаратылыстану-ғылыми суреті туралы білімді қамтиды, жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына айқындаушы ықпал еткен ең маңызды идеялар мен жетістіктермен таныстырады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі - ғылыми педагогикалық пән. Ол болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдер осы пән бойынша алған білім мен білік дағдыларын қалыптастырады. Олар оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы және оның таралу жолдары мен табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіріп бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мамандарды ғылыми-педагогикалық зерттеудің мазмұны мен ұйымдастыру негіздерімен таныстыруға және өзекті мәселелерді жүзеге асыруда педагогикалық теориялар мен педагогикалық эксперименттің рөлін анықтау, зерттеу жұмысының теориялық және практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесінің негізгі категорияларын оқытуды көздейді, қазақ (орыс) тілінің мектеп курсының мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамытуды қарастырады. Қазақ (орыс) тілін оқытудың инновациялық технологияларымен таныстырады, студенттерді бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту технологиясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне тартады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Эстетикалық білім мен тәрбие беретін пәндер әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш сыныпта музыка, көркем еңбек, дене тәрбиесі және өзін-өзі тану пәндерін оқыту барысында оқушылардың өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын дамытатын тәрбие қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларында қоршаған орта, түрлі өнер туындылары мен спорт, музыкалық шығармашылық еңбектер негізінде эстетикалық талғам қалыптасастыру әдістерімен танысады. Эстетикалық білім мен тәрбие беретін пәндер әдістемесінің технологиялары кезеңдеп, сұрыптап, ортақ тақырып мазмұнына сай ресурстарды пайдалану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бастауыш білім беруге негізделген жаңашыл тәсілдер
    Несиелер: 4

    Бұл курс студенттердің бастауыш білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер туралы білімі мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жас ерекшеліктеріне қарай жаңашыл тәсілдерді текшелеп, сұрыптап пайдалану әдістемесін меңгереді. Бастауыш білім берудегі танымдық оқу материалдарының мазмұнының күрделенуіне қарай жаңашыл тәсілдердің дидактикалық талаптарының ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыруды оқыту әдістемесінен қажетті теориялық білімді, практикалық іскерлікті және дағдыларды меңгеруін қарастырады. Дене тәрбиесі сабағының әдістерін, құралдары мен қағидаларын білу, сабақты жоспарлау, өткізу және сараптаумен байланысты дидактикалық біліктіліктерін, сонымен бірге дене шыныктыру сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың әдістемелік тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми және педагогикалық зерттеулерді жобалау
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеруге бағытталған. Нәтижесінде студент жетістікті диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдана алады, білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіптік өзін-өзі анықтауын педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Көркем еңбекті оқыту әдістемесіпәні бойынша теориялық материалдарды оқуға, бейнелеу өнерінің практикалық құралдарымен студенттерді таныстыруға, мектеп жұмысының тәжірибесінде бастауыш сынып оқушыларының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әдістер мен принциптерді анықтауға және тексеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерді білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен таныстырады. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерін, құралдарды қолдану технологиясын, диагностика әдістерін және бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығының қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін бағалауды білім алушылардың меңгеруіне бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шағын жинақталған мектептің оқыту әдістері
    Несиелер: 6

    Бұл пән студенттерді шағын жинақты бастауыш мектеп жағдайында педагогикалық қызметке дайындауға, ШЖМ-да оқу пәндерінің білім беру, дамыту және тәрбие қызметін жүзеге асыруға бағытталған. Оқу-тәрбие процесін жобалау және басқару ерекшеліктерін ашады: білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту әдістемесін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеке пәндерді оқытудағы жаңа технологиялар
    Несиелер: 6

    Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқытуда жаңа технологияларды әрбір пән мазмұнына қарай икемдеп, оқытуды көздейді. Циклдар бойынша топтастырылған жаңа технологиялар игерілді: жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық және эстетикалық білім. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқу материалдардың берілуіне қарай жаңа технологияларды игереді. Бастауыш білім берудегі жеке пәндерді оқыту әдістемесінде пайдаланылатын технологияларды саралап меңгеруге бағытталған дидактикалық талаптарды жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш сынып мұғалімінің диагностикалық іс-әрекеті
    Несиелер: 6

    Пәннің негізгі мақсаты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру саласындағы бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттеу әдістемесі бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және алынған нәтижелер негізінде олардың оқыту маршруттарын жобалау. Пәннің мазмұны білім беру процесін диагностикалау мен бастауыш сынып оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи ғылыми-теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тіл дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту негіздерімен таныстырады, оқу іс-әрекетінің күнделікті тәжірибесінде тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданудың мақсаттылығын қалыптастырады, балалардың лексикалық қорды, грамматикалық формаларды, синтаксистік құрылымды дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың пәні мен міндеттерінің негізі бойынша бейнелеу өнерінің негіздерін, түрлері мен жанрларын қарастырады. Сондай-ақ халықтық қолданбалы өнермен, отандық және шетелдік бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен, бейнелеу өнері шығармаларымен танысып, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу және дәстүрден тыс сурет салу әдістемесі арқылы шығармашылықпен жұмыс жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориясы және технологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл пән шағын жинақты бастауыш мектепте бірыңғай педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеуге ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісін басқару және жобалау ерекшелігін зерттеуге бағытталған, білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу, ШЖБМ инновациялық технологияларды қолдану дағдысын қалыптасырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш сынып оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 6

    Бұл пән мектептегі оқу пәндерінің білім беру, дамыту және тәрбие қызметін жүзеге асыруға, студенттерді төменгі сынып оқушыларының тұлғалық психологиялық-педагогикалық диагностикасының теориялық және практикалық білімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Төменгі сынып оқушысының тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастырудың танымал психологиялық және педагогикалық диагностикалық әдістері мен дағдылары туралы білім қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON10

    Төменгі сынып оқушы тұлғасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарын талдайды және есепке алады

  • Код ON1

    Адамның адамға, қоғамға, ортаға, адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі қарым-қатынас психологиясына, жас мамандардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды біледі

  • Код ON5

    Ақпараттық технологиялардың озық жетістіктеріне негізделген білімді пайдаланады, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгерген.

  • Код ON7

    Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын және оқу бағдарламаларын, кәсіптік міндеттерді шешуде бастауыш мектептің оқу пәндерін оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесін түсінеді.

  • Код ON3

    Білім берудің жаңартылған жүйесінде – оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым бойынша сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінен білімдерін көрсетеді.

  • Код ON2

    Нарықтық экономика негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, экология мәселелерін, зерттеу әдістерін біледі

  • Код ON11

    Білім беруді және жалпы кәсіптік ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларына, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістеріне баға береді.

  • Код ON8

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар кіші мектеп оқушысының балаларымен жұмысты жоспарлайды

  • Код ON9

    Оқу-тәрбиені жоспарлау кезінде шағын жинақты мектептің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру теориясы мен оқыту әдістемесін талдайды.

  • Код ON6

    Оқу материалын таңдау кезінде іріктеуді және біріктіруді пайдаланады: қажетті дидактикалық материалдарды өз бетінше дайындайды, бастауыш мектептің оқу үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын қолданады, оқу-тәрбие үдерісінің жобаларын әзірлейді және іске асырады, білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді шешеді

  • Код ON4

    Бастауыш білімнің ерекшелігін, құндылығын біледі, мектепке дейінгі, кіші мектеп және жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті.

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көп тілді білім берумен
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Астана" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top