Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05102 Биотехнология в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Далалық, зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда биообъектілердің қызмет етуінің морфофизиологиялық, биохимиялық, молекулярлық-генетикалық ерекшеліктерін түсіндіру және микроағзалардың жекелеген жасушаларын өсіруде физикалық-химиялық және микробиологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалық және сандық талдауларды орындау
  • Экологиялық менеджмент бойынша халықаралық стандарт талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістің және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруға қабілетті
  • Ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану, электрондық кестелермен жұмыс істеу, деректерді жүйелеу, деректер қорымен жұмыс істеу
  • Есептік есептерді шешуде химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолдану, реакциялардың әртүрлі түрлерінің өту заңдылықтары, химиялық процестердің энергетикалық сипаттамаларын және берілген концентрациядағы ерітінділер компоненттерінің санын есептеу
  • Тірі және жансыз табиғатта болып жатқан негізгі үдерістер мен құбылыстарды талдау, биологиялық объектілердің құрылымдық және функционалдық ұйымдастыру принциптерін анықтау, биотехнологиялық процестің оңтайлы жағдайларын таңдау үшін негізгі ингредиенттер мен мақсатты өнімдердің биосинтезінің ықтимал жолдарын анықтау
  • Санитарлық және басқа да регламенттер талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарын АЖЖ элементтерімен, инженерлік графиканы және өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету жолдары пайдалана отырып жобалау
  • Заманауи ғылыми-зерттеу, білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу тәртібін анықтау, сондай-ақ объектіге және қойылған міндеттерге байланысты талдау әдістерін таңдай алу
  • Биотехнологияның әртүрлі салаларында қолданылатын микроорганизмдерді, өсімдіктерді немесе жануарларды ғылыми зерттеулер мен практикалық мақсаттар үшін объектілер ретінде қолдану
  • Әлеуметтік және кәсіби маңызы бар тәжірибені талдау және сыни тұрғыдан түсіну, мәдениетаралық ортада ауызша және жазбаша түрде, оның ішінде шет тілінде тиімді қарым-қатынас жасау
  • Қоғам дамуының заманауи тенденцияларын ескере отырып, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық, экологиялық білімді, коммуникативті дағдыларды көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану
  • Физиканың іргелі заңдарын, сызықтық алгебра элементтерін, физиканың математикалық есептеріндегі дифференциалдық және интегралдық есептеулерді және табиғатта, оның ішінде тірі тіршілік ағзасында өтетін физикалық процестерді сипаттаудың математикалық әдістерін қолдану
Top