Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Қазақ (орыс) тілінің негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән қазақ тілінің негіздері – қазақ тіл білімнің салалары бойынша тілдің теориялық негіздерін толық меңгертеді және оны практикада қолдану машығын иегертеді. Ана тілінің ерекшелігін басқа тілдермен салыстырып, саралайды. Ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын еркін жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 4

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бастауыш сынып оқушыларының физиологиясы және гигиенасы
    Несиелер: 3

    Бұл пәннен студентер кіші мектеп оқушыларының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын біледі. Осы курста қаралатын тақырыптар: жүйке жүйесінің даму физиологиясы, жоғары жүйке қызметінің қалыптастыруы, кіші мектеп оқушыларының даму процесі, сенсорлық жүйелердің даму ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы, тыныс алу, жыныстық, асқорыту жүйесінің дамуы, тірек–қимыл аппаратының, қан мен жүрек-қантамыр жүйесінің дамуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курста жаратылыстану ғылымының теориялық негіздерін сипаттай білуді; биосфера, биоценоз, экология, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің бір-бірімен байланысын ажырата алуды; адамның табиғаттағы орны, жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарларының экологиясын саралай білуді; қоршаған ортаның маңызын айқындай алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ағылшын тілі сабағындағы импровизациялық ойын
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілі сабағындағы импровизациялық ойын технологиясын қолдануды теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдайды. Шығармаларды импровизациялау, сахналау, драматургиялау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың тілдік, қатысымдық дағдыларын дамытуды меңгереді. Тіл үйретудің негізі болатын импровизациялық ойын арқылы түрлі оқу жағдаяттарында білім алушылардың тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты сөйлеу әрекеттерін дамытудың әдістемесін саралайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математиканың бастауыш курс негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математиканың бастауыш курс негіздерінен ғылыми-теориялық білім алады. Курста: Математиканың негізгі ұғымдары. Сан ұғымының кеңеюі. Бүтін сан, бүтін сандар жиыны, бүтін сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар; Алгебра және геометрия элементтері. Есеп және оның шешу процесін меңгерту жолдары қарастырылады, математиканы оқытуда қолданылатын тәсілдер мен құралдарды сараптап пайдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән ағылшын тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеріп, ағылшын тілін меңгертуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін белсенді қолдануға дағдыланады. Білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын құруға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Бұл курста балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасу тарихынан мәлімет алады. Көрнекті авторлардың поэзиялық, прозалық сипаттағы туындыларына талдау жасауды меңгереді. Осы курс бойынша: ауыз әдебитеті үлгілері, ұлы ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы, демократ ақын-жазушылар, қазіргі кезеңдегі балалар шығармалары тақырыптары қарастырылады. Білім алушылар балалар әдебиеті пәнінің мазмұнына кәсіби рефлексия жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 7

    Білім алушы қазақ тілін оқытудың негізгі ұстанымдары мен жаңа тенденцияларын сипаттай алуды; оқыту формалары мен түрлерінің ерекшеліктерін анықтай алуды; оқытудың формалары мен түрлерін қолдана білуді; бағалаудың түрлерін саралай білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлы даланың педагогикалық мұралары
    Несиелер: 4

    Курста Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына шолу жасалады. Оқу барысында студенттер Ұлы Дала ғалымдарының өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды: әл-Фараби, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. М.Жұмабаев, І.Алтынсарин және басқалар Курс студенттерге Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы мәселесінде ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің методологиялық негіздерін саралай білуді; жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихын, кезеңдерін сипаттай алуды; жаңа бағдарламалар, оқулықтардың мазмұны мен құрылымын талдауды; жаратылыстану пәнінің мазмұнына байланысты дүниетанымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдарын, пәнді оқытудағы тиімді тәсілдемелерді қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әліппе және жазуға үйрету әдістемесі
    Несиелер: 6

    Әліппе және жазуға үйрету әдістемесі пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасының мазмұнын талдайды. Оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын дұрыс қалыптастырудың маңызын, мақсатын, түрлерін айқындайды. Бастапқы оқуды қалыптастыру әдістемесін меңгереді. Пәнді оқытудың лингвистикалық және психологиялық негіздерін саралайды. Игерген теориялық білімдеріне сүйеніп, әліппе кезеңдеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдемелерін практикалық іс-әрекетте қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады., кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім жүйесіндегі менеджменттің ғылыми негізін студенттерде қалыптастыру, басқару жүйесі түрлерін игерген теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен іске асыра білуі; игерген теориялық және тәжірибелік білімдерінің негізінде білім беруді басқаруды дамытады,басқару жайлы білімді өздігінен жаңартады, басқарудың тәжірибелік ғылыми негізі шығармашылық тұрғыда болуы керектігін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әдебиеттік оқу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерді әдебиеттік оқу әдістемесі жайлы біліммен қаруландырады. Студенттер әдебиеттік оқудың мақсат-міндеті, мазмұнымен танысып, көркем шығармаларды оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін тиімді қолданудың жолдарын пайымдайды. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курста педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәнін, оны жүзеге асырудағы заңдылығын, ұстанымдары мен әдістерін сипаттай білуді; тәрбие жүйесін, тәрбиенің бағыттары мен құралдарын саралай алуды; оқушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасаудың формалары мен әдістемесін қолдана білуді; тәрбиелік шаралардың жоспарларын, сценарийлерін дайындап, оларды талдай алуды; оқушылардың дамуы мен тәрбиеленуіндегі мәселелерді айқындай білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдайды. АКТ-ны пайдалана отырып әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста мемлекеттік білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды саралай білуді; оқыту әдістемелерін, сабақ түрлерін қолдана алуды; күнделікті сабақтар, сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарды талдай білуді; оқушының білім-білік, дағдысын бағалау критерийлерін анықтауды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курста математиканы оқытудың ғылыми-теориялық білім беріледі. Курста: Арифметикалық материалдарды оқыту әдістемесі, Есептерді шешуге оқытып-үйрету әдістемесі, Алгебра және геометрия элемеенттерін меңгерту жолдары қарастырылады. Білім алушы математиканы оқытуда қолданылатын тәсілдер мен құралдарды сараптап пайдалануды біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қоршаған ортамен таныстыру пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста мемлекеттік білім беру стандарты, оқу бағдарламалары, қазіргі кездегі оқулықтарды талдауды; оқыту әдістемелерін, әдістемелік тәсілдемелерді, сабақ түрлерін (кіріспе, аралас, заттық, қорытынды, топсеруен, ойын, сарамандық, пікірталас) қолдануды; сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарды саралауды; материалдық база, көрнекіліктер, тірі табиғат мүйісі, оны ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бастауыш оқыту жүйесінде АКТ қолдану
    Несиелер: 5

    Бұл курста АКТ қолданудың теориялық қағидаларын сипаттай алуды; АКТ оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларын саралай білуді, ақпаратпен жұмыс үрдісінде техникалық құралдардың орнын айқындауды; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана білуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыштағы бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздерін біледі. Эстетикалық білім беру мен тәрбиелеу процесінің негізгі идеяларын, тұжырымдамаларын, заңдарын, заңдылықтары мен принциптерін саралайды. Бейнелеу өнерінің негізгі категориялары мен ұғымдарын, оқыту мен тәрбиенің мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін меңгереді. Пәнді оқу аясында игерген теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыка пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің берудің мазмұны, мақсаты мен міндеттерін, музыка пәні және оның басқа пәндермен байланысын біледі. Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктерін, музыка сабағындағы пәнаралық байланысты анықтайды. Ноталық хат, әуен және оның құрылымы, ритм және метр, лад және тональность, интервалдар және олардың мәнерлі мәнін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курс бойынша студенттер білім бағдарламасының мазмұнын пайдалануға; балаларға дене тәрбиесін үйретудің теориялық және әдістемелік жолдарын анықтауға; білім алушылардың тұлғалық дамуын жүзеге асыру үшін стратегияларды қолдануға дағдыланады. Дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алуды жобалап, дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән аясында танымдық ұжымдық шығармашылық істерге негізделген қосымша білім беру бағдарламасын меңгереді. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта жекелеген ерекшелігінің мүмкіндігінде оның шығармашылық әлеуетін, зияткерлік қабілеттерін дамытуды саралайды. Бастауыш мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру негізінде тұлғаға бағдарланған тәсілдерді қолдану арқылы үйлесімді қалыптасқан және жан-жақты дамыған оқушының тұлғасын қалыптастыру мәселесін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шығармашылыққа баулу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері сараланады. Озық педагогикалық тәжірибені жүйелеп, жинақтайды, педагогтың кәсіби қызметін талдайды. Көркем еңбекті оқыту әдістемесінен теориялық материалдарды бейнелеу өнерінде практикалық тұрғыда қолданып, музыкалық өнердің жанрлық құрамын, музыкалық тілдің мәнерлілік құралын ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауышта сауықтыру және шынықтыру шараларын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Жазғы сауықтыру лагерінде, еңбек сауықтыру лагерінде, мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендерінде, мәдени демалыс парктерінде және аула клубтарында сауықтыру және шынықтыру шараларын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесін меңгереді. Баланың әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеуде ұжымдық, саналы тәртіп, жеке мүдделерден ортақ мүдделерді қалыптастыру мүмкіндігін зерделейді. Қимыл-қозғалыс ойындарын, стол үсті ойындарын жүргізу ерекшеліктерін саралайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдемелер
    Несиелер: 5

    Білім алушы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сипаттай алуды; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды сыни талдай білуді; оқыту мен оқудағы сандық ресурстарды қолдана білуді; бағалаудың негізгі мақсаттары мен өлшемшарттарын анықтай алуды; жоспарлау жүйесі мен мазмұнын саралай білуді; ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс түрлерін бағалай алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәнін айқындайды; бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оның маңыздылығын саралайды; ақпарат беру мен тәрбиелік әсер ету құралы ретінде педагог сөзін; педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін: оқушылармен, ата-аналармен, ұжыммен; педагогтің әдептілігін; оқу мен оқытуды басқарудағы педагогикалық біліктілікті меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем еңбек пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін айқындайды. Пән әдістемесінің практикалық құрылымын біледі. Сурет салу мен мүсіндеу, құрастыру, халықтық сәнді-қолданбалы өнер, дизайндық білім жүйесіндегі халық мәдениетін меңгереді. Пәнді оқу мен оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауышта зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бастауышта зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін; заңдылықтары мен ұстанымдарын қарастырады. Білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарының маңызын; жобалап оқыту технологиясы арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың жолдарын; зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың артықшылықтары мен өзектілігін пайымдайды; пәнді оқуда игерген білімдерін практикада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
    Несиелер: 5

    Курстан білім алушы оқу, жазу машығын сипаттай алуды; ақпаратты толық меңгерту дағдыларын анықтай алуды; тыңдалым машығын қалыптастыру жұмыстарын саралай білуді; тыңдалым, оқылым мәтіндерін сыни тұрғыдан талдай алуды; жазылым дағдысын қалыптастырудағы мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін қолдана білуді; мәтіндегі сөздерді есте сақтау, оқу, жазу машығын тексеру жұмыстарын бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Оқушылардың оқу рефлексиясын дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында «Рефлексия» ұғымының ғылыми-теориялық аспектілерін талдауды; инновциялық технологиялардың оқушылардың рефлексиясын дамытудағы әлеуетін айқындауды; инновациялық технологиялардың жіктемесіне логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау жасауды; оқу рефлексиясының бастауыш білім мазмұнындағы орны мен ерекшеліктерін анықтауды; жаңартылған білім мазмұнындағы оқу рефлексиясын қолданудың әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Білім алушы шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды сипаттай білуді, сабақ кестелері және күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының құрылымын саралай алуды, тәрбие жұмысын жоспарлау және басқару ерекшеліктерін айқындай білуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үрдістің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курс арқылы студент шағын жинақты бастауыш мектеп жағдайында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін анықтай алуды; біріктірілген сыныптар үшін сабақ жоспарларын дайындау, өткізу және талдауды, оқытудың тиімді формалары мен әдістерін қолдана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Білім алушы білім жүйелерін ажырата білуді; оқытуға арналған интербелсенді тапсырмаларды жасаудың онлайн-сервистерін саралай білуді; интербелсенді жұмыс парақтарының алушы оқытудың модельдері мен технологияларын сипаттай алуды; оқыту конструкторларын, аудио және видео өңдеу құралдарын қолдана білуді; платформалармен сыни тұрғыда жұмыс жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында білім алушы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, академиялық жазудың негізгі қағидаларын сипаттай алуды; баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігін анықтай алуды; нақты тұжырымдарды қолдана білуді; ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдерді сыни талдай алуды; ғылыми мақаланың басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігін салыстыра білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сыни ойлау технологиясы негізінде зияткерлікті дамыту
    Несиелер: 6

    Бұл пән сыни ойлау технологиясы негізінде зияткерлікті дамыту жайлы біліммен студенттерді қаруландырады. Сыни ойлау негізінде зияткерлікті дамытудың теориялық аспектілерін, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтай алуды; зияткерлігікті дамытуға бағытталған әдістерін қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON7

    кіші мектеп жасындағы оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

  • Код ON2

    кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерді тәжірибеде көрсетеді;

  • Код ON8

    білім беруді басқару, кәсіби салада ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, білім алушылардың ғылыми жобаларын басқару дағдыларын игереді.

  • Код ON5

    білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, адал азамат құндылықтарын, экологиялық мәдениет және кәсіпкерлік негіздерін біледі;

  • Код ON3

    орта білімнің жаңартылған мазмұнын, инклюзивті білім беруді және ШЖМ жағдайындағы бастауыш буында оқыту әдістерін қолданады;

  • Код ON4

    бастауыш сыныптағы пәндерді оқыту әдістемесінен игерген білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдаланып, педагогикалық шеберлігін жүзеге асырады;

  • Код ON6

    ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын, оқытудың интерактивті әдістерін белсенді қолданады;

  • Код ON1

    бастауыш сынып пәндерінің теориялық негіздерін біледі;

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көп тілді білім берумен
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Астана" Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top