Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01101 Педагогика және психология в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В01101 – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары білімі бар, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану негізінде психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыруда практикалық дағдыларды меңгерген, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған білімді іске асыру. Сонымен қатар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары стратегиясының ғылыми-педагогикалық міндеттері мен мәселелерін шешуге қабілетті мамандарды қалыптастыруға ықпал ету.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Педагогика-психология мамандығына кіріспе
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің кәсіптік жеке дамуын іске асыруды қамтамасыз етіп, оларға жоғары оқу орны жүйесіндегі мектептен кейін оқуын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология мамандығына кіріспе
    Несиелер: 5

    «Психологиялық мамандыққа кіріспе» пәні психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мән-мағынасын жан-жақты терең ашып көрсетеді. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік бағытын, әлеуметтік ролін, оқыту функцияларын белгілей отырып, педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып шыңдалу, педагогикалық шеберлігін ұштау жолдарын айқындайды. Бүгінгі таңда, білім алу – өмірдің жоғарғы құндылығына айналып отырғандықтан, педагогикалық мамандықтарға қызығушылық артуда, яғни педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын адамдардың білімі мен қатар кәсіби шеберлігінің жоғары болуы – бүгінгі заман талабы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология тарихы
    Несиелер: 5

    «Психология тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеттерін оқып үйрену. Ғылым тарихын оқып білудің адамгершіліктік мән-мағынасы. Тарихи психологиялық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері. Төлтумалық өзіндік ерекшелік принципінің мәні. Отан, патриотизм, эндогендік даму идеяларының тарихи психологиялық зерттеулерінде көрінуі. Психология дамуының факторлары мен заңдылықтары. Ғылым дамуының қоғам тарихымен материалдық және рухани мәдениеттермен, іргелес ғылымдармен байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді білуге үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы мағлұмат беру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Этнопсихология
    Несиелер: 5

    Ғылым тарихын оқып білудің адамгершіліктік мән-мағынасы. Тарихи психологиялық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері. Төлтумалық өзіндік ерекшелік принципінің мәні. Отан, патриотизм, эндогендік даму идеяларының тарихи психологиялық зерттеулерінде көрінуі. Психология дамуының факторлары мен заңдылықтары. Ғылым дамуының қоғам тарихымен материалдық және рухани мәдениеттермен, іргелес ғылымдармен байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика мамандығына кіріспе
    Несиелер: 5

    Болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық теория негіздері
    Несиелер: 3

    әлеуметтік маңызы бар құбылыстарды, оқиғаларды, процестерді бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 2

    Болашақ педагогтардың гуманистік дүниетанымын дамыту, оларда теориялық білім жүйесін қалыптастыру және жеке және кәсіби өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қарым-қатынас психологиясы
    Несиелер: 3

    Адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Студенттерде тұтас педагогикалық үрдіс жөнінде педагогикалық үрдіс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру. / Формирование системы педагогических знаний о педагогическом процессе в целом педагогического процесса у студентов. / Formation of a system of pedagogical knowledge about the pedagogical process as a whole pedagogical process among students.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау
    Несиелер: 2

    Ақпараттық орта мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіреді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дефектология негіздері
    Несиелер: 5

    Әр түрлі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды толығынан әлеуметтендіруге, қоғамға кіргізуге, тұлғалық дамытуға бағытталған коррекциялық-педагогикалық іс-әрекетін жүргізу болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 4

    Этнопедагогика ғылымы пәні, міндеттері және әдістемелік негіздері. Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар. Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі. Р.Г.Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі. ҚР-дағы білім беру жүйесі мен педагогикалық ойлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика тарихы
    Несиелер: 5

    Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуы туралы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту
    Несиелер: 2

    «Ұлттық идея» және «мемлекеттік идеология», ұғымдарын анықтайды; «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи-философиялық негіздерін сипаттайды және түркі жазба ескерткіштеріндегі идеялар мен ортағасырлық философтардың ой-пікірлерін оқиды және есте сақтайды; Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың, билердің өлеңдері мен нақыл сөздерін жаттап, айта алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Медициналық психология
    Несиелер: 5

    Науқас адамның жүріс тұрысы мен дәрігермен қарым қатынасына, әр түрлі ауруларды алдын алу, психологиялық профилактикасы, психигигиенаға байланысты

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның педагогика тарихы
    Несиелер: 4

    Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектептегі психологиялық қызмет
    Несиелер: 5

    Педагог мамандарының оқыту тәрбиелеу іс-шара жүйесінде оқушылардың жеке тұлға ретінде психологиялық дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шығармашылық психологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау процесі,оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай,сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет курсы бүгінгі күннің талабына сай психолгия мамандығы магистранттары үшін негізгі базалық пән болып есептеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Даму психологиясы
    Несиелер: 5

    Даму психологиясы пәні – психикалық дамудың әрбір кезеңінде адамдар арасындағы даралық ерекшеліктерді зерттейді. Даму психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі эксперименттік зерттеулердің мәнін ашу, жас дамуының іргелі және қолданбалы зерттеулерімен таныстыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалар психология
    Несиелер: 5

    Балалар психологиясы пәні – психикалық дамудың әрбір кезеңінде адамдар арасындағы даралық ерекшеліктерді зерттейді. Балалар психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі эксперименттік зерттеулердің мәнін ашу, жас дамуының іргелі және қолданбалы зерттеулерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 2

    Кәсіби өзінің білімінің іскерліктерін меңгеру бойынша студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыру. Білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін кретериалды бағалау жүйесін жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері
    Несиелер: 3

    Жемқорлық әрекеттеріне әсер ететін факторлар, жемқорлық көріністері туралы жалпы кешенді білімдер

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шығармашылық ойлау психологиясы
    Несиелер: 5

    Шығармашылық тәрбие жұмысының мәні, мақсаты менміндеттері, мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары, педагогикалық ынтымақтастық әдістері, оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік психологиясы
    Несиелер: 5

    Жас ерекшелік психологиясы пәні – психикалық дамудың әрбір кезеңінде адамдар арасындағы даралық ерекшеліктерді зерттейді. Жас ерекшелік психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі эксперименттік зерттеулердің мәнін ашу, жас дамуының іргелі және қолданбалы зерттеулерімен таныстыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Патопсихология
    Несиелер: 5

    Психикалық процестердің қалыпты пайда болу заңдылығын жеке бастың психикалық заңдылығышың бүзылуын салыстыра отырьш зерттеу. Негізгі мақсаты; Патопсихологиялық зерттеулердің ерекшеліктерін оқып үйрену әрі психологиялық процестердін пайда болуы және бүзылуы заңдылығымен адамның психикалық әрекетінің Ыдырап зандылығын салыстыра отырып зерттеуде теориялық біліммен қаруландыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психологиялық қызмет
    Несиелер: 5

    Болашақ маманның тұлғалық бейнесі тәрбие жүйесін меңгерген, шығармашылық ойлау қасиеті жетілген, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, сенімді, іздемпаз, мамандығына қажетті сапалы қасиеттерді меңгерген, сезімтал, қоғамның идеялық, әлеуметтік, экономикалық, рухани дамуын жаңаша ойлап түсінетін, өзгелерге түсіндіре алатын, қоғам сұранысына орай іс-әрекет жасай алатын, оңды шешім қабылдай алатын іскер болуы тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 2

    Адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру» Мінекей оқушылар да, ата-аналарда, тіпті мұғалімдер де асыға күткен биылғы жазғы демалысқа жеттік десек болады. Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арнайы мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Мемлекетіміздегі және шет елдердегі дамуында ауытқуы бар адамдпрға арнайы білім берудің ұлттық жүйесі қалыптасуының әлеуметтік – мәдени негіздерін оқытып түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Практикалық психология
    Несиелер: 5

    Практикалық психология жеке даралық топтың және жаппай деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тұлға теориясы
    Несиелер: 5

    Тұлға туралы түсінік, тұлғаның құрылымы, шетелдік, ресейлік және отандық психологиядағы тұлғаның дамуының және қалыптасуының психологиялық тұжырымдамасы. Тұлғаны зерттеудегі қазіргі заманғы тұғырлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Психологиялық кеңес беру негіздері
    Несиелер: 5

    Психологиялық кеңес берудің мақсаты, міндеттері.Психологиялық кеңес берудің түрлері. Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері. Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары. Психоаналитикалық бағыт. З.Фрейд классикалық психоанализі. К. Роджерстің клиенткеорталықтанған тәсілі. Нейро-лингвистикалық бағдарлау (НЛБ).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Психологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Психологияны оқыту әдістемесінің пәні – әдістер , психологияны оқыту құралдары және олардың ерекшеліктері болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ(орыс) тілі
    Несиелер: 3

    «Кәсіби қазақ-орыс тілі» пәнін зерделеу мамандарды базалық даярлаудың құрама бөлігі болып табылады. Берілген пән қазақ-орыс тілін объект ретінде емес, базалық білімді меңгеру құралы ретінде пайдаланып, қазақ –орыс тілін мамандық саласында аса терең зерделеуді болжайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    «Кәсіби-бағытталған шет тілі» студенттерді бағдарламамен қарастырылған тақырыптарға қатысты шет тілінде сөйлеу қанынастарын, сөйлеу констекстерде грамматикалық, лексикалық және құрылымдықты қолдануға үйретеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл бағдарлама екі бөлімнен тұрады(жалпы және дербес):Жалпы бөлімінде педагогиканы оқытудың жалпы теориялық мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде педагогиканың негізгі бөлімдерінің әдістемесіне баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 4

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тұлғаны педагогикалық-психологиялық диагностикалау
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық диагностика» курсы студенттерге мектеп жасындағы оқушыны және оқушылар ұжымын комплексті зерттеудің диагностикалық әдістемелерін меңгеруге көмектесу, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық - педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инженерлік кәсіпкерлік
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі – белсенділігі және іскерлігі. Нарық жағдайында шаруашылық субьектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибенің әдіс – амалдарын қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің ішінде кәсіпкерлік қызмет негіздері елеулі орын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Акмеология
    Несиелер: 4

    Акмеология - адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отбасы психологиясы
    Несиелер: 5

    Oтбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экологиялық педагогика
    Несиелер: 5

    Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік жүйелер
    Несиелер: 3

    Тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Андрогогика
    Несиелер: 4

    Андрагогика -ересек адамның білім мен іскерлікті меңгеруінің өзіндік заңдылықтарын ашатын оқыту теориясының бөлімі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дін психологиясы
    Несиелер: 4

    Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отбасы педагогикасы
    Несиелер: 5

    «Отбасы педагогикасы» пәнінің негізгі мақсаты-отбасының қоғамдық әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі факторы екенін ашып көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заң психологиясы
    Несиелер: 5

    Психологиялық құбылыстарға адамдардың құқықтық іс әрекеттерінде білім алушылардың мінез құлқына әсер ететін психологиялық құқықтық құбылыстарға баға беру; заңгер мамандығына психологиялық дайындық; Бұл ғылыми саланы өз бетімен толық зерттеуге және мамандандырылған іс әрекетте, күнделікті өмірде студенттердің заң психологиясын қолдануға түрткі болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік педагогика пәні, мақсаты мен міндеттері. Адамның әлеуметтік ортаға бейімделуі мәселелері. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға бейімделуі мен әлеуметтенуінің теориялық зерттеулері. Әлеуметтену процесінің жүйесі. Әлеметтік педагог қызметі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Пcихологиялық тренинг әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Оның мазмұнына:Кәсіби педагогикалық білім; Педагогикалық тәжірибе; Шығармашылық тәжірибе; Тұлғалық қасиеттері;Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ынтымақтастық педагогикасы
    Несиелер: 5

    Ынтымақтастық педагогикасы өзара түсініспеншілікті бекітетін үлкендер мен балалар арасындағы бірлескен қызметі, бір – бірінің рухани әлеміне енуі, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін бірлесіп талдау әрекет идеясы ретінде түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Kонструктивті оқыту студенттерге ойлау операциялары арқылы алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, оларды бүтіндік сызбасы бойынша келесі білімге тасымалдау негізінде өзінің білімдерін, түсінік әлемін құруына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аутодеструктивті мінез-құлық превенциясы
    Несиелер: 5

    Аутодеструктивті мінез – құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез - құлық.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Конфликтология
    Несиелер: 5

    Конфликтология-кез келген деңгейдегі қақтығыстардың пайда болу, пайда болу, даму, шешу және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін пән. Қақтығыстың туындауын туындатқан белгілі бір проблемалар шеңберін шешу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еңбек психологиясы
    Несиелер: 5

    Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психологиядағы проективті әдістер
    Несиелер: 5

    Проективті әдістер – белгілі бір мінез-құлық пен бейнелерге негізделген жобалау жасалынатын әдісттер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 5

    Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заң психологиясы
    Несиелер: 5

    Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психологиядағы математикалық-статистикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Психологиялық зерттеу жүргізу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеруді және психологиялық математикалық әдістермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эксперименттік психология
    Несиелер: 5

    Эксперименталды психология (лат. experimentum - тәжірибе, сынақ) - эксперименталды әдістерді қолдана отырып, психикалық құбылыстарды зерттеудің әртүрлі түрлерінің жалпы белгісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ғылыми – зерттеу жұмысының әдістемесі барысында студенттердің ғылыми көз қарастары қарлыптастырылады, кәсіби біліктіліктері артады сонымен қатар, ұстаздың еңбегіне жауапкершіліктері артады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Қазіргі инновациялық технологияларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру техгологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дау-дамай психологиясы
    Несиелер: 5

    Білім беру үдерісіне қатысушылардың арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік қалыптастыру және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының алдын алу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп психологының жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Мектеп психологының жұмысын ұйымдастыру - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиапедагогика
    Несиелер: 5

    Медиапедагогика қазіргі таңда білім беру саласының барлық деңгейінде кеңінен маңызды мәнге ие, сондай-ақ тұлға дамуының әлеуметтік мәдени факторына, медиамәдениет дамуының басты құралына айналды. Телевизиялық білім беру медиа білім беру құрылымында айтарлықтай өзіндік орны бар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру
    Несиелер: 5

    Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психологиялық практикум
    Несиелер: 5

    «Психология практикум » курсы эксперименталдық жұмыстың психологиялық заңдарының ғылыми зерттеуінің білімін және негізгі дағдыларын қабылдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кроссмәдениет психологиясы
    Несиелер: 5

    Cалыстыру арқылы адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшіліктерін зерттейтін психологияның бір бағыты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Студенттер кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Кәсіби педагогика
    Несиелер: 5

    «Кәсіби педагогика» пәні болашақ еңбек технологиясы және кәсіпке баулу мұғалімдерін оқушыларды еңбек пен кәсіпке дайындау бойынша оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздермен және практикалык ептіліктермен каруландыру мақсаттарын алға қояды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Басқару психологиясы — басқару жүйелеріндегі адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Педагогтың сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Білім алушының сөз мәдениеті, сөз әдебі ұғымдарына назар аудара отырып, өз араларында осы өлшемдердің қарым-қатынас үдерісінде орындалу жағдайы туралы түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Психологиялық менеджмент
    Несиелер: 5

    Психологиялық менеджмент басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 5

    Басқару ерекше іс-әрекет түрін көрсетеді, яғни субъектімен белгілі бір процестің іске асқанын басқару, ол – берілген мақсатқа объектінің қозғалысын қамтамасыз етуді білдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, кәсіптік қызмет саласында АКТ қолдану мүмкіндігіне ие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізеді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады.

  • Код ON2

    Оқу процесіндеанатомия, физиология және гигиена негіздерін білуді қолдану дағдылары мен іскерліктерін меңгереді, оларда теориялық білім жүйесі қалыптасады, жеке және кәсіби өзін-өзі дамытады.

  • Код ON3

    Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің педагогикалық аспектілерін біледі, студенттерде олардың қызметі саласында тиісті кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті коммуникативтік құзіреттілік қалыптасады, әртүрлі деңгейдегі оқытуды жүзеге асыру принциптерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын бейімдеу технологияларын меңгереді, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке даму ерекшеліктерін есепке алуды біледі, "Рухани жаңғыру" патриоттық актісінің тұжырымдамасын меңгереді, Кәсіпкерліктегі ойлауды, нақты іскерлікті жобалауды біледі, шығармашылық ойлау психологиясының методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін игереді.

  • Код ON4

    Негізгі психологиялық мектептер мен бағыттардың пайда болу тарихын біледі, психолог ретінде табысты практикалық қызметке қажетті білім беру және студенттерді елдің білім беру кеңістігінң барлық буындарында кәсіби және медициналық сауатты жұмыс жасай алады, практикалық психология қызметінің негізгі бағыттарын меңгерген, арнайы психология мен педагогиканың өзекті мәселелерін шешуде заманауи ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі қалыптасқан, психологиялық экспериментті жоспарлау бойынша арнайы білімді меңгереді, өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, білім мен іскерлікті меңгерудің өзіндік заңдылықтарын, сондай-ақ осы іс-әрекетті басқару ерекшеліктерін, іздену, тану, ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді іс-әрекеттері негізінде игерілетін білімді меңгереді.

  • Код ON5

    Сыртқы факторлар мен себептерден адам денсаулығының өлім-жітімі мен жоғалуын төмендетуге бағытталған білімді меңгереді, студенттер психологияның жалпы әдіснамалық негіздері туралы, психиканың даму және қызмет ету заңдылықтары туралы және тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары туралы теориялық білімді меңгереді, әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгереді, құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани біледі, еңбек пен кәсіпке дайындау бойынша оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздермен және практикалык ептіліктермен каруланады.

  • Код ON6

    Білім беру менеджментінің негізгі түсініктерімен және бағыттарымен, оның типтік міндеттерімен және оларды шешу тәсілдерін меңгереді, білім беру нтижелерін критериалды бағалаудың практикалық дағдыларын біледі, студенттер әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориясы мен әдіснамасын, , топтық психологиялық дағдыларын меңгеруге бағыттылығы қалыптасады, педагогиканы оқу пәні ретінде құрудың және қазіргі оқыту технологияларының ғылыми негіздерін біледі, психологияны оқыту құралдары және олардың ерекшеліктерін меңгереді, психологиялық зерттеу жүргізу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеруді және психологиялық математикалық әдістермен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, оқушы мен ұстаздың бір - бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс - әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауды біледі, белгілі бір мінез-құлық пен бейнелерге негізделген жобалау жасалынатын әдістерді меңгереді

  • Код ON7

    Оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі мен техникасы саласында болашақ маманның кәсіби-педагогикалық білімі қалыптасады, педагогикалық және арнайы тәрбие іскерлігін біледі, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты және баланың жеке тұлғасын қалыптастыру мен әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі ретінде қажеттілігіне сенімділіктері қалыптасады

  • Код ON8

    Жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын меңгереді, әлеуметтік бейімделуде қиындық көріп жүрген денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және кәмелетке толмаған білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсете алады.

6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B01101-Педагогика және психология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B011 Педагогика және психология
Бакалавриат

Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 6B01101 – Педагогика және психология
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қайнар академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақстан инновациялық академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі:
Top