Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01101 Педагогика және психология в Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашыл және функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзыреттіліктерді игерген, өмір бойы білім алатын, бәсекеге қабілетті, халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа заман сұранысына икемді, балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, еңбек нарығының жаңа талабына сай педагог-психолог маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Өзін-өзі басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын, принциптерін, концепцияларын түсіндіреді. Дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдауға баулиды. Адамдармен тығыз контактіде нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйене жұмыс жасауды үйретеді. Басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік психологиясы
    Несиелер: 3

    Түрлі жас кезеңдердегі психологиялық дамудың әдіснамалық негіздерін айқындайды. Психикалық қасиеттерінің жекелік даму ерекшеліктерін талдап, қарастырады. Психологиядағы теория мен практиканың өнімді байланыстарын меңгертеді. Даму психологиясындағы фундаменталды ғылыми зерттеулерді саралайды. Жеке тұлғалардың даму ерекшеліктерінің басты себептерін зерттеп, анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Даму психологиясы
    Несиелер: 3

    Онтогенездегі адам тұлғасы мен психикасының даму ерекшіліктерін анықтайды. Баланың психикалық дамуының факторларын, механизмдерін, заңдылықтарын қарастырады. Психикалық дамудың әр сатысында жас кезеңдеріндегі жеке дара айырмашылықтарды салыстырады. Жастық даму кезеңдерін зерттеген ғалымдардың теориялық негіздерін талдайды. Әрбір жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін, психикалық даму кезеңдерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
    Несиелер: 5

    Өткен дәуір ғұламаларының тәрбие, оқу-ағарту саласындағы ой-пікірлерінің, еңбектерінің тарихи маңыздылығын баяндайды. Ұлы ойщылдар шығармаларының маңызды еңбектерімен таныстырады. Тарихи ұлттық көзқарастарды, қоғамдық мәдени білімді қалыптастырады. Ғылыми педагогикалық білімдердің этностық ерекшеліктерін меңгертеді. Түбірі терең, тарихи мұралар мен тәрбиелік құндылықтарды заманауи білімдермен ұштастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика тарихы
    Несиелер: 5

    Педагогикалық ойлардың дамуын, негізгі бағыттарын айқындайды. Жетекші педагогикалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастырады. Ұлы ойшылдар мен көрнекті ағартушылардың тәрбиелік идеяларын салыстырады. Кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіріп дамытуға дағдыландырады. Кәсіби педагогикалық білімді ғылыми негізде талдайды. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің тенденцияларына үлес қосады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халқының ұлттық психологиясы
    Несиелер: 5

    Ұлттық құндылықтарды этностық тұрғыдан әлеуметтендіру мақсатында, оның тетіктері мен механизмдерін анықтайды. Ұлттық психологияның заңдылықтары мен түрлі қолдану элементтерін түсіндіреді. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттіліктің маңыздылығын меңгертеді. Ұлттық психологиялық ұғымдарды қалыптастырады. Қоғамдағы әлеуметтік жағдаяттарға байланысты ұлттық факторларды талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Балалар организмінің функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын қарастырады. Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді білуге үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы мағлұмат береді. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін кәсіби шешуге баулиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 3

    Құндылық танымның түрлі ұғымдарын тануға, келісті карым-катынас жасауға үйретеді. Әлеуметтік ортаға қалыптасуға және өмірдегі өзгеріп жаткан жағдайларға бейімдейді. Өмірдің мәнін, мазмұнын анағұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі қоғамда тұлғаның рөлі мен өзін танытуы үшін негізгі қажеттіліктер қалыптастырады. Бүгінгі жас ұрпақты өзіне сенімді қабілетті, жігерлі тұлғалардың рухани дүниесін бағалауға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Этнопсихология
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының ұстанатын тәлім-тәрбиелік бағыттарын психологиялық тұрғыда баяндайды. Этнопсихологияның теориялық мәселелерін қарастырады. Тұлғаның ұлттық сана-сезімін халықтық психология негіздерімен тәрбиелейді. Этностық бірлікте халықтардың ұлттық психологиясы мен психологиялық мінезінде көрінетін психологиялық ерекшеліктерін салыстырады. Этностық ерекшелік пен этносаралық қатынас мәселелер мен заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дефектология және логопедия негіздері
    Несиелер: 6

    Дамуында кемшілігі бар баланы оқытудың, тәрбиелеудің әдіс–тәсілдерін үйретеді. Қазіргі заманғы жүйелі ойлау және өзіндік дамудағы қажеттілігі туралы ұғым қалыптастырады. Білім берудің қазіргі заманғы әдістемелеріне сүйене отырып, балаларды түзетудегі процестерді ғылыми – теориялық тұрғыдан меңгертеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзетіп оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 6

    Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сипаттайды. Халықтық тәрбиенің шығу тарихы мен ғылыми теориясын меңгертеді. Ұлтаралық қарым-қатынаста толеранттылық танытуға үйретеді. Жалпыадамзаттық идеалдар негізінде жас ұрпақты тәрбиелейді. Жалпы және кәсіби мәдениеттің қалыптасуына бағыт-бағдар береді. Әр түрлі халықтардың этнопедагогикалық жүйесін теңестіре-салыстырмалы талдайды. Этнос ұғымдарын зерттеп-зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тәлім-тәрбиесінің тарихы
    Несиелер: 6

    Халық ұғымындағы тәрбие түрлерінің айырмашылықтарын түсіндіреді. Жас буынның бойына мәдени құндылықтарды сіңіруге бағыттайды. Халық педагогикасының дәстүрлерін сақтау, қайта жаңғырту, дәріптеу жұмыстарын кәсіби тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларын үйретеді. Жаңа қоғамда жас отбасыларға қазақ халқының тарихи тәлім-тәрбиесінің ең бай мұраларын қолдануды насихаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнайы педагогика
    Несиелер: 6

    Ауытқушылығы бар тұлғаларды пайдалы өмірге белсенді етіп тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Дамуында ауытқуы бар балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдіс-тәсілдермен қаруландырады. Жұмысқа бейімділігін, іскерлік дағдыларын дамыту жолдарын айқындайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды ойын, еңбек процесі арқылы қоғамдық ортаға бейімдеу жолдарын қарастырады. Тәрбиелеу, оқыту, дамыту процестері арасындағы өзара байланысты зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагог ғалымдардың ой-пікірлері мен ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдайды. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Оқыту мен тәрбиенің қазіргі педагогикалық технологияларын кәсіби әрекетінде қолдануға қабілеттендіреді. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет түрлерін талдайды. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды әзірлейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Педагогиканы оқытудың әдістемелік жобаларын, дидактикамен тығыз байланыстылығын анықтайды. Оқытудың ерекшеліктері, әдіснамалық және теориялық сұрақтарын қарастырады. Білім беру технологияларын, құралдары мен әдістерін таңдау дағдысын меңгертеді. Педагогикалық қызметте оқытудың қазіргі инновациялық технологияларын тиімді қолдануға бағыттайды. Кәсіби қызметінде педагогиканы оқытудың алуан түрлі формаларын пайдалануға машықтандырады. Педагогиканы оқытудың нәтижесін бақылап, диагностика жасауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды.Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және кәсіпкерлік тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы психология
    Несиелер: 3

    Психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұнын баяндайды. Әлемдік және отандық психологиялық ықпалдар мен идеялардың негізгі принциптерімен таныстырады. Психологиялық заңдылықтардың негізінде психикалық процестердің тәсілдерін, даму жолдарын анықтайды. Танымдық психикалық процестердің ерекшеліктері мен мазмұнын айқындайды. Жалпы психологияның негізгі өзегін құрайтын танымдық психикалық процестердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тұлғааралық қатынастар психологиясы
    Несиелер: 5

    Тұлғаны және топтық үдерістерді психоаналитикалық тұрғыдан түсіндірудің әлеуметтік- психологиялық аспектілерін сипаттайды. Тұлғалық қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымдарын меңгертеді. Тұлғалардың қарым-қатынас түрлері мен қызметтерін қарастырады. Тұлғааралық қатынастарды зерттейді. Тұлғаның биік мұраттарын талдайды. Қоғамдағы, ұжымдағы, топтағы, жеке тұлғаның өзіндік орнын нақтылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын қарастырады. Тәрбиелік жүйенің оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік бағыттарын меңгертеді. Педагогикалық қолдау тактикасын кәсіби қызметінде пайдалануға машықтандырады. Қазіргі заман жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтайды. Мектеп пен сыныптың, оқушы мен отбасының өзара әркеттестігін ұйымдастыруда түрлі формаларды жоспарлауды үйретеді. Балалар ұжымын дамытуда тәрбие жұмыстарының стратегиясын талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Бағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін айқындайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын қарастырады. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдарын сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратуды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 3

    Табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық процесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Қазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін, педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын қарастырады. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыдан (модерация, жобалау) қолдануды үйретеді. Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын әзірлейді. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Қоғамдық сананың тұлғаға әсері мен қарым – қатынас ықпалын анықтайды. Тұлғаны әлеуметтендіру процесінде психологиялық аспектілердегі ғылыми білімдерді қарастырады. Орта мен ұжым арасындағы келіспеушілік жағдайларды болдырмаудың жолдарын шешеді. Адамдардың бір-біріне өзара ықпал ету, әрекеттесу феноменін зерттейді. Қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктерді талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскерлік қарым-қатынас психологиясы
    Несиелер: 5

    Күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйелерді талқылайды. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін, іскерлік және дағдыларын дамытуға бағыттайды. Әсерлі жағдайды туғызатын жағдай жасауды үйретеді. Қарама-қарсы, қозғаушы қарым-қатынас жасауды меңгертеді. Іскерлік қарым –қатынас мәселелерін ешудің формаларын талдайды. Басқа адамды қабылдау мен түсінуге қатысты туындайтын қажеттілікті зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Оқытылатын шет тілінің өлшемдеріне сәйкес өз ойларын ғылыми түрде бағыттайды. Шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Шетел тілінде кез-келген тақырыпта диалог, монолог түрлерінде қарым-қатынас жасауда, өз ойын дәлелдеуге, нақты жеткізуге бейімдейді. Тілдесудің психологиялық негіздері мен кәсіби білімін айқындайды. Білім беруде көптілділік тәсілдемесін орындауға машықтандырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Психологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Психологияны оқытудың мақсат-міндеттерін, қағидаларын анықтайды. Психологиялық оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру, қолдану технологиялары туралы түсінік береді. Педагогикалық процесті басқаруда дағды мен біліктілікті дамытады. Дамыта оқытуда қазіргі заманауи әдістер мен формаларды кәсіби шеберлігінде қолдануға ынталандырады. Оқыту барысында алынған ақпарат көздерін талдайды. Дәстүрлі және инновациялық оқыту стратегиясын қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • "Мәңгілік ел" құндылықтары және рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың 5 ТЖҚ1, ТЖҚ 2, ТЖҚ3, ТКҚ 12 жаңғыруы мен заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге бағыт-бағдар береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолданады. Білім беру ұйымдарындарының қызметкерлері мен балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Тілдік қарым-қатынас, оның болмысы мен түрлерін баяндайды. Өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады. Болашақ маманның дұрыс, кәсіби сауатты сөйлеу мінез-құлқын меңгертеді. Тілдік құзыреттілікті дамытуда білім алушылардың зерттеу дағдысын дамытады. Тілдің мазмұндылығын, айтылымның ақпараттылығын, қисындылығын, орындылығын, мәнерлілігін ескеріп, айтылымды құрастырады. Көптілді білімнің педагогикалық мониторингін жүргізеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтендіру психологиясы
    Несиелер: 5

    Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық аспектісін айқындайды. Психологиялық-түзету жұмысының негіздерін ажыратады. Психологиялық-түзету жұмысының негізгі бағыттарын меңгертеді. Тұлғаның жасы мен диагнозын ескере отырып, жеке және топтық форматта психологиялық жұмыс жүргізуді үйретеді. Түзету-оңалту жұмысының нәтижелерін талдайды, қорытындылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жастар саясаты
    Несиелер: 3

    Мемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптастыруын анықтайды. Өзін-өзі басқару дағдыларды қалыптастыруға бағыттайды. Арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы арқылы психологиялық көмек және қолдау көрсетуді меңгертеді. Жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтерді кәсіби тәжірибеде пайдалануға машықтандырады. Түрлі мәселелерді шешуде нақты жағдаятты саралауды үйретеді. Байланысқа түскен қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қарым-қатынас психологиясы
    Несиелер: 5

    Әлемдік және отандық зерттеулердің негізгі принциптерімен, бағыттарымен, идеяларымен таныстырады. Отандық және әлемдік психология ғылымдарының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын меңгертеді. Ғылыми зерттеуде дәстүрлі және инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалануға машықтандырады. Қарым-қатынас психологиясының заңдылықтарын зерттейді. Психологиялық білімдер жүйесін тұлғалық білімдер аясына қатыстыру мақсатын талдайды және бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дінтану
    Несиелер: 3

    Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 6

    Әлеуметтік педагогикалық іс- әрекеттің сипаты, ерекшелігі туралы теориялық білімдерді меңгертеді. Қоғамдағы мемлекеттік, жекелік ұйымдардың мүмкіндіктерін ұштастыру арқылы күшейту жолдарын қарастырады. Әртүрлі ұйымдарда түрлі жастағы, әлеуметтік санаттағы адамдардың ұжымда тәрбиеленуін нақтылайды. Балалардың тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуінің тәрбиелік-түзетушілік процесін зерттейді. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Психологиялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Психологиялық білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды жүйелейді. Баланың психикалық жандүниелік саулығын, физиологиялық дамуында және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыруын меңгертеді. Қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдалануға машықтандырады. Жеке, топтық көмек беру үшін психологиялық зерттеу жұмыстарын талдайды. Диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізу технологияларын қолдануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Практикалық психология
    Несиелер: 6

    Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін, ережелерін баяндайды. Психологиялық қасиеттердің көрініс беруін анықтайды. Диагностикалау негіздерін, оны жүргізу тәртібі туралы теориялық, практикалық білім негіздерін меңгертеді. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді қолдануға машықтандырады. Әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процестерін зерттеп, даму деңгейін бағалайды. Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды жоспарлайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқытудың интерактивті формалары
    Несиелер: 6

    Білім берудің жаңа мазмұнынын айқындайды. Жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды анықтайды. Оқыту, тәрбиелеу процесінде интерактивті технологияны тиімді қолдануды үйретеді. Тұлғаның жеке өздігінен оқып-үйренуге, ізденуге, өзара бағалауға жағдай жасайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмаларды қолдануға машықтандырады. Балалардың даму жүйесін, әдістемесін, педагогикалық технологияларын жасауды жүзеге асырады. Эмоцианалдық, мотивациялық, интеллектуалдық жетістіктерге жетуге бағыттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы психология
    Несиелер: 6

    Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастырады. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашады. Психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Арнайы психологияның жеке бағыттарын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 6

    Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынасты анықтайды. Педагогикалық тұрғыдан кәсіби шеберліктерін арттыруға дағдылайды. Тұжырымдау, салыстыру, талдау, мәселелерін нақтылап, шешу жолдарын меңгертеді. Жаңа технологияларды кәсіби қызметінде шығармашылықпен пайдалануға машықтандырады. Біліктілігі мен іскерлігін жоғарғы деңгейге көтеруге бағыттайды. Ғылыми кәсіптік – педагогикалық дайындыққа жету мақсатына бағыттайды, қызметтің барлық түрін кәсіби тұрғыда шыңдауға дағдылайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кикілжің психологиясы
    Несиелер: 6

    Әлеуметтік топтағы кикілжіңнің туындау себептерін анықтайды. Қоғамдағы әлеуметтік ортада туындаған кикілжіңдерді психологиялық тұрғыдан шешудің жолдарын қарастырады. Теориялық ілімдер негізінде шиеленістік жағдаяттарды шешу жолдарын үйретеді. Қарама-қарсы бағыттағы анықталған тенденциялардың қақтығыс, күйзелістерін, тұлғааралық өзара әрекеттегі психологиялық шиеленіс түрлерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық әдеп
    Несиелер: 6

    Гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық іскерлік, педагогикалық техника компоненттерімен байланысын қарастырады. Дүниетанымдық қабілетін дамытып әлеуметтік мәні бар қажетті жұмыстарға бейімдейді. Жағымды психологиялық климат орнатуда педагогикалық қарым-қатынас бағыттарын жүзеге асыруға үйретеді. Кәсіби-педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін ұғынып, құрылымын меңгертеді. Заманауи технологияны игеру барысында теориялық білімдер практикалық қызметте қолдануға машықтандырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепте психологтың қызметін ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің жаңа жетістіктерін дәйектейді. Психологиялық жұмыстың мәнін, теориялық негіздерін, бағыттарын қарастырады. Балалардың еріктік, шығармашылық және интеллектуалдық дамуына бағытталған түзету жұмыстарын жүргізуді үйретеді. Білім беру мекемесінде туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындайды. Педагогикалық-психологиялық түзету-дамыту нәтижелерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Менеджмент психологиясы
    Несиелер: 6

    Қазіргі басқару психологиясының негізгі мәселелерін ұғынады. Басқару психология ғылымының категориялық құрылымын меңгертеді. Басқару жүйесінде практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Психологиялық-педагогикалық креативті ойлауды меңгертеді. Психологиялық өндірісте және іскерлік қарым-қатынас психологиясында ұтымды пайдалануға машықтандырады. Басқару өнімділігін жоғарылататын психологиялық себептерді талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы
    Несиелер: 6

    Қазіргі кездегі практикалық психологияның өзекті мәселелері қарастырады. Психологтың кәсіби практикада қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Психолог этикасының техникасы мен әдістемесін меңгертеді, практика жүзінде қолдануға машықтандырады. Практикалық психологтардың іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында психологиялық құбылыстарға ғылыми практикалық талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мінез -құлық психологиясы
    Несиелер: 6

    Белсенді қарым-қатынас құруға, командамен жұмыс жасауға үйретеді. Тұлғалық және мәдениет айырмашылықтарына толеранттылық көрсетуге дағдылайды. Сындарлы сынға және ұсынымдарға сай әрекет жасауға бағыттайды. Психологиялық механизмдерді, оның негізгі түрлерін, диагностика әдістерін және түзету мен алдын алу бағыттарын зерттейді. Кәсіптік көшбасшысының негіздерін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жеке тұлға психологиясы
    Несиелер: 6

    Тұлға индивидтің іс-әрекетінің әртүрлі аспектілеріне қатысты қарым-қатынастардың ерекшелігін қарастырады. Индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы эмоция мен сезімдерін, мотивтер жиынтығын, тұлғаның іс-әрекетін бақылауға бағдарлайды. Жеке тұлға теориясын, жинақталған гипотезалар мен ой қорытындыларын тұжырымдайды. Адамның даралық ерекшеліктерін түрлі тәсілдер арқылы зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экспериментальды психология
    Несиелер: 6

    Эксперименталды психологиялық зерттеулерді жоспарлауды жəне оның негізгі кезеңдерін анықтайды. Психологиялық зерттеулердің эксперименттік əдістерін таңдауды үйретеді. Зерттеу нəтижесінің қорытындысынан кейін талдауды жүргізуге, математикалық қайта өңдеу жасауды үйренуге машықтандырады. Эксперимент жүргізуші мен зерттелушінің эксперимент кезіндегі іс-əрекеттерінің нəтижесін интерпретациялап, саралауға дағдыландырады. Психологиялық құбылыстарды, сезімталдықтың жекелеген вариацияларын, есте сақтауды, ассоциацияны зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психологиялық кенес беру
    Несиелер: 6

    Психологиялық кеңес беру негіздері туралы жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Психолог-кеңесші және клиент арақатынасының теориялық негіздерін түсіндіреді. Заманауи қажеттілігінен туындаған психологиялық қызметтің жұмыс мазмұны мен жолдарын сипаттайды. Кеңес беруде тиімді қызмет көрсету әдіс-тәсілдерін үйретеді. Алған нәтижеге интерпретация жасап, өңдейді. Психологиялық кеңес берудің табысты болу нәтижесін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балабақшадағы психологиялық қызмет
    Несиелер: 6

    Баланы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Балалардың жетекші іс-әрекеттерін жан-жақты дамытуда тиімді жолдарды қарастырады. Балалардың мектептегі оқу мазмұнын меңгеруге даярлығын тексеруде түрлі психодиагностика әдістерін таңдауды үйретеді. Дайындық тобындағы балалардың таным процестерінің үйлесімділігін бағалауға машықтандырады. Өзін-өзі жеке тұлға ретінде танып білуіне жағдай жасаудың тиімді жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қолданбалы психология
    Несиелер: 6

    Жоғарғы білім беру жүйесінің әлемдік жетістіктерін баяндайды. Қолданбалы психология туралы принциптері туралы біліктілігін қалыптастырады. Адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамытудың бағыттары мен тәсілдерін талдап, принциптерін ұсынады. Өзінің кәсіби рефлексия негізінде ұйымдардың формаларын жетілдіруді және өз-өзін дамытуды жүзеге асырады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың және процестердің заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еңбек психологиясы
    Несиелер: 6

    Еңбек процесінде психологиялық міндеттерді жетілдірудің заңдылықтарын сипаттайды. Еңбекті психологиялық ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын талдайды. Кәсіби қалыптасу процесінде еңбектің рөлі мен мәнін анықтайды. Кәсіби маңызды қасиеттер және олардың динамикасын айқындайды. Кәсіптік әрекеттің мотивтерін зерттеу әдістерін меңгертеді. Өндірістік ұжымның психологиясын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау
    Несиелер: 5

    Түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерімен таныстырады. Қазіргі заманға сай шығармашылық, коммуникативтілік, көшбасшы қабілетін қалыптастырады. Тәрбиелеу мен оқытудың әдіс- тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгертеді. Психикалық процестер мен құбылыстардың себептерін болжайды. Тұлғаның ойлау процесін, оқу мотивациясын жүйелі түрде басқарып, ақыл-ой мен дағдыларын қолдану мәселесін шешеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Психотерапия
    Несиелер: 5

    Адамның психикасына ықпал ету жолдарын, түзету-дамыту элементтерін қарастырады. Қолданылатын құралдардың психикалық заңдылықтарын, механизмдерін меңгертеді. Ғылыми-теориялық негіздерін зерттеп, практикалық тиімді бағыттарын зерделейді. Психотерапияда қолданылатын әдістерді, практикалық жаттығуларды жинақтап, эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан ақпараттық мәліметтерге анализ жасауға үйретеді. Психологиялық жағдаяттар кезінде көрінетін жеке адамға бағдарлы психологиялық көмек көрсетудің түрлерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Психологиялық коррекция
    Несиелер: 5

    Психологиялық коррекция негіздері мен теориялық және қолданбалы зерттеулермен таныстырады. Тұлғамен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттарын, принциптерін меңгертеді. Жеке адамның психологиялық қасиеттерін, таным процестерін зерттеудің технологияларын тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Ішкі жан дүниесінің мазасыздану, агрессия көріністерін төмендету жұмыстарын жүргізуді үйретеді. Ерекшеліктеріне байланысты акцентуация мәселелерін шешуге бағыттайды. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясын зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Психодиагностика негіздері
    Несиелер: 5

    Психодиагностиканың теориялық концепцияларын қолдануды үйретеді. Зерттеудің мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді тиімді қолдануды меңгертеді. Жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Эксперименттік нәтижелерді өңдеуде интерпретациялауға дағдыландырады. Корреляциялық және факторлық талдауды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Тарихи үдерістерге қатысты оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты және жаратылыс туралы философиялық ақпараттарды сыни және логикалық тұрғыдан кемшіліктері мен артықшылықтарын саралап талдайды.

  • Код ON2

    Қоғамдағы күнделікті әлеуметтік-саяси құбылыстар жайлы ақпараттарды саралап, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның әлеуметтік мәні мен себебін түсінеді. Мәдениеттің генезисі, функциясы, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері мен мәдениет элементтерінің өзара байланыстарын зерделейді.

  • Код ON3

    Мемлекетіміздің кәсіпкерлік, құқық, саяси және мәдени дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарды анықтайды. Өзінің көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы моральдық-адамгершілік нормаларын сақтайды. Салауатты өмір салтын қолдануға бейімделе алады.

  • Код ON4

    Шет тілінде ақпаратты есте сақтауға бейімделеді. Сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолданады. Ағылшын тілінде кәсіби мақсаттағы мәтіндердермен (сөздіктің көмегімен немесе сөздіксіз) зерттейді. Шет тілін карым-қатынас құралы ретінде практикада қолданады. Кәсіби мәселерді талдау және шешу мақсатында АКТ арқылы тиімді әдістерді қолдануға бағыттайды.

  • Код ON5

    Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дінінің маңызды компоненттерінің мәнін терең зерделейді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізгі идеясын жүзеге асырады. Еліміздің ұлттық идеясы мен ұлттық мүддесін, ұлттық құндылықтары мен бағдарын саналы түрде саяси әлеуметтік жағдайда өзінің көзқарасы мен идеалдарын жақтауда сенімділігін көрсетеді. Өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін әр түрлі көзқарастарды мақсатты түрде сараптайды.

  • Код ON6

    Экология және тіршілік қауіпсіздігі бағытындағы іргелі білім негіздерін, сала бағыттары бойынша теориялық, практикалық материалдарды талдайды, ұжыммен жұмыс жасайды, уақытты тиімді қолданады. Баланың дамуындағы жас ерекшілік кезеңдеріндегі мәселелерін талқылауда топтық жұмыс жүргізуді жүзеге асырады.

  • Код ON7

    Педагогиканың шет елдік және отандық ғылыми-теориялық негіздерін, процестердің, құбылыстардың мәнін салыстырады. Педагогиканың заңдылықтарын, қағидаларын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырады. Тәлім мен тәрбиені, білім мен мазмұнды толық меңгерген тұлғаны қалыптастырудың негіздері мен әдіс-тәсілдерін еркін қолдана алады.

  • Код ON8

    Педагогикалық басқарудың әдістері мен ережелерін меңгерген, кәсіби міндеттерді шешуде қолданады. Оқу үдерісінде педагогикалық өлшеу мен бағалауды тұжырымдауға қабілетті.

  • Код ON9

    Психология ғылымының ерекшеліктерін, оның сипаттамасын, әдістері мен міндеттерін тиімді шешуді игереді. Тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты жеке ерекшеліктерін анықтайды. Әлеуметтік салаларда қоғам мен адамның мәселелері мен оларды шешу жолдарын біледі. Өзін-өзі дамытуда және топтық жұмыс жасауда бағыт-бағдарды зерделейді, жаңа шешімдер ұсынады. Өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра алады. Жас топтағы дағдарыстық жағдайларды анықтайды және оларды қалай жеңуге болатынын біледі. Тұлғалық деңгейде және толық этностық бірлікте халықтардың ұлттық психологиясы мен мінезінде көрінетін психологиялық ерекшеліктерін талдай алады.

  • Код ON10

    Педагогикалық талаптарды меңгерген, жұмыс барысында педагогикалық әдептілік танытады, шеберлік дағдыларын қолданады. Ұлттық педагогиканың ерекшеліктерін, ұлттық салт-дәстүрдің шығу тарихы мен қалыптасу жолдарын біледі. Ұлттық құндылықтарды меңгерген, этносаралық қатынастардың мәдениетіне құрмет көрсете алады. Этностық бірлікте халықтардың ұлттық психологиясындағы мінез ерекшеліктерін ажырата алады.

  • Код ON11

    Кәсіби қызметіндегі мәселелерді саралау және жинақтау негізінде қарым-қатынас дағдыларын қолдана алады және іскерлік танытады. Дамуында ауытқуы бар балалардың негізгі психологиялық ерекшеліктерін ажыратады. Тұлғаның бойындағы ерекшелік пен даралықты саралайды. Топаралық шиеленістерді басқару және реттеу технологиясын меңгерген, кикілжіңді шешудің тиімді жолдарын анықтайды.

  • Код ON12

    Педагогикалық-психологиялық кәсіби кеңес беру қабілеті қалыптасқан, өз іс-әрекетінде кәсіби этикасын танытады. Өзінің педагогикалық іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайды. Оқыту-тәрбие үдерісін жүзеге асыруда педагогикалық іскерліктерін жүзеге асырады. Кәсіби білімі мен біліктілігін кәсіптік практикада, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B01101-Педагогика және психология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B011 Педагогика және психология
Бакалавриат

Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 6B01101 – Педагогика және психология
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қайнар академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақстан инновациялық академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі:
Top