Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Ежелгі Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы туралы мәліметтер береді. Пәнді оқыту барысында студенттер тас, қола, темір ғасырларының кезеңдері және археологиялық ескерткіштерімен танысады. Қазақстан жеріндегі өндіргіш күштердің дамуы мен өндірістік қатынастар барысы сипатталады. Орталық Азиядағы көшпенділер: сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар тайпаларының саяси тарихы қарастырылады. «Алтын адам» мәдениетінің дүниежүзілік тарихи маңызы айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи антропология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студент: антропология ғылымының қалыптасу тарихымен, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдармен танысады. Сонымен қатар, адамның пайда болу мәселесі, адам бассүйегінің дамуы, антропогенез, адам нәсілдері, Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі, Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі секілді мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлем өркениеттері
    Несиелер: 5

    Пән қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі бағыттарын студенттерге талдап түсіндіреді. Студенттерді бүкіл адамзат тарихының даму үдерістерімен таныстырып қоймай, сонымен қатар болашық жас мамандарды қазіргі таңда болып жатқан жаһандық-өркениеттік және гуманитарлық дүниетаныммен, сонымен бірге әртүрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің жан-жақты құбылыстарымен таныстырып, өз алдына сараптама жасай білуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология және алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студент адамзат дамуының тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы білетін болады. Тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысады. Еуразия территориясының қола мәдениетінің даму барысын біледі. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясын оқиды. Сонымен қоса, адамзат қоғамының қалыптасуынан бастап, адамның пайда болуын, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың құрылуын, дамуын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі мемлекеттің пайда болуы мен дамуы, құл иеленушіліктің дамуы. Ежелгі шығыстағы жер шаруашылығы ошақтары, ірі өзендер мен суландыру жүйелерінің маңызы, мемлекеттіліктің (шығыс деспоты) ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы орны және мемлекеттер жайлы деректер мен тарихнама, мемлекеттердің тарихын кезеңдерге бөлу. Құл иеленушілік қоғамдар туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі мемлекеттер тарихын оқи отырып студент Ежелгі мемлекеттер, оның территориясы, халқы мен тілі, шаруашылығы мен мәдени дамуының тарихын игереді. Ежелгі мемлекеттегі қалалар, сауда, әлеуметтік таптар мен мемлекеттік құрылысын, ішкі және сыртқы саясатын, көрші елдермен дипломатиялық қатынасын оқиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тарихи информатика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тарихи информатиканың ғылыми-техникалық пән ретіндегі рөлі жайлы түсінік беру. Тарихи информатика және қоғамды ақпараттандыру заңдылықтарын білу. Тарихи зерттеулерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары: ақпараттық міндеттер, жүйелер, өнімдер мен ресурстар туралы түсінік. Тарихи информатиканың қолданбалы және теориялық компоненттері. Компьютерленген тарихи зерттеудің негізгі кезеңдерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Еуропа мемлекеттерінің орта ғасырлық тарихы (Ү-ХҮІІ ғғ.)
    Несиелер: 6

    Ерте орта ғасырлардың соңындағы Батыс Еуропа. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Крест жорықтары. ХІ-ХҮ ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия және Еуропаның өзге елдері. ХІ-ХҮ ғғ. Батыс Еуропа мен Византияның орта ғасырлық мәдениеті. ХІҮ-ХҮ ғғ. Италиядағы қайта өркендеу және гуманизм. Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың пайда болуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның ортағасыр тарихы
    Несиелер: 6

    ҮІ-ХІҮ ғасырлардағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы мәселелері, Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ, Найман, Керей мемлекеттерінің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық тарихы қарастырылады. Моңғол кезеңіндегі Алтын, Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығының саяси тарихы, ХҮ ғасырдың ортасы ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының құрылуы, ішкі-сыртқы саясатының дамуы барысы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениеті жайлы түсінік қалыптастыру. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті. Ежелгі түрік мәдениеті. Ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті. Ислам ықпалымен рухани жаңғырту және оның мәдени өркениеттік мазмұны. Кейінгі ортағасырлардағы рухани мәдениет. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің қазіргі жағдайы және оның мәселелерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ортағасырлар тарихы
    Несиелер: 6

    Ежелгі дүниеден Орта ғасырларға өту кезеңіндегі Шығыс пен Батыста болған тарихи оқиғаларды талдай отырып, Шығыстағы Қытай, Иран, Үндістан, Араб халифаты т.б. және батыстағы Франция, Англия, Германия т.б. елдердің орта ғасырлық мемлекеттерінің пайда болуы, басқару жүйелері, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 5

    Қосалқы тарихи пәннің тарих ғылымында алатын орны. География, тарихи хронология, нумизматика, геральдика, сфрагистика, генеология, картография, тарихи ономастика ғылымдарының нені зерттейтіндігі , сондай-ақ қосалқы тарихи пәндерге ретіндегі орнын саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Шығыс елдерінде қоғамдық ойдың дамуы
    Несиелер: 6

    Ежелгі дәуірден ХХІ ғасырға дейінгі Шығыс елдерінің әлеуметтік ойларының идеяларын, Шығыс қоғамдарын қайта құру және Шығыстың әлеуметтік ойының батыстық идеологиялық трендтермен байланысы жөніндегі жобаларға ерекше назар аударылады. ХХІ ғасыр басындағы Шығыс идеялары мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Адам және қоғам
    Несиелер: 6

    Адам және оның шығу тегі туралы түсініктер. Адам, табиғат, қоғамның өзара байланысы. Жеке адам. Тұлға. Адамның іс-әрекеті. Қоғам және қоғамдық қатынастар. «Мемлекет» ұғымы. «Өркениет» ұғымы. Шығыс, Батыс, Көшпенділер өркениеті. Индустриялдық қоғам, қазіргі заманғы өркениет. Адам және экономика. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Ұлт, ұлтаралық қатынастар. Қоғам және отбасы. Қоғам және дін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті
    Несиелер: 6

    Курс мақсаты Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті, қазіргі түркі этносының қалыптасуы мен дамуының теориялық және мәдени мәселелеріне бағытталған. Орталық Азия халықтарының мекендейтін географиялық жағдайына және жалпы мәдени заңдылықтарға байланысты көп ғасырлық өркениеттер мен көптеген діндер мен наным – сенімдер, көшпелі және отырықшы мәдениеті туралы баяндалады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сандық тарих
    Несиелер: 6

    «Сандық тарих» курсы сандық технологияны қолданудағы білім мен бейімділікті қалыптастыру, тарихи ақпараттар мен тарихи деректерді жинақтап, визуаландыруды талдау барысында сандық мен data science әдістерін қолдану. Курста сандық тарихтың қалыптасуы мен даму трендтерін қарастырып, оның digital humanities және public history сияқты басқа пәнаралық байланыстары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның жаңа заман тарихын оқытады. Студенттер Қазақстанның Ресейге қосылуын, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерін, Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуін, отаршылдыққа қарсы күрес және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы мен ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің тарихын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Алаш және Алашорда тарихы
    Несиелер: 5

    Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы. Батыс және Шығыс Алашорда тарихы. Ұлт зиялыларының қоғамдық қызметтері және тарихи тағдыры.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән инновациялық технологияларды оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты оқытудың жаңа мазмұны мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттерге мектепте білім беру үдерісін ары қарай жетілдіру мақсатында тарих пәнін оқыту әдістемесі бойынша қажетті теориялық білім көлемін меңгерту. Ғылыми пән саласында студенттердің терең білімі мен ой- өрісінің кеңдігін, әдістемелік әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын, ерекше ойлау қабілетін, педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын есепке ала отырып, студенттердің жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дүниежүзі тарихының жаңа кезеңі
    Несиелер: 5

    Ұлы географиялық ашулардың әлем елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайына әсері, Батыс пен Шығыстың экономикалық дамуының ерекшеліктері, отаршылдық; Шығыс өркениеті, ол елдердегі саяси тұрақсыздық; еуропалық мемлекеттердің ықпалының күшеюі,шығыс өркениетінің дағдарысы; Батыс елдеріндегі капиталистік жүйе; Отарларды қайта бөлісуге ұмтылыс,Үштік Одақ және Антанта; Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Адамдардың шіркеу мен діннен еркіндік алуын, капитализмнің қалыптасып, жаңа сатыға көтерілуін, индустриалдық өркениеттің қалыптасуын, өндірістің монополиялануын, қоғамның әлеуметтік-мүліктік жіктелуін, әлеуметтік-корпоративтік қайшылықтардың күшеюін, социалистік және революциялық қозғалыстарды, Батыстың ірі мемлекеттерінің отарларды қайта бөлісуге ұмтылуын, Үштік Одақ, Антанта әскери-саяси одақтарының құрылуын, бірінші дүниежүзілік соғыс мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Еуропалық индустриалдық өркениеттің дағдарысын, постиндустриалдық даму сатысына өтуін; либералдық демократиялық, тоталитарлық қоғамдардың негіздерін, дамыған елдердегі «әл-ауқатты» қоғам, социалистік жүйе, оның ыдырауын, әлемнің екі полюсті жүйеден көпполюсті жүйеге өтуін, әлемдік соғыстарды, адамзатты жаппай қырып-жоятын қарулардың пайда болуын, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында халықаралық ұйымдардың құрылуы, адамзат әлемінің біртұтастығы мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан халықтарының этникалық тарихы
    Несиелер: 4

    Пән студенттердің теориялық жəне практикалық танымдарын қалыптастыруына мүмкіндік береді. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына байланысты жазбаша деректер қолданылады. Халықтар қалыптасуының жалпы зандылықтары негізінде тұжырымдар мен теориялық мәселелермен таныстырылады. Этникалық тарих арқылы таптық, феодалдық қатынастардың нығаюын, жер аумағының, тілінің, материалдық жəне рухани мəдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асуы қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шығыс мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады, мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылатынын қарастыру. Мемлекеттің мұндай түрі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. Сонымен қатар шығыстық мәдениетінің ерекшеліктерін студенттерге түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түркі әлемі және еуразия кеңістігі (Курстық жұмыс)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - Түркі халықтарының Еуразия құрлығының тарихындағы орнымен үлесін айқындау, түркі халықтарының көрнекті жетістіктерін жүйелеу, түркілердің әлемдік өркениеттегі рөлін, олардың өзара әрекетімен этникалық ерекшеліктері жайлы объективті түсінік қалыптастыру. Қазіргі заманғы түркі халықтарының Еуразия кеңістігіндегі рухани және заттай құндылықтарының ортақ белгілерін айқындау арқылы көне түркілердің мәдени мұрасын, заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі
    Несиелер: 5

    Ұсынылып отырған пән – Қазақстан тарихының ежелгі дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі тарихнамасы мен деректерін оқытады. Пәнді оқыту барысында Қазақстан тарихына қатысты грек, араб, парсы, қытай, түркі, орыс және батыс деректеріне баса назар аударылады. Қазақстан тарихына қатысты отандық және шетелдік зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түркі халықтарының тарихы (Курстық жұмыс)
    Несиелер: 5

    Курста түркі халықтарының құрамы, мекендеген жерлері, ұлттық даму кезеңдері, діни сенімдері, әскери-демократиялық ұйымдары, жаугершілік жорықтары және оның себептері, түркілер мен монғолдардың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, ислам дінінің таралуы, түркі халықтарының адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы жан-жақты баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Деректану және тарихнама
    Несиелер: 5

    Деректану мен тарихнама ғылымының қалыптасуын, дамуын оқытады. Теориялық - методологиялық мәселелелерге қарастыра отырып, тарихи деректерді іздеу-табу, деректерді талдау, тәжірибеде қолдануды үйретеді. Антикалық тарихнамамен, гуманистік тарихи оймен, қайта өрлеу мен реформация дәуірінің тарихи тұжырымдарымен, ағарту дәуірінің тарихи ойлары, негізгі бағыттарымен танысып, жаңа заман дәуіріндегі АҚШ, неміс, француз, ағылшын тарихнамасын оқитын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Капиталистік қатынастардың пайда болуы мен дамуы кезіндегі Азия мен Африка тарихын, отаршылдық жүйенің қалыптасуын және оның осы мемлекеттердің дамуына әсерін зерттеу. Шығыс елдері қоғамының дамуының негізгі жолын мазмұндайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани үрдістерді кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дінтану негіздері
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында Қазақстандағы көпконфессиялық қоғам жағдайында халықтар арасында діни сенімдер мен діндердің пайда болуы, адам өмірі мен қоғамдағы алатын орны өзін және жақындарын деструктивті, экстремистік және радикалды діни ағымдардың ықпалынан қорғай алу біліктілігі, өзге дінге құрмет, зайырлылық ұстанымға және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлғасының қалыптасуын дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шығыс елдерінің алатын орнын, ХХ ғасырдағы халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерді қамтиды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі шығыс елдеріндегі үлкен тарихи өзгерістерді, аймақтағы әлемдік державалардың мүдделерін халықаралық деңгейдегі маңыздылығын ашып көрсету, Шығыс елдеріндегі демократиялық революциялар және олардың нәтижелері. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардағы Шығыстың рөлі мен орнын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі замандағы дүниежүзі тарихы
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында студенттерге Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейінгі саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім беру. ХХ ғ. басынан осы уақытқа дейінгі тарихы «қазіргі заман тарихы» деп аталатын кезең жалпы білімдік және дүниетанымдық тұрғыдан дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың шығармашылық ойлау қабілетін ұштауға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Студенттерге Азия және Африка елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі бағыттарын талдап түсіндіру. Шығыс елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тұжырымдарын меңгерту, қазіргі замандағы Азия және Африка елдерінің қоғамдық-саяси жағдайы туралы нақты білім беру. Азия және Африка елдерінде отаршылдықтың сипаты, ұлт-азаттық көтерілістердің себеп-салдарын студенттерге жан-жақты түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON10

    Тарихи оқиғаларды білуге және талдауға негіздей отырып, тарихтың одан әрі дамуын болжайды.

  • Код ON6

    Тарихи-педагогикалық үдерістің мәселелерін шешу барысында тарихи дамудың әр кезеңі туралы білімдерін қолданады

  • Код ON8

    Жаһандық және еуразиялық тарихи үдеріс аясында тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдері талданады.

  • Код ON4

    Тарихнамалық мәселелерді шешу барысында ғылыми әдебиеттерге, библиографиялық және басқа ақпарат көздеріне талду жасай алады.

  • Код ON9

    Тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі мәселелерді, оқиғаларды, идеялар мен теорияларды сыни тұрғыдан бағалап, түсіндіреді.

  • Код ON7

    Жеке құбылыстар мен өткен тарихи оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен, ғылыми зерттеулердің салыстырмалы тарихи, ретроспективті және басқа әдістерімен байланыстырады.

  • Код ON5

    Тарихи үдерістердің барысын түсіне және біле алады

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 6B01601-Тарих
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 тарих және дінтану
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих-құқық негіздері
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарих мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Мұғалімнің тарихын оқыту
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарихы
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top